БҰЙЫРАМЫН:
1. "Қазақстан Республикасы түпкілікті пайдаланушысының сертификатын және Қазақстан Республикасының халықаралық импорттық сертификатын ресімдеу және беру қағидалары мен біліктілік талаптарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2023 жылғы 28 сәуірдегі № 309 бұйрығына (Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2023 жылғы 2 мамырда № 32404 болып тіркелген) келесі өзгерістер енгізілсін:
Аталған бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы түпкілікті пайдаланушысының сертификатын және Қазақстан Республикасының халықаралық импорттық сертификатын ресімдеу және беру қағидалары мен біліктілік талаптарында:
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"2. "Түпкілікті пайдаланушысының сертификатын және халықаралық импорттық сертификатын беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет) болып табылады және оны осы Қағидаларға сәйкес Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің Өнеркәсіп комитеті (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.";
5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"5. Түпкілікті пайдаланушысының сертификаты және халықаралық импорттық сертификат сыртқы сауда шартына (келісімшартқа) енгізілген өзіндік ерекшелігі бар тауарлардың саны мен номенклатурасына қарамастан бір мәмілеге ресімделеді.
Түпкілікті пайдаланушысының сертификаты мен халықаралық импорттық сертификат қосарланған және әскери мақсаттағы тауарларға, ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін бақыланатын тауарларға, сондай-ақ экспорттаушы елдің және (немесе) шығу елі құзыретті органы талап еткен жағдайда беріледі.
Түпкілікті пайдаланушы сертификаты мен халықаралық импорттық сертификат он таңбалы код көрсетіле отырып Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметтің бірыңғай тауар номенклатурасына және Еуразиялық экономикалық одақтың Бірыңғай кедендік тарифіне сәйкес, Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2021 жылғы 14 қыркүйектегі № 80 шешіміне сәйкес ресімделеді.";
9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"9. Мемлекеттік қызметті алу үшін Қазақстан Республикасының жеке және заңды тұлғалары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушылар) көрсетілетін қызметті берушіге осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесіне (бұдан әрі – Негізгі талаптар тізбесі) сәйкес құжаттарды "электрондық үкіметтің" веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы береді.
Шетел тілдерінде жасалған құжаттар мемлекеттік тіліндегі және/немесе орыс тіліндегі аудармасымен ұсынылады.";
12-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"12. Көрсетілетін қызметті алушы құжаттардың толық топтамасын ұсынған жағдайда, жауапты орындаушы құжаттарды осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес белгіленген біліктілік талаптарына сәйкестігін тексереді.
Ұсынылған құжаттардың біліктілік талаптарына сәйкестігін тексеру нәтижелері негізінде жауапты орындаушы мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін - түпкілікті пайдаланушысының сертификатын және (немесе) осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша халықаралық импорттық сертификатты не мемлекеттік қызметті көрсетуден дәлелді бас тартуды дайындайды.
Мемлекеттік қорғаныс тапсырысын орындау шеңберінде әскери мақсаттағы тауарларды, қосарлы мақсаттағы тауарларды (өнімдерді), әскери мақсаттағы жұмыстарды және әскери мақсаттағы көрсетілетін қызметтерді импорттау кезінде түпкілікті пайдаланушысының сертификаттарына экспорттаушы елдің және/немесе шығарылған елдің құзыретті органы бекіткен нысан бойынша мемлекеттік қорғаныс тапсырысы саласындағы уәкілетті органның бірінші басшысы немесе оны алмастыратын тұлға қағаз жеткізгіште қол қояды.";
көрсетілген Қағидаларға 1-қосымшада:
1-реттік нөмірдегі жол мынадай редакцияда жазылсын:
"
1 | Көрсетілетін қызметті берушінің атауы | Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің Өнеркәсіп комитеті (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші). |
";
Негізгі талаптар тізбесіне 1 және 2-қосымшалар осы бұйрықтың 1 және 2-қосымшаларына сәйкес редакцияда жазылсын;
Қағидаларға 2 және 4-қосымшалар осы бұйрықтың 3 және 4-қосымшаларына сәйкес редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің Өнеркәсіп комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
|
Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс министрі |
Е. Нагаспаев |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Жасанды интеллект
және цифрлық даму министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Қорғаныс министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Сыртқы істер министрлігі
1-нысан
Өтініш
________________________________________________________________________________
(толық көрсетілетін қызметті берушінің атауы)
________________________________________________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)
жеке тұлғадан, жеке сәйкестендіру нөмірі, № дара кәсіпкер ретінде қызметтің басталғаны туралы хабарлама дара кәсіпкер үшін; өтініш берушінің заңды тұлғасының толық атауы, бизнес – сәйкестендіру нөмірі, Өтініш берушінің заңды тұлғасын мемлекеттік тіркеу куәлігінің немесе анықтамасының № - заңды тұлға үшін)
Мекенжайы _____________________________________________________________________
(пошталық индексі, облысы, қаласы, ауданы, елді мекені, көше атауы, үй/ғимарат нөмірі, телефоны)
Түпкілікті пайдаланушысының сертификатын алуға өтініш
Түпкілікті пайдаланушысының сертификатын беруіңізді сұраймын.
Қоса беріледі _ _ _ _ _ _ _ парақ.
Осы:
– көрсетілетін қызметті алушы ақпараттық жүйелерде қамтылған заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға жазбаша келісімін алады;
– көрсетілетін қызмет алушыға қатысты, қызметті немесе қызметтің жекелеген түрлерін тоқтата тұру немесе оған тыйым салу туралы сот шешімі (үкімі) заңды күшіне енген жоқ;
– барлық қоса беріліп отырған құжаттар шындыққа сәйкес келеді және жарамды болып табылады.
Осы арқылы ұсынылған ақпараттың дұрыстығын растаймын және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес
жалған мәліметтерді бергені үшін жауапкершілікке тартылатыным жөнінде хабардармын.
Өтініш беруші ________________________________________________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда))
Толтыру күні 20 __ жылғы "___" _________
2-нысан
Өтініш
________________________________________________________________________________
(толық көрсетілетін қызметті берушінің атауы)
________________________________________________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)
жеке тұлғадан, жеке сәйкестендіру нөмірі, № дара кәсіпкер ретінде қызметтің басталғаны туралы хабарлама – дара кәсіпкер үшін; өтініш берушінің заңды тұлғасының толық атауы, бизнес–сәйкестендіру нөмірі, өтініш берушінің заңды тұлғасын мемлекеттік тіркеу куәлігінің немесе анықтамасының № – заңды тұлға үшін)
Мекенжайы _____________________________________________________________________
(пошталық индексі, облысы, қаласы, ауданы, елді мекені, көше атауы, үй/ғимарат нөмірі, телефоны)
Халықаралық импорттық сертификатты алуға өтініш
Халықаралық импорттық сертификатты беруіңізді сұраймын.
Қоса беріледі ______ парақ.
Осы:
– көрсетілетін қызметті алушы ақпараттық жүйелерде қамтылған заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға жазбаша келісімін алады;
– көрсетілетін қызмет алушыға қатысты, қызметті немесе қызметтің жекелеген түрлерін тоқтата тұру немесе оған тыйым салу туралы сот шешімі (үкімі) заңды күшіне енген жоқ;
– барлық қоса беріліп отырған құжаттар шындыққа сәйкес келеді және жарамды болып табылады.
Осы арқылы ұсынылған ақпараттың дұрыстығын растаймын және Қазақстан Республикасының заңнамасына
сәйкес жалған мәліметтерді бергені үшін жауапкершілікке тартылатыным жөнінде хабардармын.
Өтініш беруші __________________________________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда))
Толтыру күні 20 __ жылғы "___" _________
Импорттаушының (түпкілікті пайдаланушының) кепілдік міндеттемесі
1. Импорттаушы (елі, мекенжайы және телефоны) БСН (ЖСН) | ||
2. Түпкілікті пайдаланушы (елі, мекенжайы және телефоны) БСН (ЖСН) (халықаралық импорттық сертификат алған кезде осы бағанды толтыру талап етілмейді) | ||
3. Экспорттаушы (елі және мекенжайы) | ||
4. Өнімді орнату және (немесе) пайдалану орны | 5. Өнімді орнату және (немесе) пайдалану орны | |
6. Өнімнің атауы және сипаттамасы |
7. Бірыңғай тауар номенклатурасының он таңбалы коды | 8. Тауардың бақылау тізімдері бойынша коды |
9. Сыртқы сауда келісімінің (келісімшартының) немесе өзге де иеліктен шығару құжатының нөмірі, күні | 10. Өлшем бірлігі | 11. Саны |
12. Импорттаушы (түпкілікті пайдаланушы) 6-бағанда көрсетілген өнімді 2-бағанда көрсетілген түпкілікті пайдаланушыға дейін және 4-бағанда көрсетілген өнімді орнату және (немесе) пайдалану орнына дейін импорттауға міндеттенеді. | ||
13.Импорттаушы |
14. Түпкілікті пайдаланушы | |
"Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп |
|
Республиканское государственное |
Астана қ. | г. Астана | |
Берілген күні: | [Ұйымның атауы, заңды мекенжайы, БСН / ЖСН] | |
Дәлелді бас тарту | ||
[Қол қоюшының лауазымы] | ||
1 нысан
"Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп |
|
Республиканское государственное |
ТҮПКІЛІКТІ ПАЙДАЛАНУШЫСЫНЫҢ СЕРТИФИКАТЫ
№ СЕРТИФИКАТ | ||
1. Импорттаушы (елі, мекенжайы және телефоны) БСН (ЖСН) | 2. Түпкілікті пайдаланушы (елі, мекенжайы және телефоны) БСН (ЖСН) | |
3. Экспорттаушы (ел, мекен-жайы) | ||
4. Өзіңдік ерекшелігі бар тауардың орнатылатын және (немесе) пайдаланылатын орны | 5. Өзіндік ерекшелігі бар тауарды пайдалану мақсаты: | |
6. Тауардың атауы және сипаттамасы | 7. Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің бірыңғай тауар номенклатурасының он таңбалы коды | 8. Тауардың бақылау тізімдері бойынша коды |
9.Өлшем бірлігі | 10.Саны | |
11. Сыртқы сауда келісімінің (келісімшартының) немесе өзге де иеліктен шығару құжатының нөмірі, күні | ||
12. Осы арқылы 6-бағанда көрсетілген өзіндік ерекшелігі бар тауарлардың 5-бағанда көрсетілген мақсаттарда пайдаланылатыны және үшінші елдерге қайта экспортталмайтыны, сондай-ақ үшінші тұлғаларға берілмейтіні, экспорттаушы елдің (немесе) шыққан елдің құзыретті органының және Қазақстан Республикасының уәкілетті органының рұқсатынсыз қолданылмайтыны расталады. | ||
2 нысан
ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ИМПОРТТЫҚ СЕРТИФИКАТ
№ СЕРТИФИКАТ | ||
1. Импорттаушы (елі, мекенжайы және телефоны) БСН (ЖСН) | ||
2. Экспорттаушы (ел, мекен-жайы) | ||
3. Ерекше тауардың атауы | 4. Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің бірыңғай тауар номенклатурасының он таңбалы коды | 5. Тауардың бақылау тізімдері бойынша коды |
6. Өлшем бірлігі | 7. Саны | |
8. Сыртқы сауда келісімінің (келісімшартының) немесе өзге де иеліктен шығару құжатының нөмірі, күні | ||
9. Осымен 3-бағанда көрсетілген өзіңдік ерекшелігі бар тауарлардың Қазақстан Республикасына импортталатыны және экспорттаушы елдің және (немесе) шығарылған елдің құзыретті органының және Қазақстан Республикасының уәкілетті органының рұқсатынсыз үшінші елдерге және үшінші тұлғаларға берілмейтіні расталады. | ||
10. Қазақстан Республикасының өзіндік ерекшелігі бар тауарларды бақылау жөніндегі уәкілетті органы | ||



