"Энергетикалық және коммуналдық секторларды жаңғырту жөніндегі ұлттық жобаны іске асыру шеңберінде жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алуды жүзеге асыру, жобалар мен өнім берушілерді іріктеу, шарттар жасасу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2025 жылғы 19 қыркүйектегі №374 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2026 жылғы 28 қаңтардағы № 26 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2026 жылғы 29 қаңтарда №37913 тіркелді

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Қолданысқа енгізілу тәртібін 5-тармақтан қараңыз.

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Энергетикалық және коммуналдық секторларды жаңғырту жөніндегі ұлттық жобаны іске асыру шеңберінде жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алуды жүзеге асыру, жобалар мен өнім берушілерді іріктеу, шарттар жасасу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2025 жылғы 19 қыркүйектегі № 374 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілері мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 36888 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      Көрсетілген бұйрықпен бектілген Энергетикалық және коммуналдық секторларды жаңғырту жөніндегі ұлттық жобаны іске асыру шеңберінде жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алуды жүзеге асыру, жобалар мен өнім берушілерді іріктеу, шарттар жасасу Қағидаларында:

      47-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "47. Алдын ала біліктілік іріктеу кезеңінде әлеуетті өнім берушілердің өтінімдері электрондық сатып алу порталында ашылғаннан кейін тек ұқсас жобалар бойынша жұмыс тәжірибесіне бағалау жүргізу, жүктеме көрсеткішін есептеу және еңбек ресурстарының бар екендігін растау, сондай-ақ салықтар бойынша берешектің және еңбекақы бойынша мерзімі өткен берешектің болуы/болмауы, сондай-ақ жобаны іске асыру орны бойынша әлеуетті өнім берушіні тіркеу бойынша бағалық емес өлшемшарттар үшін қажетті бөлігінде ғана біліктілік органы, бақылаушылар және хатшыға қолжетімді болады. Әлеуетті өнім берушілердің өтінімдерін қарауға толық қолжетімділік конкурс қорытындыларына қол қойылғаннан кейін беріледі.";

      53-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) келесі негіздер бойынша біліктілік талаптарына сәйкес емес деп айқындалды:

      Қазақстан Республикасының рұқсаттар мен хабарламалар туралы заңнамасына сәйкес алынған (жіберілген) рұқсаттардың (хабарламалардың) болмауы, олардың мәліметтері мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінде расталады. Мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінде мәліметтер жоқ болса, әлеуетті өнім беруші Қазақстан Республикасының рұқсаттар мен хабарламалар туралы заңнамасына сәйкес алынған (жіберілген) тиісті рұқсаттың (хабарламаның) нотариалды куәландырылған көшірмесін ұсынады;

      әлеуетті өнім берушінің сатып алынатын тауарларды өндіруге, қайта өңдеуге, жеткізуге және сатуға, жұмыстарды орындауға, қызметтерді көрсетуге құқығын растайтын патенттердің, куәліктердің, сертификаттардың және басқа да құжаттардың электронды көшірмелерін не электрондық құжат түрінде ұсынбау;

      мемлекеттік кірістер органдарының мәліметтері негізінде сатып алудың электрондық платформасы автоматты түрде айқындайтын, қаржылық тұрақтылық талаптарына сәйкес келмеуі, сондай-ақ республикалық бюджет туралы заңға сәйкес тиісті қаржылық жылға белгіленген алты айлық есептік көрсеткіштен асатын салықтық берешектің болуы;

      кызметкерлерге еңбекақыны төлеу бойынша мерзімі өткен берешектің болуы;

      конкурстық құжаттамасына сәйкес біліктілік туралы толық емес немесе мүлде берілмеген мәліметтер;

      сатып алынатын жұмыстар мен көрсетілетін қызметтер нарығындағы жеткілікті жұмыс тәжірибесінің болмауы, бұл конкурстық құжаттамасында көрсетілген.

      әлеуетті өнім берушінің келісімшарт міндеттемелерін орындауға жеткілікті еңбек ресурстарын ие болу бөлігінде (қолдану кезінде) біліктілік талаптарына сәйкес келмеуі;

      біліктілік талаптары бойынша жалған ақпарат беру фактісі анықталған. Мұндай фактіні мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдары, оның ішінде тапсырыс беруші ұсынған мәліметтер мен құжаттар негізінде сатып алуды жүзеге асырудың кез келген сатысында белгілейді;

      банкроттық не таратылу рәсіміне жатады;";

      59-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "59. Алдын ала біліктілік іріктеуін өткізу мерзімі – өтінімдер қабылдау аяқталған күннен бастап 10 жұмыс күніне дейін.";

      68 және 69-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "68. Әлеуетті өнім берушінің қаржылық тұрақтылығы мемлекеттік кірістер органдарының төленген салықтар туралы мәліметтері негізінде сатып алудың электрондық платформасымен автоматты түрде айқындалады.

