"Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 36-бабының 3-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Исламдық банк операцияларын жүзеге асыратын әмбебап банк лицензиясы бар банктегі, ислам банкіндегі исламдық қаржыландыру қағидаттары жөніндегі кеңестің басшысы мен мүшелеріне қойылатын талаптар бекітілсін.
2. Қаржы ұйымдарының әдіснамасы және пруденциялық реттеу департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) Заң департаментімен бірлесіп осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды;
3) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Заң департаментіне осы тармақтың 2) тармақшасында көзделген іс-шараның орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Төрағасының жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
|
Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту Агенттігінің Төрағасы |
М. Абылкасымова |
| Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту Агенттігінің Басқармасының 2026 жылғы 31 наурыздағы № 33 қаулысымен бекітілген |
Исламдық банк операцияларын жүзеге асыратын әмбебап банк лицензиясы бар банктегі, ислам банкіндегі исламдық қаржыландыру қағидаттары жөніндегі кеңестің басшысы мен мүшелеріне қойылатын талаптар
1. Осы Исламдық банк операцияларын жүзеге асыратын әмбебап банк лицензиясы бар банктегі, ислам банкіндегі исламдық қаржыландыру қағидаттары жөніндегі кеңестің басшысы мен мүшелеріне қойылатын талаптар "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 36-бабының 3-тармағына сәйкес әзірленді және исламдық банк операцияларын жүзеге асыратын әмбебап банк лицензиясы бар банктегі, ислам банкіндегі исламдық қаржыландыру қағидаттары жөніндегі кеңестің басшысы мен мүшелеріне қойылатын талаптарды айқындайды.
2. Банктің исламдық қаржыландыру қағидаттары жөніндегі кеңесінің басшысы немесе мүшесі лауазымын атқару үшін жеке тұлғаға мынадай талаптар қойылады:
1) мінсіз іскерлік беделге ие болуы, бұл, оның ішінде, мынадай фактілердің болмауымен расталады:
аталған адамның қаржы ұйымын мәжбүрлеп таратуға алып келген төлем қабілетсіздігіне не банкке реттеу режимін қолдануға алып келген құқыққа қайшы әрекеттерді (әрекетсіздікті) жасау;
аталған адамның алынбаған немесе өтелмеген соттыланғандығы, оның ішінде адамға қаржы ұйымының, банк және (немесе) сақтандыру холдингінің басшы қызметкері лауазымын атқару және қаржы ұйымының ірі қатысушысы (ірі акционері) болу құқығынан өмір бойына айыру түрінде қылмыстық жаза қолдану туралы заңды күшіне енген сот актісінің болуы;
қаржы мониторингі жөніндегі уәкілетті органның мәліметтері негізінде әрекеттері қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға ықпал еткен үшінші тұлғалармен қарым-қатынасының (үшінші тұлғалардың бақылауы мен ықпалының) болуы фактілердің жоқтығымен расталатын мінсіз іскерлік беделі болуға;
2) исламдық коммерциялық құқық немесе исламдық қаржы саласында жоғары білімі болуы (бакалавр дипломы немесе оған баламалы және одан жоғары дәреже);
3) банктің ішкі құжаттарында белгіленген тәртіппен расталатын исламдық банк операцияларын жүзеге асыру бөлігінде Қазақстан Республикасының банк заңнамасы саласында білімі болуға;
4) мынадай жұмыс өтілі:
исламдық қаржыландыру қағидаттары жөніндегі кеңестің басшысы үшін кемінде он жыл, оның ішінде:
исламдық қаржыландыру қағидаттары жөніндегі кеңестің мүшесі және (немесе) исламдық қаржыландыру қағидаттары бойынша аудит жүргізетін ішкі аудит бөлімшесінің қызметкері және (немесе) исламдық қаржыландыру қағидаттарының сақталуына жауапты комплаенс-бақылау бөлімшесінің қызметкері және (немесе) Қазақстан Республикасының резиденттері мен бейрезиденттері болып табылатын банктерде, исламдық сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарында және өзге де исламдық қаржы ұйымдарында осыған ұқсас органдарда жұмыс істеген;
және (немесе) исламдық банкинг стандарттарын белгілейтін халықаралық ұйымдарда жұмыс істеген;
және (немесе) исламдық коммерциялық құқық немесе исламдық қаржы саласында ғылыми немесе оқытушылық қызмет атқарған ғылым докторы немесе философия докторы (PhD (Doctor of Philosophy) ғылыми дәрежесі болған жағдайда (бес жылдан аспайтын мерзім есепке алынады);
исламдық қаржыландыру қағидаттары жөніндегі кеңестің мүшесі үшін – осы тармақшаның үшінші, төртінші және бесінші абзацтарында көрсетілген кемінде бес жыл жұмыс өтілі болуы;
5) жеке тұлға исламдық қаржыландыру қағидаттары жөніндегі кеңестің басшысы немесе мүшесі лауазымына тағайындалатын (атқаратын) банкте басшы қызметкер болып табылмауы және өзге лауазымдарды атқармауы;
6) исламдық қаржыландыру қағидаттары жөніндегі кеңестің басшысы немесе мүшесі лауазымына тағайындалатын (атқаратын) банктің еншілес ұйымдарында және осы банктің капиталына елеулі қатысуы бар ұйымдарда лауазым атқармауы, исламдық қаржыландыру қағидаттары жөніндегі кеңестің басшысы немесе мүшесі лауазымын қоспағанда.