"Елді мекендердің сумен жабдықтау және су бұру жүйелеріндегі суды есептеу аспаптары мен жүйелерін таңдау, орнату және пайдалану қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2025 жылғы 8 тамыздағы № 295 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2026 жылғы 3 наурыздағы № 77 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2026 жылғы 4 наурызда № 38098 тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Елді мекендердің сумен жабдықтау және су бұру жүйелеріндегі су есепке алу құралдары мен жүйелерін таңдау, монтаждау және пайдалану қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2025 жылғы 8 тамыздағы № 295 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 36616 болып тіркелген тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Елді мекендердің сумен жабдықтау және су бұру жүйелеріндегі су есепке алу құралдары мен жүйелерін таңдау, монтаждау және пайдалану қағидаларында:

      2-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3) деректерді қашықтан жинау және беру – сымсыз (радиоканалдық) байланыстың әртүрлі технологияларын пайдалану арқылы суды есепке алу аспаптарының көрсеткіштерін кез келген уақытта және кез келген жерде адамның қатысуынсыз қашықтықтан алу;";

      2-тармақтың 19) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "19) энергия тұтынуды есепке алудың автоматтандырылған жүйесі (бұдан әрі – ЭТЕААЖ) - су, газ, электр және жылу энергиясын тұтынуды есепке алу деректерін өлшеуге, жинауға, өңдеуге, сақтауға және беруге ( айына екі реттен жиі емес) арналған өлшеу құралдары мен аппараттық-бағдарламалық кешеннің жиынтығы;

      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Жобалауды, бөлшектеуді, монтаждауды (бастапқы және кейінгі орнатуды), іске қосу-баптау жұмыстарын және пайдалануға беруді қоса алғанда, суды есепке алу тораптарын, ақпараттық-өлшеу жүйелерін (ИАЖ) және энергия ресурстарын есепке алудың автоматтандырылған жүйелерін (ЭАЖЖ) жабдықтау жөніндегі жұмыстарды "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес тиісті рұқсаттары бар ұйымдар орындайды".

      Суды есепке алу аспаптары бөлінеді:

      Орнату орны бойынша:

      - су алу, су төгу объектілерінде, бірінші және қайта көтеру сорғы станцияларында, айдау сорғы станцияларында-өндірістік мақсаттағы бақылау аспаптарына жатады;

      - тұрғын және тұрғын емес ғимараттарда – ішкі сумен жабдықтау жүйелерінің құрамдас бөлігі болып табылады.

      Әрекет қағидаты бойынша:

      - механикалық (турбиналық, қанатты, бір ағынды, көп ағынды);

      - электронды (ультрадыбыстық, электромагниттік);

      - аралас.

      Деректерді беру әдісі бойынша:

      -NB-IoT технологиясы бойынша деректерді берумен;

      - LoRaWAN технологиясы бойынша деректерді берумен;

      - екі технологияның қолдауымен.

      Қазақстан Республикасының аумағында суды есепке алу аспаптары үшін деректерді сымсыз берудің базалық технологиясымен NB-IoT технологиясы белгіленеді.

      LoRaWAN технологиясы бойынша деректерді бере отырып, суды есепке алу аспаптарын орнатуға байланыс операторларының NB-IoT желісінің тұрақты жабыны жоқ елді мекендерде не олардың жекелеген аймақтарында ғана жол беріледі.

      NB-IOT желісінің тұрақты қамтуының болмауы:

      - байланыс операторларының ресми ақпаратымен,

      - не сигнал деңгейін аспаптық тексеру нәтижелерімен,

      - немесе байланыс операторларының деректері негізінде жергілікті атқарушы органның қорытындысымен расталады.

      Тиісті аумақта NB-IOT тұрақты қамтуы пайда болған жағдайда, жаңадан Орнатылатын есепке алу аспаптары NB-IoT технологиясы бойынша деректерді беруді қамтамасыз етеді.

      Бұрын LoRaWAN технологиясы бойынша деректерді берумен орнатылған суды есепке алу аспаптары белгіленген қызмет мерзімі өткенге немесе істен шыққанға дейін пайдалануды жалғастырады.

