БҰЙЫРАМЫН:
1. "Арнайы экономикалық аймақтар аумағында жүзеге асырылатын қызметтің басым түрлерінің тізбесін және Арнайы экономикалық аймақтар бөлінісінде қызметтің басым түрлерінің тізбесін жүргізу қағидаларын бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 34030 болып тіркелген) Қазақстан Республикасы өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2024 жылғы 22 ақпандағы № 72 бұйрығына мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Арнайы экономикалық аймақтар бөлінісінде қызметтің басым түрлерінің тізбесінде:
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"3. "Ақтау теңіз порты" арнайы экономикалық аймағы:
1) тұрмыстық электр аспаптарын өндіру;
2) былғары және оған жататын өнімдер өндірісі;
3) химия өнеркәсібі өнімдерін өндіру;
4) резеңке және пластмасса бұйымдарын өндіру;
5) өзге де металл емес минералды өнімдер өндірісі;
6) металлургия өнеркәсібі;
7) дайын металл бұйымдарын өндіру;
8) машиналар мен жабдықтар өндірісі;
9) мұнай-химия өнімдерін өндіру;
10) негізгі фармацевтикалық өнімдер мен препараттар өндірісі;
11) қойма шаруашылығы және қосалқы көлік қызметі;
12) электр қозғалтқыштарын, генераторларды, трансформаторларды, электр тарату және бақылау аппаратурасын өндіру;
13) электр өткізгіштер мен электр өткізгіш аспаптарды өндіру;
14) жобалау-сметалық құжаттама шегінде қызметтің басым түрлерін жүзеге асыруға тікелей арналған объектілерді салу және пайдалануға беру;
15) деректерді өңдеу, қосымшаларды (қолданбалы бағдарламаларды) орналастыру және осыған байланысты қызмет; веб-порталдардың қызметі;
16) аквамәдениет;
17) жылу электр станцияларының электр энергиясын өндіруі;
18) электр энергиясын беру;
19) электр энергиясын бөлу;
20) тұрғын және тұрғын емес ғимараттар салу;
21) қонақүйлермен және тұру үшін ұқсас орындармен қызметтер көрсету;
22) меншікті немесе жалға берілетін жылжымайтын мүлікті жалға беру және басқару;
23) демалыс пен ойын-сауықты ұйымдастыру жөніндегі қызмет;
24) көп бейінді аурухана салу және пайдалануға беру.
25) ғимараттар құрылысы;
26) азаматтық құрылыс;
27) мамандандырылған құрылыс жұмыстары;
28) объектілерге кешенді қызмет көрсету;
29) аумақтарды абаттандыру бойынша қызмет;
30) санаториялық-курорттық ұйымдардың қызметі;
3-тармақтың 25), 26), 27), 28), 29), 30) тармақшаларының қолданылуы тек қана Кендірлі курорттық аймағының аумағына таралады;
31) машиналар мен жабдықтарды жөндеу және орнату;
32) электр жабдықтарын өндіру;
33) қағаз және қағаз өнімдерін өндіру;
34) компьютерлер, электрондық және оптикалық жабдықтар өндіру;
35) киім өндіру;
36) жиһаз өндіру;
37) жиһаздан басқа, ағаш және тығын бұйымдарын өндіру; сабаннан және тоқуға арналған материалдардан жасалған бұйымдар өндіру;
38) тоқыма бұйымдарын өндіру;
39) кемелер мен қайықтарды жөндеу және техникалық қызмет көрсету;
40) әуе және ғарыштық ұшу аппараттарын жөндеу және техникалық қызмет көрсету;
41) суды жинау, өңдеу және тарату;
42) автомобильдер, тіркемелер және жартылай тіркемелер өндіру;
43) басқа көлік құралдарын өндіру;
44) медициналық және стоматологиялық құралдар мен керек-жарақтарды өндіру;
45) теңіз және су жағасындағы жүк көлігінің қызметі;
46) жолдар мен автомагистральдар құрылысы.