      69. Егер Мемлекеттік кірістер органдарының ақпараттық жүйелерінің деректеріне сәйкес өткен жылдың алдындағы үш жыл ішінде ол төлеген салықтардың сомасы сатып алу сомасының (лоттың) кемінде бір жарым пайызын (1,5%) құраса, әлеуетті өнім беруші қаржылық тұрақты деп танылады.";

      72-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "72. Жүктеменің рұқсат етілген көрсеткішін (бұдан әрі - ЖРК) есептеу мына формула бойынша жүзеге асырылады

     


      мұндағы:

      S қабылданған қолданыстағы міндеттемелер - сатып алу нысанасына жататын сатып алу шарттары мен хаттамалары (құрылыс-монтаж жұмыстары немесе техникалық қадағалау) бойынша әлеуетті өнім берушінің қыбалданған міндеттемелерінің жиынтық сомасы:

      1) жасалған және есеп айырысу күніне қолданыста болған міндеттемелер;

      2) жасалған және болашақ кезеңдерде орындалуға жататын міндеттемелер;

      3) алдыңғы кезеңдерден өткен міндеттемелер;

      4) шарттар әлі жасалмаған, сатып алу хаттамалары бойынша міндеттемелер.

      S қолданыстағы шарттар бойынша орындалған міндеттемелер -орындалуы белгіленген тәртіппен ресімделген құжаттармен (орындалған жұмыстардың, көрсетілген қызметтердің актілері және т.б.) расталған сатып алу нысанасына (құрылыс-монтаждау жұмыстары немесе техникалық қадағалау) қатысты міндеттемелер сомасы.

      Әлеуетті өнім берушінің 3 жыл ішіндегі ең көп жылдық табысы– әлеуетті өнім беруші ұсынған растайтын құжаттар негізінде біліктілік органы айқындайтын, аяқталған үш қаржылық жылдағы негізгі қызметтен түскен табыстың ең жоғарғы жылдық мәні.

      Мемлекеттік ақпараттық жүйелермен деректермен автоматтандырылған алмасуды енгізгенге дейін, жүктеудің рұқсат етілген көрсеткішін есептеу әлеуетті өнім беруші конкурсқа өтінім құрамында ұсынған растайтын құжаттар негізінде жүзеге асырылады.";

      77-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "77. Жұмыс тәжірибесін растау үшін мынадай құжаттар ұсынылады: тапсырыс берушімен жасалған шарттар (ҚМЖ-на немесе сатып алу нысанасына байланысты техникалық қадағалауға), объектілерді пайдалануға беру актілері, ведомстводан тыс кешенді сараптаманың оң қорытындылары. Құрылыс және реконструкциялау жобалары бойынша объектілерді пайдалануға беру актілері Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау органдарында қабылданғаны (тіркелгені) туралы белгісі бар "Азаматтарға арналған үкімет" КЕАҚ-да тіркелгені туралы мөртаңбамен ұсынылады.

      Жұмыс тәжірибесі мемлекеттік сатып алу саласындағы тізілімдерді қалыптастыру және жүргізу қағидаларына сәйкес жұмыс тәжірибесі тізіліміне енгізілетін құжаттардың электрондық көшірмелерімен расталады, аталған қағидалар Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2024 жылғы 26 қыркүйектегі № 646 бұйрығымен бекітілген (нормативтік құқықтық актілері мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 35143 болып тіркелген).

      Заңды тұлғаларды қайта ұйымдастыру (қосылу, бірігу) жағдайында қайта ұйымдастырылатын заңды тұлғалардың бірінің ең көп жұмыс тәжірибесі ескеріледі.

      Осы Қағидалардың мақсаттары үшін қайта ұйымдастырылған заңды тұлғаның жұмыс тәжірибесі мынадай жағдайлардың бірі болған кезде бағалық емес өлшемшарттарды есептеу кезінде ескерілмейді:

      1) егер әлеуетті өнім берушінің мәлімделген жұмыс тәжірибесі басқа заңды тұлғадан бөлу немесе шығу жолымен қайта ұйымдастыру нәтижесінде алынған болса;

      2) егер әлеуетті өнім берушінің мәлімделген жұмыс тәжірибесі қайта ұйымдастырудың бірнеше дәйекті түрлері (бөлу, бөлу, біріктіру, қосылу, қайта құру) нәтижесінде алынған болса;

      3) егер әлеуетті өнім берушінің мәлімделген жұмыс тәжірибесі қайта ұйымдастырылатын заңды тұлғалардың бірінде осы Қағидалардың 53-тармағында көзделген шектеулер болатын заңды тұлғаларды қайта ұйымдастыру (бірігу, қосылу, қайта құру) нәтижесінде алынған болса;

      4) егер әлеуетті өнім берушінің мәлімделген жұмыс тәжірибесі қайта ұйымдастырылатын заңды тұлғалардың бірі сатып алу нысанасына сәйкес келетін қызмет түрлерін жүзеге асыруға лицензиясынан (рұқсатынан) айырылған заңды тұлғаларды қайта ұйымдастыру (бірігу, қосылу, қайта құру) нәтижесінде алынған болса.";

      79-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "79. Консорциумның барлық қатысушылары осы Қағидалардың 69-тармағында көрсетілген талаптарды қоспағанда, осы Қағидалардың 9 және 12-тарауларында көзделген біліктілік талаптарына сәйкес келуі қажет, оған сәйкес консорциумның негізгі қатысушысы талапқа сәйкес келуі тиіс.";

      95-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "95. Әлеуетті өнім берушінің жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету орны бойынша облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың шегінде тиісті әкімшілік-аумақтық бірлікте болуы бойынша бағалық емес өлшемшарт Біліктілік органы алдыңғы жылдың 1 қазанынан кешіктірмей ұсынылған үш жылдық кезеңнің соңғы есептелетін жылы үшін бастапқы/кезекті салық есептілігін тапсыру орны бойынша әлеуетті өнім беруші ұсынған растайтын құжаттардың негізінде айқындайды. Осы өлшемшарттарға сәйкестігі үшін әлеуетті өнім берушіге 2 балл беріледі.";

      111-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "111. Қазақстан Республикасының резиденті емес тұлғамен сатып алу туралы шарт жасалған жағдайларда шартқа қағаз жеткізгіште қол қойылады.

      Бұл ретте, шарттың электрондық көшірмесі сатып алу туралы шарт жасалған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күнінен аспайтын мерзімде сатып алудың электрондық платформасына жүктелуге тиіс.

      Қазақстан Республикасының резиденті емес тұлғамен сатып алу туралы шарт жасалған жағдайда, Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын ескере отырып, ол ұсынған нысанда сатып алу туралы шартты ресімдеуге жол беріледі.";

      130-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "130. Егер сатып алу туралы шартта аванс (алдын ала төлем) төлеу көзделсе, конкурс жеңімпазы шарттың орындалуын қамтамасыз етумен бірге сатып алу туралы шарт жасалған күннен бастап 10 (он) жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде аванс (алдын ала төлем) сомасын қайтаруды қамтамасыз етуді ұсынуға міндетті.

      Авансты (алдын ала төлемді) қайтаруды қамтамасыз ету мынадай тәсілдердің бірімен ұсынылады: банк кепілдігі; авансты қайтаруды қамтамасыз етуді көрсете отырып, азаматтық жауапкершілікті сақтандыру; шарт бойынша міндеттемелерді орындауды сақтандыру (сақтандыру кепілдігі); депозиттік салым немесе Тапсырыс берушінің пайдасына екінші деңгейдегі банктердің шоттарындағы ақшалай қаражатты бұғаттау; Қазақстан Республикасының заңнамасында жол берілетін өзге де қаржы құралдары.

      Шарт бойынша міндеттемелердің орындалуын сақтандыру (сақтандыру кепілдігі) осы Қағидаларға 7-қосымшаға сәйкес нысан бойынша шарт жасасу арқылы ресімделеді.

      Қамтамасыз етудің түрін таңдауды Тапсырыс беруші конкурс жеңімпазының қаржылық жағдайын және шарттың ерекшелігін ескере отырып айқындайды.

      Шарт бойынша аванстық төлемнің шекті мөлшері жасалған шарт сомасының отыз пайызынан аспауға тиіс.";

      134-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "134. Қосымша қамтамасыз ету мынадай нысандардың біріне енгізіледі:

      1) ақшалай қамтамасыз ету - "Сапа кепілдігі" критерийі бойынша алынған әрбір балл үшін шарт құнының 0,5% мөлшерінде;

      2) бүкіл кепілдік кезеңге жарамды сақтандыру полисі түрінде ресімделген мәлімделген кепілдік мерзімнің әрбір жылы үшін шарт құнының 0,5% мөлшеріндегі сомаға кепілдік міндеттемелердің орындалуын сақтандыру.".

      2. Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық, оның алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтезбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      5. 2026 жылғы 1 шілдеден бастап:

      осы бұйрықтың 1-тармағының төртінші абзацы мынадай редакцияда қолданылады деп белгіленсін:

      "47. Алдын ала біліктілік іріктеу кезеңінде әлеуетті өнім берушілердің өтінімдері электрондық сатып алу порталында ашылғаннан кейін тек ұқсас жобалар бойынша жұмыс тәжірибесіне бағалау жүргізу, жүктеме көрсеткішін есептеу және еңбек ресурстарының бар екендігін растау үшін қажетті бөлігінде ғана біліктілік органы, бақылаушылар және хатшыға қолжетімді болады. Әлеуетті өнім берушілердің өтінімдерін қарауға толық қолжетімділік конкурс қорытындыларына қол қойылғаннан кейін беріледі.

      Бұл ретте, салықтар бойынша берешектің және еңбекақы бойынша мерзімі өткен берешектің болуы/болмауы туралы мәліметтер, сондай-ақ әлеуетті өнім берушінің жобаны іске асыру орны бойынша әлеуетті өнім берушіні тіркеу жөніндегі бағалық емес өлшемшартқа сәйкестігі әлеуетті өнім берушінің тіркеу деректері мен мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алынған мәліметтер негізінде сатып алудың электрондық порталы арқылы автоматты түрде жүргізіледі.";

      осы бұйрықтың 1-тармағының тоғызыншы абзацы мынадай редакцияда қолданылады деп белгіленсін:

      "республикалық бюджет туралы заңға сәйкес тиісті қаржылық жылға белгіленген алты айлық есептік көрсеткіштен асатын салықтық берешектің болуы, сондай-ақ мемлекеттік кірістер органдарының мәліметтері негізінде сатып алудың электрондық платформасымен автоматты түрде айқындалатын, қаржылық тұрақтылық талаптарына сәйкес келмеуі";

      осы бұйрықтың 1-тармағының он тоғызыншы және жиырмасыншы абзацтары мынадай редакцияда қолданылады деп белгіленсін:

      "68. Әлеуетті өнім берушінің қаржылық тұрақтылығы Мемлекеттік кірістер органдарының мынадай мәліметтері негізінде сатып алудың электрондық платформасымен автоматты түрде айқындалады:

      1) кірістер;

      2) төленген салықтар;

      3) негізгі құралдар;

      4) еңбекақы төлеу қоры.

      69. Әлеуетті өнім беруші, егер ол жиынтығында мынадай шарттарға сәйкес келсе, қаржылық тұрақты деп танылады:

      1) әлеуетті өнім берушінің кірістері Мемлекеттік кірістер органдарының ақпараттық жүйелерінің деректеріне сәйкес өткен жылдың алдындағы үш жылдағы сатып алуды жүзеге асыру үшін бөлінген соманың кемінде екіден бір бөлігін құрайды;

      2) мемлекеттік кірістер органдарының ақпараттық жүйелерінің деректеріне сәйкес өткен жылдың алдындағы үш жыл үшін төленген салықтардың көрсеткіші әлеуетті өнім берушінің кірістерінің кемінде үш пайызын құрайды.

      Салық төленген күнтізбелік жыл салықтың төленген күні болып саналады.

      Осы Қағидалардың мақсаттары үшін төленген салықтар көрсеткішінің есебі Мемлекеттік кірістер органдарының ақпараттық жүйелерінің деректеріне сәйкес мынадай формула бойынша айқындалады:

      ТСК = ТС / КС × 100 %,

      мұндағы:

      ТСК – төленген салықтардың көрсеткіші;

      ТС – есептелетін үш жылдық кезең ішіндегі төленген салықтардың сомасы;

      КС – әлеуетті өнім берушінің есептелетін үш жылдық кезеңдегі кірісінің сомасы;

      3) Мемлекеттік кірістер органдарының ақпараттық жүйелерінің деректеріне сәйкес өткен жылдың алдындағы үш жылдағы әлеуетті өнім берушінің негізгі құралдарының құны сатып алды жүзеге асыру үшін бөлінген соманың кемінде он бестен бір бөлігін, бірақ тиісті қаржы жылына белгіленген айлық есептік көрсеткіштің 400 000 еселенген мөлшерінен аспайтын соманы құрайды;

      4) Мемлекеттік кірістер органдарының ақпараттық жүйелерінің деректеріне сәйкес өткен жылдың алдындағы үш жыл үшін әлеуетті өнім берушінің қызметкерлеріне еңбекақы төлеу қоры сатып алуды жүзеге асыру үшін бөлінген соманың кемінде он бестен бір бөлігін құрайды.";

      осы бұйрықтың 1-тармағының отыз бірінші абзацы мынадай редакцияда қолданылады:

      "Әлеуетті өнім берушінің 3 жылдағы ең көп жылдық табысы – Қазақстан Республикасы мемлекеттік кіріс органдарының деректері негізінде айқындалатын, аяқталған үш қаржы жылдағы негізгі қызметтен түскен табыстың ең жоғарғы жылдық мәні.";

      осы бұйрықтың 1-тармағының қырық үшінші абзацы мынадай редакцияда қолданылады:

      "79. Консорциумның барлық қатысушылары осы Қағидалардың 69-тармағының 1) тармақшасында көзгелгендерді қоспағанда, осы Қағидалардың 9, 11 және 12-параграфтарында көзделген біліктілік талаптарына сәйкес келуі қажет, ол бойынша консорциумның барлық қатысушылары бойынша жиынтық есеп жүргізіледі.";

      осы бұйрықтың 1-тармағының қырық бесінші абзацы мынадай редакцияда қолданылады:

      "95. Әлеуетті өнім берушінің жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету орны бойынша облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың шегінде тиісті әкімшілік-аумақтық бірлікте болуы бойынша бағалық емес өлшем конкурсқа қатысуға өтінім беру сәтінде сатып алудың электрондық платформасымен автоматты түрде айқындалады, 1 қазаннан кешіктірмей ұсынылған үш жылдық кезеңнің соңғы есептелетін жылы үшін бастапқы/кезекті салық есептілігін тапсыру орны бойынша мемлекеттік кірістер органдарының мәліметтері негізінде әлеуетті өнім берушінің қаржылық тұрақтылығын айқындау мақсаттары үшін осы мәліметтерді қолданудың алдыңғы жылынан тұрады. Осы критерийге сәйкестігі үшін әлеуетті өнім берушіге 2 балл беріледі.".

      Қазақстан Республикасының
Өнеркәсіп және құрылыс министрі
Е. Нагаспаев

      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Энергетика министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Еңбек және халықты әлеуметтік
қорғау министрлігі

О внесении изменений в приказ Министра промышленности и строительства Республики Казахстан от 19 сентября 2025 года № 374 "Об утверждении Правил осуществления закупок работ и услуг, отбора проектов и поставщиков, заключения договоров, в рамках реализации национального проекта по модернизации энергетического и коммунального секторов"

Приказ Министра промышленности и строительства Республики Казахстан от 28 января 2026 года № 26. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 29 января 2026 года № 37913

      Примечание ИЗПИ!
      Порядок введения в действие см. п. 5.

      ПРИКАЗЫВАЮ:

      1. Внести в приказ Министра промышленности и строительства Республики Казахстан от 19 сентября 2025 года № 374 "Об утверждении Правил осуществления закупок работ и услуг, отбора проектов и поставщиков, заключения договоров, в рамках реализации национального проекта по модернизации энергетического и коммунального секторов" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 36888) следующие изменения:

      в Правилах осуществления закупок работ и услуг, отбора проектов и поставщиков, заключения договоров, в рамках реализации национального проекта по модернизации энергетического и коммунального секторов, утвержденных указанным приказом:

      пункт 47 изложить в следующей редакции:

      "47. В период предварительного квалификационного отбора заявки потенциальных поставщиков после их вскрытия на электронном портале закупок доступны квалификационному органу, наблюдателям и секретарю только в части, необходимой для проведения оценки опыта работы по аналогичным проектам, расчҰта показателя загрузки, подтверждения наличия трудовых ресурсов, а также наличия/отсутствия задолженности по налогам и просроченной задолженности по заработной плате, а также неценового критерия по регистрации потенциального поставщика по месту реализации проекта. Полный доступ к просмотру заявок потенциальных поставщиков предоставляется после подписания итогов конкурса.";

      подпункт 1) пункта 53 изложить в следующей редакции:

      "1) определен не соответствующим квалификационным требованиям по следующим основаниям:

      отсутствие разрешений (уведомлений), полученных (направленных) в соответствии с законодательством Республики Казахстан о разрешениях и уведомлениях, сведения о которых подтверждаются в информационных системах государственных органов. Отсутствие сведений в информационных системах государственных органов потенциальный поставщик представляет нотариально засвидетельствованную копию соответствующего разрешения (уведомления), полученного (направленного) в соответствии с законодательством Республики Казахстан о разрешениях и уведомлениях;