      Мұндай аспаптарды ауыстыру NB-IOT технологиясының басымдығын ескере отырып, осы Қағидалардың талаптарына сәйкес жүзеге асырылады.

      Жарамды есептеу аспаптарын жаппай мерзімінен бұрын ауыстыруға жол берілмейді.

      Суды есептеу аспабы мыналарды қамтамасыз етеді:

      - тұтынылған су көлемін үздіксіз өлшеу және көрсету;

      - ИАЖ және АСУЭ-ге деректерді автоматты түрде беру;

      - оқиғаларды тіркеу (қуат элементінің төмен деңгейі, кері ағын, араласу әрекеті) ;

      - тексеру және қызмет көрсету үшін деректерді жергілікті оқу мүмкіндігі.

      Материалдар мен монтажға қойылатын талаптар

      Есептеу аспаптарының материалдары коррозияға төзімді, улы емес, Қазақстан Республикасының санитарлық нормаларына сәйкес келеді.

      Радиоэлектрондық құралдарды, ИАЖ және АСУЭ деректерін қашықтан жинау және беру құралдарын монтаждау технологиялық жабдықтарды монтаждауға, коммуникациялық жабдықтар мен бақылау жүйелерін іске қосу-баптау жұмыстарына жатады.";

      11-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "11. Жеке суды есепке алу аспаптарының (ЖСЕА) метрологиялық және техникалық сипаттамалары Қазақстан Республикасының қолданыстағы стандарттарының осы тармақтың екінші абзацында көрсетілген талаптарына сәйкес келеді және Заңға сәйкес пайдаланылады. Сипаттамалары өлшеу дәлдігін, параметрлердің тұрақтылығын және бүкіл аралық тексеру кезеңінде пайдаланудың сенімділігін қамтамасыз етеді.

      Қысымның ауыспалы айырмасы әдісімен су шығынын өлшеу қағидатын іске асыратын суды есепке алу аспаптары үшін, онда тарылту құрылғысы ретінде МЕМСТ 8.586.1-2005 (ИСО 5167-1:2003), МемСТ 8.586.2-2005 (ИСО 5167-2:2003) талаптарына сәйкес орындалған диафрагма, саптама немесе басқа құрылғы пайдаланылады, Заңның талаптарына сәйкес өлшем құралдарын бастапқы тексеру нәтижелері бойынша қолдануға жол беріледі.";

      12-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "12. Сымсыз (радиоарналық) байланыс технологиясын пайдалана отырып, деректерді қашықтықтан жинау және беру үшін қолданылатын техникалық құралдар мен суды есепке алу аспаптары Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына және байланыс және ақпараттандыру саласындағы стандарттарға сәйкес келеді, деректерді беру арналарының тәулік бойы үздіксіз қолжетімділігін, берілетін ақпаратты қорғауды және деректерді жинақтаудың және трафикті есепке алудың техникалық мүмкіндігін қамтамасыз етеді.";

      14-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "14. NB-IoT және LoRaWAN желілерін қолдану кезінде есепке алу аспаптары мен ДЖБҚ деректерін беру криптографиялық қорғауды пайдаланумен, клиенттік және операторлық жабдықтарды бөлуді қамтамасыз етумен, құрылғылардың желі сегменттері мен APN бойынша қолжетімділігін шектеумен, арналарды резервтеудің және маршруттаудың (BGP) техникалық мүмкіндігімен жүзеге асырылады.

      ДЖБҚ сумен жабдықтау және (немесе) су бұру жүйелерінде сыртқы әсерлерден қорғауды, тұрақты электрмен қоректендіруді және тұрақты байланыс арнасын қамтамасыз ететін техникалық жабдықталған орындарда (автоматика шкафтарында, техникалық үй-жайларда) орнатылады. ДЖБҚ орнатуды мен пайдалануды қауіпсіздік талаптарын мен техникалық қызмет көрсету мүмкіндіктерін сақтай отырып, мамандандырылған ұйым жүзеге асырады.";

      мынадай мазмұндағы 15-1-тармақпен толықтырылсын:

      "15-1. Суды есепке алудың электрондық аспаптарын өндіруші (жеткізуші) техникалық құжаттамада белгіленген монтаждау және пайдалану шарттары сақталған кезде есепке алу аспабын пайдалануға берілген күннен бастап кемінде бес жыл пайдаланудың кепілдік мерзімін қамтамасыз етеді.";

      мынадай мазмұндағы 18-1-тармақпен толықтырылсын:

      "18-1. Есептеу құралдарын өндіруші және/немесе оның ресми өкілі суды жеткізуші ұйымның теңгеріміне есептеу құралдарын жеткізіп беру кезінде АӨЖ-ті бірге тапсыруды қамтамасыз етеді.";

      мынадай мазмұндағы 25-1-тармақпен толықтырылсын:

      "25-1. Ақпараттық-өлшеу жүйесін (АӨЖ) енгізу кезінде өнім беруші мен Тапсырыс беруші не табиғи монополия субъектісі арасындағы шарттың талаптары көзделеді:

      - тапсырыс берушіге жүйені оны қолданудың барлық кезеңінде дербес пайдалану үшін жеткілікті АӨЖ бағдарламалық қамтылымды пайдалану құқығын беру;

      - тапсырыс берушіге АӨЖ-да қалыптастырылатын есепке алу деректеріне толық қол жеткізуді қамтамасыз ету;

      - АӨЖ дерекқорын беру немесе оны жалпы қабылданған форматтарда түсіру мүмкіндігін қамтамасыз ету;

      - есепке алу деректеріне қол жеткізуді шектемей АӨЖ-ны одан әрі пайдалану, сүйемелдеу және интеграциялау мүмкіндігі.";

      30-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "30. Кодекстің 107-бабына сәйкес бастапқы орнатылатын суды есепке алу аспаптары алғаш орнатылатын немесе істен шыққандардың орнына, абоненттердің кірістерінде, ДЖБҚ-мен автоматты тоқтату клапанымен (судың берілуін автоматты ашу/жабу құрылғысы) жабдықталып, байланыс операторының ақпараттық жүйесі мен Бірыңғай цифрлық ТҮКШ платформасымен тұрақты екіжақты байланысты қамтамасыз етеді.

      Ыстық сумен жабдықтаудың ашық жүйесі болған кезде ДЖБҚ-мен ыстық суды есепке алу аспаптарын орнату олардың осындай аспаптарды пайдалануға жіберуді жүзеге асыратын ұйымның АӨЖ-мен үйлесімділігін қамтамасыз етеді.".

      2. Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің Құрылыс және тұрғын-коммуналдық шаруашылық істері комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Өнеркәсіп және құрылыс министрі
Е. Нагаспаев

      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Жасанды интеллект және
цифрлық даму министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Сауда және интеграция
министрлігінің Техникалық
реттеу және метрология комитеті

      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Ұлттық қауіпсіздік комитеті

О внесении изменений и дополнений в приказ Министра промышленности и строительства Республики Казахстан от 8 августа 2025 года № 295 "Об утверждении Правил выбора, монтажа и эксплуатации приборов и систем учета воды в системах водоснабжения и водоотведения населенных пунктов"

Приказ Министра промышленности и строительства Республики Казахстан от 3 марта 2026 года № 77. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 4 марта 2026 года № 38098

      ПРИКАЗЫВАЮ:

      1. Внести в приказ Министра промышленности и строительства Республики Казахстан от 8 августа 2025 года № 295 "Об утверждении Правил выбора, монтажа и эксплуатации приборов и систем учета воды в системах водоснабжения и водоотведения населенных пунктов" (зарегистрированный в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов № 36616) следующие изменения и дополнения:

      в Правилах выбора, монтажа и эксплуатации приборов и систем учета воды в системах водоснабжения и водоотведения населенных пунктов, утвержденных указанным приказом:

      подпункт 3) пункта 2 изложить в следующей редакции:

      "3) дистанционный сбор и передача данных – удаленное снятие показаний приборов учета воды без участия человека в любом месте и в любое время с использованием беспроводной (радиоканальной) связи;";

