Қазақстан Республикасының "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27-бабына сәйкес, Павлодар облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Павлодар облыстық мәслихаттың кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын:
1) "Павлодар облысы бойынша қоршаған ортаға теріс әсер ету үшін төлемақы мөлшерлемелері туралы" Павлодар облыстық мәслихатының 2019 жылғы 14 маусымдағы № 350/31 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6425 болып тіркелген);
2) "Павлодар облыстық мәслихатының 2019 жылғы 14 маусымдағы "Павлодар облысы бойынша қоршаған ортаға эмиссиялар үшін төлемақы мөлшерлемелері туралы" № 350/31 шешіміне өзгерістер енгізу туралы" Павлодар облыстық мәслихатының 2022 жылғы 14 сәуірдегі № 146/12 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 27646 болып тіркелген).
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Павлодар облыстық мәслихатының төрағасы | И. Теренченко |