      непредставление электронных копий либо в виде электронного документа патентов, свидетельств, сертификатов, других документов, подтверждающих право потенциального поставщика на производство, переработку, поставку и реализацию закупаемых товаров, выполнение работ, оказание услуг;

      несоответствие требованиям финансовой устойчивости, определяемое электронной платформой закупок автоматически на основании сведений органов государственных доходов, а также наличие налоговой задолженности в размере, превышающем шестикратный месячный расчетный показатель, установленный на соответствующий финансовый год законом о республиканском бюджете;

      наличие просроченной задолженности по выплате заработной платы перед работниками;

      непредставление, а равно представление неполных сведений о квалификации согласно конкурсной документации;

      отсутствие достаточного опыта работы на рынке закупаемых работ и услуг наличие которого установлено в конкурсной документации;

      несоответствие потенциального поставщика квалификационным требованиям в части обладания трудовыми ресурсами (при применении), достаточными для исполнения обязательств по договору;

      установлен факт представления недостоверной информации по квалификационным требованиям. Такой факт устанавливается органами государственного аудита и финансового контроля, в том числе на основе сведений и документов, представленных заказчиком, на любой стадии осуществления закупок;

      подлежит процедуре банкротства либо ликвидации;";

      пункт 59 изложить в следующей редакции:

      "59. Срок проведения предварительного квалификационного отбора – до 10 рабочих дней с даты окончания приема заявок.";

      пункты 68 и 69 изложить в следующей редакции:

      "68. Финансовая устойчивость потенциального поставщика определяется электронной платформой закупок автоматически на основании сведений органов государственных доходов об уплаченных налогах.

      69. Потенциальный поставщик признается финансово устойчивым, если сумма уплаченных им налогов в течение трех лет, предшествующих предыдущему году согласно данным информационных систем органов государственных доходов, составляет не менее полутора процентов (1,5%) от суммы закупки (лота).";

      пункт 72 изложить в следующей редакции:

      "72. Расчет допустимого показателя загрузки (далее - ДПЗ) осуществляется по формуле:

     


      где:

      S принятых действующих обязательств — совокупная сумма принятых обязательств потенциального поставщика по договорам и протоколам закупок, относящимся к предмету закупки (строительно-монтажные работы или технический надзор), включающая:

      1) обязательства, заключенные и действующие на дату расчета;

      2) обязательства, заключенные и подлежащие исполнению в будущие периоды;

      3) обязательства, перешедшие из предыдущих периодов;

      4) обязательства по протоколам закупок, по которым договоры ещҰ не заключены.

      S исполненных обязательств по действующим договорам — сумма обязательств, относящихся к предмету закупки (строительно-монтажные работы или технический надзор), исполнение которых подтверждено документами, оформленными в установленном порядке (акты выполненных работ, оказанных услуг и т.п.).

      Наибольший годовой доход потенциального поставщика за 3 года – максимальное значение годового дохода от основной деятельности за три завершҰнных финансовых года, определяемое квалификационным органом на основании подтверждающих документов, представленных потенциальным поставщиком.

      До внедрения автоматизированного обмена данными с государственными информационными системами, расчет допустимого показателя загрузки осуществляется на основании подтверждающих документов, представленных потенциальным поставщиком в составе заявки на конкурс.";

      пункт 77 изложить в следующей редакции:

      "77. Для подтверждения опыта работы представляются следующие документы: договора с заказчиком (на СМР или технический надзор в зависимости от предмета закупок), акты ввода объектов в эксплуатацию, положительные заключения комплексной вневедомственной экспертизы. Акты ввода объектов в эксплуатацию по проектам строительства и реконструкции представляются со штампом о регистрации в НАО "Правительство для граждан" с отметкой о принятии (регистрации) в органах государственного архитектурно-строительного контроля, в соответствии с законодательством Республики Казахстан.

      Опыт работы подтверждается электронными копиями документов, вносимыми в реестр опыта работы в соответствии с Правилами формирования и ведения реестров в сфере государственных закупок, утвержденными приказом Министра финансов Республики Казахстан от 26 сентября 2024 года № 646 (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 35143).

      В случае реорганизации юридических лиц (присоединение, слияние) учитывается наибольший опыт работы одного из реорганизуемых юридических лиц.

      Для целей настоящих Правил опыт работы реорганизованного юридического лица не учитывается при расчете неценовых критериев, при наличии одного из следующих случаев:

      1) если заявленный опыт работы потенциального поставщика получен в результате реорганизации путем разделения или выделения из другого юридического лица;

      2) если заявленный опыт работы потенциального поставщика получен в результате нескольких последовательных видов реорганизации (разделение, выделение, слияние, присоединение, преобразование);

      3) если заявленный опыт работы потенциального поставщика получен в результате реорганизации юридических лиц (слияние, присоединение, преобразование), где одно из реорганизуемых юридических лиц имеет ограничения, предусмотренные пунктом 53 настоящих Правил;

      4) если заявленный опыт работы потенциального поставщика получен в результате реорганизации юридических лиц (слияние, присоединение, преобразование), где одно из реорганизуемых юридических лиц лишено лицензии (разрешения) на осуществление видов деятельности, соответствующей предмету закупок.";

      пункт 79 изложить в следующей редакции:

      "79. Всем участникам консорциума необходимо соответствовать квалификационным требованиям, предусмотренным параграфами 9 и 12 настоящих Правил, за исключением требований, указанных в пункте 69 настоящих Правил, в соответствие которым обеспечивается основным участником консорциума.";

      пункт 95 изложить в следующей редакции:

      "95. Неценовой критерий по нахождению потенциального поставщика в соответствующей административно-территориальной единице в границах области, городов республиканского значения и столицы по месту выполнения работ, оказания услуг определяется квалификационным органом на основе подтверждающих документов, представленных потенциальным поставщиком по месту сдачи первоначальной/очередной налоговой отчетности за последний рассчитываемый год трехлетнего периода представленных не позднее 1 октября, предшествующего году. За соответствие данному критерию потенциальному поставщику присваивается 2 балла.";

      пункт 111 изложить в следующей редакции:

      "111. Договор подписывается на бумажном носителе в случае заключения договора о закупках с нерезидентом Республики Казахстан.

      При этом электронная копия договора загружается на электронную платформу закупок в срок не более 5 (пяти) рабочих дней с даты заключения договора о закупках.

      В случае заключения договора о закупках с нерезидентом Республики Казахстан допускается оформление договора о закупках в предлагаемой им форме с учетом требований законодательства Республики Казахстан.";

      пункт 130 изложить в следующей редакции:

      "130. В случае, если договором о закупках предусматривается выплата аванса (предоплаты) победитель конкурса обязан вместе с обеспечением исполнения договора в срок не позднее 10 (десяти) рабочих дней со дня заключения договора о закупках предоставить обеспечение возврата в размере суммы аванса (предоплаты).

      Обеспечение возврата аванса (предоплаты) предоставляется одним из следующих способов: банковская гарантия; страхование гражданской ответственности с указанием обеспечения возврата аванса; страхование исполнения обязательств по договору (страховая гарантия); депозитный вклад или блокировка денежных средств на счетах банков второго уровня в пользу заказчика; иные финансовые инструменты, предусмотренные законодательством Республики Казахстан.

      Страхование исполнения обязательств по договору (страховая гарантия) оформляется посредством заключения договора по форме, согласно приложению 7 к настоящим Правилам.

      Выбор вида обеспечения определяется заказчиком с учетом финансового состояния победителя конкурса и специфики договора.

      Предельный размер авансового платежа по договору не может превышать тридцати процентов от суммы заключенного договора.";

      пункт 134 изложить в следующей редакции:

      "134. Дополнительное обеспечение вносится в одной из следующих форм:

      1) денежное обеспечение - в размере 0,5% от стоимости договора за каждый полученный балл по критерию "гарантия качества";

      2) страхование исполнения гарантийных обязательств на сумму в размере 0,5% от стоимости договора за каждый год заявленного гарантийного срока, оформленное в виде страхового полиса, действующего на весь гарантийный период.".

      2. Комитету по делам строительства и жилищно-коммунального хозяйства Министерства промышленности и строительства Республики Казахстан в установленном законодательством порядке обеспечить:

      1) государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан;

      2) размещение настоящего приказа на интернет-ресурсе Министерства промышленности и строительства Республики Казахстан.

      3. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на курирующего вице-министра промышленности и строительства Республики Казахстан.

      4. Настоящий приказ вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      5. Установить, что с 1 июля 2026 года:

      абзац четвертый пункта 1 настоящего приказа действует в следующей редакции:

      "47. В период предварительного квалификационного отбора заявки потенциальных поставщиков после их вскрытия на электронном портале закупок, доступны квалификационному органу, наблюдателям и секретарю только в части, необходимой для проведения оценки опыта работы по аналогичным проектам, расчҰта показателя загрузки и подтверждения наличия трудовых ресурсов. Полный доступ к просмотру заявок потенциальных поставщиков предоставляется после подписания итогов конкурса.