      подпункт 19) пункта 2 изложить в следующей редакции:

      "19) автоматизированная система учета энергопотребления (далее – АСУЭ) – совокупность средств измерений и аппаратно-программного комплекса для измерений, сбора, обработки, хранения и передачи данных (не реже 2 раз в месяц) учета потребления воды, газа, электрической и тепловой энергии;";

      пункт 4 изложить в следующей редакции:

      "4. Работы по оборудованию узлов учета воды, информационно-измерительных систем (ИИС) и автоматизированных систем учета энергоресурсов (АСУЭ), включая проектирование, демонтаж, монтаж (первичную и последующую установку), пусконаладочные работы и ввод в эксплуатацию, выполняются организациями, имеющими соответствующие разрешения в соответствии с Законом Республики Казахстан "О разрешениях и уведомлениях".

      Приборы учета воды подразделяются:

      По месту установки:

      - на объектах водозабора, водосброса, насосных станциях первого и повторного подъема, перекачивающих насосных станциях – относятся к приборам контроля производственного назначения;

      - в жилых и нежилых зданиях – являются составной частью систем внутреннего водоснабжения.

      По принципу действия:

      - механические (турбинные, крыльчатые, одноструйные, многоструйные);

      - электронные (ультразвуковые, электромагнитные);

      - комбинированные.

      По способу передачи данных:

      - с передачей данных по технологии NB-IoT;

      - с передачей данных по технологии LoRaWAN;

      - с поддержкой обеих технологий.

      На территории Республики Казахстан базовой технологией беспроводной передачи данных для приборов учета воды устанавливается технология NB-IoT.

      Установка приборов учета воды с передачей данных по технологии LoRaWAN допускается исключительно в населенных пунктах либо их отдельных зонах, где отсутствует устойчивое покрытие сети NB-IoT операторов связи.

      Отсутствие устойчивого покрытия сети NB-IoT подтверждается:

      - официальной информацией операторов связи,

      - либо результатами инструментального обследования уровня сигнала,

      - либо заключением местного исполнительного органа на основании данных операторов связи.

      В случае появления устойчивого покрытия NB-IoT на соответствующей территории вновь устанавливаемые приборы учета обеспечивают передачу данных по технологии NB-IoT.

      Приборы учета воды, ранее установленные с передачей данных по технологии LoRaWAN, продолжают эксплуатацию до истечения установленного срока службы, либо выхода из строя.

      Замена таких приборов осуществляется в соответствии с требованиями настоящих Правил с учетом приоритета технологии NB-IoT.

      Массовая досрочная замена исправных приборов учета не допускается.

      Прибор учета воды обеспечивает:

      - непрерывное измерение и индикацию объема потребленной воды;

      - автоматическую передачу данных в ИИС и АСУЭ;

      - регистрацию событий (низкий уровень элемента питания, обратный поток, попытка вмешательства);

      - возможность локального считывания данных для поверки и обслуживания.

      Требования к материалам и монтажу

      Материалы приборов учета устойчивы к коррозии, нетоксичны, соответствующие санитарным нормам Республики Казахстан.

      Монтаж радиоэлектронных средств, средств дистанционного сбора и передачи данных ИИС и АСУЭ относится к монтажу технологического оборудования, пусконаладочным работам коммуникационного оборудования и систем контроля.";

      пункт 11 изложить в следующей редакции:

      "11. Метрологические и технические характеристики индивидуальных приборов учета воды (ИПУ) соответствуют требованиям действующих стандартов Республики Казахстан, указанных абзацем вторым настоящего пункта, и эксплуатируются в соответствии с Законом. Характеристики обеспечивают точность измерений, стабильность параметров и надежность при эксплуатации в течение всего межповерочного интервала.

