Банктің активтері мен міндеттемелерін бір мезгілде басқа банкке (банктерге) беру жөніндегі операцияны, сондай-ақ көрсетілген операцияны жүргізу кезінде берілуге жататын активтер мен міндеттемелердің түрлерін бір мезгілде беру жөніндегі операцияны жүргізу, сондай-ақ осы операцияны уәкілетті органның келісу қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2026 жылғы 7 сәуірдегі № 58 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2026 жылғы 8 сәуірде № 38357 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 68-бабының 2-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған Банктің активтері мен міндеттемелерін бір мезгілде басқа банкке (банктерге) беру жөніндегі операцияны, сондай-ақ көрсетілген операцияны жүргізу кезінде берілуге жататын активтер мен міндеттемелердің түрлерін бір мезгілде беру жөніндегі операцияны жүргізу, сондай-ақ осы операцияны уәкілетті органның келісу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) бекітілсін.

      2. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес тізбе бойынша Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының кейбір қаулыларының, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының кейбір қаулыларының және Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасы қаулысының құрылымдық элементтерінің күші жойылды деп танылсын.

      3. Қаржы ұйымдарының әдіснамасы және пруденциялық реттеу департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) Заң департаментімен бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды;

      3) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Заң департаментіне осы қаулының осы тармағының 2) тармақшасында көзделген іс-шараның орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Төрағасының жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қағидалардың 21-тармағының қолданылуы тоқтатыла тұрған кезеңде мынадай редакцияда қолданылатынын, белгілей отырып, олардың қолданылуы 2026 жылғы 12 шілдеге дейін тоқтатыла тұрсын:

      "21. Клиенттерге қызмет көрсетудің үздіксіздігін және берілген активтер мен міндеттемелер бойынша құқықтар мен міндеттемелердің тиісінше орындалуын қамтамасыз ету мақсатында иеленуші банк бағдарламалық қамтылымды, дерекқорды және өзге де ақпараттық ресурстарды қоса алғанда, беруші банктің ақпараттық жүйесін Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын сақтай отырып, беруші банк пен иеленуші банк арасындағы келісімде айқындалатын талаптарда пайдалануға құқылы болады.".

      Қазақстан Республикасының
Қаржы нарығын реттеу және дамыту
Агенттігінің Төрағасы
М. Абылкасымова

  Қазақстан Республикасының
Қаржы нарығын реттеу және
дамыту Агенттігінің
Басқармасының
2026 жылғы 7 сәуірдегі
№ 58 қаулысымен бекітілді

Банктің активтері мен міндеттемелерін бір мезгілде басқа банкке (банктерге) беру жөніндегі операцияны, сондай-ақ көрсетілген операцияны жүргізу кезінде берілуге жататын активтер мен міндеттемелердің түрлерін бір мезгілде беру жөніндегі операцияны жүргізу, сондай-ақ осы операцияны уәкілетті органның келісу қағидалары

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Банктің активтері мен міндеттемелерін бір мезгілде басқа банкке (банктерге) беру жөніндегі операцияны, сондай-ақ көрсетілген операцияны жүргізу кезінде берілуге жататын активтер мен міндеттемелердің түрлерін бір мезгілде беру жөніндегі операцияны жүргізу, сондай-ақ осы операцияны уәкілетті органның келісу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі – Банктер туралы заң) 68-бабының 2-тармағына сәйкес әзірленді және банктің активтері мен міндеттемелерінің бір бөлігін не оларды толық мөлшерде басқа банкке (банктерге) бір мезгілде беру жөніндегі операцияны жүргізу, көрсетілген операцияларды жүргізу кезінде берілуге жататын активтер мен міндеттемелердің түрлерін, сондай-ақ осы операцияларды уәкілетті органның келісу тәртібін айқындайды және осындай операциялар бойынша өтпелі кезеңді белгілейді.

      2. Банктің активтері мен міндеттемелерінің бір бөлігін не оларды толық мөлшерде басқа банкке (басқа банктерге) бір мезгілде беру жөніндегі операцияны жүргізуге банктің депозиторлары мен өзге кредиторларының құқықтарын қорғау мақсатында уәкілетті органның келісуі бойынша рұқсат етіледі.

      3. Қағидаларда пайдаланылатын негізгі ұғымдар:

      1) активтер мен міндеттемелерді беру жөніндегі операция – беруші банктің активтері мен міндеттемелерінің бір бөлігін не оларды толық мөлшерде сатып алушы банкке (сатып алушы банктерге) бір мезгілде беру жөніндегі операция;

      2) беруші банк – активтер мен міндеттемелердің бір бөлігін не оларды толық мөлшерде басқа банкке (басқа банктерге) өткізетін банк;

      3) сатып алушы банк – активтер мен міндеттемелерді бір мезгілде беру жөніндегі шартқа (шарттарға) сәйкес беруші банктің активтері мен міндеттемелерінің бір бөлігі не олар толық мөлшерде берілетін басқа банк (басқа банктер);

      4) уәкілетті орган – қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті орган.

      4. Беруші банк және сатып алушы банк (сатып алушы банктер), сондай-ақ активтер мен міндеттемелерді иелену мүмкіндігін қарастыратын банк (банктер) операцияны жүргізуге байланысты алынған ақпараттың конфиденциалдылығын, жария етілмеуін сақтауды қамтамасыз етеді.

2. Активтер мен міндеттемелерді беру жөніндегі операцияны жүзеге асыру тәртібі

      5. Беруші банк және сатып алушы банк құзыретіне "Акционерлік қоғамдар туралы" Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі - Акционерлік қоғамдар туралы заң) және (немесе) жарғыға сәйкес тиісті шешім қабылдау жататын беруші банк органының және сатып алушы банктің шешімі бойынша активтер мен міндеттемелерді беру жөніндегі операцияны уәкілетті органның келісімі болған кезде жүзеге асырады.

