Қарқаралы аудандық мәслихатының 2024 жылғы 16 мамырдағы № VIII-22/165 "Қарқаралы ауданында тұрғын үй көмегін көрсету мөлшері мен тәртібін айқындау туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Қарағанды облысы Қарқаралы аудандық мәслихатының 2025 жылғы 31 шілдедегі № VIII-40/309 шешімі. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2025 жылғы 6 тамызда № 36583 болып тіркелді

      Қарқаралы аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Қарқаралы аудандық мәслихатының 2024 жылғы 16 мамырдағы VIII-22/165 "Қарқаралы ауданында тұрғын үй көмегін көрсету мөлшері мен тәртібін айқындау туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №6599-09 болып тіркелген) шешіміне, келесі өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген шешіммен бекітілген Қарқаралы ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібінде:

      4 тармақ келесі редакцияда жазылсын:

      "4. Тұрғын үй көмегі кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға, оның ішінде кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге жұмсалатын шығыстарды, коммуналдық қызметтерді және телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының өсуі бөлігінде байланыс қызметтерін тұтынуға, мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілген тұрғынжайды және жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғынжайды пайдаланғаны үшін шығыстарды төлеу сомасы мен көрсетілетін қызметті алушылардың осы мақсаттарға жұмсайтын шығыстарының 4 (төрт) пайыз мөлшерінде белгілеген шекті жол берілетін деңгейінің арасындағы айырма ретінде айқындалады.";

      9 тармақ келесі редакцияда жазылсын:

      "9. Құжаттарды қарау және тұрғын үй көмегін көрсету туралы шешім қабылдау немесе көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап беру мерзімі Мемлекеттік корпорациядан немесе "электрондық үкімет" веб-порталынан құжаттардың толық топтамасын алған күннен бастап 6 (алты) жұмыс күнін құрайды.".

      2. "Қарқаралы аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы шешімнің "Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі" мемлекеттік мекемесінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы шешімді ресми жарияланғаннан кейін Қарқаралы аудандық мәслихатының интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қарқаралы аудандық мәслихатының төрағасы С. Оспанов

О внесении изменений в решение Каркаралинского районного маслихата от 16 мая 2024 года № VIII-22/165 "Об определении размера и порядка оказания жилищной помощи в Каркаралинском районе"

Решение Каркаралинского районного маслихата Карагандинской области от 31 июля 2025 года № VIII-40/309. Зарегистрировано в Министерстве юстиции Республики Казахстан 6 августа 2025 года № 36583

      Каркаралинский районный маслихат РЕШИЛ:

      1. Внести в решение Каркаралинского районного маслихата от 16 мая 2024 года № VIII-22/165 "Об определении размера и порядка оказания жилищной помощи в Каркаралинском районе" (зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за 6599-09) следующие изменения:

      в размере и порядке оказания жилищной помощи в Каркаралинском районе, утвержденных указанным решением:

      пункт 4 изложить в следующей редакции:

      "4. Жилищная помощь определяется как разница между суммой оплаты расходов на управление объектом кондоминиума и содержание общего имущества объекта кондоминиума, в том числе капитальный ремонт общего имущества объекта кондоминиума, потребление коммунальных услуг и услуг связи в части увеличения абонентской платы за телефон, подключенный к сети телекоммуникаций, пользование жилищем из государственного жилищного фонда и жилищем, арендованным местным исполнительным органом в частном жилищном фонде, и предельно допустимым уровнем расходов услугополучателя на эти цели, установленным в размере 4 (четырех) процентов.";

      пункт 9 изложить в следующей редакции:

      "9. Срок рассмотрения документов и принятия решения о предоставлении жилищной помощи либо мотивированный ответ об отказе со дня принятия полного комплекта документов от Государственной корпорации, либо через веб-портал "электронного правительства" составляет 6 (шесть) рабочих дней.".

      2. Государственнному учреждению "Аппарат Каркаралинского районного маслихата" в установленном законодательством Республики Казахстан порядке обеспечить:

      1) государственную регистрацию настоящего решения в государственном учреждении "Министерство юстиции Республики Казахстан";

      2) размещение настоящего решения на интернет-ресурсе Каркаралинского районного маслихата после его официального опубликования.

      2. Настоящее решение вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Председатель Каркаралинского районного маслихата С. Оспанов