"Жіті респираторлық вирустық инфекциялар, тұмау және олардың асқынулары (пневмония), менингококк инфекциясы, COVID-19 коронавирустық инфекциясы, желшешек, скарлатина кезінде санитариялық-эпидемияға қарсы, санитариялық-профилактикалық іс-шараларды ұйымдастыруға және жүргізуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2021 жылғы 27 мамырдағы № ҚР ДСМ-47 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2026 жылғы 12 ақпандағы № 11 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2026 жылғы 16 ақпанда № 37988 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Жіті респираторлық вирустық инфекциялар, тұмау және олардың асқынулары (пневмония), менингококк инфекциясы, COVID-19 коронавирустық инфекциясы, желшешек, скарлатина кезінде санитариялық-эпидемияға қарсы, санитариялық-профилактикалық іс-шараларды ұйымдастыруға және жүргізуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2021 жылғы 27 мамырдағы № ҚР ДСМ-47 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 22833 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Жіті респираторлық вирустық инфекциялар, тұмау және олардың асқынулары (пневмония), менингококк инфекциясы, COVID-19 коронавирустық инфекциясы, желшешек, скарлатина кезінде санитариялық-эпидемияға қарсы, санитариялық-профилактикалық іс-шараларды ұйымдастыруға және жүргізуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларында:

      2-тармақта:

      мынадай мазмұндағы 12-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "12-1) күнделікті эпидемиологиялық қадағалау – эпидемиялық маусым ішінде пневмонияны қоса алғанда, жоғарғы және төменгі тыныс алу жолдарының жіті респираторлық ауруларының клиникалық көріністерімен халықтың жүгінуі бойынша Қазақстан Республиканда тіркелген аурулар жағдайларының санын есепке алу негізінде жіті респираторлық вирустық инфекциялармен, тұмаумен, COVID-19-бен сырқаттанушылық пен өлім-жітімнің және олардың асқынуларының (пневмонияға) деңгейі мен динамикасының мониторингілеу;";

      20) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "20) тұмау тәрізді аурулар (бұдан әрі – ТТА) – алдыңғы күнтізбелік он күн ішінде пайда болған, ≥ 38 ºC қызбамен және жөтелмен сипатталатын жіті респираторлық вирустық аурулар жағдайлары;";

      мынадай мазмұндағы 21-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "21-1) шекті деңгей – бақылаудың көпжылдық деректерін талдау негізінде белгіленген, эпидемиологиялық жағдайды бағалау үшін қолданылатын эпидемиологиялық көрсеткіштің есептік шекті мәні;";

      6-тармақта:

      бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

      "6. Эпидемия алдындағы кезеңде облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың денсаулық сақтауды жергілікті мемлекеттік басқару органдары мынадай іс-шараларды жүргізуді қамтамасыз етеді:";

      1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың денсаулық сақтауды жергілікті мемлекеттік басқару органдары, мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қызмет органдары мен ұйымдары және мүдделі мемлекеттік органдар басшыларының ЖРВИ-ге және тұмауға қарсы күрес жөніндегі ведомствоаралық жедел кешенді іс-шаралар жоспарларын әзірлеуі;";

      7-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "7. Эпидемиялық кезеңде облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың денсаулық сақтауды жергілікті мемлекеттік басқарудың органдары, тиісті аумақтағы халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік орган ведомствосының аумақтық бөлімшелері (бұдан әрі – аумақтық бөлімшелер) мынадай:";

      8-тармақтың 14) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "14) тұмауға және респираторлық вирустық инфекцияларға күдікті науқастардан уақтылы материал алуды (ауру сәтінен бастап 72 (жетпіс екі) сағаттан кешіктірмей) қамтамасыз ету. Іріктеп алынған үлгілер вирустық-көліктік ортасы бар түтікшеге, содан кейін салқын элементтері бар термоконтейнерге салынады және вирусологиялық зертханаларға алынған күні немесе келесі күні, алынған сәттен бастап зертханаға түскенге дейін 48 сағат ішінде (рұқсат етілетін ең ұзақ мерзім – 72 сағат) тасымалданады. Медициналық мекемеде сұйық азотты пайдаланбай, 72 сағатқа дейін 2-800С температурада сақтау қамтамасыз етіледі. Тасымалдау үш рет қаптамалау және салқын тізбек қағидаларын сақтай отырып, алдын ала мұздатусыз термоконтейнерлерде жүргізіледі;";

      9-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3) тұмауға және респираторлық вирустық инфекцияларға күдікті науқастардан уақтылы материал алуды (ауру сәтінен бастап 72 (жетпіс екі) сағаттан кешіктірмей) қамтамасыз ету. Іріктеп алынған үлгілер вирустық-көліктік ортасы бар түтікшеге, содан кейін салқын элементтері бар термоконтейнерге салынады және вирусологиялық зертханаларға алынған күні немесе келесі күні, алынған сәттен бастап зертханаға түскенге дейін 48 сағат ішінде (рұқсат етілетін ең ұзақ мерзім – 72 сағат) тасымалданады. Медициналық мекемеде сұйық азотты пайдаланбай, 72 сағатқа дейін 2-800С температурада сақтау қамтамасыз етіледі. Тасымалдау үш рет қаптамалау және салқын тізбек қағидаларын сақтай отырып, алдын ала мұздатусыз термоконтейнерлерде жүргізіледі;";

      10-тармақтың 14) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "14) ЖРВИ және тұмаумен сырқаттанушылықтың көтерілуі кезеңінде көпшілік және ойын-сауық іс-шараларын өткізуді шектеу:

      бір сыныптағы (топтағы) балалар арасында сыныптағылар санының 20%-дан 30%-ына дейінгісі ЖРВИ-мен топтық сырқаттануы анықталған жағдайда байланыста болған адамдарға күнтізбелік жеті күнге медициналық бақылау белгіленеді, жалпы білім беру ұйымдарында бір күн ішінде кабинеттер бойынша оқушылардың жүріп-тұруы болмайды, ЖРВИ-мен ауыратын соңғы науқас анықталғаннан кейін инкубациялық кезеңнің ішінде топтарға (сыныптарға) жаңа балаларды қабылдауға тыйым салынады;

      эпидемиялық процеске білім беру ұйымдарының сыныптары (топтары) санының жалпы ауырғандар саны 30% және одан көп ЖРВИ-мен ауыратын науқастар тартылған жағдайда оқушыларды қашықтықтан оқытуға ауыстыру жүзеге асырылады, мектепке дейінгі ұйымдарда ЖРВИ-мен ауыратын соңғы науқас анықталған кезден бастап бір инкубациялық кезең ішінде тәрбиелеу және білім беру объектілерінде оқу процесін уақытша тоқтата тұру жүзеге асырылады.";

      11-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "11. Алдыңғы аптамен салыстырғанда ЖРВИ-мен, тұмаумен сырқаттанушылықтың апта сайынғы шекті деңгейі 1,5 және одан да көп есе артқан немесе сырқаттанушылық көрсеткіштері өскен кезде аумақтарда шектеу іс-шаралары енгізіледі.";

      17-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "17. Күнделікті эпидемиологиялық қадағалау жүргізу кезінде зертханалық зерттеулер үшін биоматериал алуды денсаулық сақтау ұйымының жауапты медицина қызметкерлері ай сайын ерекше ауыр салдарлары бар жағдайларды қоса алғанда немесе ЖРВИ-мен және тұмаумен сырқаттанушылықтың эпидемиялық маусымында жағдайлар кластері болған кезде аурудың айқын белгілері бар оннан аспайтын ЖРВИ-мен және тұмаумен ауыратын науқастан жүргізеді.";

      20-тармақ мынадай мазмұндағы 2-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "2-1) 0-4, 5-14, 15-29, 30-64, 65 және одан үлкен жас топтары бойынша ЖРВИ жағдайларының ішінен стандартты анықтамаға сәйкес келетін ТТА жағдайын есептеу туралы ақпарат ұсыну";

      20-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3) дәрігердің қабылдауы және (немесе) үйде шақыруларға қызмет көрсету кезінде жас тобын, жынысын, ЖРВИ диагнозын және ТТА стандартты анықтамасына сәйкестігін көрсете отырып, аурудың ұзақтығы күнтізбелік он күннен аспайтын ЖРВИ диагнозы бар науқастарға күнделікті ақпарат жинау;";

      20-тармақтың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "4) облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың денсаулық сақтауды мемлекеттік басқарудың жергілікті органдары ТТА бойынша барлық шолғыншы орталықтар үшін сынамаларды алудың бірыңғай кестесін бекітеді. Кесте бойынша әр апта сайын шолғыншы өңірдегі емханалардың бірі ТТА-мен ауыратын науқастарды іріктеп алады және аптасына бір күн (бір айда төрт апта болғанда айына бір күн немесе бес апта болғанда, сондай-ақ өңірде екі шолғыншы емхана болған жағдайда айына екі апта (екі күн), ) сынама алуды жүргізеді;";

      20-тармақтың 6) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "6) үлгілерді алу бригаданың шығуы қарсаңында (шығатын күннің алдыңғы күні) шолғыншы орталықтың оқытылған орта медицина қызметкері алдын ала қалыптастырылған және нөмірленген тізім бойынша бекітілген кестеге сәйкес жүзеге асырады. Тізімге осы күні ТТА-мен жүгінген барлық адамдар (шақырулар, жүгіну және сүзгінің жиынтығы) енгізіледі;";

      20-тармақтың 7) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "7) іріктеуді шолғыншы емхананың ШЭҚ бойынша жауапты дәрігері қалыптастырады. Сынамалар алу үшін іріктеуге енгізу өлшемшарты жағдайдың ТТА жағдайының стандартты анықтамасына сәйкестігі болып табылады, сынамаларды алу 15-20 жағдайда жүргізіледі. 20-дан астам науқас жүгінген кезде жүйелі іріктеу қолданылады.";

      20-тармақтың 8) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "8) ТТА жағдайының стандартты анықтамасына сәйкес келетін 0 және одан үлкен жастағы науқастардан материал алу;";

      21-тармақтың 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "5) сынама алу үшін іріктеуге енгізу өлшемшарты жағдайдың АЖРИ жағдайының стандартты анықтамасына сәйкестігі болып табылады. Материалды алу АЖРИ жағдайының стандартты анықтамасына сәйкес келетін 0 және одан үлкен жастағы науқастардан жүргізіледі;";

      21-тармақтың 6) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "6) АЖРИ-мен ауыратын науқастардан үлгілерді алу аумақтық бөлімшемен келісілген кестеге сәйкес аптасына екі рет жүргізіледі. Кесте бойынша белгіленген екі күнде тәулігіне АЖРИ-мен ауруханаға жатқызылған алғашқы 10 науқастан алынады, бір апта ішінде тексерілгендер саны 20-ны құрайды. Бір күнде АЖРИ-мен ауыратын 10-нан аз науқас ауруханаға жатқызылған кезде сынама алу АЖРИ жағдайының стандартты анықтамасына, науқастың ауырлығына, жасына немесе басқа да факторларға қарамастан, сынама алуға науқасты қосу және оның келісімі өлшемшарттарына сәйкес келетін барлық адамдардан жүргізіледі;".

      2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Денсаулық сақтау министрі
А. Альназарова

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Білім және ғылым министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Еңбек және халықты

      әлеуметтік қорғау министрлігі

О внесении изменений и дополнений в приказ исполняющего обязанности Министра здравоохранения Республики Казахстан от 27 мая 2021 года №ҚР ДСМ-47 "Об утверждении Санитарных правил "Санитарно-эпидемиологические требования к организации и проведению санитарно-противоэпидемических, санитарно-профилактических мероприятий при острых респираторных вирусных инфекциях, гриппе и их осложнениях (пневмонии), менингококковой инфекции, коронавирусной инфекции COVID-19, ветряной оспе и скарлатине"

Приказ Министра здравоохранения Республики Казахстан от 12 февраля 2026 года № 11. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 16 февраля 2026 года № 37988

