"Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 27-бабына сәйкес Арыс қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес Арыс қалалық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Арыс қалалық мәслихат төрағасы | К. Ахметов |
| Арыс қалалық мәслихаты 2025 жылғы 29 желтоқсандағы № 42/240-VІІІ шешіміне қосымша |
Арыс қалалық мәслихатының күші жойылды деп танылған кейбір шешімдерінің тізбесі
1. Арыс қалалық мәслихатының 2022 жылғы 15 қарашадағы №29/153-VІІ "Арыс қаласы бойынша тұрғын үй сертификаттарының мөлшері мен оларды алушылар санаттарының тізбесін айқындау туралы" (Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде №30577 болып тiркелген);
2. Арыс қалалық мәслихатының 2023 жылғы 28 қыркүйектегі №8/52-VIІІ "Арыс қалалық мәслихатының 2022 жылғы 15 қарашадағы №29/153-VІІ "Арыс қаласы бойынша тұрғын үй сертификаттарының мөлшері мен оларды алушылар санаттарының тізбесін айқындау туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №6367-13 болып тіркелген);
3. Арыс қалалық мәслихатының 2024 жылғы 23 желтоқсандағы №27/157-VІІІ "Арыс қалалық мәслихатының 2022 жылғы 15 қарашадағы №29/153-VІІ "Арыс қаласы бойынша тұрғын үй сертификаттарының мөлшері мен оларды алушылар санаттарының тізбесін айқындау туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №6634-13 болып тіркелген).