БҰЙЫРАМЫН:
1. "Азаматтық авиацияда жолаушыларға медициналық көмек көрсету қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2017 жылғы 6 маусымдағы № 329 бұйрығына (Нормативтiк құқықтық актілерiнiң мемлекеттік тіркеу тiзiлiмiнде № 15323 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Азаматтық авиацияда жолаушыларға медициналық көмек көрсету қағидаларында:
14) тармақша алып тасталсын;
21) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"21) медициналық пункт – осы Қағидаларға және Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес азаматтық авиация ұйымының құрылымдық бөлімшесі немесе азаматтық авиация ұйымымен шарт бойынша медициналық көмек көрсететін медициналық ұйым;";
11-1-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"3) санитарлық-карантиндік пунктте (бұдан әрі – СКП) немесе санитарлық-карантиндік бақылауда (бұдан әрі – СКБ) орналасқан медпункттің медицина қызметкері СКП немесе СКБ мамандарымен бірлесіп жүргізеді.";
50-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"50. Медпункт меңгерушісінің әкімшілік бағыныстылығын, құрылымы мен штатын азаматтық авиация ұйымының бірінші басшысы немесе азаматтық авиация ұйымымен жасалған шарт бойынша медициналық ұйымның бірінші басшысы айқындайды.
Азаматтық авиация ұйымы медициналық пункттың міндеттерін шарт бойынша медициналық ұйымның басшылығына берілуіне қарамастан, осы Қағидалар талаптарының сақталуын қамтамасыз етеді.";
66-тармақтың 2) тармақшасының екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"жиналмалы сөмкелер саны осы әуеайлақта пайдалануға жіберілген ең ірі әуе кемесінің жолаушылар сыйымдылығының төрттен бір бөлігіне есептелінген;";
Қағидаларға 4-қосымшада:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Әуе кемесі бортындағы борттық дәрі-дәрмек қобдишалары мен дефибриллятор жиынтықтарының саны және түрлері
Жолаушылар креслоларының саны | Борттық жиынтықтардың түрлері | Дефибриллятор | ||
Алғашқы көмек жиынтығы (дана)/ First aid kit | Медициналық құралдар жиынтығы (дана)/ Medical kit | Әмбебап профилактикалық жиынтық (дана)/Universal precaution kit | Автоматттық сыртқы дефибриллятор | |
Кабиналық экипаж мүшелерімен немесе кабиналық экипаж мүшелерінсіз | Кабиналық экипаж мүшелерімен және ұзақтығы екі сағаттан астам ұшқанда | Кабиналық экипаж мүшелерімен | Кабиналық экипаж мүшелерімен және ұзақтығы екі сағаттан астам ұшқанда | |
0-10 | 1 | - | - | - |
11-100 | 1 | - | 1 | - |
101-200 | 2 | Пайдаланушының қарауы бойынша 1 артық | 1 | Пайдаланушының қалауы бойынша ұшу қауіпсіздігі мен ұшу орнына қауіп төндіретін жағдайларды талдауды есепке ала отырып |
201-300 | 3 | 2 | ||
301-400 | 4 | Әрі қарай Пайдаланушының қарауы бойынша | ||
401-500 | 5 | |||
>500 | 6 | |||
жолаушылар тасымалымен айналыспайтын жеңіл авиация және аса жеңіл авиация әуе кемелері "Алғашқы көмек көрсетуге арналған дәрі қобдишасының құрамын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 8 қазандағы № ҚР ДСМ-118/2020 (Нормативтiк құқықтық актілерiнiң мемлекеттiк тiзiлiмiнде № 21399 болып тіркелген) бұйрығына сәйкес алғашқы көмек қобдишасымен жасақталады.";
2.1-тармақтың 6) және 7) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
"6) өлшемі 7,5 х 12см компрессиялық зарарсыздандырылған таңғыш (немесе зарарсыздандырылған жабысқақ таңғыш, немесе зарарсыздандырылған жеке таңғыш қап);
7) 10,0 х 10,0см зарарсыздандырылған дәке таңғыш (немесе ұқсас таңғыш);";
2.2.1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"2.2. 1. Қобди 2* былай жинақталады:
1) аэрозоль баллондарындағы инсектицид;
2) маска респираторы (инсектицидке берілген нұсқаулыққа сәйкес);
3) бір рет пайдаланатын медициналық резеңке бас киім - 1 дана;
4) қорғану көзілдірігі - 1 дана;
5) инсектицидті қолдану жөніндегі нұсқаулық.