      Беруші банктің активтері мен міндеттемелерін жеке және заңды тұлғалар алдында бір және бірнеше сатып алушы банктерге беруге жол беріледі.

      Беруші банктің активтері мен міндеттемелерінің бір бөлігі не олар толық мөлшерде сатып алушы банкке активтер мен міндеттемелерді бір мезгілде беру жөніндегі шарт негізінде беріледі.

      6. Беруші банк активтер мен міндеттемелерді беру жөніндегі операцияны жүзеге асыру жөніндегі дайындық іс-шараларын құзыретіне Акционерлік қоғамдар туралы заңға және (немесе) жарғыға сәйкес тиісті шешім қабылдау жататын беруші банктің басқару органының осы операцияны жүзеге асыру туралы шешімі қабылданғаннан кейін жүргізеді.

      Беруші банк дайындық іс-шараларын жүргізу шеңберінде әлеуетті сатып алушы банкті іздеуді жүзеге асырады.

      7. Беруші банктің активтер мен міндеттемелерді беру жөніндегі операцияны жүзеге асыру жөніндегі дайындық іс-шараларына мыналар кіреді:

      1) беруші банктің берілетін активтерінің тізбесі мен мөлшерін айқындау, құнын көрсете отырып қамтамасыз етудің тізбесі мен мөлшерін айқындау.

      Берілетін активтердің мөлшері баланстық шоттарда және жүйеден тыс есепте есепке алынған талаптар құқықтарының, баланстан тыс шоттардағы шартты талаптардың және меморандум шоттарының балансқа сомасы ретінде айқындалады. Активтер мен міндеттемелерді беру жөніндегі операцияны жүзеге асыру кезінде активтердің мөлшері беруші банк пен сатып алушы банк арасында келісілген күнге есептеледі. Берілетін активтердің құны беру сәтінде баланстық құнды немесе тараптардың келісімі бойынша тәуелсіз бағалаумен айқындалған құнды пайдалана отырып айқындалады;

      2) беруші банктің берілетін міндеттемелерінің тізбесі мен мөлшерін айқындау;

      3) беруші банктің депозиторының тізімін және депозиттердің мөлшерін қалыптастыру;

      4) беруші банктің және әлеуетті сатып алушы банктің пруденциялық нормативтері мен лимиттерінің, сондай-ақ макропруденциялық нормативтері мен лимиттерінің олардың арасында келісілген, беруші банктің активтері мен міндеттемелерін беру күнгі, алдағы уақытта жүзеге асырылатын активтер мен міндеттемелерді беру жөніндегі операция ескерілген, оның ішінде шоғырландырылған негіздегі есебі.

      8. Активтер мен міндеттемелерді беру жөніндегі операцияны жүзеге асыру кезінде берілетін активтер мен міндеттемелердің құрамына активтер мен міндеттемелердің мынадай түрлері кіреді:

      1) жеке және заңды тұлғалардың кредиттері және қамтамасыз ету;

      2) акциялар және қатысу үлестері;

      3) өзге бағалы қағаздар;

      4) ақша;

      5) лицензиялық құқықты қоса алғанда, жылжымалы, жылжымайтын мүлік құқығы және мүліктік құқықтар;

      6) жеке және заңды тұлғалардың депозиттері;

      7) банк шоты шарты, қазынашылық операциялары, РЕПО операциялары, валюталар мен тазартылған бағалы металдарды сатып алу-сату бойынша банкаралық мәмілелер, туынды қаржы құралдарын, шығарылған шартты міндеттемелер (аккредитивтер, кепілдіктер) бойынша міндеттемелер);

      8) өткізу актісінде аталған өзге активтер мен міндеттемелер.

      9. Беруші банк сатып алушы банкті таңдауды дербес, сатып алушы банктің мына талаптарға сәйкес келуі шартымен, берілетін активтердің және міндеттемелердің мөлшерлеріне қарай жүзеге асырады:

      1) депозиттерге міндетті кепілдік беру жүйесіне қатысушы болып табылады;

      2) жеке тұлғалардың депозиттерін қабылдауға, банк шоттарын ашуға және жүргізуге, заңды тұлғалардың депозиттерін қабылдауға, банк шоттарын ашуға және жүргізуге, банктік қарыз операцияларын, сондай-ақ Банктер туралы заңда көзделген басқа банктік және өзге де операцияларды жүргізуге банктік лицензиясы бар, сондай-ақ қабылданатын активтер мен міндеттемелер бойынша қызметті жүзеге асыру үшін қажетті бағалы қағаздар нарығында қызметін жүзеге асыруға лицензиясы бар;

      3) өтінім беру күнінде:

      2014 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 213-бабының алтыншы, сегізінші бөліктерінде, 227-бабында көзделген әкімшілік құқық бұзушылықтары үшін қолданыстағы әкімшілік жазалар;

      уәкілетті орган қолданған қадағалап ден қою шаралары (ұсынымдық қадағалап ден қою шараларынан басқа) жоқ;

      4) уәкілетті органның операциялардың барлық немесе жекелеген түрлерін жүзеге асыруға арналған банктік лицензияның қолданысын тоқтата тұру немесе сатып алушы банкті одан айыру туралы шешімі жоқ;

      5) беруші банктің клиенттеріне қызмет көрсету үшін филиалдары бар.

      Беруші банктің басқарушы органының сатып алушы банкті таңдау және сатып алушы банкке беруші банктің активтері мен міндеттемелерін бір мезгілде беру туралы шешім қабылдайды.