3-тармақтың 46) тармақшасының қолданылуы тек қана әуежай аумағына таралады.";
5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"5. "Оңтүстік" арнайы экономикалық аймағы:
1) киімнен басқа, дайын тоқыма бұйымдарын өндіру;
2) өзге де тоқылған және тоқылған бұйымдар өндірісі;
3) жүннен және былғарыдан жасалған киімдерден басқа киім өндірісі;
4) иіру, тоқу және әрлеу өндірісі;
5) киімнен басқа тоқыма емес бұйымдар өндірісі;
6) кілемдер мен кілем бұйымдарын өндіру;
7) ағаш массасы мен целлюлоза өндірісі;
8) қағаз және картон өндірісі;
9) былғары илеу мен өңдеуді, үлбірді өңдеуді және бояуды қоспағанда, былғары өнімдерін өндіру;
10) жазу-қағаз бұйымдарын өндіру;
11) жобалау-сметалық құжаттама шегінде қызметтің басым түрлерін жүзеге асыруға тікелей арналған объектілерді салу және пайдалануға беру;
12) кокс және мұнай өңдеу өнімдерін өндіру;
13) химия өнеркәсібі өнімдерін өндіру;
14) шойын құю;
15) болат құю;
16) құрылыс металл конструкцияларын және олардың бөлшектерін өндіру ("кілтке дейін" блок-модульдік шешімдерді дайындау үшін пайдаланылады);
17) өзге де металл цистерналар, резервуарлар мен контейнерлер өндірісі ("кілтке дейін" блок-модульдік шешімдерді дайындау үшін пайдаланылады);
18) машина жасаудың негізгі технологиялық процестері;
19) электр қозғалтқыштарын, генераторларды және трансформаторларды өндіру;
20) электр тарату және реттеу аппаратурасын өндіру ("кілтке дейін" блок-модульдік шешімдерді дайындау үшін пайдаланылады немесе сорғылармен және компрессорлармен жиынтықта жеткізіледі);
21) өзге де сорғылар мен компрессорлар өндірісі;
22) өзге де крандар, клапандар мен вентильдер өндірісі;
23) шаруашылық-тұрмыстық және санитарлық-гигиеналық мақсатқа арналған қағаз бұйымдарын өндіру;
24) кестеге бағынатын жүк әуе көлігінің қызметі;
25) кестеге бағынбайтын жүк әуе көлігінің қызметі;
26) астықты қоймаға қою және сақтау;
27) жеміс пен жидектен басқа азық-түлік тауарларын қоймаға қою және сақтау;
28) мұнайды сақтау;
29) әуе кеңістігін пайдалануды реттеу;
30) жүктерді көліктік өңдеу;
31) өзге де қосалқы көліктік қызметтер;
32) әуе мен ғарыштық ұшу аппараттарын жөндеу және техникалық қызмет көрсету;
33) техникалық сынаулар мен талдауды жүзеге асыратын өзге де мекемелердің қызметі;
34) темір жолдар және метро құрылысы;
35) жолдар мен автомагистральдар құрылысы;
36) 1, 2-санаттағы стационарлық сауда объектілерін қоспағанда, тұрғын емес ғимараттар құрылысы.
