Сарыкөл аудандық мәслихатының 2024 жылғы 18 сәуірдегі № 166 "Сарыкөл ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Қостанай облысы Сарыкөл ауданы мәслихатының 2025 жылғы 22 қазандағы № 338 шешімі. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2025 жылғы 29 қазанда № 37256 болып тіркелді

      Сарыкөл аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Мәслихаттың "Сарыкөл ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау туралы" 2024 жылғы 18 сәуірдегі № 166 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10184-10 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген шешімнің тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Сарыкөл ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен Қағидаларын бекіту туралы";

      көрсетілген шешімнің 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Сарыкөл ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен Қағидалары осы шешімнің қосымшасына сәйкес бекітілсін.";

      көрсетілген шешім қосымшасының тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Сарыкөл ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен Қағидалары";

      көрсетілген шешім қосымшасының 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Тұрғын үй көмегі кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға, оның ішінде кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге жұмсалатын шығыстарды, коммуналдық қызметтерді және телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының өсуі бөлігінде байланыс қызметтерін тұтынуға, мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілген тұрғынжайды және жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғынжайды пайдаланғаны үшін шығыстарды төлеу сомасы мен көрсетілетін қызметті алушылардың осы мақсаттарға жұмсайтын шығыстарының шекті жол берілетін деңгейінің арасындағы айырма ретінде айқындалды.

      Көрсетілетін қызметті алушының жиынтық кірісіне шығыстарының шекті жол берілетін деңгейі 5 (бес) процент мөлшерінде айқындалды.";

      көрсетілген шешім қосымшасының 7-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "7. Тұрғын үй көмегі көрсетілген қызметті алушыларға кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға, оның ішінде кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге жеткізушілер ұсынған ай сайынғы жарналар туралы шоттарға және шығыстар сметасына сәйкес бюджет қаражаты есебінен көрсетіледі.

      Тұрғын үй көмегінің мөлшерін көрсетілетін қызметті беруші Қағидалардың 4-1-тармағына сәйкес есептейді.".

      2. "Сарыкөл аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы шешімді Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы шешімді ресми жарияланғаннан кейін Сарыкөл аудандық мәслихатының интернет – ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сарыкөл аудандық мәслихатының төрағасы Д. Абжамалов

О внесении изменений в решение Сарыкольского районного маслихата от 18 апреля 2024 года № 166 "Об определении размера и порядка оказания жилищной помощи в Сарыкольском районе"

Решение маслихата Сарыкольского района Костанайской области от 22 октября 2025 года № 338. Зарегистрировано в Министерстве юстиции Республики Казахстан 29 октября 2025 года № 37256

      Сарыкольский районный маслихат РЕШИЛ:

      1. Внести в решение маслихата "Об определении размера и порядка оказания жилищной помощи в Сарыкольском районе" от 18 апреля 2024 года № 166 (зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 10184-10) следующие изменения:

      заголовок указанного решения изложить в следующей редакции:

      "Об утверждении размера и Правил оказания жилищной помощи в Сарыкольском районе";

      пункт 1 указанного решения изложить в следующей редакции:

      "1. Утвердить размер и Правила оказания жилищной помощи в Сарыкольском районе согласно приложению к настоящему решению.";

      заголовок приложения к указанному решению изложить в следующей редакции:

      "Размер и Правила оказания жилищной помощи в Сарыкольском районе";

      пункт 4 приложения к указанному решению изложить в следующей редакции:

      "4. Жилищная помощь определяется как разница между суммой оплаты расходов на управление объектом кондоминиума и содержание общего имущества объекта кондоминиума, в том числе капитальный ремонт общего имущества объекта кондоминиума, потребление коммунальных услуг и услуг связи в части увеличения абонентской платы за телефон, подключенный к сети телекоммуникаций, пользование жилищем из государственного жилищного фонда и жилищем, арендованным местным исполнительным органом в частном жилищном фонде, и предельно допустимым уровнем расходов услугополучателя на эти цели.

      Предельно допустимый уровень расходов к совокупному доходу услугополучателя установлен в размере 5 (пяти) процентов.";

      пункт 7 приложения к указанному решению изложить в следующей редакции:

      "7. Жилищная помощь оказывается по предъявленным поставщиками счетам о ежемесячных взносах на управление объектом кондоминиума и содержание общего имущества объекта кондоминиума, в том числе капитальный ремонт общего имущества объекта кондоминиума согласно смете расходов и счетам на оплату коммунальных услуг за счет бюджетных средств услугополучателям.

      Размер жилищной помощи рассчитывается услугодателем в соответствии с пунктом 4-1 Правил.".

      2. Государственному учреждению "Аппарат Сарыкольского районного маслихата" в установленном законодательством порядке обеспечить:

      1) государственную регистрацию настоящего решения в Министерстве юстиции Республики Казахстан;

      2) размещение настоящего решения на интернет – ресурсе Сарыкольского районного маслихата после официального опубликования.

      3. Настоящее решение вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Председатель Сарыкольского районного маслихата Д. Абжамалов