3-тарау. Активтер мен міндеттемелерді беру жөніндегі операцияны уәкілетті органмен келісу тәртібі

      10. Беруші банк оның басқарушы органы Қағидалардың 9-тармағының екінші бөлігінде көрсетілген шешімді қабылдаған күнінен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде уәкілетті органға активтер мен міндеттемелерді беру операциясын келісу үшін мынадай құжаттар топтамасын ұсынады:

      1) беруші банктің және сатып алушы банктің атқарушы органдарының бірінші басшылары немесе олардың орнындағы адамдар қол қойған бірлескен өтініші;

      2) беруші банктің басқарушы органының сатып алушы банкті таңдау және сатып алушы банкке беруші банктің активтері мен міндеттемелерін бір мезгілде беру туралы шешімі;

      3) беруші банктің бір бөлігінде немесе толық мөлшерде берілетін активтерінің және міндеттемелерінің тізбесі, түрлері және алдын ала мөлшері;

      4) уәкілетті орган активтерді және міндеттемелерді беру операциясын келіскен жағдайда, тараптардың активтерді және міндеттемелерді бір мезгілде беру туралы шартты, онда активтер мен міндеттемелерді берудің болжамды күнін және осы шарттың барлық басқа маңызды талаптарын көрсете отырып, жасау міндеттемесімен беруші банктің және сатып алушы банктің арасында жасалған алдын ала шарты;

      5) беруші банктің және сатып алушы банктің, олардың арасында активтерді және міндеттемелерді беру операциясын жүзеге асырудың келісілген күніндегі пруденциялық және макропруденциялық нормативтері мен лимиттерінің, оның ішінде шоғырландырылған негізде жасалған есебі;

      6) сатып алушы банк беруші банктің корреспонденттік шотын және төлемдер мен ақша аударымдарын жүзеге асырған кезде пайдаланылатын басқа да деректемелерін пайдаланған жағдайда, сатып алушы банктің өтпелі кезеңде депозиторлардың өзіне берілген банк шоттары бойынша нұсқауларын орындау тәртібі;

      7) беруші банктің және сатып алушы банктің активтер мен міндеттемелерді қабылдау және тапсыру бойынша ішкі тәртібі;

      8) егер көрсетілген бірлескен өтінішке банктің атқарушы органы басшысының орнындағы адам қол қойған жағдайда, осы тармақтың 1-тармақшасында көрсетілген бірлескен өтінішке қол қоюға, бірлескен өтінішті және оған қоса берілетін құжаттарды беруге адамның өкілеттігін растайтын құжаттардың көшірмелері.

      11. Уәкілетті орган Қағидалардың 10-тармағында көзделген құжаттар топтамасын оны алған күнінен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде қарайды.

      Ұсынылған құжаттарды қарау нәтижелері бойынша уәкілетті орган беруші банкке және сатып алушы банкке активтерді және міндеттемелерді беру жөніндегі операцияны жүргізуге келісім береді не келісім беруден бас тартады.

      12. Активтер мен міндеттемелерді беру жөніндегі операцияны жүзеге асыруға келісім беруден бас тарту мына негіздердің кез келгені бойынша жүргізіледі:

      1) сатып алушы банктің Қағидалардың 9-тармғының бірінші бөлігінде белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі;

      2) ұсынылған құжаттардың Қағидалардың 10-тармағында белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі.

      13. Уәкілетті орган активтерді және міндеттемелерді беру жөніндегі операцияны жүргізуге келісім берген күннен бастап бір ай ішінде Қазақстан Республикасының аумағында таралатын мерзімді баспасөз басылымдарында қазақ және орыс тілдерінде, Банктер туралы заңның 68-бабы 4-тармағының екінші бөлігінде белгіленген қарсылық білдіру мерзімін және олар қабылданатын мекенжайды көрсете отырып, беруші банк активтері мен міндеттемелерінің бір бөлігін не оларды толық мөлшерде беру туралы хабарландыру жариялайды.

      Беруші банктің міндеттемелері оның депозиторларының және (немесе) кредиторларының келісімімен беріледі.

      Банктер туралы Заңның 68-бабында көзделген операцияны жүргізу кезінде депозиторлардың және (немесе) кредиторлардың міндеттемелерді беруге қарсылықтары болған кезде мұндай депозитор және (немесе) кредитор күнтізбелік он күннен кешіктірмей банктің міндеттемелерін беруден жазбаша бас тарта отырып, беруші банкке жүгінеді. Бас тартуға депозитор және немесе (кредитор) депозитті қолма-қол ақшамен беру туралы немесе оның сомасын Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына және банктік қызмет көрсету шартының талаптарына сәйкес ресімделген басқа банкке аудару туралы нұсқауды қоса береді.

      Егер шартта өзгеше көзделмесе, беруші банктің құқықтары (талаптары) түріндегі активтерін беру борышкердің (борышкерлердің) келісімін талап етпейді.

      14. Қағидалардың 13-тармағының бірінші бөлігінде көзделген хабарландыру жарияланған күннен бастап күнтізбелік он күн өткен соң беруші банк өз алдындағы беруші банктің міндеттемелерін сатып алушы банкке беру туралы қарсылық білдірген депозиторлар және (немесе) өзге де кредиторлардың тізімін қалыптастырады.

      15. Қағидалардың 13 және 14-тармақтарында көзделген іс-шаралар өткізілгеннен кейін беруші банк пен сатып алушы банк арасында өткізу актісін екі данада қоса бере отырып, активтерді және міндеттемелерді бір мезгілде беру туралы шарт жасалады.