      ПРИКАЗЫВАЮ:
      1. Внести в приказ исполняющего обязанности Министра здравоохранения Республики Казахстан от 27 мая 2021 года № ҚР ДСМ-47 "Об утверждении Санитарных правил "Санитарно-эпидемиологические требования к организации и проведению санитарно-противоэпидемических, санитарно-профилактических мероприятий при острых респираторных вирусных инфекциях, гриппе и их осложнениях (пневмонии), менингококковой инфекции, коронавирусной инфекции COVID-19, ветряной оспе и скарлатине" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 22833) следующие изменения и дополнения:
      в санитарных правилах "Санитарно-эпидемиологические требования к организации и проведению санитарно-противоэпидемических, санитарно-профилактических мероприятий при острых респираторных вирусных инфекциях, гриппе и их осложнениях (пневмонии), менингококковой инфекции, коронавирусной инфекции COVID-19, ветряной оспе и скарлатине", утвержденных указанным приказом:
      в пункте 2:
      дополнить подпунктом 12-1) следующего содержания:
      "12-1) рутинный эпидемиологический надзор – мониторинг уровня и динамики заболеваемости и летальности от острых респираторных вирусных инфекций, гриппа, COVID-19 и их осложнений (пневмонии) на основе учета числа зарегистрированных случаев заболеваний в Республике Казахстан по обращаемости населения с клиническими проявлениями острых респираторных заболеваний верхних и нижних дыхательных путей, включая пневмонию в течение эпидемического сезона;";
      подпункт 20) изложить в следующей редакции:
      "20) гриппоподобные заболевания (далее – ГПЗ) – случаи острых респираторных вирусных заболеваний, возникшие в течение предшествующих десяти календарных дней, характеризующегося лихорадкой ≥38 °C и кашлем;";
      дополнить подпунктом 21-1) следующего содержания:
      "21-1) пороговый уровень – расчетное граничное значение эпидемиологического показателя, установленное на основе анализа многолетних данных наблюдения, применяемое для оценки эпидемиологической ситуации;";
      в пункте 6:
      абзац первый изложить в следующей редакции:
      "6. В предэпидемический период местными органами государственного управления здравоохранением областей, городов республиканского значения и столицы обеспечивается проведение следующих мероприятий:";
      подпункт 1) изложить в следующей редакции:
      "1) разработка межведомственных оперативных комплексных планов мероприятий по борьбе с ОРВИ и гриппом руководителями местных органов государственного управления здравоохранением областей, городов республиканского значения и столицы, государственных органов и организаций санитарно-эпидемиологической службы и заинтересованных государственных органов;";
      абзац первый пункта 7 изложить в следующей редакции:
      "7. В эпидемический период местными органами государственного управления здравоохранением областей, городов республиканского значения и столицы, территориальными подразделениями ведомства государственного органа в сфере санитарно-эпидемиологического благополучия населения на соответствующей территории (далее – территориальные подразделения) обеспечивается проведение следующих мероприятий:";
      подпункт 14) пункта 8 изложить в следующей редакции:
      "14) обеспечение своевременного (не позднее 72 (семидесяти двух) часов с момента заболевания) забора материала от больных с предположением на грипп и респираторные вирусные инфекции. Отобранные образцы помещаются в пробирку с вирусно-транспортной средой, после в термоконтейнере с хладоэлементами и транспортируются в вирусологические лаборатории в день забора или на следующий день, в течение 48 часов от момента забора до поступления в лабораторию (максимально допустимый срок – 72 часа). Хранение в медучреждении обеспечивается при температуре 2 - 80С до 72 часов, без использования жидкого азота. Транспортировка проводится без предварительной заморозки в термоконтейнерах с соблюдением правил тройной упаковки и холодовой цепи;";
      подпункт 3) пункта 9 изложить в следующей редакции:
      "3) обеспечение своевременного (не позднее 72 (семидесяти двух) часов с момента заболевания) забора материала от больных с предположением на грипп и респираторные вирусные инфекции. Отобранные образцы помещаются в пробирку с вирусно-транспортной средой, после в термоконтейнере с хладоэлементами и транспортируются в вирусологические лаборатории в день забора или на следующий день, в течение 48 часов от момента забора до поступления в лабораторию (максимально допустимый срок – 72 часа). Хранение в медучреждении обеспечивается при температуре 2 - 80С до 72 часов, без использования жидкого азота. Транспортировка проводится без предварительной заморозки в термоконтейнерах с соблюдением правил тройной упаковки и холодовой цепи;";
      подпункт 14) пункта 10 изложить в следующей редакции:
      "14) ограничение проведения массовых и зрелищных мероприятий в период подъема заболеваемости ОРВИ и гриппом:
      в случае выявления групповых заболеваний ОРВИ от 20 до 30 % среди детей в одном классе (группе) от численности класса (группы) устанавливается медицинское наблюдение за контактными лицами сроком на семь календарных дней, отменяется перемещения учеников по кабинетам в течение дня в общеобразовательных организациях, запрет на прием новых детей в группы (классы) в течение инкубационного периода после выявления последнего больного ОРВИ;
