"Әкімшілік іс жүргізулердің бірыңғай тізілімін жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының міндетін атқарушының 2020 жылғы 10 шілдедегі № 85 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2026 жылғы 23 ақпандағы № 33 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2026 жылғы 27 ақпанда № 38056 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Әкімшілік іс жүргізулердің бірыңғай тізілімін жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Бас Прокуроры міндетін атқарушының 2020 жылғы 10 шілдедегі № 85 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20962 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      тақырып мынадай редакцияда жазылсын:

      "Әкімшілік іс жүргізудің бірыңғай тізілімін жүргізу қағидаларын бекіту туралы";

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Қоса беріліп отырған Әкімшілік іс жүргізудің бірыңғай тізілімін жүргізу қағидалары бекітілсін.";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Әкімшілік іс жүргізудің бірыңғай тізілімін жүргізу қағидаларында (бұдан әрі – Қағидалар):

      2-тармақта:

      2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) әкімшілік іс жүргізудің бірыңғай тізілімі (бұдан әрі – ӘІБТ) – әкімшілік құқық бұзушылықтар, оларды жасаған адамдар, олар бойынша қабылданған шешімдер туралы енгізілетін мәліметтер қамтылатын, сондай-ақ әкімшілік құқық бұзушылық істерін электрондық нысанда жүргізу жүзеге асырылатын ақпараттық жүйе;";

      3) және 4) тармақшаларға орыс тілінде өзгерістер енгізіледі, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді;

      4-1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "4-1. Аумақтық ішкі істер органы (полиция) осы Қағидалардың 3-қосымшасына сәйкес нысан бойынша "Көлік құралдарын басқару құқығынан айыру және жүргізуші куәлігінің қолданысын тоқтата тұру туралы" (бұдан әрі – 2-ҚА нысанды АЕҚ) АЕҚ-ны:

      1) "Жол қозғалысы ережелерін әкімшілік бұзу туралы істер жөніндегі шешімдерді өзара тану және орындау туралы конвенцияны бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Заңымен бекітілген Жол қозғалысы ережелерін әкімшіліктік бұзу туралы істер жөніндегі шешімдерді өзара тану және орындау туралы конвенцияның 2-бабы 3-тармағына сәйкес мемлекеттің құзыретті органы жолдаған, Қазақстан Республикасының аумағында тұратын адамға қолданылған жазаны орындау туралы сұрау салуды;

      2) Қазақстан Республикасының соты қабылдаған жүргізуші куәлігінің қолданысын тоқтата тұру туралы сот актісін;

      3) Қазақстан Республикасының соты қабылдаған көлік құралдарын басқару құқығынан айыру немесе жүргізуші куәлігінің қолданылуын тоқтата тұру туралы қаулының күшін жою туралы сот актісін алған сәттен бастап бір тәулік ішінде ӘІБТ-ге қояды.

      Жүргізуші куәлігінің қолданылуын тоқтата тұру туралы шешім негізінде шығарылған сот орындаушысынан сот актісін орындалуы туралы деректерді алған сәттен бастап, жүргізуші куәлігінің қолданылуын тоқтата тұру туралы деректерді аумақтық ішкі істер органдары (полиция) ӘІБТ-ден бір тәулік ішінде алып тастайды.

      Адамды көлік құралдарын басқару құқығынан айыру туралы деректер Қазақстан Республикасының соты қабылдаған сот актісінде көрсетілген мерзім өткеннен кейін автоматты түрде ӘІБТ-нен алынады.";

      7-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Іс материалдарына қосылған заттай және өзге де дәлелдемелер әкімшілік құқық бұзушылық туралы істердің мәні бойынша қарау үшін қолма-қол ұсынылады. Ол уақытқа дейін орган (лауазымды адам) олардың сақталуын қамтамасыз етеді.";

      11-4, 11-5-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "11-4. Жасырын әкімшілік құқық бұзушылықты анықталмағандар санатына ауыстыру, іс жүргізуді бастаудан бас тарту, сондай-ақ әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша іс жүргізуді заңсыз тоқтату жолымен анықталған кезде ӘҚБтК-нің 62-бабында көзделген ережелерді ескере отырып, ол бойынша іс жүргізуді қозғауға дереу шаралар қабылдайды.

