ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Осы бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 4 т. қараңыз
БҰЙЫРАМЫН:
1. "Қазақстан Республикасының халықаралық қатынастағы автомобильмен тасымалдауларында рұқсат беру жүйесін қолдану қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің м.а. 2015 жылғы 27 наурыздағы № 353 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11704 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының халықаралық қатынастағы автомобильмен тасымалдауларында рұқсат беру жүйесін қолдану қағидаларында (бұдан әрі – Қағидалар):
56-1 – тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"56-1. Осы Қағидалардың 51 тармағының екінші бөлігінің және 54 тармағының талаптары:
1) Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерде тіркелген тасымалдаушыларға, егер Қазақстан Республикасының аумағынан/аумағына жүктерді тасымалдауды отандық рұқсаттардың түпнұсқасын немесе алдыңғы тасымалдаушының отандық рұқсатының көшірмесін бере отырып, үзбелі бөліктің түпнұсқасын ұсынған кезде қайта тиеу (тиеу/түсіру) және (немесе) тартқышты ауыстыру (қайта тіркеу) арқылы бірнеше тасымалдаушы дәйекті түрде орындаған жағдайда;
2) Еуразиялық экономикалық одаққа мүше болып табылмайтын мемлекеттерде тіркелген тасымалдаушыларға, егер Қазақстан Республикасының аумағынан/аумағына жүктерді тасымалдауды отандық рұқсаттардың түпнұсқасын немесе алдыңғы тасымалдаушының отандық рұқсатының көшірмесін бере отырып, үзбелі бөліктің түпнұсқасын ұсынған кезде қайта тиеу (тиеу/түсіру) және (немесе) тартқышты ауыстыру (қайта тіркеу) арқылы бірнеше тасымалдаушы дәйекті түрде, бірақ Еуразиялық экономикалық одақ аумағының шегінен тыс қайта тиеу (тиеу/түсіру) және (немесе) тартқышты ауыстыру (қайта тіркеу) арқылы жүзеге асырған жағдайда қолданылмайды.".
2. Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің Автомобиль көлігі және көліктік бақылау комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Көлік вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі және Қағидалардың 56-1-тармағы 2027 жылғы 1 қаңтарға дейін қолданыста болады деп белгіленсін.
|
Қазақстан Республикасының Көлік министрі |
Н. Сауранбаев |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Сауда және интеграция министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігі