"Ұлттық бірыңғай тестілеуді өткізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 2 мамырдағы № 204 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 2026 жылғы 26 ақпандағы № 99 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2026 жылғы 2 наурызда № 38071 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Ұлттық бірыңғай тестілеуді өткізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 2 мамырдағы № 204 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15173 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Ұлттық бірыңғай тестілеуді өткізу қағидаларында:

      6-тармақтың бесінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Шығармашылық даярлықты талап ететін білім беру бағдарламалары тобына түсушілерді қоспағанда, қысқартылған оқу мерзімдерін көздейтін білім беру бағдарламалары бойынша даярлаудың ұқсас бағыттарына түсетін адамдар, оның ішінде Қазақстан Республикасының азаматы болып табылмайтын ұлты қазақ адамдар ҰБТ-ны жалпы кәсіптік және арнайы пәндер бойынша тапсырады.";

      10-1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "10-1. Көру қабілеті бұзылған мүгедектігі бар балалар және мүгедектігі бар адамдар үшін ҰБТ пәндерінің тест тапсырмаларының нұсқалары схемасыз, кестесіз, суретсіз, картасыз қалыптастырылады.";

      16-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "16. Түсуші ҰБТ-ға қатысу үшін өтініш білдіріп, бірақ тестілеуге қатыспаған болса, онда оған ҰБТ өткізілетін кезеңде келесі күндердің бірінде аудиторияда (қағаз форматта тестілеу тапсыру тіліне сәйкес) орын болған жағдайда және тестілеу күнімен сәйкес келетін келесі дәлелді себептер болған кезде ҰБТ-ға қатысу мүмкіндігі беріледі:

      1) ауыру, ауруханаға жату. Түсуші денсаулық жағдайы бойынша "Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын, сондай-ақ оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген) № 026/у нысанға сәйкес дәрігерлік-консультациялық комиссияның қорытындысын (бұдан әрі – № 026/у нысанға сәйкес дәрігерлік-консультациялық комиссияның қорытындысы) немесе ауру тарихы көрсетілген стационарлық науқастың медициналық картасынан берілетін шығару эпикризді (бұдан әрі – стационарлық науқастың медициналық картасынан берілетін шығару эпикризі) ұсынады;

      2) "Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 1-бабының 13) тармақшасына сәйкес айқындалған жақын туысының (жақын туыстарының) қайтыс болуы. Түсуші жақын туысының (жақын туыстарының) қайтыс болуы туралы куәлігі мен жақын туыстығын растайтын құжатты ұсынады;

      3) "Жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық және халықаралық олимпиадалар мен ғылыми жобалар конкурстарының (ғылыми жарыстардың), орындаушылар конкурстарының, кәсіби шеберлік конкурстарының және спорттық жарыстардың тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2011 жылғы 7 желтоқсандағы № 514 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7355 болып тіркелген) жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық және халықаралық олимпиадалар мен жалпы білім беретін пәндер бойынша ғылыми жобалар конкурстарына (ғылыми жарыстар), орындаушылар конкурстарына, кәсіби шеберлік конкурстарына және спорттық жарыстарға қатысқан кезде (бұдан әрі – жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық және халықаралық олимпиадалар мен жалпы білім беретін пәндер бойынша ғылыми жобалар конкурстары (ғылыми жарыстар), орындаушылар конкурстары, кәсіби шеберлік конкурстары және спорттық жарыстар). Түсуші жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық немесе халықаралық олимпиадалар немесе жалпы білім беретін пәндер бойынша ғылыми жобалар конкурстарына (ғылыми жарыстар), орындаушылар конкурстарына, кәсіби шеберлік конкурстарына немесе спорттық жарыстарға қатысатыны туралы білім беру ұйымынан бұйрықты ұсынады;

      4) төтенше жағдайлар кезінде. Әлеуметтік, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар кезінде тестілеу төтенше жағдайлар режимінің енгізілгенін (тіркелген) растайтын ресми құжаттардың негізінде (Президент Жарлығы, Үкіметтің, жергілікті атқару органдарының қаулысы, бұқаралық ақпараттық құралы арқылы ресми хабарлама, мемлекеттік органдардың қорытындысы) ауыстырылады.

      Бұл ретте түсуші осы тармақта көрсетілген құжаттардың бірін қоса бере отырып, Ұлттық тестілеу орталығы директорының атына ҰБТ-ны тапсыруға өтініш береді.";

      74-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "74. Электрондық форматтағы ҰБТ-ға қатысу үшін құжаттар қабылдау онлайн режимде осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша немесе № 502 бұйрықпен бекітілген белгіленген үлгідегі нысанға сәйкес мынадай кезеңдерде жүзеге асырылады:

      1) күнтізбелік жылғы 20 желтоқсан мен 30 желтоқсан аралығында осы Қағидалардың 3-тармағының 1), 3), 5), 6), 7) және 8) тармақшаларында көрсетілген адамдар үшін, бұл ретте түсушілерге көрсетілген кезеңде 1 (бір) реттен артық емес өтініш береді;

      2) күнтізбелік жылғы 15 ақпан мен 25 ақпан аралығында осы Қағидалардың 3-тармағының 1), 3), 5) және 6) тармақшаларында көрсетілген адамдар үшін, бұл ретте түсушілерге көрсетілген кезеңде 1 (бір) реттен артық емес өтініш береді;

      3) күнтізбелік жылғы 10 сәуір мен 25 сәуір аралығында осы Қағидалардың 3-тармағының 2), 3), 4), 5) және 6) тармақшаларында көрсетілген адамдар үшін, бұл ретте түсушілерге көрсетілген кезеңде 2 (екі) реттен артық емес өтініш береді;

      4) күнтізбелік жылғы 25 шілде мен 5 тамыз аралығында осы Қағидалардың 3-тармағының 2), 3), 5), 6), 7) және 8) тармақшаларында көрсетілген адамдар үшін, бұл ретте түсушілерге көрсетілген кезеңде 1 (бір) реттен артық емес өтініш береді.

      Электрондық форматтағы ҰБТ-ға қатысу үшін онлайн режимде өтініш беру кезінде түсуші тестілеу күнін және уақытын, ҰБТӨП-ті таңдай алады.

      Түсуші белгіленген мерзімде өтініш бермеген болса, онда оған тестілеу кезеңі басталғанға дейін тестілеу өткізілетін күндері аудиторияда (қағаз форматта тестілеу тапсыру тіліне сәйкес) орын болған жағдайда және өтініштерді қабылдау мерзімдерімен сәйкес келетін келесі дәлелді себептер болған жағдайда ҰБТ-ға тіркелу мүмкіндігі беріледі:

      1) ауыру, ауруханаға жату. Түсуші ауырған жағдайда №026/у нысанға сәйкес дәрігерлік-консультациялық комиссияның қорытындысын немесе стационарлық науқастың медициналық картасынан берілетін шығару эпикризін ұсынады;

      2) Кодекстің 1-бабының 13) тармақшасына сәйкес айқындалған жақын туысының (жақын туыстарының) қайтыс болуы. Түсуші жақын туысының (жақын туыстарының) қайтыс болуы туралы куәлігі мен жақын туыстығын растайтын құжатты ұсынады;

      3) жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық және халықаралық олимпиадалар мен жалпы білім беретін пәндер бойынша ғылыми жобалар конкурстарына (ғылыми жарыстар), орындаушылар конкурстарына, кәсіби шеберлік конкурстарына және спорттық жарыстарға қатысқан жағдайда. Түсуші жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық немесе халықаралық олимпиадалар немесе жалпы білім беретін пәндер бойынша ғылыми жобалар конкурстарына (ғылыми жарыстар), орындаушылар конкурстарына, кәсіби шеберлік конкурстарына немесе спорттық жарыстарға қатысатыны туралы білім беру ұйымынан бұйрықты ұсынады;

