БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесі бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Әскери білім және ғылым департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;
3) осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларының орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Заң департаментіне жіберуді қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы бұйрық мүдделі лауазымды адамдарға және құрылымдық бөлімшелерге жеткізілсін.
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
|
Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрі |
Д. Косанов |
| Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрі 2026 жылғы 12 ақпандағы № 129 бұйрығымен бекітілді |
Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесі
1. "Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігіне ведомстволық бағынысты әскери оқу орындарында оқу процесін, оқу-әдістемелік және ғылыми-әдістемелік қызметті ұйымдастыру және жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2016 жылғы 22 қаңтардағы № 31 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13342 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігіне ведомстволық бағынысты әскери оқу орындарында оқу процесін, оқу-әдістемелік және ғылыми-әдістемелік қызметті ұйымдастыру және жүзеге асыру қағидаларында:
2-тармақтың 6) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"6) біліктілік сипаттамасы – Қазақстан Республикасының қорғаныс саласында және белгілі бір лауазымға сәйкес келетін кәсіби қызметін тиімді жүзеге асыру үшін (жұмылдыру дайындығы саласындағы мемлекеттік органдардың жұмылдыру бөлімшелерінің қызметкерлері қатарынан білім алушылар үшін) қажетті білім, машық пен дағдылар;";
2-тармақтың 18) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"18) тапсырыс беруші – мүддесінде мамандарды даярлау жүзеге асырылатын Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі (бұдан әрі – ҚР ҚМ), Қарулы Күштері Бас штабы (бұдан әрі – БШ) құрылымдық бөлімшелерінің бастықтары, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері (бұдан әрі – ҚР ҚК) түрлерінің бас қолбасшылары, ҚР ҚК әскер тектерінің қолбасшылары, ҚР ҚК бас басқармалары мен басқармаларының бастықтары, сондай-ақ Заңның 39-1-бабының 2-тармағында көрсетілген мемлекеттік органдар;";
21-тармақтың үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"Академиялық күнтізбеде факультет (батальон, дивизион), академиялық ағым (курс) бойынша, ал қажет болғанда взвод, топ, кіші топ бойынша оқу сабағының күндері, каникулдық демалыс, оқу-жаттығу орталығына (полигонға) шығу, оқу-жаттығу, оқ ату, машина жүргізу, курстық жобалау, бақылау сабағын орындау, аралық және қорытынды аттестаттау, әскери тағылымдама (тағылымдама) мен практика, наряд көрсетіледі.";
38-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"38. Оқу сабағының негізгі түрлері: дәріс, семинар, топтық жаттығу мен сабақ, зертханалық және практикалық сабақ, оқытушының жетекшілігімен білім алушылардың өзіндік жұмысы, тактикалық-саптық сабақ, тактикалық сабақ, тактикалық (тактикалық-арнайы) оқу-жаттығу, командалық-штабтық әскери (әскери-экономикалық) ойын, әскери (әскери-арнайы) ойын, тағылымдама мен практика, курстық және дипломдық жұмысты (жобаларды, тапсырмаларды), докторлық және магистрлік диссертацияларды (жобаларды) орындау, бақылау жұмысы, консультация болып табылады.";
49-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"49. Командалық-штабтық әскери (әскери-экономикалық) ойын және әскери (әскери-арнайы) ойын оқу сабағының түрі ретінде өткізіледі.
Командалық-штабтық әскери (әскери-экономикалық) ойынды ұйымдастыру, кезеңділігі және өткізу нысандары әскери білім беру мәселелеріне жетекшілік ететін құрылымдық бөлімшемен келісу бойынша жұмыс оқу жоспарында айқындалады.";
50-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
"Мемлекеттік органдар жұмылдыру бөлімшелерінің қызметкерлері қатарынан білім алушыларды әскери-экономикалық оқу-жаттығуға және жұмылдыру мәселесі бойынша өзге де іс-шараларға тарту жұмылдыру дайындығы саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша жүзеге асырылады.";
56-тармақ мынадай мазмұндағы алтыншы бөлікпен толықтырылсын:
"Мемлекеттік органдар жұмылдыру бөлімшелерінің қызметкерлері қатарынан білім алушылар үшін практиканың (тағылымдаманың) саны мен ұзақтығы жұмылдыру дайындығы саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша белгіленеді.".
