"Қостанай қаласы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы " Қостанай қаласы әкімдігінің 2025 жылғы 20 қазандағы № 1659 қаулысына толықтырулар енгізу туралы

Қостанай облысы Қостанай қаласы әкімдігінің 2025 жылғы 10 желтоқсандағы № 2072 қаулысы

      Қостанай қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Қостанай қаласы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы Ережені бекіту туралы" Қостанай қаласы әкімдігінің 2025 жылғы 20 қазандағы № 1659 қаулысына мынадай толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген "Қостанай қаласы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы Ережеде:

      14 тармақ мынадай мазмұндағы 9-1), 9-2), 9-3), 9-4), 9-5) тармақшалармен толықтырылсын:

      "9-1) дене шынықтыру-сауықтыру және спорт ғимараттарының тізілімін жүргізу;

      9-2) халық үшін спорт секцияларының жұмысын қамтамасыз ету және спорттық іс-шараларды өткізу мақсатында білім беру ұйымдарының спорт құрылысжайларын сабақтан тыс және кешкі уақытта пайдалану жөнінде шаралар қабылдау;

      9-3) бюджет қаражатының көлемдері шегінде балалар мен жасөспірімдерге арналған спорт секцияларын қаржыландыруға мемлекеттік спорттық тапсырысты бекіту;

      9-4) мемлекеттік спорттық тапсырыстың көрсетілетін қызметтерін берушілердің меншік нысанына, ведомстволық бағыныстылығына, типтері мен түрлеріне қарамастан, балалар мен жасөспірімдерге арналған спорт секцияларында мемлекеттік спорттық тапсырысты орналастыруды қамтамасыз ету;

      9-5) мемлекеттік спорттық тапсырысты орналастырудың, оның сапасын бақылаудың және мақсатты игерілуінің барлық кезеңі мен рәсімдерінің электрондық және жалпыға қолжетімді форматтарда орындалуын қамтамасыз ету.".

      2. "Қостанай қаласы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы қаулыға қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күн ішінде оның көшірмесін электрондық түрде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Қостанай облысы бойынша "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорынының филиалына жіберуді;

      2) осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін оны Қостанай қаласы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қостанай қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Әкім М. Жүндібаев

О внесении дополнений в постановление акимата города Костаная от 20 октября 2025 года № 1659 "Об утверждении Положения о государственном учреждении "Отдел физической культуры и спорта акимата города Костаная"

Постановление акимата города Костаная Костанайской области от 10 декабря 2025 года № 2072

      Акимат города Костаная ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Внести в постановление акимата города Костаная от 20 октября 2025 года № 1659 "Об утверждении Положения о государственном учреждении "Отдел физической культуры и спорта акимата города Костаная" следующие дополнения:

      в Положении о государственном учреждении "Отдел физической культуры и спорта акимата города Костаная", утвержденном указанным постановлением:

      пункт 14 дополнить подпунктами 9-1), 9-2), 9-3), 9-4), 9-5) следующего содержания:

      "9-1) ведение реестра физкультурно-оздоровительных и спортивных сооружений;

      9-2) принятие мер по использованию во внеурочное и вечернее время спортивных сооружений организаций образования в целях обеспечения работы спортивных секций для населения и проведения спортивных мероприятий;

      9-3) утверждение государственного спортивного заказа на финансирование спортивных секций для детей и юношества в пределах объемов бюджетных средств;

      9-4) обеспечение размещения государственного спортивного заказа в спортивных секциях для детей и юношества независимо от форм собственности поставщиков услуг государственного спортивного заказа, их ведомственной подчиненности, типов и видов;

      9-5) обеспечение исполнение всех этапов и процедур размещения, контроля качества и целевого освоения государственного спортивного заказа в электронном и общедоступном форматах.".

      2. Государственному учреждению "Отдел физической культуры и спорта акимата горда Костаная" в установленном законодательством Республики Казахстан порядке обеспечить:

      1) в течение пяти рабочих дней со дня подписания настоящего постановления направление в филиал Республиканского государственного предприятия на праве хозяйственного ведения "Институт законодательства и правовой информации Республики Казахстан" Министерства юстиции Республики Казахстан по Костанайской области для официального опубликования и включения в Эталонный контрольный банк нормативных правовых актов Республики Казахстан;

      2) размещение настоящего постановления на интернет - ресурсе акимата города Костанай после его официального опубликования.

      3. Контроль за исполнением настоящего постановления возложить на курирующего заместителя акима города Костаная.

      4. Настоящее постановление вводится в действие со дня подписания.

      Аким М. Жундубаев