"Төтенше жағдайлардың алдын алу жөніндегі талаптарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2025 жылғы 27 тамыздағы № 367 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2026 жылғы 31 наурыздағы № 137 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2026 жылғы 31 наурызда № 38251 болып тіркелді

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Осы бұйрық 01.01.2027 ж. бастап қолданысқа енгізіледі

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Төтенше жағдайлардың алдын алу жөніндегі талаптарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2025 жылғы 27 тамыздағы № 367 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 36708 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Төтенше жағдайлардың алдын алу жөніндегі талаптарна:

      4-тармақтың 3) тармақшасына мынадай редакцияда жазылсын:

      "3) Су деңгейлері мен шығыстарын, жауын-шашынның мөлшері мен қарқындылығын, желдің жылдамдығы мен бағытын, ауа мен судың температурасын қоса алғанда, гидрометеорологиялық жағдайдың ағымдағы жай-күйі туралы деректердің жедел берілуін қамтамасыз етеді.

      Қауіпті және дүлей гидрометеорологиялық құбылыстар анықталған кезде ақпарат дереу уәкілетті органға және жергілікті атқарушы органдарға:

      оқиға тіркелген сәттен бастап 15 минуттан кешіктірмей;

      цифрлық форматта электрондық поштаны, мамандандырылған платформаларды және дереу жеткізуді қамтамасыз ететін өзге де техникалық құралдарды қоса алғанда, деректерді берудің ресми арналары арқылы;

      берілетін ақпараттың уақыттылығын, толықтығын және дұрыстығын қамтамасыз ететін жауапты құрылымдық бөлімшені немесе кезекші лауазымды адамды көрсете отырып беріледі;";

      5) және 6) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:

      "5) ұлттық цифрлық жүйелер мен мамандандырылған порталдарды, оның ішінде ескерту карталарын, гидрометеорологиялық ахуалдың интерактивтік карталарын, климаттық кадастрларды және табиғи апаттар мониторингі, болжау және ескертуге арналған басқа ресурстарды сапалы әрі уақытылы ақпаратпен толтырады;";

      6) уәкілетті органға және жергілікті атқарушы органдарға Ұлттық гидрометеорологиялық қызметтің цифрлық жүйелері мен порталдарына қолжетімділікті қамтамасыз етеді.";

      25-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "25. Жергілікті атқарушы органдар жыл сайын 25 желтоқсанға дейін "Халыққа және азаматтық қорғау саласындағы мамандарға хабар беру, ілімді насихаттау, оқыту қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2020 жылғы 2 шілдедегі № 494 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20990 болып тіркелген) (бұдан әрі – Халықты ақпараттандыру, білімді насихаттау, оқыту қағидалары) сәйкес белгіленген нысанда ресімдей отырып, тиісті аумақта азаматтық қорғау саласындағы білімді насихаттау жоспарын бекітеді.";

      43-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "43. Азаматтық қорғау құралымдарына қажеттілікті есептеу Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 23 сәуірдегі № 387 "Азаматтық қорғау құралымдарын құру, ұстау, материалдық-техникалық қамтамасыз ету, дайындау және оларды тарту қағидаларын бекіту туралы" бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11243 болып тіркелген) сәйкес әзірленеді.";

      57-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "57. Мәдениет және ақпарат саласындағы уәкілетті орган:";

      60-тармақ 7) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "7) өз өкілеттігі шеңберінде гидрологиялық қауіп-қатерлерді бағалау үшін қолданылатын климаттық модельдер мен сценарийлерді құруды, дамытуды және жаңартуды, сондай-ақ оларды төтенше жағдайларды болжау мен алдын алудың мемлекеттік цифрлық жүйелеріне біріктіруді үйлестіреді;";

      66-тармақ 15) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "15) селге қауіпті аудандарда тұратын халықты қолжетімді және түсінікті цифрлық арналарды пайдалана отырып, ықтимал тәуекелдер, қауіпсіздік қағидалары, эвакуациялау тәртібі, сел ағынына қауіп төнген немесе басталған жағдайда дұрыс іс-қимылдар туралы тұрақты хабар беруді қамтамасыз етеді.";

      88-тармақ 1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) биологиялық қауіпсіздік саласындағы биологиялық қатерлерді анықтау, патогенді биологиялық агенттерді табу, мониторинг және зертханалық зерттеулер нәтижелері туралы ақпаратты уақтылы енгізе отырып, биологиялық қауіпсіздік саласындағы деректерді орталықтандырылған есепке алу мен жедел алмасуға арналған мемлекеттік цифрлық жүйені жүргізуді қамтамасыз етеді;".