5-тармақтың 26), 27), 28), 31), 34), 35) және 36) тармақшаларының қолданылуы тек қана әуежай аумағына таралады.";
6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"6. "Сарыарқа" арнайы экономикалық аймағы:
1) металлургия өнеркәсібі;
2) машиналар мен жабдықтардан басқа, дайын металл бұйымдарын өндіру;
3) авиациялық, автомобиль және мотоцикл қозғалтқыштарынан басқа қозғалтқыштар мен турбиналар өндірісі;
4) автокөлік құралдарын, трейлерлерді және жартылай тіркемелерді өндіру;
5) компьютерлер, электрондық және оптикалық өнімдер өндірісі;
6) электр жабдықтарын өндіру;
7) химия өнеркәсібі өнімдерін өндіру;
8) резеңке және пластмасса бұйымдарын өндіру;
9) өзге де металл емес минералды өнімдер өндірісі;
10) гидравликалық жабдық өндірісі;
11) өзге де сорғыларды, компрессорларды, тығындарды және клапандарды өндіру;
12) өзге де крандар мен вентильдер өндірісі;
13) мойынтіректерді, берілістерді, беріліс элементтерін және жетектерді өндіру;
14) плиталар, пештер және пеш оттықтарын өндіру;
15) көтергіш және тасымалдау жабдықтарын өндіру;
16) қол электр құралдарын өндіру;
17) өнеркәсіптік тоңазытқыш және желдету жабдықтарын өндіру;
18) сұйық минералдарға арналған тазарту аппараттарын өндіру;
19) сұйық минералдарды немесе ұнтақтарды өндіруге, дисперсиялауға немесе бүркуге арналған жабдықтар өндірісі;
20) мұнайды, химия өнеркәсібін, сусындар өндірісі бойынша индустрияны тазартуға арналған тазарту жабдықтарын өндіру;
21) центрифугалар өндірісі (кілегей бөлгіштер мен кептіру аппараттарын қоспағанда);
22) суды рециркуляция арқылы тікелей салқындату үшін суды салқындату көтергіштерін өндіру;
23) ауыл шаруашылығы және орман шаруашылығы техникасын өндіру;
24) металдарды қысыммен өңдеуге арналған жабдықтар өндірісі;
25) өзге де металл өңдеу станоктарын өндіру;
26) металлургияға арналған машиналар мен жабдықтар өндірісі;
27) тау-кен өндіру өнеркәсібі, жерасты игеру және құрылыс үшін техника өндіру;
28) тамақ өнімдерін, сусындарды және темекі бұйымдарын өндіруге және қайта өңдеуге арналған жабдықтар өндірісі;
29) тоқыма, тігін, үлбір және былғары бұйымдарын дайындауға арналған жабдықтар өндірісі;
30) қағаз және картон дайындауға арналған техника өндірісі;
31) резеңке, пластмасса және басқа да полимерлік материалдарды қайта өңдеуге арналған жабдықтар өндірісі;
32) жобалау-сметалық құжаттама шегінде қызметтің басым түрлерін жүзеге асыруға тікелей арналған объектілерді салу және пайдалануға беру;
33) қалдықтарды жинау, өңдеу және жою; пайдаланудан шыққан көлік құралдарына, арнайы техника мен ауыл шаруашылығы машиналарына, тоңазытқыштар мен тоңазытқыш жабдықтарына қатысты материалдарды кәдеге жарату (қалпына келтіру);
34) балық пен ауыл шаруашылығы жануарларына арналған жем өндіру және қайта өңдеу жөніндегі құрама жем зауытын салу және пайдалануға беру;
35) кокс пештерінің өнімін өндіру;
36) электр энергиясымен, газбен, бумен, ыстық сумен және кондиционерленген ауамен жабдықтау;
37) көп бейінді аурухана салу және пайдалануға беру;
38) кестеге бағынатын жүк әуе көлігінің қызметі;
39) жүктерді көліктік өңдеу;
40) көліктік-экспедициялық қызметтер;
41) өзге де көліктік-экспедициялық қызметтер;
42) 1, 2-санаттағы стационарлық сауда объектілерін қоспағанда, тұрғын емес ғимараттар құрылысы;
43) жолдар мен автомагистральдар құрылысы;
44) жүк автомобиль көлігінің қызметі;
6-тармақтың 38), 39), 40), 41), 42), 43) және 44) тармақшаларының қолданылуы тек қана әуежай аумағына таралады.".
10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"10. "Астана – Технополис" арнайы экономикалық аймағы:
1) өзге де тамақ өнімдерін өндіру;
2) ұн тарту және жарма өнеркәсібі өнімдерін, крахмал және құрамында крахмал бар өнімдерді өндіру;
3) фармацевтикалық препараттар өндірісі;
4) шыныдан және шыныдан жасалған бұйымдар өндірісі;
5) абразивті бұйымдар мен өзге де металл емес минералды өнімдер өндірісі;
6) өзге де металл цистерналар, резервуарлар мен контейнерлер өндірісі;
7) өзге де дайын металл бұйымдарын өндіру;
8) компьютерлер мен перифериялық жабдықтар өндірісі;
9) сәулелендіруге арналған жабдықтар, электр-медициналық және электр-терапевтік жабдықтар өндірісі;
10) электр қозғалтқыштарын, генераторларды, трансформаторларды, сондай-ақ электр тарату және реттеу аппаратурасын өндіру;
11) электр жарықтандыру жабдықтарын өндіру;
12) электр өткізгіштер мен электр өткізгіш аспаптарды өндіру;
13) басқа санаттарға енгізілмеген машиналар мен жабдықтар өндірісі;
14) жалпы мақсаттағы машиналар өндірісі;
15) қойма шаруашылығы және қосалқы көлік қызметі;
16) бағдарламалық қамтамасыз етуді шығару;
17) компьютерлік бағдарламалау, консультациялар және басқа да ілеспе қызметтер;
18) сәулет, инженерлік ізденістер, техникалық сынақтар және талдау саласындағы қызмет;
19) ғылыми зерттеулер мен әзірлемелер;
20) денсаулық сақтау саласындағы қызмет;
21) денсаулықты қорғау жөніндегі өзге де қызмет;
22) орындықтар мен басқа да орындық жиһаздарын өндіру;
23) орындықтар мен орындықтарға арналған басқа да жиһаздардан басқа кеңселер мен сауда кәсіпорындарына арналған жиһаз өндірісі;
24) ас үй жиһазын өндіру;
25) құрылыс болат конструкцияларын өндіру;
26) алюминийден және алюминий қорытпаларынан жасалған құрылыс конструкциялары мен бұйымдарын өндіру;
27) контейнерлік және жиналмалы-жиналмалы ғимараттар мен үй-жайларды өндіру;
28) құрылыс пластик бұйымдарын өндіру;
29) медициналық және стоматологиялық құралдар мен керек-жарақтар өндірісі;
29-1) жобалық-сметалық құжаттамаға сәйкес әкімшілік, тұрғын және тұрғын емес ғимараттарды салу және пайдалануға беру;
30) суықтай қалыптау немесе ию;
31) орталық жылыту радиаторлары мен қазандықтарын өндіру;
32) орталық жылыту қазандықтарынан басқа бу қазандықтарын өндіру;
33) 1, 2-санаттағы стационарлық сауда объектілерін қоспағанда, тұрғын емес ғимараттар құрылысы;
10-тармақтың 33) тармақшасының қолданылуы тек қана әуежай аумағына таралады;
34) әуе мен ғарыштық ұшу аппараттарын жөндеу және техникалық қызмет көрсету;
35) жобалық-сметалық құжаттама шегінде осы тармақтың 1), 2), 3), 4), 5), 6), 7), 8), 9), 10), 11), 12), 13), 14), 15), 16), 17), 18), 19), 20), 21), 22), 23), 24), 25), 26), 27), 28), 29), 29-1), 30), 31), 32), 33), 34) тармақшаларында көзделген қызмет түрлерін тікелей жүзеге асыруға арналған объектілерді, сондай-ақ инфрақұрылым объектілерін салу және пайдалануға беру.".
2. Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің Өнеркәсіптік инфрақұрылымды және елішілік құндылықты дамыту департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды, жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
|
Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің міндетін атқарушы |
И. Шархан |
"КЕЛІСІЛГЕН"
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрлігі
"КЕЛІСІЛГЕН"
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрлігі
"КЕЛІСІЛГЕН"
Қазақстан Республикасының
Көлік министрлігі
"КЕЛІСІЛГЕН"
Қазақстан Республикасының
Жасанды интеллект және
цифрлық даму министрлігі