"Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 27-бабына сәйкес Атырау облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Атырау облысының аумағында бұқаралық ақпарат құралдарында мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу үшін сатып алынатын көрсетілетін қызметтердің құнын айқындау әдістемесін бекіту туралы" Атырау облысы әкімдігінің 2022 жылғы 24 наурыздағы № 58 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 27205 тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
2. "Атырау облысы Ішкі саясат басқармасы" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте қамтамасыз етсін:
1) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы қаулыға қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі көшірмелерін электронды түрде "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Атырау облысы бойынша филиалына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жолдауды;
3) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Атырау облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Атырау облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Атырау облысы әкімінің міндетін атқарушы |
М. Мурзиев |