"Мемлекеттік мүлікті мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 17 наурыздағы № 212 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің м.а. 2026 жылғы 19 қаңтардағы № 5 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2026 жылғы 22 қаңтарда № 37872 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Мемлекеттік мүлікті мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 17 наурыздағы № 212 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10467 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мемлекеттік мүлікті мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру қағидаларында:

      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Заңның 74-бабының 3-тармағына сәйкес мемлекеттік орта білім беру ұйымдарының дене шынықтыру-сауықтыру және спорт құрылысжайларын қоспағанда, республикалық мүлікті мүліктік жалдауға (жалға) мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті орган (республикалық мүлікті жалдауға беруші (жалға беруші) береді.

      Мемлекеттік орта білім беру ұйымдарының дене шынықтыру-сауықтыру және спорт құрылысжайларын қоспағанда, коммуналдық мүлікті мүліктік жалдауға (жалға) жергілікті атқарушы орган немесе жергілікті қоғамдастық жиналысымен келісу бойынша аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің аппараты (коммуналдық мүлікті жалдауға беруші (жалға беруші) береді.

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 35-бабы 1-3-тармағының 1) тармақшасына сәйкес аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімдері басқаруына берілген аудандық коммуналдық мүлікті жеке тұлғаларға және мемлекеттік емес заңды тұлғаларға кейіннен сатып алу құқығынсыз мүліктік жалға (жалдауға) береді.

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 6-бабының 3-2-тармағына сәйкес аудандар (облыстық маңызы бар қалалар) мәслихаттары коммуналдық мүлікті мүліктік жалдағаны (жалға алғаны) үшін жалға алу төлемақысының мөлшерлемесін келіседі.".

      2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Мемлекеттік активтерді басқару саясаты департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін және оны алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушы
Б. Омарбеков

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Қаржы министрлігі

О внесении изменения в приказ Министра национальной экономики Республики Казахстан от 17 марта 2015 года № 212 "Об утверждении Правил передачи государственного имущества в имущественный наем (аренду)"

Приказ и.о. Министра национальной экономики Республики Казахстан от 19 января 2026 года № 5. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 22 января 2026 года № 37872

      ПРИКАЗЫВАЮ:

      1. Внести в приказ Министра национальной экономики Республики Казахстан от 17 марта 2015 года № 212 "Об утверждении Правил передачи государственного имущества в имущественный наем (аренду)" (зарегистрированный в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 10467) следующее изменение:

      в Правилах передачи государственного имущества в имущественный наем (аренду), утвержденных указанным приказом:

      пункт 3 изложить в следующей редакции:

      "3. В соответствии с пунктом 3 статьи 74 Закона республиканское имущество в имущественный наем (аренду) передается уполномоченным органом по государственному имуществу (наймодатель (арендодатель) республиканского имущества), за исключением физкультурно-оздоровительных и спортивных сооружений государственных организаций среднего образования.

      Коммунальное имущество в имущественный наем (аренду) передается местным исполнительным органом или по согласованию с собранием местного сообщества аппаратом акима города районного значения, села, поселка, сельского округа (наймодатель (арендодатель) коммунального имущества), за исключением физкультурно-оздоровительных и спортивных сооружений государственных организаций среднего образования.

      В соответствии с подпунктом 1) пункта 1-3 статьи 35 Закона Республики Казахстан "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан" акимы города районного значения, села, поселка, сельского округа предоставляют переданное в управление районное коммунальное имущество в имущественный наем (аренду) физическим лицам и негосударственным юридическим лицам без права последующего выкупа.

      В соответствии с пунктом 3-2 статьи 6 Закона Республики Казахстан "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан" маслихаты районов (городов областного значения) согласовывают ставки арендной платы за имущественный наем (аренду) коммунального имущества.".

      2. Департаменту политики управления государственными активами Министерства национальной экономики Республики Казахстан в установленном законодательством Республики Казахстан порядке обеспечить государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан и его размещение на интернет-ресурсе Министерства национальной экономики Республики Казахстан после дня его первого официального опубликования.

      3. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на курирующего вице-министра национальной экономики Республики Казахстан.

      4. Настоящий приказ вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      исполняющий обязанности
Министра национальной экономики
Республики Казахстан
Б. Омарбеков

      "СОГЛАСОВАН"
Министерство финансов
Республики Казахстан