      16. Беруші банктің активтері мен міндеттемелерінің бөлігін не оларды толық мөлшерде, сондай-ақ тиісті құжаттарды (шарттарды, кредиттік досьені, куәліктерді және басқа құжаттарды) сатып алушы банкке (сатып алушы банктерге) беру екі данадағы өткізу актісімен ресімделеді.

      Активтерді және міндеттемелерді бір мезгілде беру жөніндегі операцияны жүзеге асырған күнге өткізу актісін ресімдеу кезінде онда мынадай мәліметтер көрсетіледі:

      атауы, түгендеу нөмірі (бар болса), баланстық, бағалау құны (қажет болған кезде), банк активтері ескерілген банк шоттарының нөмірлері (қажет болған кезде), банктің меншік құқығын растайтын құжаттар (қажет болған кезде) көрсетілген банктің беріліп отырған активтерінің мөлшері және тізбесі;

      қарыз алушы жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), қарыз алушы заңды тұлғаның атауы, қарыздар бойынша негізгі борышты, банктік қарыз шартының жасалған күні және нөмірі, банктік қарыз шартының қолданылу мерзімі, банктік қарыз бойынша сыйақы мөлшерлемесі, банктің банктік қарыз бойынша есептеген және алған сыйақы сомалары көрсетілген банктік қарыздар бойынша берілетін талап ету құқықтарының құны және тізбесі;

      жеке және заңды тұлғалардың депозиттері бойынша берілетін міндеттемелердің мөлшері, оның ішінде депозитор жеке тұлғалардың тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), депозитор заңды тұлғалардың атауы, депозиттер сомасы есептелген банк шоттарының нөмірлері, депозит сомасы, банк шоты және (немесе) банктік салым шартын жасау күні және нөмірі, шарттың қолданылу мерзімі, салым бойынша сыйақы мөлшерлемесі көрсетілген депозиттер тізбесі;

      клиенттер, олардың операциялары және банктің операциялары, бастапқы құжаттар, клиенттермен өзара қарым-қатынастар тарихы туралы ақпараттан және қабылданатын активтер мен міндеттемелер бойынша құқықтар мен міндеттемелерді тиісінше орындау үшін қажетті ақпараттан тұратын берілетін деректер қорының тізбесі (оның ішінде қағаз нысандағы құжаттардың мұрағаттық қоймалары).

      Активтер мен міндеттемелерді бір мезгілде беру жөніндегі операцияны жүргізу кезінде құқықтары (талаптары) мен міндеттемелері сатып алушы банкке берілетін клиенттердің дербес деректерін жинауды және өңдеуді сатып алушы банк Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын сақтай отырып, берілетін активтер мен міндеттемелер бойынша құқықтарды жүзеге асыруға және орындауға байланысты шекте және мақсаттарда дербес деректер субъектілерінің немесе олардың заңды өкілдерінің келісімін алмай жүзеге асырады.

      17. Активтер мен міндеттемелерді бір мезгілде беру туралы беруші банк пен сатып алушы банк арасында жасалған шарттың көшірмелері оларға қол қойылған күннен бастап жеті жұмыс күні ішінде уәкілетті органға ұсынылады. Өткізу актісінің көшірмелері беруші банк пен сатып алушы банктің арасында жасалған активтер мен міндеттемелерді бір мезгілде беру туралы шарттың көшірмелері уәкілетті органға берілген күннен бастап үш ай ішінде уәкілетті органға беріледі.

      18. Сатып алушы банкке берілген депозиттер бойынша депозиторларға тиісінше қызмет көрсету мақсатында жиырма бір айдан аспайтын мерзімге өтпелі кезең белгіленеді, осы кезеңде беруші банк депозиторларының банктік шоттарын жүргізу Банктер туралы заңның 68-бабының 7-тармағында көзделген тәртіппен жүзеге асырылады.

      Осы тармақтың ережелері 2015 жылғы 27 мамырдан бастап туындаған қатынастарға қолданылады.

      19. Қағидалардың 13-тармағының бірінші бөлігінде көзделген шығыстарды қоспағанда, активтерді және міндеттемелерді беру бойынша операцияларды жүргізумен байланысты шығыстар сатып алушы банктің қаражаты есебінен жүзеге асырылады.

      20. Беруші банк активтерді және міндеттемелерді беру бойынша операцияларды жүзеге асыру туралы ақпаратты өтпелі кезең аяқталған соң қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында таратылатын мерзімді баспасөз басылымдарында, беруші банктің интернет-ресурсында жариялайды.

      21. Клиенттерге қызмет көрсетудің үздіксіздігін және берілген активтер мен міндеттемелер бойынша құқықтар мен міндеттемелердің тиісінше орындалуын қамтамасыз ету мақсатында сатып алушы банк бағдарламалық қамтылымды, цифрлық дерекқорларды және өзге де цифрлық ресурстарды қоса алғанда, беруші банктің цифрлық жүйесін Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын сақтай отырып, беруші банк пен сатып алушы банк арасындағы келісімде айқындалатын шарттарда пайдалануға құқылы.

      Ескерту. 21 - тармағының осы редакциясының қолданысы 12.07.2026 дейін тоқтатылады – осы бұйрықтың 5-тармағымен.

