ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Осы шешім 01.01.2026 бастап қолданысқа енгізіледі.
"Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына сәйкес, Мақтаарал аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. "Мақтаарал ауданында бөлшек салықтың арнаулы салық режимін қолдану кезінде салық мөлшерлемесінің мөлшерін төмендету туралы" Мақтаарал аудандық мәслихатының 2024 жылғы 29 наурыздағы №14-94-VIII (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №6504-13 болып тіркелген) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
2. Осы шешім 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға жатады.
| Мақтаарал аудандық мәслихатының төрағасы | К. Сарсекбаев |