"Қарақия ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау туралы" Қарақия аудандық мәслихатының 2024 жылғы 28 наурыздағы №13/105 шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Маңғыстау облысы Қарақия аудандық мәслихатының 2025 жылғы 26 желтоқсандағы № 35/288 шешімі. Қазақстан Республикасының Әділет Министрлігінде 2025 жылғы 31 желтоқсанда № 37780 болып тіркелді

      Қарақия аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. "Қарақия ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау туралы" Қарақия аудандық мәслихатының 2024 жылғы 28 наурыздағы № 13/105 шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 4690-12 болып тіркелген) келесідей өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген шешімнің тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қарақия ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен Қағидаларын бекіту туралы";

      көрсетілген шешінің 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Қарақия ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен Қағидалары осы шешімнің 1-қосымшасына сәйкес бекітілсін.";

      көрсетілген шешіммен бекітілген Қарақия ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен Қағидаларында:

      тақырып мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қарақия ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен Қағидалары";

      4-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "4. Тұрғын үй көмегі кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға, оның ішінде кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге жұмсалатын шығыстарды, коммуналдық қызметтерді және телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының өсуі бөлігінде байланыс қызметтерін тұтынуға, мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілген тұрғынжайды және жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғынжайды пайдаланғаны үшін шығыстарды төлеу сомасы мен көрсетілетін қызметті алушының осы мақсаттарға жұмсайтын шығыстарының шекті жол берілетін деңгейінің арасындағы айырма ретінде айқындалады.

      Көрсетілетін қызмет алушының жиынтық кірісіне шығыстарының шекті жол берілетін деңгейі 5 (бес) пайыз мөлшерінде айқындалады.";

      7-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "7. Тұрғын үй көмегі көрсетілген қызметті алушыларға кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға, оның ішінде кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге жеткізушілер ұсынған ай сайынғы жарналар туралы шоттарға және шығыстар сметасына сәйкес бюджет қаражаты есебінен жүргізіледі.

      Тұрғын үй көмегінің мөлшерін көрсетілетін қызметті беруші Тұрғын үй көмегін көрсету қағидасының 4-1-тармағына сәйкес есептейді.".

      2. "Қарақия аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы шешімнің Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы шешімді мемлекеттік органның интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.


      3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қарақия аудандық мәслихатының төрағасы Ж. Қалаубай

О внесении изменений в решение Каракиянского районного маслихата от 28 марта 2024 года № 13/105 "Об определении размера и порядка оказания жилищной помощи в Каракиянском районе

Решение Каракиянского районного маслихата Мангистауской области от 26 декабря 2025 года № 35/288. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 31 декабря 2025 года № 37780

      Каракиянский районный маслихат РЕШИЛ:

      1. Внести в решение Каракиянского районного маслихата от 28 марта 2024 года № 13/105 "Об определении размера и порядка оказания жилищной помощи в Каракиянском районе" (зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 4690-12) следующие изменения:

      заголовок указанного решения изложить в следующей редакции:

      "Об определении размера и Правил оказания жилищной помощи в Каракиянском районе";

      пункт 1 указанного решения изложить в следующей редакции:

      "1. Утвердить размер и Правила оказания жилищной помощи в Каракиянском районе согласно приложению 1 к настоящему решению.";

      в размере и Порядке оказания жилищной помощи в Каракиянском районе, утвержденных указанным решением:

      заголовок изложить в следующей редакции:

      "Размер и Правила оказания жилищной помощи в Каракиянском районе";

      пункт 4 изложить в новой редакции:

      "4. Жилищная помощь определяется как разница между суммой оплаты расходов на управление объектом кондоминиума и содержание общего имущества объекта кондоминиума, в том числе капитальный ремонт общего имущества объекта кондоминиума, потребление коммунальных услуг и услуг связи в части увеличения абонентской платы за телефон, подключенный к сети телекоммуникаций, пользование жилищем из государственного жилищного фонда и жилищем, арендованным местным исполнительным органом в частном жилищном фонде, и предельно допустимым уровнем расходов услугополучателя на эти цели.

      Предельно допустимый уровень расходов к совокупному доходу услугополучателя установлен в размере пяти (5) процентов.";

      пункт 7 изложить в новой редакции:

      "7. Жилищная помощь оказывается по предъявленным поставщиками счетам о ежемесячных взносах на управление объектом кондоминиума и содержание общего имущества объекта кондоминиума, в том числе капитальный ремонт общего имущества объекта кондоминиума согласно смете расходов и счетам на оплату коммунальных услуг за счет бюджетных средств услугополучателям.

      Размер жилищной помощи рассчитывается услугодателем в соответствии с пунктом 4-1 Правил предоставления жилищной помощи.".

      2. Государственное учреждение "Аппарат Каракиянского районного маслихата" в порядке, установленном законодательством Республики Казахстан обеспечить:

      1) государственную регистрацию настоящего решения в Министерстве юстиции Республики Казахстан;

      2) размещение настоящего решения на интернет-ресурсе государственного органа.


      3. Настоящее решение вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Председатель Каракиянского районного маслихата Ж. Қалаубай