  Қазақстан Республикасының
Қаржы нарығын реттеу және
дамыту Агенттігінің
Басқармасының
2026 жылғы 7 сәуірдегі
№ 58 қаулысына қосымша

Күші жойылды деп танылатын Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының кейбір қаулыларының, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының кейбір қаулыларының және Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасы қаулысының құрылымдық элементтерінің тізбесі

      1. "Банк активтері мен міндеттемелерінің бір бөлігін не оларды толық мөлшерде басқа банкке (банктерге) бір мезгілде беру жөніндегі операцияны, оның ішінде бас банк пен еншілес банк арасындағы активтер мен міндеттемелерді бір мезгілде беру жөніндегі операцияны жүргізу және уәкілетті органның осы операцияларды келісу қағидаларын, сондай-ақ көрсетілген операцияларды жүргізу кезінде беруге жататын активтер мен міндеттемелердің түрлерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2015 жылғы 8 мамырдағы № 77 қаулысы (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылғы 25 мамырда № 11158 болып тіркелген).

      2. "Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне банк қызметі мәселелері бойынша өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2017 жылғы 28 қаңтардағы № 23 қаулысымен бекітілген өзгерістер енгізілетін Қазақстан Республикасының банк қызметі мәселелері бойынша нормативтік құқықтық актілерінің тізбесінің 10-тармағы (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2017 жылғы 7 сәуірде № 14997 болып тіркелген).

      3. "Банк активтері мен міндеттемелерінің бір бөлігін не оларды толық мөлшерде басқа банкке (банктерге) бір мезгілде беру жөніндегі операцияны, оның ішінде бас банк пен еншілес банк арасындағы активтер мен міндеттемелерді бір мезгілде беру жөніндегі операцияны жүргізу және уәкілетті органның осы операцияларды келісу қағидаларын, сондай-ақ көрсетілген операцияларды жүргізу кезінде беруге жататын активтер мен міндеттемелердің түрлерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2015 жылғы 8 мамырдағы № 77 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2017 жылғы 28 сәуірдегі № 73 қаулысы (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2017 жылғы 1 маусымда № 15190 болып тіркелген).

      4. "Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне қаржы нарағын реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2018 жылғы 29 қазандағы № 246 қаулысымен бекітілген өзгерістер мен толықтыру енгізілетін Қазақстан Республикасының қаржы нарығын реттеу мәселелері бойынша нормативтік құқықтық актілерінің тізбесінің 5-тармағы (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2018 жылғы 20 желтоқсанда № 17972 болып тіркелген).

      5. "Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне қаржы нарығын, микроқаржылық қызмет пен коллекторлық агенттіктерді реттеу мәселелері бойынша өзгерістеренгізу туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2020 жылғы 30 наурыздағы № 28 қаулысымен бекітілген өзгерістер енгізілетін Қазақстан Республикасының қаржы нарығын реттеу, микроқаржылық қызмет және коллекторлық агенттіктер мәселелері бойынша нормативтік құқықтық актілерінің тізбесінің 8-тармағы (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 1 сәуірде № 20265 болып тіркелген).

Об утверждении Правил проведения операции по одновременной передаче активов и обязательств банка другому банку (банкам), а также видов активов и обязательств, подлежащих передаче при проведении указанной операции, а также согласования уполномоченным органом такой операции

Постановление Правления Агентства Республики Казахстан по регулированию и развитию финансового рынка от 7 апреля 2026 года № 58. Зарегистрировано в Министерстве юстиции Республики Казахстан 8 апреля 2026 года № 38357

      Примечание ИЗПИ!
      Порядок введения в действие см. п. 5.

      В соответствии с пунктом 2 статьи 68 Закона Республики Казахстан "О банках и банковской деятельности в Республике Казахстан" Правление Агентства Республики Казахстан по регулированию и развитию финансового рынка ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Утвердить прилагаемые Правила проведения операции по одновременной передаче активов и обязательств банка другому банку (банкам), а также видов активов и обязательств, подлежащих передаче при проведении указанной операции, а также согласования уполномоченным органом такой операции (далее - Правила).

      2. Признать утратившими силу некоторые постановления Правления Национального Банка Республики Казахстан, а также структурные элементы некоторых постановлений Правления Национального Банка Республики Казахстан и постановления Правления Агентства Республики Казахстан по регулированию и развитию финансового рынка по перечню согласно приложению к настоящему постановлению.

      3. Департаменту методологии и пруденциального регулирования финансовых организаций в установленном законодательством Республики Казахстан порядке обеспечить:

      1) совместно с Юридическим департаментом государственную регистрацию настоящего постановления в Министерстве юстиции Республики Казахстан;

      2) размещение настоящего постановления на официальном интернет-ресурсе Агентства Республики Казахстан по регулированию и развитию финансового рынка после его официального опубликования;

      3) в течение десяти рабочих дней после государственной регистрации настоящего постановления представление в Юридический департамент сведений об исполнении мероприятий, предусмотренных подпунктом 2) настоящего пункта.

      4. Контроль за исполнением настоящего постановления возложить на курирующего заместителя Председателя Агентства Республики Казахстан по регулированию и развитию финансового рынка.

      5. Настоящее постановление вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Приостановить действие пункта 21 Правил до 12 июля 2026 года, установив, что в период приостановления данный пункт действует в следующей редакции:

      "21. В целях обеспечения непрерывности обслуживания клиентов и надлежащего исполнения прав и обязательств по переданным активам и обязательствам банк-приобретатель вправе использовать информационную систему передающего банка, включая программное обеспечение, базы данных и иные информационные ресурсы, на условиях, определяемых соглашением между передающим банком и банком-приобретателем, с соблюдением требований законодательства Республики Казахстан.".

      Председатель Агентства
Республики Казахстан
по регулированию и развитию
финансового рынка
М. Абылкасымова

  Утверждены
постановлением
Правления Агентства
Республики Казахстан
по регулированию и развитию
финансового рынка
от 7 апреля 2026 года № 58

Правила проведения операции по одновременной передаче активов и обязательств банка другому банку (банкам), а также видов активов и обязательств, подлежащих передаче при проведении указанной операции, а также согласования уполномоченным органом такой операции

Глава 1. Общие положения

      1. Настоящие Правила проведения операции по одновременной передаче активов и обязательств банка другому банку (банкам), а также видов активов и обязательств, подлежащих передаче при проведении указанной операции, а также согласования уполномоченным органом такой операции (далее - Правила) разработаны в соответствии с пунктом 2 статьи 68 Закона Республики Казахстан "О банках и банковской деятельности в Республике Казахстан" (далее - Закон о банках) и определяют порядок проведения операции по одновременной передаче активов и обязательств банка в части либо полном размере другому банку (другим банкам), виды активов и обязательств, подлежащих передаче при проведении указанной операции, а также согласования уполномоченным органом такой операции, и устанавливают переходный период по таким операциям.

      2. В целях защиты прав депозиторов и иных кредиторов банка по согласованию с уполномоченным органом допускается проведение операции по одновременной передаче активов и обязательств банка в части либо полном размере другому банку (другим банкам).

      3. Основные понятия, используемые в Правилах:

      1) операция по передаче активов и обязательств - операция по одновременной передаче активов и обязательств передающего банка в части либо в полном размере банку-приобретателю (банкам-приобретателям);

      2) передающий банк - банк, передающий активы и обязательства в части либо полном размере другому банку (другим банкам);

      3) банк-приобретатель - другой банк (другие банки), которому (которым) передаются в части либо в полном размере активы и обязательства передающего банка в соответствии с договором (договорами) об одновременной передаче активов и обязательств;

      4) уполномоченный орган - уполномоченный орган по регулированию, контролю и надзору финансового рынка и финансовых организаций.

      4. Передающий банк и банк-приобретатель (банки-приобретатели), а также банк (банки), рассматривающий (рассматривающие) возможность приобретения активов и обязательств, обеспечивают соблюдение конфиденциальности, неразглашения информации, полученной в связи с проведением операции.

Глава 2. Порядок осуществления операции по передаче активов и обязательств

      5. Передающий банк и банк-приобретатель осуществляют операцию по передаче активов и обязательств по решению органа передающего банка и банка-приобретателя, к компетенции которого относится принятия соответствующего решения в соответствии с Законом Республики Казахстан "Об акционерных обществах" (далее - Закон об акционерных обществах) и (или) уставом, при наличии согласия уполномоченного органа.

      Допускается передача активов и обязательств передающего банка перед физическими и юридическими лицами как одному, так и нескольким банкам-приобретателям.

      Активы и обязательства передающего банка в части либо полном размере передаются банку-приобретателю на основании договора об одновременной передаче активов и обязательств.

      6. Подготовительные мероприятия по осуществлению операции по передаче активов и обязательств проводятся передающим банком после принятия решения органа передающего банка, к компетенции которого относится принятия соответствующего решения в соответствии с Законом об акционерных обществах и (или) уставом, об осуществлении данной операции.

      В рамках проведения подготовительных мероприятий передающим банком осуществляется поиск потенциального банка-приобретателя.

      7. Подготовительные мероприятия передающего банка по осуществлению операции по передаче активов и обязательств включают в себя:

      1) определение перечня и размера передаваемых активов передающего банка, а также определение перечня и размера обеспечения с указанием его стоимости.

      Размер передаваемых активов определяется как сумма прав требований, числящихся на балансовых счетах и внесистемном учете, условных требований на внебалансовых счетах и счетов меморандума к балансу. Размер активов при осуществлении операции по передаче активов и обязательств рассчитывается на согласованную между передающим банком и банком-приобретателем дату. В момент передачи стоимость передаваемых активов определяется с использованием балансовой стоимости или стоимости, определенной независимой оценкой по согласованию сторон;

      2) определение перечня и размера передаваемых обязательств передающего банка;

      3) формирование списка депозиторов передающего банка и размера депозитов;

      4) расчет пруденциальных нормативов и лимитов, а также макропруденциальных нормативов и лимитов передающего банка и потенциального банка-приобретателя на согласованную между ними дату передачи активов и обязательств передающего банка с учетом предстоящего осуществления операции по передаче активов и обязательств, в том числе на консолидированной основе.

      8. В состав активов и обязательств, передаваемых при проведении операции по передаче активов и обязательств, включаются следующие виды активов и обязательств:

      1) кредиты физических и юридических лиц и обеспечение;

      2) акции и доли участия;

      3) иные ценные бумаги;

      4) деньги;

      5) права на движимое и недвижимое имущество и имущественные права, включая лицензионные;

      6) депозиты физических и юридических лиц;

      7) обязательства по договорам банковского счета, казначейским операциям, операциям РЕПО, по межбанковским сделкам по купле-продаже валюты и аффинированных драгоценных металлов, по производным финансовым инструментам, по выпущенным условным обязательствам (аккредитивам, гарантиям);

      8) иные обязательства и активы, перечисляемые в передаточном акте.

      9. Выбор банка-приобретателя осуществляется передающим банком самостоятельно, исходя из размеров передаваемых активов и обязательств, при условии соответствия банка-приобретателя следующим требованиям:

      1) является участником системы обязательного гарантирования депозитов;

      2) обладает банковской лицензией на прием депозитов, открытие и ведение банковских счетов физических лиц, прием депозитов, открытие и ведение банковских счетов юридических лиц, проведение банковских заемных операций, а также других банковских и иных операций, предусмотренных Законом о банках, а также лицензией на осуществление деятельности на рынке ценных бумаг, необходимой для осуществления деятельности по принимаемым активам и обязательствам;

      3) не имеет на дату подачи заявки:

      действующих административных взысканий за административные правонарушения, предусмотренные частями шестой и восьмой статьи 213, частью первой статьи 227 Кодекса Республики Казахстан об административных правонарушениях;

      действующих мер надзорного реагирования (кроме рекомендательных мер надзорного реагирования), примененных уполномоченным органом;

      4) отсутствует решение уполномоченного органа о приостановлении действия или лишении банк-приобретателя банковской лицензии на осуществление всех или отдельных видов операций;

      5) имеет филиалы для обслуживания клиентов передающего банка.