* тропикалық климатты елдерге және әуе кемелерінің бортында дезинсекция рәсімдерін жүргізуді талап ететін елдерге рейстерді орындау кезінде әуе кемелерінің бортында қолданылады.";
Қағидаларға 5-қосымшасының бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Борттық дәрі қобдишалары Қазақстан Республикасының аумағында тіркелген дәрілік заттармен және медициналық бұйымдармен, қайталама (тұтынушы) қаптамасындағы пайдалану бойынша нұсқаулығы алынбастан жинақталуға тиіс.";
Қағидаларға 8-қосымшасының 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Жұқпалы немесе паразиттік аурулардың белгілері бар жолаушы анықталған кездегі кабиналық экипаждың іс-әрекетінің тәртібі:
1) ішкі байланыс арналары арқылы (ұшқыштар кабинасына кірмей) бұл туралы әуе кемесінің командиріне хабарлау;
2) әуе кемесінің командирі аға бортсеріктен хабарлама алғаннан кейін:
- межелі әуежайдың әуе қозғалысын басқару қызметінің диспетчеріне межелі әуежайдың санитариялық-карантиндік бақылауының лауазымды тұлғаларына ақпарат беру үшін бортта жұқпалы немесе паразиттік ауру белгілері бар жолаушының (жолаушылардың) анықталғаны туралы хабарлайды;
- межелі әуежайдың талаптарын орындайды;
3) әуе кемесінің бортындағы жолаушылардың сервисін шектеу; жолаушыларға әуе кемесі бойынша тек бортсеріктердің келісімі бойынша ғана жүріп-тұру;
4) жұқпалы немесе паразиттік ауру белгілері бар жолаушының қасындағы экипаж мүшелері мен жолаушыларға медициналық маскалар кию (егер инфекцияның аэрогендік берілу жолына күдік болса);
5) алғашқы көмек жиынтығын және әмбебап профилактикалық жиынтығын пайдалана отырып, алғашқы санитариялық-эпидемияға қарсы (профилактикалық) іс-шаралар өткізуді ұйымдастыру;
6) науқасқа күтім жасау үшін алғашқы көмек көрсететін және алғашқы санитарлық-эпидемияға қарсы (профилактикалық) іс-шаралар жүргізетін бортсерікті (бұрын жұқпалы немесе паразиттік ауру белгілері бар жолаушыға қызмет көрсеткен бортсеріктердің ішінен) тағайындау және басқа жолаушыларға қызмет көрсетуден босату;
7) жолаушылар мен экипаж мүшелерінің денсаулық жағдайын бақылауды ұйымдастыру, ұшу барысында жұқпалы немесе паразиттік ауру белгілері бар жолаушының денсаулық жағдайы туралы әуе кемесінің командирін хабардар ету;
8) тағайындалған бортсерікпен қалған жолаушылардан инфекциялық немесе паразиттік ауру белгілері бар жолаушыны ажырату жөнінде шаралар қабылдау (бос, оқшауланған жерге отырғызу; орындықты қалың материалмен немесе басқа қолжетімді құралдармен қоршау; крафт-пакеттермен қамтамасыз ету);
9) дәретхананы науқас әр барғаннан кейін, сондай-ақ дезинфекциялау құралын қолдана отырып, науқастың болған жерлерді дезинфекциялауды ұйымдастыру;
10) жолаушыларға эпидемиологиялық тергеп-тексеруді және профилактикалық іс-шараларды одан әрі жүргізу үшін қажетті мәліметтерді толтыру бойынша сауалнамалар беруді ұйымдастыру;
11) жолаушының орын нөмірлерін көрсете отырып орналасқан жерінің картасын (сызбасын) толтыруды ұйымдастыру;
12) науқасқа күтім жасау үшін тағайындалған бортсерік науқас туралы ақпаратты тағайындалған әуежайдың санитарлық-карантиндік бақылауының лауазымды тұлғаларына беру үшін мәліметтер жинайды;
