БҰЙЫРАМЫН:
1. "Білім беру саласындағы ақпараттандыру объектілеріне қойылатын ең төменгі талаптарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 14 қарашадағы № 456 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 30534 болып тіркелді) мынадай толықтыру енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Білім беру саласындағы ақпараттандыру объектілеріне қойылатын ең төменгі талаптар:
мындай мазмұндағы 33-2-тармақпен толықтырылсын:
"33-2. Ақпараттандыру объектісі болып табылатын "Әлеуметтік әмиян" мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы уәкілетті орган айқындаған тәртіппен функционалы бойынша мынадай ең төменгі талаптарға ие:
1) тегін және жеңілдікпен тамақтандыруды беру туралы хабархат (хабарлама);
2) тегін және жеңілдікпен тамақтануды есепке алу және алу.".
2. Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Цифрландыру және мемлекеттік қызметтерді автоматтандыру департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелуін;
2) осы бұйрықты ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрі | Ж. Сулейменова |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Жасанды интеллект және
цифрлық даму министрлігі