Баянауыл аудандық мәслихатының 2024 жылғы 31 шілдедегі № 193/21 "Баянауыл ауданы бойынша тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Павлодар облысы Баянауыл аудандық мәслихатының 2025 жылғы 27 қарашадағы № 367/39 шешімі. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2025 жылғы 28 қарашада № 37499 болып тіркелді

      Баянауыл аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Баянауыл аудандық мәслихатының 2024 жылғы 31 шілдедегі № 193/21 "Баянауыл ауданы бойынша тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау туралы" шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7575-14 болып тіркелген) келесі өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген шешімнің тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын:

      "Баянауыл ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің қағидалары мен мөлшерін айқындау туралы";

      көрсетілген шешімнің 1-тармағы жаңа редакцияда жазылсын:

      "Баянауыл ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің қағидалары мен мөлшері осы шешімнің 1-қосымшасына сәйкес айқындалсын.";

      көрсетілген шешіммен бекітілген Баянауыл ауданы бойынша тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібінде:

      тақырып жаңа редакцияда жазылсын:

      "Баянауыл ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің қағидалары мен мөлшері";

      4-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "4. Тұрғын үй көмегінің мөлшерін көрсетілетін қызметті беруші мынадай нормалар шегінде есептейді:

      1) тұтынушылар үшін газбен жабдықтау жөніндегі коммуналдық қызметті тұтыну нормалары бір адамға он бес текше метрден аспайды;

      2) табиғи монополиялар саласындағы қызметті реттейтін өңірлік уәкілетті орган белгілеген нормаларға сәйкес тұтынушы үшін электрмен жабдықтау қызметін тұтыну нормалары;

      3) тұтынушы үшін сумен жабдықтау және (немесе) су бұру қызметтерінің нормалары:

      бір адамға төрт текше метрден аспайтын суық су;

      бір адамға екі текше метрден аспайтын ыстық су;

      4) тұтынушыларға арналған жылумен жабдықтау қызметін тұтыну нормалары бір адамға айына нөл бүтін жиырма бес мың гигакалориядан аспайды;

      5) қатты тұрмыстық қалдықтарды жинау және әкету (қоқыс шығару) бір адамға алты жүз елу теңгеден аспайды;

      6) лифттерге қызмет көрсету бір пәтерге мың үш жүз теңгеден аспайды;

      7) телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемді ұлғайту бөлігінде байланыс қызметтері бір абонент үшін мың үш жүз тоқсан тоғыз теңгеден аспайды;

      8) кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға, оның ішінде кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге бір шаршы метр үшін алпыс теңгеден аспайтын шығыстар;

      9) мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйді пайдаланғаны үшін жалдау ақысы бір шаршы метр үшін жүз жиырма теңгеден аспайды;

      10) бір адамға арналған шаршы нормасы бір адамға он сегіз шаршы метр пайдалы алаң, бірақ жалғыз тұратын адам үшін нақты алынатын алаң отыз шаршы метрден аспайды.";

      11-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "11. Құжаттарды қарау және тұрғын үй көмегін көрсету туралы шешім қабылдау немесе көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап беру мерзімі Мемлекеттік корпорациядан немесе "электрондық үкімет" веб-порталынан құжаттардың толық топтамасын алған күннен бастап 6 (алты) жұмыс күнін құрайды.".

      2. "Баянауыл аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы шешімді Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы шешімді оны ресми жариялағаннан кейін Баянауыл аудандық мәслихатының интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылау Баянауыл аудандық мәслихатының тұрақты комиссиясына жүктелсін.

      4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Баянауыл аудандық мәслихатының төрағасы Р. Мукашев

О внесении изменений в решение Баянаульского районного маслихата от 31 июля 2024 года № 193/21 "Об определении размера и порядка оказания жилищной помощи по Баянаульскому району"

Решение Баянаульского районного маслихата Павлодарской области от 27 ноября 2025 года № 367/39. Зарегистрировано в Министерстве юстиции Республики Казахстан 28 ноября 2025 года № 37499

      Баянаульский районный маслихат РЕШИЛ:

      1. Внести в решение Баянаульского районного маслихата от 31 июля 2024 года № 193/21 "Об определении размера и порядка оказания жилищной помощи по Баянаульскому району" (зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 7575-14) следующие изменения:

      заголовок указанного решения изложить в новой редакции:

      "Об определении правил и размера оказания жилищной помощи в Баянаульском районе";

      пункт 1 указанного решения изложить в новой редакции:

      "1. Определить правила и размер оказания жилищной помощи в Баянаульском районе согласно приложению 1 к настоящему решению.";

      в размере и порядке оказания жилищной помощи по Баянаульскому району, утвержденных указанным решением:

      заголовок изложить в новой редакции:

      "Правила и размер оказания жилищной помощи в Баянаульском районе";

      пункт 4 изложить в новой редакции:

      "4. Размер жилищной помощи рассчитывается услугодателем, в пределах следующих норм:

      1) нормы потребления коммунальной услуги по газоснабжению для потребителей не более пятнадцати кубических метров на человека;

      2) нормы потребления услуги электроснабжения для потребителя в соответствии нормам, установленным региональным уполномоченным органом, регулируемым деятельность в сфере естественных монополий;

      3) нормы услуг водоснабжения, и (или) водоотведения для потребителя:

      холодная вода не более четырех метров кубических на человека;

      горячая вода не более двух метров кубических на человека;

      4) нормы потребления услуги теплоснабжения для потребителей не более ноль целых двадцать пять тысячных гигакалории на человека в месяц;

      5) сбор и вывоз твердых бытовых отходов (мусороудаление) не более шестьсот пятидесяти тенге на человека;

      6) обслуживание лифтов не более тысячу триста тенге за квартиру;

      7) услуги связи в части увеличения абонентской платы за телефон, подключенный к сети телекоммуникаций не более тысячу триста девяносто девяти тенге за абонент;

      8) расходов на управление объектом кондоминиума и содержание общего имущества объекта кондоминиума, в том числе капитальный ремонт общего имущества объекта кондоминиум не более шестидесяти тенге за квадратный метр;

      9) арендная плата за пользованием жилищем из государственного жилищного фонда не более ста двадцати тенге за квадратный метр;

      10) норма квадратуры на человека восемнадцать квадратных метров полезной площади на человека, но не более фактически занимаемой площади, для одиноко проживающего не более тридцати квадратных метров.";

      пункт 11 изложить в новой редакции:

      "11. Срок рассмотрения документов и принятия решения о предоставлении жилищной помощи либо мотивированный ответ об отказе со дня принятия полного комплекта документов от Государственной корпорации либо через веб-портал "электронного правительства" составляет 6 (шесть) рабочих дней.".

      2. Государственному учреждению "Аппарат Баянаульского районного маслихата" в установленном законодательством порядке обеспечить:

      1) государственную регистрацию настоящего решения в Министерстве юстиции Республики Казахстан;

      2) размещение настоящего решения на интернет-ресурсе Баянаульского районного маслихата после его официального опубликования.

      3. Контроль за исполнением настоящего решения возложить на постоянную комиссию Баянаульского районного маслихат

      4. Настоящее решение вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Председатель Баянаульского районного маслихата Р. Мукашев