"Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі, қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің тергеу изоляторлары мен мекемелерінде ұсталатын адамдарға бюджет қаражаты есебінен медициналық көмектің қосымша көлемі шеңберінде және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде дәрілік заттармен және медициналық бұйымдармен қамтамасыз ету қағидаларын, сондай-ақ Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі, қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің тергеу изоляторлары мен мекемелерінде ұсталатын адамдарға бюджет қаражаты есебінен медициналық көмектің қосымша көлемі шеңберінде және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарға қажеттілікті қалыптастыру қағидалары мен әдістемесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 20 тамыздағы № ҚР ДСМ-89 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2026 жылғы 16 қаңтардағы № 3 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2026 жылғы 19 қаңтарда № 37858 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі, қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің тергеу изоляторлары мен мекемелерінде ұсталатын адамдарға бюджет қаражаты есебінен медициналық көмектің қосымша көлемі шеңберінде және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде дәрілік заттармен және медициналық бұйымдармен қамтамасыз ету қағидаларын, сондай-ақ Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі, қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің тергеу изоляторлары мен мекемелерінде ұсталатын адамдарға бюджет қаражаты есебінен медициналық көмектің қосымша көлемі шеңберінде және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарға қажеттілікті қалыптастыру қағидалары мен әдістемесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 20 тамыздағы № ҚР ДСМ-89 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 24069 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген бұйрыққа 1-қосымшамен бекітілген тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі, қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің тергеу изоляторлары мен мекемелерінде ұсталатын адамдарға бюджет қаражаты есебінен медициналық көмектің қосымша көлемі шеңберінде және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде дәрілік заттармен және медициналық бұйымдармен қамтамасыз ету қағидаларында:

      2-тармақта:

      1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) амбулаториялық дәрілік қамтамасыз етуді есепке алу ақпараттық жүйесі (бұдан әрі – ДҚАЖ) –– тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде рецепттер жазып беруді, фармацевтикалық көрсетілетін қызметтің өнім берушісінің тауарды босатуын немесе дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды есепке алу және өткізу жөніндегі көрсетілетін қызметті есепке алуды автоматтандыруға арналған денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган айқындайтын ақпараттық жүйе;";

      мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "1-1) әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры (бұдан әрі - Қор) – аударымдар мен жарналарды шоғырландыруды жүргізетін, сондай-ақ медициналық көмек көрсететін денсаулық сақтау субъектілерінің көрсетілетін қызметтерін медициналық көрсетілетін қызметтерді сатып алу шартында көзделген көлемдерде және талаптарда сатып алуды және оларға ақы төлеуді және Қазақстан Республикасының заңдарында айқындалған өзге де функцияларды жүзеге асыратын коммерциялық емес ұйым;";

      16-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "16. Иммунологиялық (иммундық-биологиялық) дәрілік препараттарды инфузиялық дәрілік нысандағы дәрілік заттармен қоса алғанда қамтамасыз ету медицина қызметкерінің бақылауымен амбулаториялық немесе стационарды алмастыратын жағдайларда мамандандырылған медициналық көмек көрсететін медициналық ұйымдардың емшара кабинеттері немесе амбулаториялық химиотерапия кабинеттері арқылы жүзеге асырылады.";

      20 және 21-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "20. Динамикалық байқауға жататын Қазақстан Республикасының азаматтары, қандастар, босқындар, Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар және қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің тергеу изоляторлары мен мекемелерінде ұсталатын адамдар медициналық ұйымдарға бекітілу арқылы ТМККК шеңберінде және (немесе) МӘМС жүйесінде амбулаториялық жағдайларда дәрілік заттармен және медициналық бұйымдармен қамтамасыз етіледі.