13) межелі әуежайға келгеннен кейін науқас жолаушының қол жүгі әуе кемесінен жолаушымен бірге шығарылғанына көз жеткізу қажет.";
Қағидаларға 12-қосымша мынадай редакцияда жазылсын:
"
Медициналық пункт дәрілік заттарының тізбесі*
Р/с № | АТХ коды | Фармако-терапиялық тобы |
1 | А | Ас қорыту жолдары мен зат алмасу ауруларын емдеуге арналған препараттар |
A02А | Қышқылдықтың бұзылуымен байланысты ауруларды емдеуге арналған препараттар | |
А03А | Функционалдық асқазан-ішек бұзылыстарын емдеуге арналған препараттар | |
A05А | Бауыр және өт шығару жолдарының ауруларын емдеуге арналған препараттар | |
А05В | ||
А06 | Іш қатуды емдеуге арналған препараттар (Іш жүргізетін препараттар) | |
A07В | Ішек адсорбенттері | |
2 | В | Қан мен қан түзілу ағзаларына әсер ететін препараттар |
B01АC06 | Гепаринді қоспағанда тромбоциттер агрегациясының тежегіштері | |
B05C | Қан алмастырғыштар және перфузиялық ерітінділер | |
3 | C | Жүрек-тамыр жүйесі ауруларын емдеуге арналған препараттар |
C01 | Кардиологиялық препараттар | |
С07 | Бета-адреноблокаторлар, комбинациядағы бета-адреноблокаторлар | |
С09АА | Ангиотензин-түрлендіретін фермент тежегіштері | |
4 | D | Дерматологияда қолданылатын препараттар |
D03A | Сыртқы қолдануға арналған препараттар | |
D08A | ||
5 | H | Жүйелі әсер ететін гормональді препараттар (жыныс гормондарын және инсулиндерді қоспағанда) |
H02A | Жүйелі қолдануға арналған кортикостероидтар | |
6 | M | Сүйек-бұлшықет жүйесінің ауруларын емдеуге арналған препараттар |
М01 | Қабынуға қарсы және ревматизмге қарсы препараттар, стероид емес | |
M02 | Сүйек-бұлшықет жүйесінің аурулары кезінде жергілікті қолдануға арналған препараттар | |
7 | N | Жүйке жүйесінің ауруларын емдеуге арналған препараттар |
N02 | Басқа да анальгетиктер және антипиретиктер | |
8 | R | Тыныс алу жүйесінің ауруларын емдеуге арналған препараттар |
R01AA08 | Деконгестанттар және жергілікті қолдануға арналған басқа да препараттар (кортикостероидтарды қоспағанда) | |
R03А | Бета2-селективті адреностимуляторлар (бронх демікпесінің ұстамаларын басу үшін) | |
R06А | Жүйелі әсер ететін антигистаминді препараттар | |
R07AB | Тыныс алу орталығының стимуляторлары |
*медпунктті жарақтандыру практикаға заманауи тиімді дәрілік заттарды енгізуді ескере отырып, сондай-ақ әуежай мен жолаушылар ағынының класына (тобына) байланысты өзгереді.";
Қағидаларға 14-қосымшасының 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"
р/с № | Атауы | Саны |
1 | Тасымалдау иммобилизациясына арналған шиналар | ӘК ең жоғары жолаушылар сыйымдылығының 25% |
| "; |
Қағидаларға 15-қосымшасының 30-тармағы алып тасталсын.
2. Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің Азаматтық авиация комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Көлік вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
|
Қазақстан Республикасы Көлік министрінің міндетін атқарушы |
М. Калиакпаров |
"КЕЛІСІЛГЕН"
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрлігі