"Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына сәйкес Амангелді ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:
1) "Амангелді ауданы жергілікті атқарушы органдарының "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалау әдістемесін бекіту туралы" Амангелді ауданы әкімдігінің 2018 жылғы 6 сәуірдегі № 30 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7705 болып тіркелген);
2) "Әкімдіктің 2018 жылғы 6 сәуірдегі № 30 "Амангелді ауданы жергілікті атқарушы органдарының "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалау әдістемесін бекіту туралы" қаулысына өзгерістер енгізу туралы" Амангелді ауданы әкімдігінің 2020 жылғы 17 сәуірдегі № 76 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9141 болып тіркелген).
2. "Амангелді ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1) осы қаулының Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы қаулыны оның ресми жарияланғанынан кейін Амангелді ауданы әкімдігінің интернет - ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Амангелді ауданы әкімі аппаратының басшысына жүктелсін.
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Амангелді ауданының әкімі | К. Кеделбаев |