      21. Амбулаториялық жағдайларда медициналық–санитариялық алғашқы көмек және мамандандырылған медициналық көмек көрсететін медициналық ұйымдар пациенттер үшін мемлекеттік және орыс тілдерінде Тізбені, сондай-ақ олар арқылы амбулаториялық дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету жүзеге асырылатын медициналық ұйымдардың және дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы саласындағы субъектілердің мекенжайларын көрнекі ақпарат орындарында және медициналық ұйымның интернет-ресурсында орналастырады.";

      23-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "23. Амбулаториялық дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету кезінде:

      1) бірыңғай дистрибьютор дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың алдыңғы жылғы нақты тұтыну және қалдығын ескере отырып, дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың жөнелтуді қамтамасыз етеді;

      2) медициналық-санитариялық алғашқы көмекті және мамандандырылған медициналық көмекті көрсететін медициналық ұйымдар "электрондық үкімет" мобильді қосымшасында "Әлеуметтік амиян" сервисі арқылы ұсынылған электрондық рецептті (QR-код арқылы) сканерлеумен рецепт жазып беруді және дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды беруді қамтамасыз етеді;

      3) ДҚАЖ-ды пайдалана отырып, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың денсаулық сақтауды мемлекеттік басқарудың жергілікті органдары, бірыңғай дистрибьютор, Қор дәрілік заттармен қамтамасыз ету мониторингін жүзеге асырады.";

      мынадай мазмұндағы 23-1-тармақпен толықтырылсын:

      "23-1. Бірлесіп төлеуді пайдалана отырып, пациенттерді дәрілік заттармен және медициналық бұйымдармен қамтамасыз ету тәртібі "Бірлесіп төлеуді жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 16 шілдедегі № ҚР ДСМ-61 бұйрығына сәйкес жүзеге асырылады (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 23589 болып тіркелген).".

      көрсетілген бұйрыққа 2-қосымшамен бекітілген тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі, қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің тергеу изоляторлары мен мекемелерінде ұсталатын адамдарға бюджет қаражаты есебінен медициналық көмектің қосымша көлемі шеңберінде және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарға қажеттілікті қалыптастыру қағидалары мен әдістемесінде:

      2-тармақта:

      1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) амбулаториялық дәрілік қамтамасыз етуді есепке алу ақпараттық жүйесі (бұдан әрі – ДҚАЖ) –– тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде рецепттер жазып беруді, фармацевтикалық көрсетілетін қызметтің өнім берушісінің тауарды босатуын немесе дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды есепке алу және өткізу жөніндегі көрсетілетін қызметті есепке алуды автоматтандыруға арналған денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган айқындайтын ақпараттық жүйе;";

      мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "1-1) әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры (бұдан әрі - Қор) – аударымдар мен жарналарды шоғырландыруды жүргізетін, сондай-ақ медициналық көмек көрсететін денсаулық сақтау субъектілерінің көрсетілетін қызметтерін медициналық көрсетілетін қызметтерді сатып алу шартында көзделген көлемдерде және талаптарда сатып алуды және оларға ақы төлеуді және Қазақстан Республикасының заңдарында айқындалған өзге де функцияларды жүзеге асыратын коммерциялық емес ұйым;";

      11-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "11. Осы Қағидалардың 8-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарға қажеттілікті жинауды нозологияларын, атауларын, дәрілік заттардың әрбір дәрілік нысаны бойынша дозалары мен көлемдерін және медициналық бұйымдардың сипаттамасын, бір реттік дозасын, бір тәулікте қабылдау еселігін (бір айда қабылдау күнінің саны), бір курстың ұзақтығын (бір жыл ішіндегі курс санын), пациентке жылдық қажеттілікті, алдыңғы жылға жазып берілген және қамтамасыз етілген көлемді (бұдан әрі – Дербес қажеттілік) көрсете отырып, Қор ДҚАЖ-да дербес жүзеге асырады.";

      мынадай мазмұндағы 11-1-тармақпен толықтырылсын:

      "11-1. Ағымдағы қаржы жылының 25 наурызына дейінгі мерзімде автоматты түрде ДҚАЖ-да қалыптастырылған Дербес қажеттілікке медициналық ұйымның уәкілетті лауазымды адамының не оны алмастыратын адамның электрондық цифрлық қолтаңбасымен қол қойылады.";

