ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Қолданысқа енгізілу тәртібін 5-тармақтан қараңыз.
БҰЙЫРАМЫН:
1. "Табиғи монополиялар субъектілерінің қызметін жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрінің міндетін атқарушы 2025 жылғы 30 сәуірдегі № 84-НҚ бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 36054 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Табиғи монополиялар субъектілерінің қызметін жүзеге асыру қағидаларында:
6) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"6) конкурстық (тендерлік) құжаттама – конкурстық өтінімді дайындау үшін электрондық сатып алудың цифрлық жүйелерінде табиғи монополия субъектісі орналастыратын конкурс өткізудің шарттары мен тәртібін қамтитын құжаттар топтамасы;";
16) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"16) сатып алу туралы шарт – Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларды қоспағанда, тапсырыс беруші мен өнім беруші арасында электрондық сатып алудың цифрлық жүйесі арқылы жасалған, электрондық цифрлық қолтаңбалармен куәландырылған азаматтық-құқықтық шарт;";
30) тармақша мынадай мынадай редакцияда жазылсын:
"30) электрондық сатып алудың цифрлық жүйесі (бұдан әрі – портал) – табиғи монополиялар субъектілері жүзеге асыратын электрондық сатып алуға қол жеткізудің бірыңғай нүктесін ұсынатын портал.";
5-тармақтың екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге өтінішпен www.egov.kz "цифрлық үкімет" веб-порталы (бұдан әрі – веб-портал) арқылы:";
2-тараудың екінші абзацы алынып тасталсын;
7-тармақтың екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"Көрсетілетін қызметті алушының Мемлекеттік тіркеліміне енгізу туралы өтінішін өңдеу рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік цифрлық жүйесіне келіп түскен кезден бастап 30 (отыз) минут ішінде жүзеге асырылады, бұдан әрі қорытындылар бойынша рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік цифрлық жүйесінің көліктік қолтаңбасы қойылған электрондық құжат нысанындағы табиғи монополиялар субъектілерінің Мемлекеттік тіркеліміне енгізу туралы куәлік қалыптастырылады және көрсетілетін қызметті алушының веб-порталдағы жеке кабинетіне жіберіледі.";
мынадай мазмұндағы 7-1, 7-2, 7-3 және 7-4-тармақтармен толықтырылсын:
"7-1. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімін тоқтата тұру көрсетілетін қызметті алушыға көрсетілетін қызметті берушінің мемлекеттік қызмет көрсету процесін тоқтата тұру жөніндегі шешімі туралы хабарлама жіберілген күннен басталады. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімінің өтуі көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызмет көрсету процесін қайта бастау туралы шешім шығарған күннен бастап қайта басталады.
7-2. Көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызмет көрсету процесін мынадай:
1) егер көрсетілетін қызметті алушылардың тиісті материалдық немесе материалдық емес игіліктерді алу құқықтарында құқықтық мирасқорлыққа жол берілсе, азамат қайтыс болған (оның ішінде қайтыс болды деп жарияланған) немесе заңды тұлға қайта ұйымдастырылған, таратылған;
2) азамат Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен әрекетке қабілетсіз және (немесе) әрекет қабілеті шектеулі деп танылған;
3) мемлекеттік органдар қарайтын не сот тәртібімен қаралатын мәселелер шешілгенге дейін мемлекеттік қызмет көрсету мүмкін болмаған жағдайларда тоқтата тұрады.
7-3. Мемлекеттік қызмет көрсету процесі:
1) осы Қағидалардың 7-2-тармағының 1) және 2) тармақшаларында көзделген жағдайларда – қайтыс болған адамның құқықтық мирасқоры айқындалғанға дейін немесе әрекетке қабілетсіз адамға қорғаншы тағайындалғанға дейін;
2) осы Қағидалардың 7-2-тармағының 3) тармақшасында көзделген жағдайларда мемлекеттік орган ұстанымды айқындағанға дейін немесе сот актісі заңды күшіне енгенге дейін тоқтатыла тұрады.
7-4. Көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушының өтінішхаты бойынша немесе өз бастамасы бойынша мемлекеттік қызмет көрсету процесін мынадай:
1) қызмет көрсетудің одан арғы процесіне уақытша кедергі келтіретін еңсерілмейтін күш әсер еткен жағдайда тоқтата тұрады. Мемлекеттік қызмет көрсетудің одан арғы процесіне уақытша кедергі келтіретін еңсерілмейтін күштің әсер етуі деп төтенше жағдайды енгізу, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдай қатері немесе оның туындауы түсініледі;
2) көрсетілетін қызметті алушы заңды өкілдерінің көрсетілетін қызметті алу жағдайларын қоспағанда, оның мемлекеттік қызмет көрсету мерзімінен асатын мерзімде қызметтік іссапарда, медициналық ұйымда стационарлық емделуде болған жағдайда тоқтата тұрады.";
10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"10. Ұсынылған құжаттар толық болған және көрсетілетін қызметті берушінің тиісті саласы құрылымдық бөлімшесінің қорытындысы болған жағдайда жауапты құрылымдық бөлімше 1 (бір) жұмыс күні ішінде Мемлекеттік тіркелімінен шығару туралы шешім қабылдайды, Мемлекеттік тіркелімінен шығару туралы куәлік не мемлекеттік қызметті көрсетуден дәлелді бас тарту қалыптастырады.
Жауапта көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызмет көрсетуден уәжді бас тартуды беру туралы шешім қабылдаған негіздемелер бар негіздердің толық тізбесі, сондай-ақ шағым жасау мерзімдері мен тәртібі көрсетіледі.
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті берушінің табиғи монополиялар салаларындағы мемлекеттік саясатты іске асыруға жауапты құрылымдық бөлімшесі басшысының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) немесе оның орынбасарының ЭЦҚ қол қойылған электрондық нысанда көрсетілетін қызметті алушының веб-порталдағы жеке кабинетіне жолданады.";
14-тармақтың екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы Заң) 25-бабының 2-тармағына сәйкес көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы, тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қарауға жатады.";
15-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"15. Көрсетілетін қызметті берушінің, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның шағымды қарау мерзімі Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы Заңының 25-бабы 4-тармағына сәйкес:";
16-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"16. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерімен келіспеген жағдайда көрсетілетін қызметті алушы Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы Заңының 4-бабы 1-тармағының 6) тармақшасына сәйкес сотқа жүгіне алады.";
24-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"24. Жария тыңдаулар өткізу үшін уәкілетті органының қызметкерлері қатарынан жария тыңдаулардың төрағасы (бұдан әрі – Төраға) және хаттама жүргізетін жария тыңдаулардың хатшысы тағайындалады.";
36-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"36. Көрсетілетін қызметті берушінің құжаттарды қарау мерзімі:
мүлікпен мәмілелер жасауға келісім беру өтінішхат келіп түскен сәттен бастап – 10 (он) жұмыс күнін;
қайта ұйымдастыруға және таратуға келісім беру өтінішхат келіп түскен сәттен бастап – 5 (бес) жұмыс күнін құрайды.";
мынадай мазмұндағы 36-1, 36-2, 36-3 және 36-4-тармақтармен толықтырылсын:
"36-1. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімін тоқтата тұру көрсетілетін қызметті алушыға көрсетілетін қызметті берушінің мемлекеттік қызмет көрсету процесін тоқтата тұру жөніндегі шешімі туралы хабарлама жіберілген күннен басталады. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімінің өтуі көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызмет көрсету процесін қайта бастау туралы шешім шығарған күннен бастап қайта басталады.
36-2. Көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызмет көрсету процесін мынадай:
1) егер көрсетілетін қызметті алушылардың тиісті материалдық немесе материалдық емес игіліктерді алу құқықтарында құқықтық мирасқорлыққа жол берілсе, азамат қайтыс болған (оның ішінде қайтыс болды деп жарияланған) немесе заңды тұлға қайта ұйымдастырылған, таратылған;
2) азамат Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен әрекетке қабілетсіз және (немесе) әрекет қабілеті шектеулі деп танылған;
3) мемлекеттік органдар қарайтын не сот тәртібімен қаралатын мәселелер шешілгенге дейін мемлекеттік қызмет көрсету мүмкін болмаған жағдайларда тоқтата тұрады.
36-3. Мемлекеттік қызмет көрсету процесі:
1) осы Қағидалардың 36-2-тармағының 1) және 2) тармақшаларында көзделген жағдайларда – қайтыс болған адамның құқықтық мирасқоры айқындалғанға дейін немесе әрекетке қабілетсіз адамға қорғаншы тағайындалғанға дейін;
2) осы Қағидалардың 36-2-тармағының 3) тармақшасында көзделген жағдайларда мемлекеттік орган ұстанымды айқындағанға дейін немесе сот актісі заңды күшіне енгенге дейін тоқтатыла тұрады.
36-4. Көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушының өтінішхаты бойынша немесе өз бастамасы бойынша мемлекеттік көрсету процесін мынадай:
1) қызмет көрсетудің одан арғы процесіне уақытша кедергі келтіретін еңсерілмейтін күш әсер еткен жағдайда тоқтата тұрады. Мемлекеттік қызмет көрсетудің одан арғы процесіне уақытша кедергі келтіретін еңсерілмейтін күштің әсер етуі деп төтенше жағдайды енгізу, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдай қатері немесе оның туындауы түсініледі;
2) көрсетілетін қызметті алушы заңды өкілдерінің көрсетілетін қызметті алу жағдайларын қоспағанда, оның мемлекеттік қызмет көрсету мерзімінен асатын мерзімде қызметтік іссапарда, медициналық ұйымда стационарлық емделуде болған жағдайда тоқтата тұрады.";
39-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"39. Көрсетілетін қызметті алушы "Мүлікпен мәмілелер жасауға келісім беру" туралы өтінішхатпен көрсететін қызметті берушінің жұмыс күні аяқталғанға дейін екі сағат бұрын туралы өтінішхат келіп түссе, онда мерзім келесі жұмыс күнінен басталады. Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады. Қызмет беруші құжаттар түскен уақытта оларды қабылдауды және тіркеуді жүзеге асырады және жауапты құрылымдық бөлімшеге орындауға береді.";
40-тармақтың екінші және үшінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"Көрсетілетін қызметті алушы құжаттардың толық топтамасын ұсынбаған және (немесе) қолданылу мерзімі өтіп кеткен құжаттарды ұсынған жағдайда көрсетілетін қызметті беруші өтінішхан келіп түскен сәттен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті алушының веб-порталдағы жеке кабинетіне өтінішті қараудан бас тарту туралы хабарлама жібереді.
