ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Осы бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 4-т. қараңыз.
БҰЙЫРАМЫН:
1. "Шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурсты ұйымдастыру мен өткізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2018 жылғы 20 желтоқсандағы № 518 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18048 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурсты ұйымдастыру мен өткізу қағидаларында:
10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"10. Конкурсқа қатысуға арналған өтінім қағаз тасығышта қолма-қол не почта арқылы немесе "Ақпараттандыру туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес "цифрлық үкіметтің" веб-порталы арқылы өтінімдерді беру мерзімі аяқталғанға дейін беріледі.
"Цифрлық үкіметтің" веб-порталы арқылы берілген конкурсқа қатысуға арналған өтінім аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарына электрондық құжат айналымы арқылы келіп түседі. Конкурсқа қатысуға арналған конкурстық ұсыныс аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарына өтінімдерді қабылдау басталған күннен бастап көрсетілген мерзім аяқталғанға дейін он бес жұмыс күні ішінде қолма-қол енгізіледі, одан кейін өтінім электрондық құжат айналымы жүйесінде тіркеледі.";
13-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"13. Конкурстық ұсынысты, "цифрлық үкіметтің" веб-порталы арқылы беру жағдайларын қоспағанда, конкурсқа қатысушы беттері нөмірленіп, тігілген түрде мөрленген немесе өшірілмейтін сиямен жазылған жабық конвертте ұсынады, конкурстық ұсыныстың соңғы беті жеке тұлғалар (немесе сенімді өкіл) үшін - қатысушының қолымен және заңды тұлғалар үшін - бірінші басшының (немесе сенімді өкіл) қолымен және мөрімен (бар болса) куәландырылады.";
22-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"22. Жер комиссиясы барлық өтінімдерді олардың сәйкестігі, толықтығы, есептемелердегі қателіктердің, құжаттардағы барлық қолтаңбалардың бары тұрғысынан зерделейді, сондай-ақ, жалпы рәсімдеудің дұрыстығын тексереді, осы Қағидалардың 23 және 23-1-тармақтарында көрсетілген міндеттемелер өлшемшарттарына сәйкес конкурстық ұсыныстар бойынша балл беру жолымен өтінімдерді бағалайды, салыстырады.";
24-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"24. Ең жоғары балл алған қатысушы жеңімпаз болып танылады.
Екі және одан да көп конкурстық ұсыныстардың балдары тең болған жағдайда конкурстың жеңімпазы комиссия мүшелерінің ашық дауыс беруі арқылы анықталады.
Бұл жағдайда ең жоғары балл алған және комиссия мүшелерінің ең көп дауысын алған қатысушы жеңімпаз болып танылады.".
2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Жер ресурстарын басқару комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оның Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.
4. 2026 жылғы 11 шілдеден бастап қолданысқа енгізілетін осы бұйрықтың 10 және 13-тармақтарын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
|
Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі |
А. Сапаров |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Жасанды интеллект және
цифрлық даму министрлігі