      11-5. ӘҚБтК-нің 31-бабының 1-бөлігіне сәйкес әкімшілік құқық бұзушылықты тіркеу нөмірі автоматты режимде жұмыс істейтін сертификатталған арнайы бақылау – өлшеу техникалық құралдарымен және аспаптарымен көрсетілген көлік құралының меншік иесіне (иесіне) қатысты мынадай жағдайларда әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғайды:

      сертификатталған арнайы бақылау-өлшеу техникалық құралдары және автоматты режимде жұмыс істейтін аспаптар көлік құралының тіркеу нөмірін дұрыс емес анықтау;

      айыппұл төлеу қажеттігі туралы нұсқаманы, ол жіберілген адамнан өтініш келіп түскеннен кейін автоматты түрде қалыптастыру.";

      12-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "12. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша іс жүргізуге қатысушыларға ӘІБТ іс жүргізу мәртебесін мемлекеттік сектор арқылы алған кезден бастап электрондық нысанда әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс материалдарына, сондай-ақ шағымдар, өтініштер, өтініштер беруге және оларға электрондық нысанда жауаптар алуға қашықтан қол жеткізу ұсынылады.

      Іс жүргізуі бойынша электрондық нысанда жүзеге асырылатын әкімшілік құқық бұзушылық туралы істің материалдарына қол жеткізуді әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша іс жүргізетін адам мемлекеттің мүдделеріне қайшы келмейтін және басқа адамдардың құқықтары мен заңды мүдделерін бұзумен байланысты емес көлемде береді.

      ЭЦҚ және (немесе) Интернет желісіне қосылу болмаған жағдайда, іс жүргізуге қатысушылар әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша іс жүргізуді электрондық нысанда жүргізетін органның (лауазымды адамның) электрондық көшірмесін алу мүмкіндігімен, іс жүргізуі бойынша электрондық нысанда жүзеге асырылатын әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс материалдарымен тиісті материалдарды жаңғырту немесе ұсыну (жеке танысу үшін) жолымен танысады.";

      13-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "13. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істі қарау шеңберінде электрондық нысанда тартылатын сарапшылар мен мамандар ӘҚБтК-нің 773-бабына сәйкес қорытынды толтырады.";

      18-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "18. ӘІБТ-ге енгізілген ақпараттың әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс материалдарына сәйкес келмеу фактілері анықталған жағдайда мәліметтерді түзету немесе АЕҚ-ны жою арқылы бұзушылықтарды жою бойынша шаралар қабылданады.";

      22-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "22. Әкімшілік сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасағаны үшін әкімшілік жауаптылыққа тартылған адамдар туралы мәліметтер әкімшілік жаза қолдану туралы қаулының орындалуы аяқталған күннен бастап үш жыл ішінде сақталады ("Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабы).";

      23-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "23. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша іс жүргізуді жүргізетін органдарға (лауазымды адамдарға) олардың іс жүргізуіндегі не оларға бағынысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер жүргізуді жүргізетін адамдардың іс жүргізуіндегі электрондық әкімшілік істерге қолжетімділік беріледі.

      Прокурор өзі қадағалауды жүзеге асыратын әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерге қолжетімділікке ие.";

      24-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "24. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша іс жүргізуді жүргізетін органдар (лауазымды адамдар) нақты аумақтық және құрылымдық бөлімшелер бойынша ӘІБТ-нің пайдаланушылар тізбесін, өкілеттіліктерін және электрондық әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерге қолжетімділік деңгейін анықтайды.";