      Орган управления передающего банка принимает решение о выборе банка-приобретателя и одновременной передаче банку-приобретателю активов и обязательств передающего банка.

Глава 3. Порядок согласования операции по передаче активов и обязательств с уполномоченным органом

      10. Передающий банк в течение тридцати календарных дней с даты принятия его органом управления решения, указанного в части второй пункта 9 Правил, представляет в уполномоченный орган следующий пакет документов для согласования операции по передаче активов и обязательств:

      1) совместное заявление передающего банка и банка-приобретателя, подписанное руководителями исполнительных органов или лицами, их замещающими;

      2) решение органа управления передающего банка о выборе банка-приобретателя и одновременной передаче банку-приобретателю активов и обязательств передающего банка;

      3) перечень, виды и предварительный размер передаваемых активов и обязательств передающего банка в части либо полном размере;

      4) предварительный договор, заключенный между передающим банком и банком-приобретателем, с обязательством сторон заключить договор об одновременной передаче активов и обязательств и с указанием в нем предполагаемой даты передачи активов и обязательств и всех других существенных условий данного договора в случае согласования уполномоченным органом операции по передаче активов и обязательств;

      5) расчет пруденциальных и макропруденциальных нормативов и лимитов передающего банка и банка-приобретателя на согласованную между ними дату осуществления операции по передаче активов и обязательств, в том числе на консолидированной основе;

      6) порядок исполнения в переходный период банком-приобретателем указаний по переданным ему банковским счетам депозиторов в случае использования банком-приобретателем корреспондентского счета и других реквизитов передающего банка, используемых при осуществлении платежей и переводов денег;

      7) внутренний порядок передающего банка и банка-приобретателя по приему и передаче активов и обязательств;

      8) копии документов, подтверждающих полномочия лица на подписание совместного заявления, указанного в подпункте 1) настоящего пункта, подачу совместного заявления, и прилагаемых к нему документов, в случае если указанное совместное заявление подписывается лицом, замещающим руководителя исполнительного органа банка.

      11. Уполномоченный орган рассматривает документы, предусмотренные пунктом 10 Правил, в течение тридцати календарных дней с даты его получения.

      По результатам рассмотрения представленных документов уполномоченный орган выдает согласие передающему банку и банку-приобретателю на проведение операции по передаче активов и обязательств либо отказывает в его выдаче.

      12. Отказ в выдаче согласия на осуществление операции по передаче активов и обязательств производится по любому из следующих оснований:

      1) несоответствие банка-приобретателя требованиям, установленным частью первой пункта 9 Правил;

      2) несоответствие представленных документов требованиям, установленным пунктом 10 Правил.

      13. Объявление о передаче активов и обязательств в части либо в полном размере публикуется передающим банком за счет его средств в двух периодических печатных изданиях, распространяемых на всей территории Республики Казахстан, на интернет-ресурсе банка на казахском и русском языках, в течение одного месяца с даты выдачи уполномоченным органом согласия на проведение операции по передаче активов и обязательств, с указанием срока представления возражений, установленного частью второй пункта 4 статьи 68 Закона о банках, и адреса, по которому они принимаются.

      Передача обязательств передающего банка осуществляется с согласия его депозиторов и (или) кредиторов.

      При наличии возражений депозиторов и (или) кредиторов против передачи обязательств при проведении операции, предусмотренной статьей 68 Закона о банках, такой депозитор и (или) кредитор не позднее десяти календарных дней обращается в передающий банк с письменным отказом от передачи банком обязательств. К отказу депозитор и или (кредитор) прилагает указание о выдаче депозита наличными деньгами или о переводе его суммы в другой банк, оформленное в соответствии с требованиями законодательства Республики Казахстан и условиями договора банковского обслуживания.

      Передача активов передающего банка в виде прав (требований) не требует согласия должника (должников), если иное не предусмотрено договором.

      14. По истечении десяти календарных дней со дня публикации объявления, предусмотренного частью первой пункта 13 Правил, передающий банк формирует список депозиторов и (или) иных кредиторов, направивших возражение о передаче обязательств передающего банка перед ними банку-приобретателю.

      15. После проведения мероприятий, предусмотренных пунктами 13 и 14 Правил, между передающим банком и банком-приобретателем заключается договор об одновременной передаче активов и обязательств с приложением к договору передаточного акта в двух экземплярах.

      16. Передача активов и обязательств передающего банка в части либо полном размере банку-приобретателю, а также соответствующих документов (договоров, кредитных досье, свидетельств и других документов) оформляется передаточным актом в двух экземплярах.