      в случае вовлечения в эпидемический процесс больных ОРВИ с общим числом заболевших 30 % и более от численности класса (группы) организаций образования осуществляется перевод учащихся на дистанционное обучение, в дошкольных организациях осуществляется временное приостановление учебного процесса на объектах воспитания и образования в течение одного инкубационного периода с момента выявления последнего больного ОРВИ.";
      пункт 11 изложить в следующей редакции:
      "11. При превышении еженедельных пороговых уровней заболеваемости или росте показателей заболеваемости ОРВИ, гриппом в сравнении с предыдущей неделей от 1,5 и более раз на территориях вводятся ограничительные мероприятия.";
      пункт 17 изложить в следующей редакции:
      "17. При проведении рутинного эпидемиологического надзора забор биоматериала для лабораторных исследований проводится ответственными медицинскими работниками организации здравоохранения ежемесячно не более десяти больных ОРВИ, гриппом с ярко выраженными признаками заболевания включая случаи с необычными тяжелыми исходами или при наличии кластера случаев в эпидемический сезон заболеваемости ОРВИ и гриппом.";
      пункт 20 дополнить подпунктом 2-1) следующего содержания:
      "2-1) представление информации о подсчете соответствующих стандартному определению случая ГПЗ из числа случаев ОРВИ по возрастным группам: 0-4, 5-14, 15-29, 30-64, 65 и старше.";
      подпункт 3) пункта 20 изложить в следующей редакции:
      "3) ежедневный сбор информации на больных с диагнозом ОРВИ с длительностью заболевания не более десяти календарных дней при приеме у врача и (или) обслуживании вызовов на дому с указанием возрастной группы, пола, диагнозов ОРВИ и соответствия стандартному определению ГПЗ;";
      подпункт 4) пункта 20 изложить в следующей редакции:
      "4) местными органами государственного управления здравоохранением областей, городов республиканского значения и столицы утверждается единый график отбора проб для всех дозорных центров по ГПЗ. По графику каждую неделю одна из поликлиник дозорного региона отбирает больных с ГПЗ и проводит забор образцов в течение одного дня в неделю (один день в месяц при наличии в месяце четырех недель или две недели (два дня) в месяц при наличии пяти недель, а также в случае наличия в регионе двух дозорных поликлиник);";
      подпункт 6) пункта 20 изложить в следующей редакции:
      "6) отбор образцов осуществляется по списку, предварительно сформированному и пронумерованному обученным средним медицинским работником дозорного центра накануне выезда (в предыдущий день до выезда) бригады, в соответствии с утвержденным графиком. В список включаются все обратившиеся в данный день лица с ГПЗ (вызова, обращения и фильтр суммарно);";
      подпункт 7) пункта 20 изложить в следующей редакции:
      "7) выборка формируется ответственным врачом по ДЭН дозорной поликлиники. Критерием включением в выборку для отбора проб является соответствие случая стандартному определению случая ГПЗ, отбор проб производится у 15-20 случаев. При обращении более 20 больных, применяется систематическая выборка.";
      подпункт 8) пункта 20 изложить в следующей редакции:
      "8) забор материала от больных в возрасте от 0 лет и старше соответствующих стандартному определению случая ГПЗ;";
      подпункт 5) пункта 21 изложить в следующей редакции:
      "5) критерием включением в выборку для отбора проб является соответствие случая стандартному определению случая ТОРИ. Забор материала проводится от больных в возрасте от 0 лет и старше соответствующих стандартному определению случая ТОРИ;";
      подпункт 6) пункта 21 изложить в следующей редакции:
      "6) отбор образцов от больных с ТОРИ проводится два раза в неделю в соответствии с графиком, согласованным с территориальным подразделением. В определенные по графику два дня отбираются первые 10 госпитализированных больных с ТОРИ за сутки, за неделю число обследованных составляет 20. При госпитализации менее 10 больных с ТОРИ за день, отбор проб производится у всех соответствующих стандартному определению случая ТОРИ, критериям включения и согласия больного на отбор проб, независимо от тяжести больного, возраста или других факторов;".
      2. Комитету санитарно-эпидемиологического контроля Министерства здравоохранения Республики Казахстан в установленном законодательством Республики Казахстан порядке обеспечить:
      1) государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан;
      2) размещение настоящего приказа на интернет-ресурсе Министерства здравоохранения Республики Казахстан после официального опубликования;
      3) в течение десяти рабочих дней после государственной регистрации настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан представление в Юридический департамент Министерства здравоохранения Республики Казахстан сведений об исполнении мероприятий, предусмотренных подпунктами 1) и 2) настоящего пункта.
      3. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на курирующего вице-министра здравоохранения Республики Казахстан.
      4. Настоящий приказ вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.
      Министр здравоохранения
Республики Казахстан
А. Альназарова

 

      "СОГЛАСОВАН"
Министерство просвещения
Республики Казахстан

 

      "СОГЛАСОВАН"
Министерство труда и социальной
защиты населения
Республики Казахстан