БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесі бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді және оны алғашқы ресми жариялағаннан күннен кейін Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
|
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушы |
А. Амрин |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Көлік министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Су ресурстары және
ирригация министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Энергетика министрлігі
| Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушы 2026 жылғы 4 ақпандағы № 11 Бұйрығымен бекітілген |
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесі
1. "Қоғамдық маңызы бар нарықтарда баға белгілеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2017 жылғы 1 ақпандағы № 36 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14778 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қоғамдық маңызы бар нарықтарда баға белгілеу қағидаларында:
12-1-қосымша осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. "Реттеліп көрсетілетін қызметтердің тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2019 жылғы 18 сәуірдегі № 26 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18558 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Реттеліп көрсетілетін қызметтердің тізбесінде:
11-тармақтың бесінші және алтыншы абзацтары алып тасталсын.
3. "Реттеліп көрсетілетін қызметтерді ұсынудың үлгілік шарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2019 жылғы 24 маусымдағы № 58 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18889 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
8) тармақша алып тасталсын;
21) тармақшасы алып тасталсын.
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Сумен жабдықтау және (немесе) су бұрудың көрсетілетін қызметтерін ұсынуға арналған үлгілік шартта:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Шартта мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
есепке алу аспабы – нормаланған метрологиялық сипаттамалары бар, белгілі бір уақыт аралығы ішінде физикалық шаманың бірлігін шығаратын және сақтайтын, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен суды коммерциялық есепке алу үшін қолдануға рұқсат етілген су көлемін (ауыз су, техникалық, ағынды және басқа да су түрлері) өлшеуге арналған техникалық құрал;
есепке алу аспаптарын тексеру – есепке алу аспаптарының жай-күйін тексеру, оның техникалық талаптарға сәйкестігін анықтау және растау, көрсеткіштерді алу, сондай-ақ су өлшеу торабында пломбалардың бар-жоғы мен бүтіндігін анықтау үшін Өнім берушінің өкілі орындайтын операциялар жиынтығы;
есеп айырысу кезеңі – Тұтынушы көрсетілетін қызмет үшін есеп айырысу жүргізетін айдың бірінші күні сағат 00:00-ден бастап айдың соңғы күні сағат 24:00-ге дейін күнтізбелік бір айға тең уақыт кезеңі ретінде Шартта айқындалған;
пайдалану жауапкершілігін бөлу шекарасы – тараптардың келісімімен белгіленетін міндеттер белгісі (оларды пайдалану үшін жауапкершілік) бойынша сумен жабдықтау және (немесе) су бұру жүйелерінің элементтерін бөлу орны. Мұндай келісім болмаған кезде пайдалану жауапкершілігін бөлу шекарасы теңгерімдік тиесілілікті бөлу шекарасы бойынша белгіленеді;
су тұтыну нормасы – "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабы 1-тармағының 34) тармақшасына сәйкес жергілікті атқарушы орган айқындайтын нақты елді мекендегі бір адамның, жеке қосалқы шаруашылықтағы жануарлардың тәуліктік қажеттілігін қанағаттандыруға немесе суармалы ауданның бір бірлігіне арналған судың мөлшері;
суды есепке алу торабына жібермеу – Өнім беруші өкілінің сарқынды сулардың сынамаларын алу үшін аумақта орналасқан немесе шаруашылық қарауындағы сумен жабдықтау және су бұру жүйелерінің барлық элементтерінің көрсеткіштерін алу және жұмысқа қабілеттілігін тексеру, техникалық жай-күйін және қауіпсіздігін бақылау үшін суды есепке алу торабына рұқсат беруден Тұтынушының бас тартуы (кедергі келтіру);
теңгерімдік тиесілілікті бөлу шекарасы – схемаларда көрсетілетін меншік, шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару белгісі бойынша иелері арасындағы сумен жабдықтау және су бұру жүйелерінің элементтерін бөлу орны;
төлем құжаты – Өнім берушінің ұсынған көрсетілетін қызметтері (тауарлары, жұмыстары) үшін төлемді жүзеге асыру үшін жасалған, соның негізінде төлем жүргізілетін құжат (шот, хабарлама, түбіртек, ескерту-шот);
тұтынушы – сумен жабдықтаудың және (немесе) су бұрудың реттеліп көрсетілетін қызметтерін пайдаланатын немесе пайдалануға ниеттенетін жеке немесе заңды тұлға;
уәкілетті органның ведомствосы – тиісті табиғи монополиялар салаларында басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік органның ведомствосы.
Осы шартта пайдаланылатын өзге де ұғымдар мен терминдер Қазақстан Республикасының Су кодексіне және Қазақстан Республикасының табиғи монополиялар туралы заңнамасына сәйкес қолданылады.";
8-қосымша алып тасталсын.
көрсетілген бұйрықпен бекітілген суды магистральдық құбыржолдар арқылы беру жөніндегі қызметтерді ұсынуға арналған үлгілік шартта;
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Шартта мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
суды есепке алу аспабы – нормаланған метрологиялық сипаттамалары бар, белгілі бір уақыт аралығы ішінде физикалық шама бірлігін жаңғыртатын және сақтайтын, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен суды коммерциялық есепке алу үшін қолдануға рұқсат етілген, судың (ауызсу, техникалық, сарқынды және сулардың басқа да түрлерінің) көлемін өлшеуге арналған техникалық құрал;
есепке алу аспаптарын салыстырып тексеру – есепке алу аспаптарының жай-күйін тексеру, техникалық талаптарға сай келуін анықтау және растау, олардың көрсеткіштерін алу, сондай-ақ пломбылардың болуы мен бұзылмағандығын растау мақсатында Өнім беруші өкілі орындайтын операциялар жиынтығы;
есеп айырысу кезеңі – Шартта Тұтынушымен көрсетілетін қызмет үшін есеп айырысу жүргізілетін, айдың бірінші күні сағат 00:00-ден бастап соңғы күні сағат 24:00-ге дейін күнтізбелік бір айға тең уақыт кезеңі болып белгіленген кезең;
магистральдық құбыржол – суды су жинақтағыштан су таратқыштарға дейін (суды магистральдық құбыржолдан су пайдаланушылар топтарына жеткізу) жеткізуге арналған гидротехникалық құрылыстар кешені;
пайдалану жауапкершілігін бөлу шекарасы – Тараптар келісімімен белгіленетін, жүйелердің элементтерін пайдалану үшін міндеттердің (жауапкершіліктің) белгілері бойынша магистральдық құбыржолдың жүйесінің элементтерін бөлу сызығы. Мұндай келісім болмаған кезде, пайдалану жауапкершілігінің шекарасы теңгерімдік тиесілілік шекарасы бойынша белгіленеді;
су берудің жылдық кезеңі – 12 есеп айырысу кезеңін қамтитын, ұзақтығы күнтізбелік бір жыл су беру;
судың ең аз айлық көлемі – Шарттың ажырамас бөлігі болып табылатын, № 1 қосымшада көзделген судың айлық көлемдері;
судың ең аз жылдық көлемі – су берудің жылдық кезеңі ішінде Тұтынушының қабылдауы үшін міндетті, Тараптар Шарттың 2-тармағына сәйкес, магистральдық құбыр жолдары арқылы су беру үшін қарастыра алатын су көлемі;
теңгерімдік тиісілілікті бөлу шекарасы – магистральдық құбыржолдың элементтерін иелері арасында меншік, шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару белгілері бойынша бөлу сызығы;
толық қабылданбаған су көлемі – судың ең аз айлық көлемі мен Тұтынушы нақты қабылдаған су көлемі арасындағы айырмашылық;
толық мәлімделмеген су көлемі – судың ең аз айлық көлемі мен есепті есеп айырысу кезеңіне Тұтынушы мәлімдеген су көлемі арасындағы айырмашылық;
төлем құжаты – осының негізінде ақы төленетін Өнім берушінің құжаты (есепке алу аспаптары көрсеткіштерінің негізінде жасалған шот, шот-фактура, хабарлама, түбіртек, ескерту шоты);
тұтынушы – табиғи монополия субъектілерінің реттеліп көрсетілетін қызметтерін (тауарларын, жұмыстарын) пайдаланатын немесе пайдалану ниеті бар жеке немесе заңды тұлға;
су бөлу орны - су пайдаланушы су көзінен су алатын орын, сондай-ақ, су пайдаланушы су тұтынушыға су ресурстарын беретін орындағы гидробекет;
уәкілетті органның ведомствосы – тиісті табиғи монополия салаларында басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік орган ведомствосы.
Осы шартта пайдаланылатын өзге де ұғымдар мен терминдер Қазақстан Республикасының Су кодексіне және Қазақстан Республикасының табиғи монополиялар туралы заңнамасына сәйкес қолданылады.
21-қосымша алып тасталсын.
4. "Табиғи монополиялар субъектілерінің қызметін жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2019 жылғы 13 тамыздағы № 73 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19242 болып тіркелген) мынадай толықтыру енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Табиғи монополиялар субъектілерінің қызметін жүзеге асыру қағидаларында:
мынадай мазмұндағы 8-1-тармақпен толықтырылсын:
"8-1. 2025 жылғы 1 шілдеден бастап жылу энергиясын беру, бөлу және өткізу реттеліп көрсетілетін қызметті қолданысқа енгізе отырып, уәкілетті орган тіркелімге тиісті өзгерістер енгізеді.
Тіркелімге өзгерістер енгізу туралы шешім уәкілетті органның бұйрығымен ресімделеді.".
5. "Тарифтерді қалыптастыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2019 жылғы 19 қарашадағы № 90 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19617 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Тарифтерді қалыптастыру қағидаларында:
мынадай мазмұндағы 63-1-тармақпен толықтырылсын:
"63-1. Қызмет түрін жылу энергиясын беруге, таратуға және өткізуге өзгерткен субъектілер 2025 жылғы 1 шілдеден бастап "Жылу энергетикасы туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жаңа тариф бекітілгенге дейін жылу энергиясын өткізу жөніндегі ұқсас қызметті бұрын жүзеге асырған субъектілер үшін белгіленген тарифті қолданады.";
111-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"111. Тарифке қосылатын пайданың деңгейі инвестициялық бағдарламаны іске асыру үшін қажетті қаражатты және амортизациялық аударымдарды ескере отырып шектеледі.";
299-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"299. Тарифтерді оңайлатылған тәртіппен бекіту:
1) алғаш рет құрылған;
2) жаңа реттеліп көрсетілетін қызметті (жаңа реттеліп көрсетілетін қызметтерді) көрсететін;
3) егер қолданыстағы тариф объектiлер және (немесе) учаскелер бойынша бөлек бекiтiлген болса, жаңа объектiлерді және (немесе) учаскелерді сатып алған (салған) жағдайда;
3-1) субъектіге тариф бекітілген көрсетілетін қызметтерге кірме жолдардың ажырамас бөлігі болып табылмайтын кірме жолдардың жаңа учаскелерін сатып алған (салған) жағдайда;
4) қуаты аз субъектінің реттеліп көрсетілетін қызметтеріне өтінімді ұсынудың және қараудың, тарифті бекітудің және қолданысқа енгізудің, бекітілген тарифтік сметаны өзгертудің, субъектінің тарифтік сметасының орындалуы туралы есепті ұсынудың және талдау жүргізудің оңайлатылған тәртібін айқындайды.
Осы тармақтың 2) тармақшасындағы талаптар 2025 жылғы 1 шілдеге дейін жылу энергиясымен жабдықтау бойынша реттеліп көрсетілетін қызметтерді көрсеткен субъектілерге қолданылмайды және "Жылу энергетикасы туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес көрсетілген күннен бастап жылу энергиясын өткізу бойынша реттеліп көрсетілетін қызметті көрсетеді.".
602-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"602. Тариф қолданылу мерзімі аяқталғанға дейін өзгерген жағдайда, осы Қағидалардың 601-тармағының 4), 5), 7), 8), 9), 10), 11) және 12) тармақшаларында көзделген негіздерді қоспағанда, шығындардың тиісті бабы өзгереді.
Бұл ретте, электр энергиясын бірыңғай сатып алушыдан электр энергиясын сатып алу-сату бағасының айырмасына байланысты алынған алдыңғы аяқталған кезең (жыл) үшін нақты шығыстар немесе кірістер пайда болған жағдайда, уәкілетті органның ведомствосы және оның аумақтық органы электр энергиясын беру, сумен жабдықтау және (немесе) су бұру, сондай-ақ жылу энергиясын беру және тарату салаларындағы субъектiлер үшін тариф осы Қағидалардың 601-тармағының негізінде өзгерген кезде электр энергиясының теңгерімдеуші нарығы бойынша шығыстарды қоспағанда, тарифтің шығынды бөлігін негізсіз алынған немесе толық алынбаған кіріс сомасына өзгертеді.
Уәкілетті органның ведомствосы осы Қағидалардың 601-тармағының 5) тармақшасында көзделген себеп бойынша:
1) бекітілген тарифтік сметаның орындалуы туралы есептің;
2) растайтын құжаттар қоса берілген тұтынылатын реттеліп көрсетілетін қызметтер көлемінің жоспарланған ұлғаюы туралы тұтынушы ақпаратының негізінде оның қолданылу мерзімі өткенге дейін тарифті өзгертуге бастама жасайды.
Осы Қағидалардың 601-тармағының 5), 10) және 12) тармақшаларында көзделген себептер бойынша тариф оның қолданылу мерзімі өткенге дейін өзгерген жағдайда, уәкілетті органның ведомствосы осы Қағидалардың 604-тармағына сәйкес ұсынылған есеп-қисаптар мен материалдарға талдау жүргізеді.
601-тармақтың 5) тармақшасының негізінде өтінішпен ұсынылған есеп-қисаптар мен материалдарды талдаудың нәтижелері бойынша уәкілетті органның ведомствосы шартты - ауыспалы шығындар мен көрсетілетін қызметтердің көлемін түзетеді немесе егер мұндай өзгеріс бекітілген тарифтің жоғарылауына алып келсе, субъектінің тарифті өзгертуге өтінішін қараусыз қалдырады.
Уәкілетті органның ведомствосы ұлттық электр желісі бойынша электр энергиясын беру жөніндегі реттеліп көрсетілетін қызметтерді және ұлттық электр желісін пайдаланғаны үшін көрсетілетін қызметтерді ұсынатын субъектілері үшін Заңның 15-бабының 1-тармағына сәйкес субъектінің дамуы мен тиімді жұмыс істеуі үшін осы Қағидалардың 11-тарауына сәйкес есептелген шартты-ауыспалы шығындарды, көрсетілетін қызметтердің көлемін және пайданы (қарыз қаражатын қаржыландыруды және қарыз ресурстарын өтеуді жабуға (облигациялық қарыздың толық құнын өтеу күніне дейін қаражатты резервтеу) және/немесе өзгерістерді инвестициялық бағдарлама сомасының өсуі жағына қарай), рұқсат етілген деңгейінен аспайтын пайданы түзетеді.
| Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушы 2026 жылғы 4 ақпандағы № 11 Бұйрығына қосымша Қоғамдық маңызы бар нарықтарда баға белгілеу қағидаларына 12-1-қосымша Нысан |
Электр энергиясын орталықтандырылған сатып алу және орталықтандырылған сату саласындағы Субъектінің қызметін жүзеге асыруына байланысты шығындары бөлігінде шекті бағасын есептеу
1. Электр энергиясын орталықтандырылған сатып алу және орталықтандырылған сату саласындағы Субъектінің қызметін жүзеге асыруына байланысты шығындары бөлігінде шекті бағасын есептеу үшін формула қолданылады:

мұндағы:
![]()
![]()
ЗЕЗ - осы Қағидаларға сәйкес қалыптастырылған, субъектінің күнтізбелік жылдағы электр энергиясын орталықтандырылған сатып алу және орталықтандырылған сату жөніндегі қызметін теңгемен жүзеге асыруға байланысты негізделген шығындары;
![]()
i – 1-ден бастап r дейін өзгеретін реттік нөмір;
r – тиісті күнтізбелік жыл ішінде Субъектіден электр энергиясын сатып алуды жоспарлайтын электр энергиясының көтерме сауда нарығы Субъектілерінің саны.