      При оформлении передаточного акта на дату осуществления операции по одновременной передаче активов и обязательств в нем указываются следующие сведения:

      размер и перечень передаваемых активов банка с указанием наименования, инвентарного номера (при наличии), балансовой, оценочной стоимости (при необходимости), номеров банковских счетов, на которых учтены активы банка (при необходимости), документов, подтверждающих право банка в отношении данных активов (при необходимости);

      стоимость и перечень передаваемых прав (требований) по договорам банковского займа с указанием фамилии, имени, отчества (при его наличии) заемщика-физического лица, наименования заемщика-юридического лица, основного долга по займам, дат заключения и номеров договоров банковского займа, срока действия договоров банковского займа, ставок вознаграждения по банковским займам, начисленных и полученных банком сумм вознаграждения по банковским займам;

      размер передаваемых обязательств по депозитам физических и юридических лиц, в том числе перечень депозитов с указанием фамилии, имени, отчества (при его наличии) депозиторов-физических лиц, наименования депозиторов-юридических лиц, номеров банковских счетов, на которых учтены суммы депозитов, суммы депозита, даты заключения и номера договоров банковского счета и (или) договоров банковского вклада, срока действия этих договоров, ставок вознаграждения по банковским вкладам;

      перечень передаваемых баз данных (в том числе архивных хранилищ документов в бумажной форме), в которых содержится информация о клиентах, их операциях и операциях банка, первичные документы, история взаимоотношений с клиентами и иная информация, необходимая для надлежащего исполнения прав и обязательств по принимаемым активам и обязательствам.

      При проведении операции по одновременной передаче активов и обязательств сбор и обработка персональных данных клиентов, права (требования) и обязательства по которым передаются банку-приобретателю, осуществляются банком-приобретателем без получения согласия субъектов персональных данных или их законных представителей, в пределах и целях, связанных с осуществлением прав и исполнением обязательств по передаваемым активам и обязательствам, с соблюдением требований законодательства Республики Казахстан.

      17. Копии заключенного договора между передающим банком и банком-приобретателем об одновременной передаче активов и обязательств представляются в уполномоченный орган в течение семи рабочих дней с даты их подписания. Копии передаточного акта предоставляются в уполномоченный орган в течение трех месяцев с даты передачи копии заключенного договора между передающим банком и банком-приобретателем об одновременной передаче активов и обязательств в уполномоченный орган.

      18. В целях надлежащего обслуживания депозиторов по депозитам, переданным банку-приобретателю, устанавливается переходный период на срок не более двадцати одного месяца, в течение которого ведение банковских счетов депозиторов передающего банка осуществляется в порядке, предусмотренном пунктом 7 статьи 68 Закона о банках.

      19. Расходы, связанные с проведением операции по передаче активов и обязательств, за исключением расходов, предусмотренных частью первой пункта 13 Правил, осуществляются за счет средств банка-приобретателя.

      20. Информация об осуществленной операции по передаче активов и обязательств публикуется передающим банком в двух периодических печатных изданиях, распространяемых на всей территории Республики Казахстан, на интернет-ресурсе передающего банка на казахском и русском языках, после окончания переходного периода.

      21. В целях обеспечения непрерывности обслуживания клиентов и надлежащего исполнения прав и обязательств по переданным активам и обязательствам банк-приобретатель вправе использовать цифровую систему передающего банка, включая программное обеспечение, цифровые базы данных и иные цифровые ресурсы, на условиях, определяемых соглашением между передающим банком и банком-приобретателем, с соблюдением требований законодательства Республики Казахстан.

  Приложение к постановлению
Правления Агентства
Республики Казахстан
по регулированию и развитию
финансового рынка
от "___" 2026 года №__

Перечень признаваемых утратившими силу некоторых постановлений Правления Национального Банка Республики Казахстан, а также структурных элементов некоторых постановлений Правления Национального Банка Республики Казахстан и постановления Правления Агентства Республики Казахстан по регулированию и развитию финансового рынка

      1. Постановление Правления Национального Банка Республики Казахстан от 8 мая 2015 года № 77 "Об утверждении Правил проведения операции по одновременной передаче активов и обязательств банка в части либо в полном размере другому (другим) банку (банкам), в том числе операции по одновременной передаче активов и обязательств между родительским банком и дочерним банком, и согласования уполномоченным органом данных операций, а также видов активов и обязательств, подлежащих передаче при проведении указанных операций" (зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 11158).

      2. Пункт 10 Перечня нормативных правовых актов Республики Казахстан по вопросам банковской деятельности, в которые вносятся изменения, утвержденного постановлением Правления Национального Банка Республики Казахстан от 28 января 2017 года № 23 "О внесении изменений в некоторые нормативные правовые акты Республики Казахстан по вопросам банковской деятельности" (зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов № 14997).

      3. Постановление Правления Национального Банка Республики Казахстан от 28 апреля 2017 года № 73 "О внесении изменений и дополнения в постановление Правления Национального Банка Республики Казахстан от 8 мая 2015 года № 77 "Об утверждении Правил проведения операции по одновременной передаче активов и обязательств банка в части либо в полном размере другому (другим) банку (банкам), в том числе операции по одновременной передаче активов и обязательств между родительским банком и дочерним банком, в отношении которого была проведена реструктуризация, и согласования уполномоченным органом данных операций, а также видов активов и обязательств, подлежащих передаче при проведении указанных операций" (зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов № 15190).

      4. Пункт 5 Перечня нормативных правовых актов Республики Казахстан по вопросам регулирования финансового рынка, в которые вносятся изменения и дополнение, утвержденного постановлением Правления Национального Банка Республики Казахстан от 29 октября 2018 года № 246 "О внесении изменений и дополнения в некоторые нормативные правовые акты Республики Казахстан по вопросам регулирования финансового рынка" (зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 17972).

      5. Пункт 8 Перечень нормативных правовых актов Республики Казахстан по вопросам регулирования финансового рынка, микрофинансовой деятельности и коллекторских агентств, в которые вносятся изменения, утвержденного постановлением Правления Агентства Республики Казахстан по регулированию и развитию финансового рынка от 30 марта 2020 года № 28 "О внесении изменений в некоторые нормативные правовые акты Республики Казахстан по вопросам регулирования финансового рынка, микрофинансовой деятельности и коллекторских агентств" (зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов № 20265).