"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының Заңына, "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27 бабының 2 тармағына сәйкес, Абай аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Абай аудандық мәслихатының келесі шешімдерінің күші жойылды деп танылсын:
1) 2021 жылғы 8 шілдедегі № 10/103 "Тұрғын үй сертификаттарының мөлшерін және алушылар санатының тізбесін айқындау туралы" шешім (нормативтік құқықтық актілерді тіркеу Тізілімінде № 23601 болып тіркелген);
2) 2024 жылғы 9 маусымдағы № 24/234 "Абай аудандық мәслихатының 2021 жылғы 8 шілдедегі № 10/103 "Тұрғын үй сертификаттарының мөлшерін және алушылар санатының тізбесін айқындау туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы" шешім (нормативтік құқықтық актілерді тіркеу Тізілімінде № 28483 болып тіркелген);
3) 2024 жылғы 16 мамырдағы № 19/184 "Абай аудандық мәслихатының 2021 жылғы 8 шілдедегі № 10/103 "Тұрғын үй сертификаттарының мөлшерін және алушылар санатының тізбесін айқындау туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы" шешім (нормативтік құқықтық актілерді тіркеу Тізілімінде № 6600-09 болып тіркелген).
2. "Абай аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесі:
1) осы шешімді әділет Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы шешімді Абай аудандық мәслихатының интернет-ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылау Абай аудандық мәслихатының экономика, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы және аграрлық мәселелер бойынша тұрақты комиссияға жүктелсін (М.И. Жабяк).
4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Абай аудандық мәслихатының төрағасы | Д. Сакенов |