Қазақстан Республикасының "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27-бабы 1-тармағына сәйкес, Май ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Май ауданы әкімдігінің "Жайылымдарды геоботаникалық зерттеп-қарау негізінде Май ауданы бойынша жайылым айналымдарының схемасын бекіту туралы" 2019 жылғы 26 ақпандағы № 49/2 қаулысының күші жойылды деп танылсын (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6269 болып тіркелді).
2. Осы қаулының орындалуын бақылауды аудан әкімінің орынбасары Ә.Т.Сыздыкбаевқа жүктелсін.
3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Май ауданының әкімі | К. Сатиев |