      12-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "12. Ағымдағы қаржы жылының 1 сәуіріне дейінгі мерзімде өңірдің қалыптастырған Дербес қажеттілігін облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың денсаулық сақтауды мемлекеттік басқарудың жергілікті органдары келіседі.";

      18-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "18. Қор Қазақстан Республикасының Дербес қажеттілігі негізінде нозологияларды, дәрілік заттардың атауларын және медициналық бұйымдардың сипаттамаларын, пациенттердің санын көрсете отырып, өңірлер бөлінісінде үш жылдық кезеңге арналған бюджеттік өтінімнің жобасын қалыптастырады және уәкілетті органға, бірыңғай дистрибьюторға ағымдағы қаржы жылының 15 сәуірінен кешіктірмей жібереді.".

      мынадай мазмұндағы 20-1-тармақпен толықтырылсын:

      "20-1. Қор уәкілетті органға белгіленген лимит пен медициналық ұйымдар бөлінісінде мынадай формула бойынша есептелген Дербес қажеттіліктің арасындағы алшақтықтардың талдауын жібереді:

      Медициналық ұйымдар бойынша келесі қаржы жылына белгіленген лимит =медициналық ұйымдардың ағымдағы қаржы жылындағы нақты тұтыну үлесі*келесі қаржы жылына арналған республиканың белгіленген лимиті.

      Ағымдағы қаржы жылындағы медициналық ұйымдардың нақты тұтыну үлесі=ағымдағы қаржы жылындағы медициналық ұйымдардың нақты тұтыну сомасы/ағымдағы қаржы жылындағы республиканың нақты тұтынуының жалпы сомасы.

      Бұл ретте, медициналық ұйымдар бойынша келесі қаржы жылына белгіленген лимитті бөлу сомасы келесі қаржы жылына арналған Дербес қажеттілік сомасынан аспауға тиіс.".

      2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Дәрі-дәрмек саясаты департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты ресми жариялағаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрінің
міндетін атқарушы
Т. Султангазиев

О внесении изменений и дополнений в приказ Министра здравоохранения Республики Казахстан от 20 августа 2021 года № ҚР ДСМ-89 "Об утверждении правил обеспечения лекарственными средствами и медицинскими изделиями в рамках гарантированного объема бесплатной медицинской помощи, дополнительного объема медицинской помощи лицам, содержащимся в следственных изоляторах и учреждениях уголовно-исполнительной (пенитенциарной) системы, за счет бюджетных средств и (или) в системе обязательного социального медицинского страхования, а также правил и методики формирования потребности в лекарственных средствах и медицинских изделиях в рамках гарантированного объема бесплатной медицинской помощи, дополнительного объема медицинской помощи лицам, содержащимся в следственных изоляторах и учреждениях уголовно-исполнительной (пенитенциарной) системы, за счет бюджетных средств и (или) в системе обязательного социального медицинского страхования"

Приказ и.о. Министра здравоохранения Республики Казахстан от 16 января 2026 года № 3. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 19 января 2026 года № 37858

      ПРИКАЗЫВАЮ:

      1. Внести в приказ Министра здравоохранения Республики Казахстан от 20 августа 2021 года № ҚР ДСМ-89 "Об утверждении правил обеспечения лекарственными средствами и медицинскими изделиями в рамках гарантированного объема бесплатной медицинской помощи, дополнительного объема медицинской помощи лицам, содержащимся в следственных изоляторах и учреждениях уголовно-исполнительной (пенитенциарной) системы, за счет бюджетных средств и (или) в системе обязательного социального медицинского страхования, а также правил и методики формирования потребности в лекарственных средствах и медицинских изделиях в рамках гарантированного объема бесплатной медицинской помощи, дополнительного объема медицинской помощи лицам, содержащимся в следственных изоляторах и учреждениях уголовно-исполнительной (пенитенциарной) системы, за счет бюджетных средств и (или) в системе обязательного социального медицинского страхования" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 24069) следующие изменения и дополнения:

      в правилах обеспечения лекарственными средствами и медицинскими изделиями в рамках гарантированного объема бесплатной медицинской помощи, дополнительного объема медицинской помощи лицам, содержащимся в следственных изоляторах и учреждениях уголовно-исполнительной (пенитенциарной) системы, за счет бюджетных средств и (или) в системе обязательного социального медицинского страхования, утвержденных приложением 1 к указанному приказу:

      в пункте 2:

      подпункт 1) изложить в следующей редакции:

      "1) информационная система учета амбулаторного лекарственного обеспечения (далее – ИСЛО) – информационная система, определяемая уполномоченным органом в области здравоохранения для автоматизации учета выписки рецептов, отпуска товара поставщикам фармацевтической услуги или услуги по учету и реализации лекарственных средств и медицинских изделий в рамках гарантированного объема бесплатной медицинской помощи и (или) в системе обязательного социального медицинского страхования;";

      дополнить подпунктом 1-1) следующего содержания:

      "1-1) фонд социального медицинского страхования (далее - Фонд) – некоммерческая организация, производящая аккумулирование отчислений и взносов, а также осуществляющая закуп и оплату услуг субъектов здравоохранения, оказывающих медицинскую помощь в объемах и на условиях, которые предусмотрены договором закупа медицинских услуг, и иные функции, определенные законами Республики Казахстан;";

      пункт 16 изложить в следующей редакции:

      "16. Обеспечение лекарственными средствами в инфузионной лекарственной форме, включая иммунологические (иммунобиологические) лекарственные препараты, осуществляется под наблюдением медицинского работника через процедурные кабинеты или кабинеты амбулаторной химиотерапии медицинских организаций, оказывающих первичную медико-санитарную помощь или специализированную медицинскую помощь в амбулаторных или стационарозамещающих условиях.";

      пункты 20 и 21 изложить в следующей редакции:

      "20. Граждане Республики Казахстан, кандасы, беженцы, иностранцы и лица без гражданства, постоянно проживающие на территории Республики Казахстан и лица, содержащиеся в следственных изоляторах и учреждениях уголовно-исполнительной (пенитенциарной) системы, подлежащие динамическому наблюдению обеспечиваются лекарственными средствами и медицинскими изделиями в амбулаторных условиях в рамках ГОБМП и (или) в системе ОСМС путем прикрепления к медицинским организациям.

      21. Медицинские организации, оказывающие первичную медико-санитарную и специализированную медицинскую помощь в амбулаторных условиях, размещают в местах наглядной информации для пациентов и на интернет-ресурсе медицинской организации на казахском и русском языках Перечень, а также адреса медицинских организаций и субъектов в сфере обращения лекарственных средств и медицинских изделий, через которые осуществляется амбулаторное лекарственное обеспечение.";

      пункт 23 изложить в следующей редакции:

      "23. При амбулаторном лекарственном обеспечении:

      1) единый дистрибьютор обеспечивает отгрузку лекарственных средств и медицинских изделий с учетом фактического потребления и остатка лекарственных средств и медицинских изделий;

      2) медицинские организаций, оказывающие первичную медико-санитарную и специализированную медицинскую помощь обеспечивают выписку рецепта и выдачу лекарственных средств и медицинских изделий посредством сканирования электронного рецепта (QR-кода), предъявляемого через сервис "Социальный кошелек" в мобильном приложении "электронного правительства";

      3) местные органы государственного управления здравоохранения областей, городов республиканского значения и столицы, единый дистрибьютор, Фонд проводят мониторинг лекарственного обеспечения с использованием ИСЛО.";

      дополнить пунктом 23-1 следующего содержания:

      "23-1. Порядок обеспечения пациентов лекарственными средствами и медицинскими изделиями с использованием сооплаты осуществляется в соответствии с приказом Министра здравоохранения Республики Казахстан от 16 июля 2021 года № ҚР ДСМ-61 "Об утверждении правил осуществления сооплаты" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 23589).".

