Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданы мәслихатының 2024 жылғы 5 сәуірдегі № 16/1 "Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданында тұрғын үй көмегін көрсету мөлшері мен тәртібін айқындау туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданы мәслихатының 2025 жылғы 25 сәуірдегі № 29/5 шешімі. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2025 жылғы 29 сәуірде № 7903-15 болып тіркелді

      Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданы мәслихатының 2024 жылғы 5 сәуірдегі № 16/1 "Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданында тұрғын үй көмегін көрсету мөлшері мен тәртібін айқындау туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7744-15 болып тіркелген) шешіміне мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген шешімнің 1-қосымшасында:

      7-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "7. Тұрғын үй көмегін тағайындау үшін көрсетілетін қызметті алушы (не нотариалдық куәландырылған сенімхат бойынша оның өкілі) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамына (бұдан әрі - Мемлекеттік корпорация) және/немесе "электрондық үкімет" веб-порталына мынадай құжаттарды ұсына отырып жүгінеді:

      1) Мемлекеттік корпорацияға:

      Қағидалардың 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша өтініш;

      өтініш берушінің жеке басын куәландыратын құжат немесе цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін);

      отбасының кірісін растайтын құжаттар (тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алынатын мәліметтерді қоспағанда);

      жұмыс орнынан анықтама немесе жұмыссыз тұлға ретінде тіркелгені туралы анықтама (тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алынатын мәліметтерді қоспағанда);

      балаларға және басқа да асырауындағы адамдарға алынатын алименттер туралы мәліметтер;

      банктік шот;

      тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға арналған ай сайынғы жарналардың мөлшері туралы шоттар;

      коммуналдық қызметтерді тұтыну шоттары;

      телекоммуникация қызметтері үшін түбіртек-шот немесе байланыс қызметтерін көрсетуге арналған шарттың көшірмесі;

      жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйді пайдаланғаны үшін жергілікті атқарушы орган берген жалдау ақысының мөлшері туралы шот;

      2) "электрондық үкімет" веб-порталына:

      көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салу;

      отбасының кірісін растайтын құжаттардың электрондық көшірмесі;

      жұмыс орнынан анықтаманың немесе жұмыссыз тұлға ретінде тіркелгені туралы анықтаманың электрондық көшірмесі;

      балаларға және асырауындағы басқа да адамдарға алименттер туралы мәліметтердің электрондық көшірмесі;

      банктік шоттың электрондық көшірмесі;

      тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға арналған ай сайынғы жарналардың мөлшері туралы шоттың электрондық көшірмесі;

      коммуналдық қызметтерді тұтыну шотының электрондық көшірмесі;

      телекоммуникация қызметтері үшін түбіртек-шоттың электрондық көшірмесі немесе байланыс қызметтерін көрсетуге арналған шарттың көшірмесі;

      жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйді пайдаланғаны үшін жергілікті атқарушы орган берген жалдау ақысының мөлшері туралы шоттың электрондық көшірмесі.

      Осы тармақта көзделмеген құжаттарды талап етуге жол берілмейді. Көрсетілетін қызметті беруші өздеріне меншік құқығында тиесілі тұрғын үйдің (Қазақстан Республикасы бойынша) болуы немесе болмауы туралы мәліметтерді ақпараттық жүйелер арқылы алады.

      Қайта жүгінген кезде көрсетілетін қызметті алушы (немесе нотариалдық куәландырылған сенімхат бойынша оның өкілі) Қағидалардың 11-тармағында көзделгенді қоспағанда, жүгінгенге дейін өткен тоқсан үшін отбасының табысы туралы растайтын құжаттарды және коммуналдық шығыстарға арналған шоттарды ғана ұсынады.

      Мемлекеттік корпорация арқылы құжаттарды қабылдау кезінде көрсетілетін қызметті алушыға тиісті құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат беріледі.

      Портал арқылы жүгінген кезде көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" тұрғын үй көмегін тағайындау туралы өтініштің қабылданғаны туралы мәртебе, сондай-ақ мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін алу күні мен уақыты көрсетілген хабарлама жіберіледі.

      Құжаттарды қарау және тұрғын үй көмегін көрсету туралы шешім қабылдау немесе көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап беру мерзімі Мемлекеттік корпорациядан немесе "электрондық үкімет" веб-порталынан құжаттардың толық топтамасын алған күннен бастап 6 (алты) жұмыс күнін құрайды.

      Тұрғын үй көмегін тағайындау туралы шешімді немесе қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді көрсетілетін қызметті беруші қабылдайды.

      Тұрғын үй көмегін тағайындау туралы хабарлама немесе тағайындаудан бас тарту туралы дәлелді жауап Мемлекеттік корпорацияға немесе "жеке кабинетке" электрондық құжат түрінде жіберіледі.";

      11-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "11. Көрсетілетін қызметті алушыларға тұрғын үй көмегін төлеуді көрсетілетін қызметті беруші есептелген сомаларды тұрғын үй көмегін алушылардың жеке шоттарына екінші деңгейдегі банктер, банк операцияларының тиісті түрлеріне қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның лицензиясы бар ұйымдар, "Қазпошта" акционерлік қоғамының аумақтық бөлімшелері арқылы аудару жолымен жүзеге асырады.