2. "Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігіне ведомстволық бағынысты әскери оқу орындарында білім алушылардың үлгеріміне ағымдағы бақылау, оларға аралық және қорытынды аттестаттау жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2016 жылғы 22 қаңтардағы № 32 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13264 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігіне ведомстволық бағынысты әскери оқу орындарында білім алушылардың үлгеріміне ағымдағы бақылау, оларға аралық және қорытынды аттестаттау жүргізу қағидаларында:
15-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"Әскери тағылымдаманы (тағылымдаманы) өткізу (қорғау) кезінде практикалық дағдылардың бағасы Қағидаларға 4-1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша бағалау ведомосында көрсетіледі.";
123-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"123. Теориялық оқудың, кәсіби практика мен әскери тағылымдаманың (тағылымдаманың) толық курсынан өткен магистранттар ол басталғанға дейін екі аптадан кешіктірмей Ұлттық қорғаныс университеті бастығының бұйрығымен қорытынды аттестаттауға жіберіледі.";
130-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"130. Магистрлік диссертацияны (жобаны) рецензиялауды тапсырыс беруші тарапынан әскери бөлімдер мен мекемелердің (мемлекеттік органдардың) немесе біліктілігі қорғалатын магистрлік диссертацияның (жобаның) тақырыбына сәйкес келетін басқа да ұйымдардың өкілдері жүзеге асырады. Магистрлік диссертацияға (жобаға) рецензенттерді білім беру мәселелеріне жетекшілік ететін Қорғаныс министрінің орынбасары бекітеді.";
133-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
"Факультеттің оқу-әдістемелік кеңесінде қаралғанға дейін мемлекеттік органдар жұмылдыру бөлімшелерінің қызметкерлері қатарынан білім алушылар үшін кешенді мемлекеттік емтиханға шығарылатын мәселелердің тізбесі жұмылдыру дайындығы саласындағы уәкілетті оранмен келісіледі.";
147-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"147. Магистрант дипломына қосымшаға қорытынды аттестаттау нәтижесіне сәйкес пәннен алған бағасы, кешенді тактикалық (жедел, жұмылдыру) міндеттер, кредит пен академиялық сағат көлемін көрсете отырып, кәсіби практика мен әскери тағылымдама (тағылымдама) түрлері бойынша алған бағалары толтырылады.";
156-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"156. Орындалған магистрлік диссертацияның (жобаның) іс жүзіндегі және ғылыми құндылығын сипаттайтын, бірақ оған кірмеген материалдар қорғауға дейін күнтізбелік 2-3 күннен кешіктірілмей алдын ала зерделеу үшін МАК-тың кіші комиссиясына ұсынылады. Мұндай материалдарға: баспа мақалалары, өнертабыс туралы куәлік, магистрлік диссертацияның (жобаның) іс жүзінде қолданылуын көрсететін, оның ішінде магистрант әскери тағылымдамадан (тағылымдамадан, практикадан) өткен әскери бөлімнен (мекемеден, мемлекеттік органнан) құжаттар, сондай-ақ әртүрлі схемалар, макеттер, слайдтар жатады.";
160-тармақтың 7) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"7) ғылыми нәтижені іске асыру актілерін және магистрлік диссертацияның (жобаның) іс жүзінде қолданылуын көрсететін, оның ішінде магистрант әскери тағылымдамадан (тағылымдамадан) өткен әскери бөлімнен (мекемеден, мемлекеттік органнан) құжаттарды ұсынады.".
3. "Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігіне ведомстволық бағынысты әскери оқу орындарында білім алушылардың кәсіптік практикасын және тағылымдамасын ұйымдастыру және одан өту қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2016 жылғы 22 қаңтардағы № 36 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13267 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігіне ведомстволық бағынысты әскери оқу орындарында білім алушылардың кәсіптік практикасын және тағылымдамасын ұйымдастыру және одан өту қағидаларында:
2-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"2) тағылымдама – тиісті командалық, штабтық, инженерлік және ӘОО-ларда даярлық бейініне және оқыту бағдарламаларына сәйкес мамандығы бойынша басқа да лауазымдарда білім алушылардың әскердегі (әскери басқару органдарындағы, мекемелердегі, мемлекеттік органдардағы) қызметтік міндеттерін орындаудағы машықтары мен дағдыларын меңгеруіне бағытталған оқу процесінің құрамдас бөлігі;";
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"4. Практика көлемі мен еңбек сыйымдылығы БМЖС талаптарына сәйкес есептеледі, практика саны мен ұзақтығын әскери оқу орны жұмыс оқу жоспарларына сәйкес дербес белгілейді.