      25-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "25. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша іс жүргізудің заңдылығын және ведомстволық бақылауды қамтамасыз ету мақсатында әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша іс жүргізуді жүргізетін орталық, облыстық (және оларға теңестірілген), қалалық (аудандық және оларға теңестірілген) органдардың басшыларына, олардың орынбасарларына, басқармалар мен бөлімдердің бастықтарына, бағынысты және төмен тұрған құрылымдық бөлімшелер бойынша ведомстволық аймақтық бақылауды (жетекшілікті) жүзеге асыратын орталық және облыстық аппарат органдарының жұмыскерлеріне ӘІБТ-ге электрондық әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерге қолжетімділік қамтамасыз етіледі.";

      Қағидаларға 1-қосымшада:

      1.1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1.1. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғауға себеп: тікелей анықтау(1); тексеру/профилактикалық бақылау және қадағалау нәтижесі (2); мемлекеттік органдардан келіп түскен материалдар (3); хабарламалар немесе өтініштер (4); автоматтандырылған техникалық құралдар мен бақылау аспаптарының көрсеткіштері (5); бақылау-өлшеу аппаратурасының және (немесе) радиотехникалық бақылау құралдарының көрсеткіштері (6)";

      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс нөмірі /_/_/_/_/_/_/_/_/_/_/_/_/_/_/_/ басталған күні "___" ________20__жыл";

      Қағидаларға 2-қосымшада:

      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс нөмірі /_/_/_/_/_/_/_/_/_/_/_/_/_/_/";

      2.4, 2.5-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "2.4 Негізгі әкімшілік құқық бұзушылық туралы істің нөмірі _/_/_/_/_/_/_/_/_/_/_/_/_/

      2.5 Біріккен әкімшілік құқық бұзушылық туралы істердің нөмірлері:___________";

      9.1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "9.1 негізгілер: ескерту (01), әкімшілік айыппұл (02), әкімшілік қамаққа алу (03), арнайы құқығынан айыру (04), рұқсатынан айыру немесе оның әрекетін тоқтата тұру, сондай-ақ тізілімнен шығару (05), қызметті немесе оның жеке түрлерін тоқтата тұру/тыйым салу (06), шетелдікті немесе азаматтығы жоқ адамды Қазақстан Республикасының шегінен әкімшілік жолмен шығарып жіберу (07), қоғамдық жұмыстар (08).

      "__" ____________20__ жылға дейінгі мерзімге; "__" сағатқа (қоғамдық жұмыстар үшін).";

      13.1, 13.2-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "13.1 ӘҚБтК-нің 830-бабы тәртібінде шағым келтірілді (01), ӘҚБтК-нің 830-бабы тәртібінде прокурордың апелляциялық өтінішхаты енгізілді (02), ӘҚБтК-нің 848-бабы тәртібінде ұсыну енгізілді (03), ӘҚБтК-нің 848-бабы тәртібінде наразылық келтірілді (04), ӘҚБтК-нің 851-1-бабы тәртібінде ұсыныс енгізілді (05), ӘҚБтК-нің 851-1-бабы тәртібінде наразылық білдірілді (06).

      13.2 Шағымды/өтінішхатты/наразылықты қарау нәтижесі: қаулы өзгеріссіз қалдырылды, ал шағым/өтінішхат/наразылық қанағаттандырылмады (01), қаулы өзгертілді (02), әкімшілік құқық бұзушылық туралы істі тоқтата отырып, қаулының күші жойылды (03), жаңа қаулы шығарумен қаулының күші жойылды (04), ведомстволық бағыныстылығы бойынша жолдаумен қаулының күші жойылды (05).".

      2. Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті (бұдан әрі – Комитет) заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының интернет-ресурсына орналастыруды;

      3) осы бұйрықты құқықтық статистика және арнайы есепке алудың мүдделі субъектілеріне, Комитеттің аумақтық және оларға теңестірілген органдарына орындау үшін жолдауды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Комитет төрағасына жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Бас Прокуроры
Б. Асылов

О внесении изменений в приказ исполняющего обязанности Генерального Прокурора Республики Казахстан от 10 июля 2020 года № 85 "Об утверждении Правил ведения Единого реестра административных производств"

Приказ Генерального Прокурора Республики Казахстан от 23 февраля 2026 года № 33. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 27 февраля 2026 года № 38056

      ПРИКАЗЫВАЮ:

      1. Внести в приказ исполняющего обязанности Генерального Прокурора Республики Казахстан от 10 июля 2020 года № 85 "Об утверждении Правил ведения Единого реестра административных производств" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 20962) следующие изменения:

      в заголовок вносится изменение на казахском языке, текст на русском языке не меняется;

      в пункт 1 вносится изменение на казахском языке, текст на русском языке не меняется;

      в Правилах ведения Единого реестра административных производств, утвержденных указанным приказом (далее – Правила):

      в пункте 2:

      в подпункт 2) вносится изменение на казахском языке, текст на русском языке не меняется;

      подпункты 3) и 4) изложить в следующей редакции:

      "3) публичный сектор ЕРАП – функционал ЕРАП, позволяющий участникам производства по делам об административных правонарушениях посредством Интернета с соблюдением требований информационной безопасности и конфиденциальности получить удаленный доступ к материалам дела об административном правонарушении, производство которого осуществляется в электронной форме, а также подавать жалобы, заявления и ходатайства;

      4) мобильное приложение ЕРАП (далее – МП ЕРАП) – компонент ЕРАП, предназначенный для возбуждения дела об административном правонарушении посредством планшетного компьютера;";

      в пункт 4-1 вносится изменение на казахском языке, текст на русском языке не меняется;

      часть вторую пункта 7 изложить в следующей редакции:

      "Приобщенные к материалам дела вещественные и иные доказательства представляются для рассмотрения дела об административном правонарушении по существу нарочно. До этого времени орган (должностное лицо) обеспечивает их сохранность.";

      пункт 11-4 изложить в следующей редакции:

      "11-4. При выявлении укрытого административного правонарушения путем необоснованного перевода в категорию неустановленных, отказа в начале производства, а также незаконного прекращения производства по делу об административном правонарушении, незамедлительно принимаются меры к возбуждению производства по нему с учетом положений, предусмотренных статьей 62 КоАП.";

      в пункт 11-5 вносится изменение на казахском языке, текст на русском языке не меняется;

      пункт 12 изложить в следующей редакции:

      "12. Участникам производства по делам об административных правонарушениях в электронной форме с момента приобретения процессуального статуса посредством публичного сектора ЕРАП предоставляется удаленный доступ к материалам дела об административном правонарушении, а также к подаче жалоб, заявлений, ходатайств и получению ответов на них в электронной форме.

      Доступ к материалам дела об административном правонарушении, производство по которому осуществляется в электронной форме, предоставляется лицом, ведущим производство по делу об административном правонарушении, в объеме, который не противоречит интересам государства и не связан с нарушением прав и законных интересов других лиц.

      При отсутствии ЭЦП и (или) подключения к сети Интернет участники производства знакомятся с материалами дела об административном правонарушении, производство по которому осуществляется в электронной форме, путем воспроизведения или предоставления (для личного ознакомления) органом (должностным лицом), ведущим производство по делу об административном правонарушении в электронной форме соответствующих материалов, с возможностью получения электронной копии.";

      часть первую пункта 13 изложить в следующей редакции:

      "13. Привлекаемые в рамках рассмотрения дела об административном правонарушении в электронной форме эксперты и специалисты составляют заключение в соответствии со статьей 773 КоАП.";

      часть первую пункта 18 изложить в следующей редакции:

      "18. При установлении фактов несоответствия внесенной в ЕРАП информации материалам дела об административном правонарушении принимаются меры по устранению выявленных нарушений путем редактирования сведений или удаления ИУД.";

      пункт 22 изложить в следующей редакции:

      "22. Сведения о лицах, привлеченных к административной ответственности за совершение административных коррупционных правонарушений, хранятся в течение трех лет со дня окончания исполнения постановления о наложении административного взыскания (статья 13 Закона Республики Казахстан "О государственной службе Республики Казахстан").";

      пункт 23 изложить в следующей редакции:

      "23. Органам (должностным лицам), ведущим производство по делу об административных правонарушениях, предоставляется доступ к находящимся у них в производстве электронным делам об административных правонарушениях, либо находящимся в производстве подчиненных им лиц, ведущих административное производство.