      Шоттарға ақшалай сомаларды аудару көрсетілетін қызметті берушімен ай сайын өткен айға жүргізіледі.".

      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданы
мәслихатының төрағасы
К. Жангужинов

О внесении изменений в решение маслихата района Шал акына Северо - Казахстанской области от 5 апреля 2024 года № 16/1 "Об определении размера и порядка оказания жилищной помощи в районе Шал акына Северо-Казахстанской области"

Решение маслихата района Шал акына Северо-Казахстанской области от 25 апреля 2025 года № 29/5. Зарегистрировано Департаментом юстиции Северо-Казахстанской области 29 апреля 2025 года № 7903-15

      Маслихат района Шал акына Северо-Казахстанской области РЕШИЛ:

      1. Внести в решение маслихата района Шал акына Северо-Казахстанской области от 5 апреля 2024 года № 16/1 "Об определении размера и порядка оказания жилищной помощи в районе Шал акына Северо-Казахстанской области" (зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 7744-15) следующие изменения:

      в приложении 1 указанного решения:

      пункт 7 изложить в новой редакции:

      "7. Для назначения жилищной помощи услугополучатель (либо его представитель по нотариально заверенной доверенности) обращается в Некоммерческое акционерное общество "Государственная корпорация "Правительство для граждан" (далее – Государственная корпорация) и/или на веб-портал "электронного правительства" с предоставлением следующих документов:

      1) в Государственную корпорацию:

      заявление по форме согласно приложению 1 к Правилам;

      документ, удостоверяющий личность, либо электронный документ из сервиса цифровых документов (для идентификации личности);

      документы, подтверждающие доходы семьи (за исключением сведений получаемых из соответствующих государственных информационных систем);

      справка с места работы либо справка о регистрации в качестве безработного лица (за исключением сведений получаемых из соответствующих государственных информационных систем);

      сведения об алиментах на детей и других иждивенцев;

      банковский счет;

      счета о размерах ежемесячных взносов на содержание жилого дома (жилого здания);

      счета на потребление коммунальных услуг;

      квитанцию-счет за услуги телекоммуникаций или копия договора на оказание услуг связи;

      счет о размере арендной платы за пользование жилищем, арендованным местным исполнительным органом в частном жилищном фонде, предъявленный местным исполнительным органом;

      2) на веб-портал "электронного правительства":

      запрос в форме электронного документа, удостоверенный электронной цифровой подписью (далее – ЭЦП) услугополучателя;

      электронная копия документов, подтверждающих доходы семьи;

      электронная копия справки с места работы либо справка о регистрации в качестве безработного лица;

      электронная копия сведений об алиментах на детей и других иждивенцев;

      электронная копия банковского счета;

      электронная копия счета о размерах ежемесячных взносов на содержание жилого дома (жилого здания);

      электронная копия счета на потребление коммунальных услуг;

      электронная копия квитанции-счета за услуги телекоммуникаций или копию договора на оказание услуг связи;

      электронная копия счета о размере арендной платы за пользование жилищем, арендованным местным исполнительным органом в частном жилищном фонде, предъявленного местным исполнительным органом.

      Истребование документов, не предусмотренных настоящим пунктом, не допускается. Сведения о наличии или отсутствии жилища (по Республике Казахстан), принадлежащего им на праве собственности, услугодатель получает посредством информационных систем.

      При повторном обращении услугополучатель (либо его представитель по нотариально заверенной доверенности) представляет только подтверждающие документы о доходах семьи и счета на коммунальные расходы за истекший квартал перед обращением, за исключением, предусмотренного пунктом 11 Правил.

      При приеме документов через Государственную корпорацию услугополучателю выдается расписка о приеме соответствующих документов.

      При обращении через портал, услугополучателю в "личный кабинет" направляются статус о принятии запроса на назначение жилищной помощи, а также уведомление с указанием даты и времени получения результата государственной услуги.

      Срок рассмотрения документов и принятия решения о предоставлении жилищной помощи либо мотивированный ответ об отказе со дня принятия полного комплекта документов от Государственной корпорации либо через веб-портал "электронного правительства" составляет 6 (шесть) рабочих дней.

      Решение о назначении жилищной помощи либо мотивированный ответ об отказе в предоставлении услуги принимается услугодателем.

      Уведомление о назначении либо мотивированный ответ об отказе в назначении жилищной помощи направляется в Государственную корпорацию или "личный кабинет" в виде электронного документа.";

      пункт 11 изложить в новой редакции:

      "11. Выплата жилищной помощи услугополучателям осуществляется услугодателем через банки второго уровня, организации, имеющие лицензии уполномоченного органа по регулированию, контролю и надзору финансового рынка и финансовых организаций на соответствующие виды банковских операций, территориальные подразделения акционерного общества "Казпочта" путем перечисления начисленных сумм на лицевые счета получателей жилищной помощи.

      Перечисление денежных сумм на счета производится услугодателем ежемесячно за истекший месяц.".

      2. Настоящее решение вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Председатель маслихата района Шал акына Северо-Казахстанской области К. Жангужинов