БҰЙЫРАМЫН:
1. "Жер қойнауын пайдаланушылардың жер қойнауын пайдалануға арналған келiсiмшарт (лицензия) бойынша міндеттемелерін орындауына мониторинг жүргізу қағидаларын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2018 жылғы 18 мамырдағы № 346 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17060 болып тіркелген) мынадай толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Жер қойнауын пайдаланушылардың жер қойнауын пайдалануға арналған келiсiмшарт (лицензия) бойынша міндеттемелерін орындауына мониторинг жүргізу қағидаларында:
2-ші тармақ келесі мазмұндағы 7) және 8) тармақшаларымен толықтырылсын:
"7) жер қойнауын геологиялық зерттеуге арналған лицензиялар бойынша;
8) жер қойнауы кеңістігін пайдалануға арналған лицензиялар бойынша".
2. Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің Геология комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің интернет-ресурсында алғашқы ресми жарияланғанған күнінен кейін орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
|
Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс министрі |
Е. Нагаспаев |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
жасанды интеллект және
цифрлық даму министрлігі