БҰЙЫРАМЫН:
1. "Білім беру мониторингін жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2014 жылғы 12 қарашадағы № 459 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9940 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Білім беру мониторингін жүзеге асыру қағидаларында:
3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"3) әкімшілік деректер – бастапқы статистикалық және балама деректерді қоспағанда, әкімшілік дереккөздер қалыптастыратын жеке немесе заңды тұлға жөніндегі жеке-дара сандық (сандар көмегімен өлшенетін) және (немесе) сапалық (белгілі бар қағидат және (немесе) белгі бойынша құрылған) деректер және шаруашылық бойынша есепке алу деректері;";
5) және 6) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
"5) білім беру саласындағы уәкілетті орган – мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі және қосымша білім беру саласында басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органы;
6) білім беру сапасы – білім беру қызметі тиімділігінің кешенді сипаттамасы, сондай-ақ білім алушы мен тәрбиеленуші даярлығының мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарының талаптарына, жеке адамның, қоғам мен мемлекеттің қажеттіліктеріне сәйкестігі;";
6 және 7-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"6. Білім беру мониторингі келесі түрде жүзеге асырылады:
білім беру саласындағы уәкілетті органның ақпараттандыру объектілерінде ақпаратты жинау, жүйелі есепке алу, өңдеу, сондай-ақ сақтау, жаңарту және жинақтау арқылы білім беру ұйымдарының қызметін жүйелі түрде байқау;
білім басқармалары мен бөлімдерінің орта білім беру ұйымдарындағы оқыту процесін талдау және әдістемелік түзету үшін әдістемелік күндерді ұйымдастыруы мен өткізуі және педагогикалық қауымдастыққа практикалық көмек көрсетуі;
әлеуметтік немесе мониторингтік зерттеулер ұйымдастыру (оның ішінде халықаралық салыстырмалы және ұлттық зерттеулер үшін);
білім беру қызметінің нәтижелерін талдау (ұлттық бірыңғай тестілеу, оқушылардың қорытынды бағаларын, халықаралық салыстырмалы және ұлттық зерттеулер нәтижелерін талдау және салыстыру) түрінде жүзеге асырылады.
7. Құжаттар мен материалдарды жинақтау:
білім беру саласындағы уәкілетті органның әкімшілік деректері;
мемлекеттік статистикалық есептілік;
білім беру сапасының динамикасына әсер ететін факторларға салыстырмалы талдау жүргізу;
білім беру ұйымдарын лицензиялау, білім беру ұйымдарын мемлекеттік аттестаттау және аккредиттеу рәсімдерінің нәтижелері;
білім беру саласындағы мемлекеттік саясаттың іске асырылуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын органдардың білім беруді басқару органдары мен білім беру ұйымдарының қызметіне жүргізген тексеру нәтижелері;
білім алушыларды мемлекеттік қорытынды аттестаттау нәтижелері;
ұлттық бірыңғай тестілеу нәтижелері;
кешенді тестілеу нәтижелері;
педагогтердің біліктілігін арттыру және оларды аттестаттау туралы деректер;
халықаралық салыстырмалы және ұлттық зерттеулер нәтижелері;
мониторингтік зерттеулер нәтижелері;
әлеуметтік зерттеулер нәтижелері негізінде жүзеге асырылады.".
2. Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Білім саласында сапаны қамтамасыз ету комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
|
Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрі |
Ж. Сулейменова |