      Для приборов учета воды, реализующих принцип измерения расхода воды методом переменного перепада давления, где в качестве сужающего устройства используется диафрагма, сопло или другое устройство, выполненное в соответствии с ГОСТ 8.586.1-2005 (ИСО 5167-1:2003), ГОСТ 8.586.2-2005 (ИСО 5167-2:2003), в соответствии с требованиями Закона, допускаются к применению по результатам первичной поверки средств измерений.";

      пункт 12 изложить в следующей редакции:

      "12. Технические средства и приборы учета воды, применяемые для дистанционного сбора и передачи данных с использованием технологии беспроводной (радиоканальной) связи, соответствуют требованиям законодательства Республики Казахстан и стандартам в области связи и информатизации, обеспечивают круглосуточную непрерывную доступность каналов передачи данных, защиту передаваемой информации и техническую возможность свода данных и учета трафика.";

      пункт 14 изложить в следующей редакции:

      "14. При применении сетей NB-IoT и LoRaWAN передача данных приборов учета и УСПД осуществляется с использованием криптографической защиты, с обеспечением разделения клиентского и операторского оборудования, разграничением доступа устройств по APN и сегментам сети, с технической возможностью резервирования каналов и маршрутизации (BGP).

      УСПД устанавливаются на системах водоснабжения и (или) водоотведения в технически оборудованных местах (шкафах автоматики, технических помещениях), обеспечивающих защиту от внешних воздействий, устойчивое электропитание и стабильный канал связи. Установка и эксплуатация УСПД осуществляются специализированной организацией с соблюдением требований безопасности и возможности технического обслуживания.".

      дополнить пунктом 15-1 следующего содержания:

      "15-1. Производитель (поставщик) электронных приборов учета воды обеспечивает гарантийный срок эксплуатации прибора учета не менее пяти лет со дня ввода в эксплуатацию при соблюдении условий монтажа и эксплуатации, установленных технической документацией.";

      "18-1. Производитель приборов учета и (или) его официальный представитель обеспечивает передачу ИИС вместе с поставкой приборов учета воды на баланс поставщика населенного пункта, где устанавливаются приборы учета воды.";

      дополнить пункт 25-1 следующего содержания:

      "25-1. При внедрении информационно-измерительной системы (ИИС) условиями договора между поставщиком и заказчиком либо субъектом естественной монополии предусматривается:

      - предоставление заказчику права использования программного обеспечения ИИС, достаточного для самостоятельной эксплуатации системы на весь период ее применения;

      - обеспечение заказчику полного доступа к данным учета, формируемым в ИИС;

      - передача базы данных ИИС либо обеспечение возможности ее выгрузки в общепринятых форматах;

      - возможность дальнейшей эксплуатации, сопровождения и интеграции ИИС без ограничения доступа к данным учета.";

      пункт 30 изложить в следующей редакции:

      "30. В соответствии со статьей 107 Кодекса, приборы учета воды, устанавливаемые первично, либо взамен вышедших из строя, на вводах к абонентам, оснащаются УСПД с автоматическим запорным клапаном (устройством автоматического открытия/закрытия подачи воды) и обеспечивают устойчивую двустороннюю связь с информационной системой оператора связи и Единой цифровой платформой ЖКХ.

      При наличии открытой системы горячего водоснабжения установка приборов учета горячей воды с УСПД обеспечивает их совместимость с ИИС организации, осуществляющей допуск в эксплуатацию таких приборов.".

      2. Комитету по делам строительства и жилищно-коммунального хозяйства Министерства промышленности и строительства Республики Казахстан в установленном законодательством порядке обеспечить:

      1) государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан;

      2) размещение настоящего приказа на интернет - ресурсе Министерства промышленности и строительства Республики Казахстан.

      3. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на курирующего вице - министра промышленности и строительства Республики Казахстан.

      4. Настоящий приказ вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Министр промышленности
и строительства
Республики Казахстан
Е. Нагаспаев

      "СОГЛАСОВАН"
Министерство национальной экономики
Республики Казахстан

      "СОГЛАСОВАН"
Министерство искусственного интеллекта
и цифрового развития
Республики Казахстан

      "СОГЛАСОВАН"
Комитет национальной безопасности
Республики Казахстан

      "СОГЛАСОВАН"
Комитет технического
регулирования и метрологии
Министерства торговли и интеграции
Республики Казахстан