1. "Жаңаөзен қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің және жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардың "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесін бекіту туралы" Жаңаөзен қаласы әкімдігінің 2018 жылғы 20 наурыздағы №153 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3561 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.
| Жаңаөзен қаласының әкімі | Ж. Қайнарбаев |