      Прокурор обладает доступом к делам об административных правонарушениях, по которым им осуществляется надзор.";

      часть первую пункта 24 изложить в следующей редакции:

      "24. Органами (должностными лицами), ведущими производство по делам об административных правонарушениях, определяется перечень пользователей ЕРАП, их полномочия и уровень доступа к делам об административных правонарушениях в электронной форме по конкретным территориальным и структурным подразделениям.";

      пункт 25 изложить в следующей редакции:

      "25. В целях обеспечения законности производства по делам об административных правонарушениях и ведомственного контроля обеспечивается доступ в ЕРАП к делам об административных правонарушениях в электронной форме руководителей центральных, областных (и приравненных к ним), городских (районных и приравненных к ним) органов, ведущих производство по делу об административном правонарушении, их заместителей, начальникам управлений и отделов, работникам центральных и областных аппаратов органов, осуществляющих ведомственный зональный контроль (кураторство), по подчиненным и нижестоящим структурным подразделениям.";

      в приложении 1 к Правилам:

      пункт 1.1 изложить в следующей редакции:

      "1.1. Повод к возбуждению дела об административном правонарушении: непосредственное обнаружение (1); результат проверки / профилактического контроля и надзора (2); материалы, поступившие из государственных органов (3); сообщения или заявления (4); показания автоматизированных технических средств и приборов наблюдения (5); показания контрольно-измерительной аппаратуры и (или) средств радиотехнического контроля (6)";

      пункт 3 изложить в следующей редакции:

      "3. Номер дела об административном правонарушении /_/_/_/_/_/_/_/_/_/_/_/_/_/_/_/ дата заведения "__" ________20__года";

      в приложении 2 к Правилам:

      пункт 2 изложить в следующей редакции:

      "2. Номер дела об административном правонарушении /_/_/_/_/_/_/_/_/_/_/_/_/_/_/";

      пункты 2.4, 2.5 изложить в следующей редакции:

      "2.4 Номер основного дела об административном правонарушении /_/_/_/_/_/_/_/_/_/_/_/_/_/_/

      2.5 Номера объединенных дел об административных правонарушениях: _______________________________;";

      пункт 9.1 изложить в следующей редакции:

      "9.1 основные: предупреждение (01), административный штраф (02), административный арест (03), лишение специального права (04), лишение разрешения либо приостановление его действия, а также исключение из реестра (05), приостановление/запрещение деятельности или отдельных ее видов (06), административное выдворение за пределы Республики Казахстан иностранцев или лиц без гражданства (07), общественные работы (08).

      На срок до "___" ___________20__года; на "___" часов (для общественных работ).";

      пункты 13.1, 13.2 изложить в следующей редакции:

      "13.1 Обжаловано в порядке статьи 830 КоАП (01), внесено апелляционное ходатайство прокурора в порядке статьи 830 КоАП (02), внесено представление в порядке статьи 848 КоАП (03), опротестовано в порядке статьи 848 КоАП (04), внесено представление в порядке статьи 851-1 КоАП (05), опротестовано в порядке статьи 851-1 КоАП (06).

      13.2 Результат рассмотрения жалобы/ходатайства/протеста: постановление оставлено без изменения, а жалоба/ходатайство/протест без удовлетворения (01), постановление изменено (02), постановление отменено с прекращением дела об административном правонарушении (03), постановление отменено с вынесением нового постановления (04), постановление отменено с направлением по подведомственности (05).".

      2. Комитету по правовой статистике и специальным учетам Генеральной прокуратуры Республики Казахстан (далее – Комитет) в установленном законодательством порядке обеспечить:

      1) государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан;

      2) размещение настоящего приказа на интернет-ресурсе Генеральной прокуратуры Республики Казахстан после его официального опубликования;

      3) направление настоящего приказа заинтересованным субъектам правовой статистики и специальных учетов, а также территориальным и приравненным к ним органам Комитета для исполнения.

      3. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на председателя Комитета.

      4. Настоящий приказ вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Генеральный Прокурор
Республики Казахстан
Б. Асылов