      При этом, сведения о наличии/отсутствии задолженности по налогам и просроченной задолженности по заработной плате, а также соответствие потенциального поставщика неценовому критерию по регистрации потенциального поставщика по месту реализации проекта производится автоматически посредством электронного портала закупок на основании регистрационных данных потенциального поставщика и сведений, полученных из государственных информационных систем.";

      абзац девятый пункта 1 настоящего приказа действует в следующей редакции:

      "наличие налоговой задолженности в размере, превышающем шестикратный месячный расчетный показатель, установленный на соответствующий финансовый год законом о республиканском бюджете, а также несоответствие финансовой устойчивости, определяемые электронной платформой закупок автоматически на основании сведений органов государственных доходов;";

      абзацы девятнадцатый и двадцатый пункта 1 настоящего приказа действуют в следующей редакции:

      "68. Финансовая устойчивость потенциального поставщика определяется электронной платформой закупок автоматически на основании следующих сведений органов государственных доходов:

      1) доходы;

      2) уплаченные налоги;

      3) основные средства;

      4) фонд оплаты труда.

      69. Потенциальный поставщик признается финансово устойчивым, если он соответствует в совокупности следующим условиям:

      1) доходы потенциального поставщика за три года, предшествующих предыдущему году согласно данным информационных систем органов государственных доходов, составляют не менее одной второй части суммы, выделенной для осуществления закупки;

      2) показатель уплаченных налогов за три года, предшествующих предыдущему году согласно данным информационных систем органов государственных доходов, составляет не менее трех процентов от доходов потенциального поставщика.

      Датой уплаченных налогов считается календарный год, в котором уплачен налог.

      Для целей настоящих Правил расчет показателя уплаченных налогов определяется согласно данным информационных систем органов государственных доходов по следующей формуле:

      ПУН = УН / СД х 100 %,

      где:

      ПУН – показатель уплаченных налогов;

      УН – сумма уплаченных налогов в течение рассчитываемого трехлетнего периода;

      СД – сумма дохода потенциального поставщика за рассчитываемый трехлетний период;

      3) стоимость основных средств потенциального поставщика за три года, предшествующих предыдущему году согласно данным информационных систем органов государственных доходов, составляет не менее одной пятнадцатой части суммы, выделенной для осуществления закупки, но не более 400 000-кратного размера месячного расчетного показателя, установленного на соответствующий финансовый год;

      4) фонд оплаты труда работников потенциального поставщика за три года, предшествующих предыдущему году согласно данным информационных систем органов государственных доходов, составляет не менее одной пятнадцатой части суммы, выделенной для осуществления закупки.";

      абзац тридцать первый пункта 1 настоящего приказа действует в следующей редакции:

      "Наибольший годовой доход потенциального поставщика за 3 года - максимальное значение годового дохода от основной деятельности за три завершҰнных финансовых года, определяемое на основании данных органов государственных доходов Республики Казахстан.".

      абзац сорок третий пункта 1 настоящего приказа действует в следующей редакции:

      "79. Всем участникам консорциума необходимо соответствовать квалификационным требованиям, предусмотренным параграфами 9, 11 и 12 настоящих Правил, за исключением предусмотренных подпунктом 1) пункта 69 настоящих Правил, по которому расчет производится суммарно по всем участникам консорциума.";

      абзац сорок пятый пункта 1 настоящего приказа действует в следующей редакции:

      "95. Неценовой критерий по нахождению потенциального поставщика в соответствующей административно-территориальной единице в границах области, городов республиканского значения и столицы по месту выполнения работ, оказания услуг определяется электронной платформой закупок автоматически на момент подачи заявки на участие в конкурсе, на основе сведений органов государственных доходов по месту сдачи первоначальной/очередной налоговой отчетности за последний рассчитываемый год трехлетнего периода представленных не позднее 1 октября, предшествующего году применения данных сведений для целей определения финансовой устойчивости потенциального поставщика. За соответствие данному критерию потенциальному поставщику присваивается 2 балла.".

      Министр промышленности и строительства
Республики Казахстан
Е. Нагаспаев

      "СОГЛАСОВАНО"
Министерство национальной экономики
Республики Казахстан

      "СОГЛАСОВАНО"
Министерство энергетики
Республики Казахстан

      "СОГЛАСОВАНО"
Министерство финансов
Республики Казахстан

      "СОГЛАСОВАНО"
Агентство по защите
и развитию конкуренции
Республики Казахстан

      "СОГЛАСОВАНО"
Министерство труда
и социальной защиты населения
Республики Казахстан