Ұсынылған құжаттар толық және ақпарат (мәліметтер) дәйекті болған жағдайда көрсетілетін қызметті берушінің табиғи монополиялар салаларындағы мемлекеттік саясатты іске асыруға жауапты құрылымдық бөлімшесі орындауға келіп түскен сәттен бастап 7 (жеті) жұмыс күні ішінде тиісті қорытындыны ұсынады, қорытындысы бойынша жауапты құрылымдық бөлімше тиісті қорытынды келіп түскен сәттен бастап 1 (бір) жұмыс күні ішінде "Мүлікпен мәмілелер жасауға келісім беру" туралы шешім қабылдайды.";
42-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"42. Көрсетілетін қызметті алушы "Қайта ұйымдастыруға және таратуға келісім беру" туралы өтінішхат көрсететін қызметті берушінің жұмыс күні аяқталғанға дейін екі сағат бұрын келіп түссе, онда мерзім келесі жұмыс күнінен басталады. Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады. Көрсетілетін қызметті беруші құжаттарды қабылдауды және тіркеуді жұмыс күні жүзеге асырады және табиғи монополиялар саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруға жауапты құрылымдық бөлімшеге орындауға береді.
Веб-портал арқылы жүгінген кезде көрсетілетін қызметті алушының жеке кабинетіне мемлекеттік қызметті көрсетуге өтініштің қабылданғаны туралы мәртебе және мемлекеттік қызметті көрсету күні мен уақыты көрсетілген хабарлама жіберіледі.
Табиғи монополиялар саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруға жауапты көрсетілетін қызметті берушінің жауапты құрылымдық бөлімшесі ұсынылған құжаттардың, мәліметтердің толықтығын, сондай-ақ олардың қолданылу мерзімін тексереді, олар толық болмаған не мерзімі өткен жағдайда өтінішхат келіп түскен сәттен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті алушының веб-порталдағы жеке кабинетіне өтінішті қабылдаудан бас тарту туралы хабарлама жібереді.
Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы алдын ала шешім қабылданған жағдайда жауапты құрылымдық бөлімше көрсетілетін қызметті алушының алдын ала шешім бойынша ұстанымын білдіру мүмкіндігі үшін мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы алдын ала шешімді қоса бере отырып, тыңдауды өткізу уақыты мен орны (тәсілі) туралы әкімшілік акті қабылданғанға дейін 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмей көрсетілетін қызметті алушыны хабардар етеді.
Тыңдау рәсімі ҚР ӘРПК сәйкес өткізіледі.
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті берушінің табиғи монополиялар салаларындағы мемлекеттік саясатты іске асыруға жауапты құрылымдық бөлімшесінің басшысы ЭЦҚ немесе басшының орынбасарының ЭЦҚ қол қойылған электрондық нысанда көрсетілетін қызметті алушының веб-порталдағы жеке кабинетіне жолданады.";
44-тармақтың екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы Заңының 25-бабы 2-тармағына сәйкес көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы, тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қарауға жатады.";
45-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"45. Көрсетілетін қызметті берушінің, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның шағымды қарау мерзімі Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы Заңының 25-бабы 4-тармағына сәйкес қажет болған жағдайларда 10 (он) жұмыс күнінен аспайтын мерзімге ұзартылады:";
46-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"46. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерімен келіспеген жағдайда көрсетілетін қызметті алушы Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы Заңының 4-бабы 1-тармағының 6) тармақшасына сәйкес сотқа жүгіне алады.";
56-1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"56-1. Тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді сатып алу Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының цифрлық жүйесімен және (немесе) мемлекеттік сатып алу саласындағы уәкілетті органның цифрлық жүйесімен интеграцияланған электрондық сатып алудың цифрлық жүйелерінде (сатып алудың бірыңғай платформасы) жүзеге асырылады.";
63-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"63. Техникалық сарапшылар әлеуетті өнім берушілер ұсынатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің конкурстық құжаттама талаптарына сәйкестігі бойынша еркін нысанда қорытынды береді. Сараптамалық қорытынды Қазақстан Республикасының Цифрлық кодексіне (бұдан әрі – Цифрлық кодекс) сәйкес құжаттың электрондық көшірмесі нысанында ресімделеді және порталдағы конкурстық комиссия отырысының хаттамасына қоса беріледі.";
73-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"2) Қазақстан Республикасының Рұқсаттар және хабарламалар туралы заңнамасына сәйкес алынған, мәліметтері мемлекеттік органдардың цифрлық жүйелерінде расталатын лицензиялар, рұқсаттар (хабарламалар), патент, куәлік, сертификат, диплом (конкурстық құжаттамада тиісті талап болған кезде);";
95-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"95. Конкурс жеңімпазы конкурс жеңімпазы деп тану туралы хабарламаны және сатып алу туралы шарттың жобасын алған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күнінен кешіктірмей, Цифрлық кодексіне сәйкес электрондық нысанда сатып алу туралы шартқа қол қояды немесе табиғи монополия субъектісін келіспеушіліктер туралы немесе сатып алу туралы шартқа қол қоюдан бас тарту туралы портал арқылы хабардар етеді.
Табиғи монополия субъектісі жеңімпаз сатып алу туралы шарт жасасудан жалтарған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде екінші орын алған әлеуетті өнім берушіге портал арқылы электрондық цифрлық қолтаңбамен куәландырылған сатып алу туралы шарттың жобасын жібереді.
Сатып алу туралы шарттың жобасын екінші орын алған әлеуетті өнім беруші өзіне сатып алу туралы шарттың жобасы ұсынылған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде ЭЦҚ арқылы куәландырылады.
Егер екінші орын алған әлеуетті өнім беруші осы тармақтың үшінші абзацында көзделген мерзімде табиғи монополия субъектісі қол қойған сатып алу туралы шартқа қол қоймаса, табиғи монополия субъектісі қайта сатып алуды жүзеге асырады.";
105-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"105. Баға ұсынысы баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен сатып алу туралы хабарландыруда көрсетілген баға ұсыныстарын қабылдау мерзімі аяқталғанға дейін портал арқылы ұсынылады. Әрбір әлеуетті өнім беруші құжаттардың не электрондық құжаттардың мынадай электрондық көшірмелерін қоса бере отырып, осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес 5-нысан бойынша әлеуетті өнім берушінің ЭЦҚ қойылған бір ғана баға ұсынысын береді:
1) Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу жөнінде мемлекеттік қызметтер көрсету қағидаларына сәйкес Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 29 мамырдағы № 66 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20771 болып тіркелген) нысан бойынша берілген заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтама, не жеке кәсіпкерлікті заңды тұлға құрмай жүзеге асыратын жеке тұлғалар үшін электрондық тіркеу жүйесін пайдаланатын анықтаманы берген мемлекеттік органның ресми интернет-ресурсына сілтемені қамтитын әлеуетті өнім берушінің өтініші – қызметті бастағаны туралы хабарламаның сәйкестендіру нөмірін көрсете отырып, рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік цифрлық тізілімінен үзінді көшірме, не рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік цифрлық тізіліміне, не кәсіпкерлік субъектісі ретінде тіркеу туралы құжатқа, заңды тұлғаларды уақытша біріктіру үшін (консорциум) – консорциум туралы келісімге және консорциумға қатысушыларды мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтамаға сілтемені қамтитын әлеуетті өнім берушінің өтініші;
2) Қазақстан Республикасының Рұқсаттар және хабарламалар туралы заңнамасына сәйкес алынған лицензиялар, рұқсаттар (хабарламалар), патент, куәлік, сертификат, диплом, мемлекеттік органдардың цифрлық жүйелерінде расталатын мәліметтер (конкурстық құжаттамада тиісті талап болған жағдайда).";
114-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"114. Баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен сатып алу жеңімпазы баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен сатып алу жеңімпазы деп тану туралы хабарламаны және сатып алу туралы шарттың жобасын алған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күнінен кешіктірмей, Цифрлық кодексіне сәйкес электрондық нысанда сатып алу туралы шартқа қол қояды немесе табиғи монополия субъектісін келіспеушіліктер туралы немесе портал арқылы сатып алу туралы шартқа қол қоюдан бас тарту туралы хабардар етеді.
Табиғи монополия субъектісі жеңімпаз сатып алу туралы шарт жасасудан жалтарған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде екінші орын алған әлеуетті өнім берушіге портал арқылы ЭЦҚ куәландырылған сатып алу туралы шарттың жобасын жібереді.
Сатып алу туралы шарттың жобасын екінші орын алған әлеуетті өнім беруші өзіне сатып алу туралы шарттың жобасы ұсынылған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде ЭЦҚ арқылы куәландырылады.
Егер екінші орын алған әлеуетті өнім беруші осы тармақтың екінші абзацында көзделген мерзімде табиғи монополия субъектісі қол қойған сатып алу туралы шартқа қол қоймаса, табиғи монополия субъектісі қайта сатып алуды жүзеге асырады.";
116-тармақтың 3) тармақшасының алтыншы абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"табиғи монополия субъектісінің немесе уәкілетті органының интернет-ресурсында, не электрондық сатып алудың цифрлық жүйелерінде конкурс (тендер) өткізу туралы хабарландыру;";
133-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"1) Заңның 25-бабында көзделген ақпаратты табиғи монополия субъектісінің интернет-ресурсында орналастырумен, ол болмаған жағдайда – уәкілетті органға оның интернет-ресурсында орналастыру үшін ұсынумен, сондай-ақ Заңның 25-бабының 6-2-тармағында көзделген ақпаратты мемлекеттік қала құрылысы кадастрының автоматтандырылған цифрлық жүйесінде орналастырумен және (немесе) өзектілендірумен;";
164-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"164. Табиғи монополиялар субъектілері Қазақстан Республикасының мемлекеттік қала құрылысы кадастрын жүргізу және одан ақпарат және (немесе) мәліметтер ұсыну қағидаларына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 20 наурыздағы № 244 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11111 болып тіркелген) нысандарға сәйкес мемлекеттік қала құрылысы кадастрының автоматтандырылған цифрлық жүйесінде:";
көрсетілген Қағидаларға 2-қосымша осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
көрсетілген Қағидаларға 3-қосымша осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
көрсетілген Қағидаларға 4-қосымша осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
көрсетілген Қағидаларға 5-қосымша осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрлігінің Тарифтік саясатты реттеу департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықты ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрыққа 1, 3 және 4-қосымшалар 2026 жылғы 12 шілдеден осы бұйрыққа 5, 6 және 7-қосымшаларға сәйкес редакцияда қолданылады деп белгіленсін.
5. Осы бұйрық 2026 жылғы 12 шілдеде қолданысқа енгізілетін осы бұйрықтың 1-тармағының он екінші, отыз бірінші, отыз екінші, отыр үшінші, отыз төртінші, отыз бесінші, отыз алтыншы, отыз жетінші, отыз сегізінші, отыз тоғызыншы, қырқыншы, қырық бірінші, қырық екінші, елу жетінші, елу сегінші, алпыс жетінші, алпыс сегізінші, алпыс тоғызыншы, жетпісінші, жетпіс бірінші, жетпіс екінші, тоқсан тоғызыншы, жүз бірінші және жүз екінші абзацтарын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
|
Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрі |
Н. Нуржигитов |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Жасанды интеллект және
цифрлық даму министрлігі
| Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрі 2026 жылғы 31 наурыздағы № 97-НҚ бұйрығына 1-қосымша Табиғи монополиялар субъектілерінің қызметін жүзеге асыру қағидаларына 2-қосымша |
"Суды каналдар арқылы беру, суару үшін су беру және тірек гидротехникалық құрылысжайларының көмегімен жерүсті ағынын реттеу қызметін көрсететін табиғи монополиялар субъектілерінің мемлекеттік тіркеліміне енгізу және шығару" мемлекеттік қызметін көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі
Мемлекеттік көрсетілетін қызмет атауы: | ||
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің кіші түрінің атауы: | ||
1 | Көрсетілетін қызметті берушінің атауы | Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрлігі |
2 | Мемлекеттік көрсетілетін қызметті және оның кіші түрлерін ұсыну тәсілдері (қол жеткізу арналары) | "Электрондық үкіметтің" www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрі – веб-портал) |
3 | Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін көрсету мерзімі |
Суды каналдар арқылы беру, суару үшін су беру және тірек гидротехникалық құрылысжайларының көмегімен жерүсті ағынын реттеу қызметін көрсететін табиғи монополиялар субъектілерінің мемлекеттік тіркеліміне енгізу өтініш келіп түскен сәттен бастап – 30 минут; |
4 | Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін көрсету нысаны |
Суды каналдар арқылы беру, суару үшін су беру және тірек гидротехникалық құрылысжайларының көмегімен жерүсті ағынын реттеу қызметін көрсететін табиғи монополиялар субъектілерінің мемлекеттік тіркеліміне енгізу – электрондық (толық автоматтандырылған); |
5 | Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін көрсету нәтижесі | Суды каналдар арқылы беру, суару үшін су беру және тірек гидротехникалық құрылысжайларының көмегімен жерүсті ағынын реттеу қызметін көрсететін табиғи монополиялар субъектілерінің мемлекеттік тіркеліміне енгізу және шығару туралы куәлік не мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап. |
6 | Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлемақы мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері | Тегін. |
7 | Көрсетілетін қызметті берушінің және ақпарат объектілерінің жұмыс кестесі |
Жұмыс кестесі: |
8 | Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесі |
Мемлекеттік тіркелімге енгізу үшін: |
9 | Мемлекеттік қызметі және оның кіші түрлерін көрсетуден бас тарту үшін Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген негіздер |
1) көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) оларда қамтылған деректердің (мәліметтердің) дұрыс еместігінің анықталуы; |
10 | Мемлекеттік көрсетілетін қызметті, оның ішінде электрондық нысанда және Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетудің ерекшеліктерін ескере отырып қойылатын өзге де талаптар |
Мемлекеттік қызметті көрсету орындарының мекенжайлары көрсетілетін қызметті берушінің www.gov.kz интернет-ресурстарында "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер" бөлімінде орналастырылған. |
Уәкілетті органның келісімін алу туралы өтінішхат
____________________________________________________________________
(мәміле мәні)
1. Негіздеме:
Себептер | Мақсаттар | Міндеттер | Экономикалық орындылықты есептеу |
(экономикалық орындылығын есептеуді көрсете отырып, мәмілені жасаудың себептері, мақсаттары мен міндеттері)
2. Мәміленің мәні болып табылатын мүлік туралы ақпарат_____________________________________________
____________________________________________________________________________________________________
3. Мәмілені жасау көрсетілетін қызметті алушының реттеліп көрсетілетін қызметтеріне тарифтің артуына алып келмейтінін және оның қаржы-шаруашылық қызметінің нашарлауына алып келмейтінін растайтын мәліметтер
____________________________________________________________________________________________________
____________________________________________________________________________________________________
Тарифтік смета көрсеткіштерінің атауы | Өлшем бірлігі | Бекітілген тарифтік сметада көзделген | Мәмілені ескере отырып тарифтік сметаның жобасы | Ауытқу | |
Мың тенге | % | ||||
4. Мүлікті бағалау туралы мәліметтер
Мүлікті бағалауды жүргізген бағалау ұйымының атауы | Мүлікті бағалауға мемлекеттік лицензия туралы мәліметтер (нөмірі және берілген күні) | Табиғи монополия субъектісінің мүлкін бағалау туралы есепті жасау күні және нөмірі | Табиғи монополия субъектісі мүлкінің (объектісінің) атауы | Табиғи монополия субъектісі мүлкінің (объектісінің) қалдық құны | Табиғи монополия субъектісі мүлкінің (объектісінің) нарықтық құны | Мүлікті бағалауды жүргізген бағалау ұйымының қорытындысы |
Цифрлық жүйелерде қамтылған заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісемін______________
(қолы)
20___ жылғы "____" ___________(күні)
2-нысан
_________________________________
(мемлекеттік органның толық атауы)
_________________________________
(өтініш берушінің толық атауы)
мекен жайы ______________________
(индекс, қала, аудан, облыс,
көше, үйдің №, телефон)
Өтініш берушінің деректемелері
_________________________________
(бизнес-сәйкестендіру нөмірі,
жеке сәйкестендіру нөмірі)
Уәкілетті органның келісімін алу туралы қолдаухат___________________
____________________________________________________________________
(көрсетілетін қызмет атауы)
Табиғи монополия субъектісін қайта ұйымдастыру (тарату) қажеттігінің негіздемесі___________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
Жаңадан пайда болатын әрбір заңды тұлғаның орналасқан жері туралы мәліметтер (қайта ұйымдастырылған жағдайда)____________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
Табиғи монополия субъектісінің басқа заңды тұлғаларға қатысуы туралы мәліметтер___________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
Цифрлық жүйелерде қамтылған заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісемін________________________
(қолы)
20___ жылғы "____" ___________
(күні)
| Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрі 2026 жылғы 31 наурыздағы № 97-НҚ бұйрығына 3-қосымша Табиғи монополиялар субъектілерінің қызметін жүзеге асыру қағидаларына 4-қосымша |
"Суды каналдар арқылы беру, суару үшін су беру және тірек гидротехникалық құрылысжайларының көмегімен жерүсті ағынын реттеу қызметін көрсететін, егер ағымдағы жылдың басындағы бухгалтерлік баланста есепке алынған, оған қатысты мәміле жасалатын мүліктің баланстық құны ағымдағы жылдың басындағы бухгалтерлiк балансқа сәйкес оның активтерінің баланстық құнының 0,05 процентінен асатын болса, табиғи монополия субъектісінің мүлкімен мәмілелер жасауға келісім беру" мемлекеттік қызметін көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің атауы: | ||
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің кіші түрінің атауы: | ||
1 | Көрсетілетін қызметті берушінің атауы | Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрлігі |
2 | Мемлекеттік көрсетілетін қызметті және оның кіші түрлерін ұсыну тәсілдері (қол жеткізу арналары) | "Электрондық үкіметтің" www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрі – веб-портал) |
3 | Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін көрсету мерзімі | Өтінішхат келіп түскен сәттен бастап – 10 (он) жұмыс күні. |
4 | Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін көрсету нысаны |
Электрондық |
5 | Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін көрсету нәтижесі | Суды каналдар арқылы беру, суару үшін су беру және тірек гидротехникалық құрылысжайларының көмегімен жерүсті ағынын реттеу қызметін көрсететін, егер ағымдағы жылдың басындағы бухгалтерлік баланста есепке алынған, оған қатысты мәміле жасалатын мүліктің баланстық құны ағымдағы жылдың басындағы бухгалтерлiк балансқа сәйкес оның активтерінің баланстық құнының 0,05 процентінен асатын болса, табиғи монополия субъектісінің мүлкімен мәмілелер жасауға келісім беру туралы хат не мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап. |
6 | Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлемақы мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері | Тегін. |
7 | Көрсетілетін қызметті берушінің және ақпарат объектілерінің жұмыс кестесі |
Жұмыс кестесі: |
8 | Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесі |
1) осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес 1-нысан бойынша уәкілетті органның келісімін алу туралы өтінішхат; |
9 | Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін көрсетуден бас тарту үшін Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген негіздер |
1) тарифтің көтерілуі; |
10 | Мемлекеттік көрсетілетін қызметті, оның ішінде электрондық нысанда және Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетудің ерекшеліктерін ескере отырып қойылатын өзге де талаптар |
Мемлекеттік қызметті көрсету орындарының мекенжайлары көрсетілетін қызметті берушінің www.gov.kz интернет-ресурстарында "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер" бөлімінде орналастырылған. |
| Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрі 2026 жылғы 31 наурыздағы № 97-НҚ бұйрығына 4-қосымша Табиғи монополиялар субъектілерінің қызметін жүзеге асыру қағидаларына 5-қосымша |
"Суды каналдар арқылы беру, суару үшін су беру және тірек гидротехникалық құрылысжайларының көмегімен жерүсті ағынын реттеу қызметін көрсететін табиғи монополиялар субъектілерін қайта ұйымдастыруға және таратуға келісім беру" мемлекеттік қызметін көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің атауы: | ||
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің кіші түрінің атауы: | ||
1 | Көрсетілетін қызметті берушінің атауы | Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрлігі |
2 | Мемлекеттік көрсетілетін қызметті және оның кіші түрлерін ұсыну тәсілдері (қол жеткізу арналары) | "Электрондық үкіметтің" www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрі – веб-портал) |
3 | Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін көрсету мерзімі | Өтінішхат келіп түскен сәттен бастап – 5 (бес) жұмыс күні. |
4 | Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін көрсету нысаны |
Электрондық |
5 | Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін көрсету нәтижесі | Суды каналдар арқылы беру, суару үшін су беру және тірек гидротехникалық құрылысжайларының көмегімен жерүсті ағынын реттеу қызметін көрсететін табиғи монополиялар субъектілерін қайта ұйымдастыруға және таратуға келісім беру туралы хат не мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап. |
6 | Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері | Тегін. |
7 | Көрсетілетін қызметті берушінің және ақпарат объектілерінің жұмыс кестесі |
Жұмыс кестесі: |
8 | Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесі |
1) осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес 2-нысан бойынша уәкілетті органның келісімін алу туралы өтінішхат; |
9 | Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін көрсетуден бас тарту үшін Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген негіздер |
1) тарифтің көтерілуі; |
10 | Мемлекеттік көрсетілетін қызметті, оның ішінде электрондық нысанда және Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетудің ерекшеліктерін ескере отырып қойылатын өзге де талаптар |
Мемлекеттік қызметті көрсету орындарының мекенжайлары көрсетілетін қызметті берушінің www.gov.kz интернет-ресурстарында "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер" бөлімінде орналастырылған. |
| Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрі 2026 жылғы 31 наурыздағы № 97-НҚ бұйрығына 5-қосымша Табиғи монополиялар субъектілерінің қызметін жүзеге асыру қағидаларына |
|
| 2-қосымша |
"Суды каналдар арқылы беру, суару үшін су беру және тірек гидротехникалық құрылысжайларының көмегімен жерүсті ағынын реттеу қызметін көрсететін табиғи монополиялар субъектілерінің мемлекеттік тіркеліміне енгізу және шығару" мемлекеттік қызметін көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі
Мемлекеттік көрсетілетін қызмет атауы: | ||
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің кіші түрінің атауы: | ||
1 | Көрсетілетін қызметті берушінің атауы | Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрлігі |
2 | Мемлекеттік көрсетілетін қызметті және оның кіші түрлерін ұсыну тәсілдері | "Цифрлық үкіметтің" www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрі – веб-портал) |
3 | Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін көрсету мерзімі |
Суды каналдар арқылы беру, суару үшін су беру және тірек гидротехникалық құрылысжайларының көмегімен жерүсті ағынын реттеу қызметін көрсететін табиғи монополиялар субъектілерінің мемлекеттік тіркеліміне енгізу өтініш келіп түскен сәттен бастап – 30 минут; |
4 | Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін көрсету нысаны |
Суды каналдар арқылы беру, суару үшін су беру және тірек гидротехникалық құрылысжайларының көмегімен жерүсті ағынын реттеу қызметін көрсететін табиғи монополиялар субъектілерінің мемлекеттік тіркеліміне енгізу – электрондық (толық цифрландырылған); |
5 | Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін көрсету нәтижесі | Суды каналдар арқылы беру, суару үшін су беру және тірек гидротехникалық құрылысжайларының көмегімен жерүсті ағынын реттеу қызметін көрсететін табиғи монополиялар субъектілерінің мемлекеттік тіркеліміне енгізу және шығару туралы куәлік не мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап. |
6 | Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлемақы мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері | Тегін. |
7 | Көрсетілетін қызметті берушінің және цифрлық объектілерінің жұмыс кестесі |
Жұмыс кестесі: |
8 | Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесі |
Мемлекеттік тіркелімге енгізу үшін: |
9 | Мемлекеттік қызметі және оның кіші түрлерін көрсетуден бас тарту үшін Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген негіздер |
1) көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) оларда қамтылған деректердің (мәліметтердің) дұрыс еместігінің анықталуы; |
10 | Мемлекеттік көрсетілетін қызметті, оның ішінде электрондық нысанда және көрсетудің ерекшеліктерін ескере отырып қойылатын өзге де талаптар |
Мемлекеттік қызметті көрсету орындарының мекенжайлары көрсетілетін қызметті берушінің www.gov.kz интернет-ресурстарында "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер" бөлімінде орналастырылған. |
| Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрі 2026 жылғы 31 наурыздағы № 97-НҚ бұйрығына 6-қосымша Табиғи монополиялар субъектілерінің қызметін жүзеге асыру қағидаларына 4-қосымша |
"Суды каналдар арқылы беру, суару үшін су беру және тірек гидротехникалық құрылысжайларының көмегімен жерүсті ағынын реттеу қызметін көрсететін, егер ағымдағы жылдың басындағы бухгалтерлік баланста есепке алынған, оған қатысты мәміле жасалатын мүліктің баланстық құны ағымдағы жылдың басындағы бухгалтерлiк балансқа сәйкес оның активтерінің баланстық құнының 0,05 процентінен асатын болса, табиғи монополия субъектісінің мүлкімен мәмілелер жасауға келісім беру" мемлекеттік қызметін көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің атауы: | ||
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің кіші түрінің атауы: | ||
1 | Көрсетілетін қызметті берушінің атауы | Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрлігі |
2 | Мемлекеттік көрсетілетін қызметті және оның кіші түрлерін ұсыну тәсілдері | "Цифрлық үкіметтің" www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрі – веб-портал) |
3 | Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін көрсету мерзімі | Өтінішхат келіп түскен сәттен бастап – 10 (он) жұмыс күн. |
4 | Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін көрсету нысаны |
Электрондық |
5 | Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін көрсету нәтижесі | Суды каналдар арқылы беру, суару үшін су беру және тірек гидротехникалық құрылысжайларының көмегімен жерүсті ағынын реттеу қызметін көрсететін, егер ағымдағы жылдың басындағы бухгалтерлік баланста есепке алынған, оған қатысты мәміле жасалатын мүліктің баланстық құны ағымдағы жылдың басындағы бухгалтерлiк балансқа сәйкес оның активтерінің баланстық құнының 0,05 процентінен асатын болса, табиғи монополия субъектісінің мүлкімен мәмілелер жасауға келісім беру туралы хат не мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап. |
6 | Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлемақы мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері | Тегін. |
7 | Көрсетілетін қызметті берушінің және цифрлық объектілерінің жұмыс кестесі |
Жұмыс кестесі: |
8 | Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесі |
1) осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес 1-нысан бойынша уәкілетті органның келісімін алу туралы өтінішхат; |
9 | Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін көрсетуден бас тарту үшін Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген негіздер |
1) тарифтің көтерілуі; |
10 | Мемлекеттік көрсетілетін қызметті, оның ішінде электрондық нысанда және көрсетудің ерекшеліктерін ескере отырып қойылатын өзге де талаптар |
Мемлекеттік қызметті көрсету орындарының мекенжайлары көрсетілетін қызметті берушінің www.gov.kz интернет-ресурстарында "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер" бөлімінде орналастырылған. |
| Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрі 2026 жылғы 31 наурыздағы № 97-НҚ бұйрығына 7-қосымша Табиғи монополиялар субъектілерінің қызметін жүзеге асыру қағидаларына 5-қосымша |
"Суды каналдар арқылы беру, суару үшін су беру және тірек гидротехникалық құрылысжайларының көмегімен жерүсті ағынын реттеу қызметін көрсететін табиғи монополиялар субъектілерін қайта ұйымдастыруға және таратуға келісім беру" мемлекеттік қызметін көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің атауы: | ||
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің кіші түрінің атауы: | ||
1 | Көрсетілетін қызметті берушінің атауы | Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрлігі |
2 | Мемлекеттік көрсетілетін қызметті және оның кіші түрлерін ұсыну тәсілдері | "Цифрлық үкіметтің" www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрі – веб-портал) |
3 | Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін көрсету мерзімі | Өтінішхат келіп түскен сәттен бастап – 5 (бес) жұмыс күн. |
4 | Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін көрсету нысаны |
Электрондық |
5 | Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін көрсету нәтижесі | Суды каналдар арқылы беру, суару үшін су беру және тірек гидротехникалық құрылысжайларының көмегімен жерүсті ағынын реттеу қызметін көрсететін табиғи монополиялар субъектілерін қайта ұйымдастыруға және таратуға келісім беру туралы хат не мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап. |
6 | Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері | Тегін. |
7 | Көрсетілетін қызметті берушінің және цифрлық объектілерінің жұмыс кестесі |
Жұмыс кестесі: |
8 | Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесі |
1) осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес 2-нысан бойынша уәкілетті органның келісімін алу туралы өтінішхат; |
9 | Мемлекеттік қызмет және оның кіші түрлерін көрсетуден бас тарту үшін Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген негіздер |