Мемлекеттік органдар жұмылдыру бөлімшелерінің қызметкерлері қатарынан білім алушылар үшін практика саны мен ұзақтығы жұмылдыру дайындығы саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша белгіленеді.";
5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"5. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің әскери білім беру мәселелеріне жетекшілік ететін құрылымдық бөлімшесі әскери оқу орындарының өтінімдері бойынша кәсіптік практика мен әскери тағылымдама (тағылымдама) басталғанға дейін бір айдан кешіктірмей кәсіптік практика мен әскери тағылымдамадан (тағылымдамадан) өту графигін әзірлейді.
Графикте мамандық (біліктілік) бойынша білім алушылар саны, кәсіптік практика мен әскери тағылымдаманың (тағылымдаманың) мерзімі мен одан өту орны көрсетіледі.";
8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"8. Білім алушылар келгеннен кейін олар практика өтетін әскери бөлімдер мен мекемелер (мемлекеттік органдар) басшысының бұйрығымен лауазымға тағайындалады.";
10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"10. Білім алушылар әскери тәртіпті (еңбек тәртібін), күн тәртібін (қызмет уақыты регламентін) өрескел бұзуға жол берген жағдайда практика жетекшілері ӘОО бастығымен келісу бойынша білім алушылардың кәсіптік практикадан өтуін тоқтатады және оларды "F", "FX" (қанағаттанарлықсыз) бағасын қоюмен ӘОО-ға жібереді.";
12 және 13-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"12. Пікір ӘОО-дан кәсіптік практиканың жетекшісімен келісіледі, білім алушы кәсіптік практикадан өткен әскери бөлім немесе мекеме командирі (мемлекеттік органның, мемлекеттік орган құрылымдық бөлімшесінің басшысы) бекітеді.
13. Практиканың тікелей жетекшісі күн сайын жеке жоспардың орындалуын бақылауды жүзеге асырады, білім алушыға кәсіптік практикадан өту бойынша әдістемелік және практикалық көмек көрсетеді, білім алушының жұмысын ұдайы есепке алу мен бағалауды, олардың тиісті құжаттаманы жүргізуін, тәртіп пен ішкі тәртіпті сақтауын бақылауды жүзеге асырады, білім алушының жеке және іскерлік қасиеттерін зерделейді, кәсіптік практика аяқталғанға дейін кемінде 3 жұмыс күні бұрын білім алушыға мінездеме жасайды және оны әскери бөлім немесе мекеме (мемлекеттік орган, мемлекеттік орган құрылымдық бөлімшесінің басшысына) командиріне бекітуге ұсынады.";
14-тармақтың үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"Әскери бөлімнің немесе мекеменің командирі (мемлекеттік органның, мемлекеттік орган құрылымдық бөлімшесінің басшысы) білім алушыларға жасалған және қол қойылған құжаттардың дұрыс болуын және білім алушыға қойылған бағаның объективтілігін қамтамасыз етеді.";
15-1 және 15-2-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"15-1. Қашықтан оқыту форматында білім алумен қатар жұмыс істейтін адамдар, егер олар жүзеге асыратын кәсіби қызмет практиканың мазмұнына қойылатын талаптарға және жоспарланатын нәтижесіне сәйкес келетін болса, педагогикалық (зерттеу) практиканы және тағылымдаманы жұмыс істейтін орны бойынша өтеді. Бұл ретте практикадан өту орнын дербес таңдауға жол беріледі. Практикадан өту мерзімін Университет жұмыс оқу жоспарына және академиялық күнтізбеге сәйкес белгілейді.
15-2. Жұмыс орны бойынша өтетін практикаға жетекшілік ету үшін университеттің бітіретін кафедрасының профессор-оқытушы құрамына жататын адамдар қатарынан практика жетекшісі және практика өтетін орынның жетекшісі тағайындалады.";
15-4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"15-4. Білім алушы кәсіптік практиканы аяқтағаннан кейін жұмыс орны бойынша практика жетекшісі жасаған және университет жетекшісімен келісілген практикадан өту туралы пікір ұсынады.".