      4) төтенше жағдайлар кезінде. Әлеуметтік, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар кезінде төтенше жағдайлар режимінің енгізілгенін (тіркелгенін) растайтын ресми құжаттардың негізінде (Президент Жарлығы, Үкіметтің, жергілікті атқару органдарының қаулысы, бұқаралық ақпараттық құралы арқылы ресми хабарлама, мемлекеттік органдардың қорытындысы) ҰБТ-ға тіркелуге мүмкіндік беріледі.

      ҰБТ-ға тіркелу үшін түсуші белгіленген мерзім аяқталғаннан кейін осы тармақта көрсетілген құжаттардың бірін қоса бере отырып, Ұлттық тестілеу орталығы директорының атына өтініш береді.";

      93-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "93. Түсуші мазмұны бойынша апелляцияға өтінішті тестілеу аяқталғаннан кейін 30 минут ішінде береді.

      Тестілеу аяқталғаннан кейін компьютер экранында түсушінің жауап нұсқасы көрсетілген тест нәтижелерін талдау картасы, әрбір тапсырма бойынша алынған балл, блоктар бойынша жинаған балдардың қосындысы және ҰБТ-ның жалпы балы көрсетіледі. Түсушіге тестілеу нәтижелерімен және тестілеу нәтижелерін талдау картасымен танысу үшін 10 минут уақыт беріледі.

      Әрі қарай компьютер экранында "апелляцияға өту" және "апелляциясыз аяқтау" функциялары көрсетіледі. Егер түсуші берілген екі функцияның бірін де таңдамаса, тестілеу бағдарламасы 10 минуттан кейін автоматты түрде жабылады.

      Егер "апелляцияға өту" функциясы таңдалса, түсуші тест тапсырмаларына өтеді және апелляцияға өтініш беру үшін дәлелді негіздемесін қалыптастырады.

      Апелляцияға берілген тест тапсырмаларымен жұмыс аяқталғаннан кейін түсуші "апелляцияны аяқтау" батырмасын басады.

      Әрі қарай экранда апелляцияға өтініш берілген тест тапсырмаларының талдау картасы көрсетіледі.

      "Апелляциясыз аяқтау" функциясын таңдаған кезде түсуші аудиториядан шығады.

      Апелляция нәтижелері 30 (отыз) жұмыс күні ішінде ұсынылады.";

      1-қосымшада білім беру бағдарламасы тобының В060 нөмірі мынадай редакцияда жазылсын:

      "

В060

Химиялық инженерия және процестер

Химия

Физика/Биология

      ".

      2. Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін және оны Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Ғылым және жоғары білім министрі
С. Нурбек

О внесении изменений в приказ Министра образования и науки Республики Казахстан от 2 мая 2017 года № 204 "Об утверждении Правил проведения единого национального тестирования"

Приказ Министра науки и высшего образования Республики Казахстан от 26 февраля 2026 года № 99. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 2 марта 2026 года № 38071

      ПРИКАЗЫВАЮ:

      1. Внести в приказ Министра образования и науки Республики Казахстан от 2 мая 2017 года № 204 "Об утверждении Правил проведения единого национального тестирования" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 15173) следующие изменения:

      в Правилах проведения единого национального тестирования, утвержденных указанным приказом:

      часть пятую пункта 6 изложить в следующей редакции:

      "Лица, поступающие на родственные направления подготовки по образовательным программам, предусматривающим сокращенные сроки обучения, в том числе лица казахской национальности, не являющиеся гражданами Республики Казахстан, сдают ЕНТ по общепрофессиональным и специальным дисциплинам, за исключением поступающих на группу образовательных программ, требующих творческой подготовки.";

      в пункт 10-1 вносится изменение на казахском языке, текст на русском языке не меняется;

      пункт 16 изложить в следующей редакции:

      "16. Поступающим, подавшим заявления для участия в ЕНТ, но не принявшим участие в тестировании предоставляется возможность участия в один из последующих дней в период проведения ЕНТ при наличии места в аудитории в дни проведения тестирования (в бумажном формате с соответствующим языком сдачи тестирования) по следующим уважительным причинам, совпадающим с датой проведения тестирования:

      1) болезнь, госпитализация. Поступающий предоставляет заключение врачебно-консультационной комиссии, согласно форме № 026/у, утвержденной приказом исполняющего обязанности Министра здравоохранения Республики Казахстан от 30 октября 2020 года № ҚР ДСМ-175/2020 "Об утверждении форм учетной документации в области здравоохранения, а также инструкций по их заполнению" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 21579) (далее – заключение врачебно-консультационной комиссии, согласно форме № 026/у) по состоянию здоровья либо выписной эпикриз из медицинской карты стационарного пациента с указанием истории болезни (далее - выписной эпикриз из медицинской карты стационарного пациента);

      2) смерть близкого родственника (близких родственников), перечень которых определен подпунктом 13) статьи 1 Кодекса Республики Казахстан "О браке (супружестве) и семье" (далее – Кодекс). Поступающий предоставляет свидетельство о смерти близкого родственника (близких родственников) и документ, подтверждающий близкое родство;

      3) при участии в республиканских и международных олимпиадах и конкурсах научных проектов (научных соревнований) по общеобразовательным предметам, конкурсах исполнителей, конкурсах профессионального мастерства и спортивных соревнований, утвержденных приказом Министра образования и науки Республики Казахстан от 7 декабря 2011 года № 514 "Об утверждении Перечня республиканских и международных олимпиад и конкурсов научных проектов (научных соревнований) по общеобразовательным предметам, конкурсов исполнителей, конкурсов профессионального мастерства и спортивных соревнований" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 7355) (далее - республиканские и международные олимпиады и конкурсы научных проектов (научных соревнований) по общеобразовательным предметам, конкурсы исполнителей, конкурсы профессионального мастерства и спортивных соревнований). Поступающий предоставляет от организации образования приказ об участии в республиканских или международных олимпиадах или конкурсах научных проектов (научных соревнований) по общеобразовательным предметам, конкурсах исполнителей, конкурсах профессионального мастерства или спортивных соревнований;

      4) при чрезвычайных ситуациях. При чрезвычайных ситуациях социального, природного и техногенного характера тестирование переносится на основании официальных документов, подтверждающих (фиксирующих) введение режима чрезвычайной ситуации (Указ Президента, постановление Правительства, местных исполнительных органов, официальное оповещение средств массовых информации, заключение государственных органов).

      При этом поступающий подает заявление для сдачи ЕНТ на имя директора Национального центра тестирования, приложив один из документов, указанных в настоящем пункте.";

      пункт 74 изложить в следующей редакции:

      "74. Прием заявлений по форме, согласно приложению 3 к настоящим Правилам или согласно форме установленного образца, утвержденной приказом № 502 для участия в ЕНТ в электронном формате осуществляется в онлайн режиме в период:

      1) с 20 декабря по 30 декабря календарного года для лиц, указанных в подпунктах 1), 3), 5), 6), 7) и 8) пункта 3 настоящих Правил, при этом поступающий подает заявление не более 1 (одного) раза в указанный период;

      2) с 15 февраля по 25 февраля календарного года для лиц, указанных в подпунктах 1), 3), 5) и 6) пункта 3 настоящих Правил, при этом поступающий подает заявление не более 1 (одного) раза в указанный период;

      3) с 10 апреля по 25 апреля календарного года для лиц, указанных в подпунктах 2), 3), 4), 5) и 6) пункта 3 настоящих Правил, при этом поступающий подает заявление не более 2 (двух) раз в указанный период;

      4) с 25 июля по 5 августа календарного года для лиц, указанных в подпунктах 2), 3), 5), 6), 7) и 8) пункта 3 настоящих Правил, при этом поступающий подает заявление не более 1 (одного) раза в указанный период.

      Во время подачи заявления для участия в ЕНТ в электронном формате в онлайн режиме поступающий выбирает ППЕНТ, день и время тестирования.

      Поступающим, не подавшим заявления в установленные сроки, до начала периода тестирования предоставляется возможность регистрации на ЕНТ при наличии места в аудитории в дни проведения тестирования (в бумажном формате с соответствующим языком тестирования) по следующим уважительным причинам, совпадающим со сроками приема заявлений на ЕНТ:

      1) болезнь, госпитализация. Поступающий при наличии болезни предоставляет заключение врачебно-консультационной комиссии, согласно форме № 026/у либо выписной эпикриз из медицинской карты стационарного пациента;

      2) смерть близкого родственника (близких родственников), перечень которых определен подпунктом 13) статьи 1 Кодекса. Поступающий предоставляет свидетельство о смерти близкого родственника (близких родственников) и документ, подтверждающий близкое родство;

      3) при участии в республиканских и международных олимпиадах и конкурсах научных проектов (научных соревнований) по общеобразовательным предметам, конкурсах исполнителей, конкурсах профессионального мастерства и спортивных соревнований. Поступающий предоставляет от организации образования приказ об участии в республиканских или международных олимпиадах или конкурсах научных проектов (научных соревнований) по общеобразовательным предметам, конкурсах исполнителей, конкурсах профессионального мастерства или спортивных соревнований;

      4) при чрезвычайных ситуациях. При чрезвычайных ситуациях социального, природного и техногенного характера предоставляется возможность регистрации на ЕНТ на основании официальных документов, подтверждающих (фиксирующих) введение режима чрезвычайной ситуации (Указ Президента, постановление Правительства, местных исполнительных органов, официальное оповещение средств массовых информации, заключение государственных органов).

      Для регистрации на ЕНТ после завершения установленного срока поступающий подает заявление на имя директора Национального центра тестирования, приложив один из документов, указанных в настоящем пункте.";

      пункт 93 изложить в следующей редакции:

      "93. Заявление на апелляцию по содержанию подается поступающим после завершения тестирования в течение 30 минут.

      По завершении тестирования на экране компьютера отображается карта анализа результатов тестирования поступающего с указанием его вариантов ответа, набранных баллов по каждому заданию, суммы набранных баллов по блокам и общего балла ЕНТ. Поступающему предоставляется 10 минут для ознакомления с результатами тестирования и картой анализа результатов тестирования.

      Далее на экране компьютера отображаются функции "перейти к апелляции" и "завершить без апелляции". В случае, если поступающий не выбирает одну из двух функций, программа тестирования закрывается автоматически через 10 минут. В случае выбора функции "перейти к апелляции" поступающий переходит к тестовым заданиям и формулирует мотивированное обоснование для подачи апелляции.

      По завершении работы с тестовыми заданиями, поданными на апелляцию, поступающий нажимает кнопку "завершить апелляцию".

      Далее на экране отображается карта анализа принятого заявления по тестовым заданиям, поданным на апелляцию.

      При выборе функции "завершить без апелляции" поступающий покидает аудиторию.

      Результаты апелляции предоставляются в течение 30 (тридцати) рабочих дней.";

      в приложении 1 строку, номер группы образовательной программы В060 изложить в следующей редакции:

      "

В060

Химическая инженерия и процессы

Химия

Физика/Биология

      ".

      2. Комитету высшего и послевузовского образования Министерства науки и высшего образования Республики Казахстан в установленном законодательством Республики Казахстан порядке обеспечить государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан и его размещение на официальном интернет-ресурсе Министерства науки и высшего образования Республики Казахстан.

      3. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на курирующего вице-министра науки и высшего образования Республики Казахстан.

      4. Настоящий приказ вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Министр науки
и высшего образования
Республики Казахстан
С. Нурбек