ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Осы шешім 01.01.2026 бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27 бабының 1-тармағына сәйкес Бұқар жырау аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. "Бұқар жырау ауданының бөлшек салықтың арнаулы салық режимін қолдану кезінде салық мөлшерлемесінің мөлшерін төмендету туралы" Бұқар жырау аудандық мәслихатының 2023 жылғы 27 маусымдағы № 9 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6445-09 болып тіркелген) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
2. Осы шешім 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға жатады.
| Мәслихат төрағасы | А. Әли |