Қостанай қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Қостанай қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Қостанай қаласы әкімдігі мен Қостанай қалалық мәслихатының "Қостанай қаласы азаматтарының жекелеген санаттарына қалалық және қала маңындағы қоғамдық көлікте (таксиден басқа) жол жүру үшін жеңілдіктер белгілеу туралы" 2022 жылғы 11 шілдедегі № 1441 және 2022 жылғы 11 шілдедегі № 130 бірлескен қаулысына және шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 28843 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бірлескен қаулы мен шешімнің 1-тармағы жаңа редакцияда жазылсын:
"1. Қостанай қаласы азаматтарының келесі санаттарына қалалық және қала маңындағы қоғамдық көлікте (таксиден басқа) тегін жол жүру түріндегі жеңілдік белгіленсін:
1) Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектігі бар адамдарға;
2) басқа мемлекеттердің аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлеріне;
3) жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне теңестірілген ардагерлерге;
4) он сегіз жасқа дейінгі мүгедектігі бар балаларға;
5) "Алтын алқа" және "Күміс алқа" алқаларымен наградталған немесе бұрын "Батыр ана" атағын алған, сондай-ақ I және II дәрежелі "Ана даңқы" ордендерімен наградталған көпбалалы аналарға;
6) бірінші және екінші топтағы мүгедектігі бар адамдарға;
7) он сегіз жасқа толмаған мүгедектігі бар балаларды алып жүретін адамдарға;
8) егер олар жеке орын алмаса, жеті жасқа дейінгі балаларға.";
көрсетілген бірлескен қаулы мен шешімнің мемлекеттік тілдегі 2-1-тармағы жаңа редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтіні өзгермейді:
"2-1. Қостанай қаласы азаматтарының келесі санаттарына қалалық және қала маңындағы қоғамдық көлікте (таксиден басқа) жол жүру үшін бекітілген тариф құнының 50% мөлшерінде жеңілдікпен жол жүру белгіленсін:
1) 7 жастан 15 жасқа дейінгі балаларға;
2) 15 жастан 18 жасқа дейінгі адамдарға.".
2. Осы бірлескен қаулы және шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қостанай қаласының әкімі | М. Жундубаев |
Қостанай қалалық мәслихатының төрағасы | О. Байгабулов |