      в правилах и методике формирования потребности в лекарственных средствах и медицинских изделиях в рамках гарантированного объема бесплатной медицинской помощи, дополнительного объема медицинской помощи лицам, содержащимся в следственных изоляторах и учреждениях уголовно-исполнительной (пенитенциарной) системы, за счет бюджетных средств и (или) в системе обязательного социального медицинского страхования, утвержденных приложением 2 к указанному приказу:

      в пункте 2:

      подпункт 1) изложить в следующей редакции:

      "1) информационная система учета амбулаторного лекарственного обеспечения (далее – ИСЛО) – информационная система, определяемая уполномоченным органом в области здравоохранения для автоматизации учета выписки рецептов, отпуска товара поставщикам фармацевтической услуги или услуги по учету и реализации лекарственных средств и медицинских изделий в рамках гарантированного объема бесплатной медицинской помощи и (или) в системе обязательного социального медицинского страхования;";

      дополнить подпунктом 1-1) следующего содержания:

      "1-1) фонд социального медицинского страхования (далее – Фонд) – некоммерческая организация, производящая аккумулирование отчислений и взносов, а также осуществляющая закуп и оплату услуг субъектов здравоохранения, оказывающих медицинскую помощь в объемах и на условиях, которые предусмотрены договором закупа медицинских услуг, и иные функции, определенные законами Республики Казахстан;";

      пункт 11 изложить в следующей редакции:

      "11. Сбор потребности в лекарственных средствах и медицинских изделиях, указанных в подпункте 1) пункта 8 настоящих Правил, осуществляется Фондом в ИСЛО персонифицированно с указанием нозологий, наименований, дозировок и объемов по каждой лекарственной форме лекарственных средств и характеристикам медицинских изделий, разовой дозы, кратности приема в сутки, длительности одного курса (количество дней приема в месяц), длительности приема в год (количества курсов в год), годовой потребности на пациента, выписанного и обеспеченного объема за предыдущий год (далее – Персонифицированная потребность).";

      дополнить пунктом 11-1 следующего содержания:

      "11-1. В срок до 25 марта текущего финансового года Персонифицированная потребность, сформированная автоматически в ИСЛО, подписывается электронной цифровой подписью уполномоченного должностного лица медицинской организации либо лица, его замещающего.";

      пункт 12 изложить в следующей редакции:

      "12. В срок до 1 апреля текущего финансового года сформированная Персонифицированная потребность региона согласовывается местными органами государственного управления здравоохранения областей, городов республиканского значения и столицы.";

      пункт 18 изложить в следующей редакции:

      "18. Фонд на основании Персонифицированной потребности Республики Казахстан формирует проект бюджетного запроса на трехлетний период в разрезе регионов с указанием нозологий, наименований лекарственных средств и характеристике медицинских изделий, количества пациентов и направляет в уполномоченный орган не позднее 15 апреля текущего финансового года.".

      дополнить пунктом 20-1 следующего содержания:

      "20-1. Фонд направляет в уполномоченный орган анализ расхождений между установленным лимитом и Персонифицированной потребностью в разрезе медицинских организаций, рассчитанный по следующей формуле:

      Распределение по медицинским организациям установленного лимита на следующий финансовый год = доля фактического потребления медицинской организаций текущего финансового года * установленный лимит республики на следующий финансовый год.

      Доля фактического потребления медицинской организаций текущего финансового года = сумма фактического потребления медицинской организации текущего финансового года / общая сумма факта потребления республики текущего финансового года.

      При этом, сумма распределения по медицинским организациям установленного лимита на следующий финансовый год не должна превышать суммы Персонифицированной потребности на следующий финансовый год.".

      2. Департаменту лекарственной политики Министерства здравоохранения Республики Казахстан в установленном законодательством Республики Казахстан порядке обеспечить:

      1) государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан;

      2) размещение настоящего приказа на интернет-ресурсе Министерства здравоохранения Республики Казахстан после его официального опубликования;

      3) в течение десяти рабочих дней после государственной регистрации настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан представление в Юридический департамент Министерства здравоохранения Республики Казахстан сведений об исполнении мероприятий, предусмотренных подпунктами 1) и 2) настоящего пункта.

      3. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на курирующего вице-министра здравоохранения Республики Казахстан.

      4. Настоящий приказ вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      исполняющий обязанности
Министра здравоохранения
Республики Казахстан
Т. Султангазиев