      2. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Төтенше жағдайлардың алдын алу комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

      Қазақстан Республикасының
Төтенше жағдайлар министрі
Ч. Аринов

      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Ғылым және жоғары білім министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Еңбек және халықты әлеуметтік
қорғау министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Көлік министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Мәдениет және ақпарат министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Су ресурстары және
ирригация министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Жасанды интеллект және
цифрлық даму министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Экология және табиғи
ресурстар министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Энергетика министрлігі

О внесении изменений в приказ Министра по чрезвычайным ситуациям Республики Казахстан от 27 августа 2025 года № 367 "Об утверждении Требований по предупреждению чрезвычайных ситуаций"

Приказ Министра по чрезвычайным ситуациям Республики Казахстан от 31 марта 2026 года № 137. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 31 марта 2026 года № 38251

      Примечание ИЗПИ!
      Вводится в действие с 01.01.2027

      ПРИКАЗЫВАЮ:

      1. Внести в приказ Министра по чрезвычайным ситуациям Республики Казахстан от 27 августа 2025 года № 367 "Об утверждении Требований по предупреждению чрезвычайных ситуаций" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 36708) следующие изменения:

      в Требованиях по предупреждению чрезвычайных ситуаций, утвержденных указанным приказом:

      в пункте 4:

      подпункт 3) изложить в следующей редакции:

      "3) обеспечивает оперативную передачу данных о текущем состоянии гидрометеорологической обстановки, включая уровни и расходы воды, количество и интенсивность осадков, скорость и направление ветра, температуру воздуха и воды.

      При выявлении опасных и стихийных гидрометеорологических явлений информация незамедлительно передается уполномоченному органу и местным исполнительным органам:

      не позднее 15 минут с момента фиксации события;

      в цифровом формате через официальные каналы передачи данных, включая электронную почту, специализированные платформы и иные технические средства, обеспечивающие немедленную доставку;

      с указанием ответственного структурного подразделения или дежурного должностного лица, обеспечивающего своевременность, полноту и достоверность передаваемой информации;";

      подпункты 5) и 6) изложить в следующей редакции:

      "5) обеспечивает качественное и своевременное наполнение информацией национальных цифровых систем и специализированных порталов, включая карты предупреждений, интерактивные карты гидрометеорологической обстановки, климатические кадастры и другие ресурсы, предназначенные для мониторинга, прогноза и предупреждения чрезвычайных ситуаций природного характера;

      6) обеспечивает доступ уполномоченному органу и местным исполнительным органам к цифровым системам и порталам Национальной гидрометеорологической службы.";

      в пункт 25 вносится изменение на казахском языке, текст на русском языке не меняется;

      в пункт 43 вносится изменение на казахском языке, текст на русском языке не меняется;

      абзац первый пункта 57 изложить в следующей редакции:

      "57. Уполномоченный орган в сфере культуры и информации:";

      подпункт 7) пункта 60 изложить в следующей редакции:

      "7) в рамках своих полномочий координирует создание, развитие и актуализацию климатических моделей и сценариев, применяемых для оценки гидрологических рисков, а также их интеграцию в государственные цифровые системы прогнозирования и предупреждения чрезвычайных ситуаций;";

      подпункт 15) пункта 66 изложить в следующей редакции:

      "15) обеспечивают постоянное информирование населения, проживающего в селеопасных районах, о потенциальных рисках, правилах безопасности, порядке эвакуации, правильных действиях в случае угрозы или наступления селевого потока, с использованием доступных и понятных цифровых каналов.";

      подпункт 1) пункта 88 изложить в следующей редакции:

      "1) обеспечивает ведение государственной цифровой системы, предназначенной для централизованного учета и оперативного обмена данными в сфере биологической безопасности, с своевременным внесением информации о выявленных биологических угрозах, обнаруженных патогенных биологических агентах, результатах мониторинга и лабораторных исследований;".

      2. Комитету предупреждения чрезвычайным ситуаций Министерства по чрезвычайным ситуациям Республики Казахстан в установленном законодательством порядке обеспечить:

      1) государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан;

      2) размещение настоящего приказа на интернет-ресурсе Министерства по чрезвычайным ситуациям Республики Казахстан.

      3. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на курирующего вице-министра по чрезвычайным ситуациям Республики Казахстан.

      4. Настоящий приказ вводится в действие с 1 января 2027 года и подлежит официальному опубликованию.

      Министр по чрезвычайным ситуациям
Республики Казахстан
Ч. Аринов

      "СОГЛАСОВАН"
Министерство cельского хозяйства
Республики Казахстан

      "СОГЛАСОВАН"
Министерство науки
и высшего образования
Республики Казахстан

      "СОГЛАСОВАН"
Министерство здравоохранения
Республики Казахстан

      "СОГЛАСОВАН"
Министерство труда
и социальной защиты населения
Республики Казахстан

      "СОГЛАСОВАН"
Министерство транспорта
Республики Казахстан

      "СОГЛАСОВАН"
Министерство финансов
Республики Казахстан

      "СОГЛАСОВАН"
Министерство культуры и информации
Республики Казахстан

      "СОГЛАСОВАН"
Министерство промышленности
и строительства
Республики Казахстан

      "СОГЛАСОВАН"
Министерство водных ресурсов
и ирригации
Республики Казахстан

      "СОГЛАСОВАН"
Министерство национальной экономики
Республики Казахстан

      "СОГЛАСОВАН"
Министерство искусственного интеллекта
и цифрового развития
Республики Казахстан

      "СОГЛАСОВАН"
Министерство внутренних дел
Республики Казахстан

      "СОГЛАСОВАН"
Министерство экологии
и природных ресурсов
Республики Казахстан

      "СОГЛАСОВАН"
Министерство энергетики
Республики Казахстан