Теміртау қалалық мәслихатының 2024 жылғы 25 шілдедегі № 17/4 "Теміртау қаласы мен Ақтау кентінде тұрғын үй көмегін көрсету мөлшері мен тәртібін айқындау туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Қарағанды облысы Теміртау қалалық мәслихатының 2025 жылғы 27 қарашадағы № 36/5 шешімі. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2025 жылғы 1 желтоқсанда № 37510 болып тіркелді

      Теміртау қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Теміртау қалалық мәслихатының 2024 жылғы 25 шілдедегі № 17/4 "Теміртау қаласы мен Ақтау кентінде тұрғын үй көмегін көрсету мөлшері мен тәртібін айқындау туралы" шешіміне (Нормативтік құқықтық актілері мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6627-09 болып тіркелген) келесі өзгерістер енгізілсін:

      шешімнің тақырыбы жаңа редакцияда мазмұндалсын:

      "Теміртау қаласы мен Ақтау кентіндетұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен қағидаларын айқындау туралы";

      шешімнің 1-тармағы жаңа редакцияда мазмұндалсын:

      "1. Теміртау қаласы мен Ақтау кентіндетұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен қағидалары осы шешімнің 1-қосымшасына сәйкес айқындалсын.";

      1-қосымшаның тақырыбы жаңа редакцияда мазмұндалсын:

      "Теміртау қаласы мен Ақтау кентінде тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен қағидалары";

      көрсетілген шешімнің 1-қосымшасында:

      2-тармақ жаңа редакцияда мазмұндалсын:

      "2. Тұрғын үй көмегі кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға, оның ішінде кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге жұмсалатын шығыстарды, коммуналдық қызметтерді және телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының өсуі бөлігінде байланыс қызметтерін тұтынуға, мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілген тұрғынжайды және жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғынжайды пайдаланғаны үшін шығыстарды төлеу сомасы мен көрсетілетін қызметті алушылардың осы мақсаттарға жұмсайтын шығыстарының 5 (бес) пайыз мөлшерінде белгілеген шекті жол берілетін деңгейінің арасындағы айырма ретінде айқындалды.";

      5-тармақ жаңа редакцияда мазмұндалсын:

      "5. Тұрғын үй көмегінің мөлшерін "Тұрғын үй көмегін көрсету қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2023 жылғы 8 желтоқсандағы № 117 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілері мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33763 болып тіркелген) (бұдан әрі – тұрғын үй көмегін көрсету Қағидалары) бекітілген нормалар шегінде көрсетілетін қызметті беруші есептейді.

      Тұрғын үй көмегі көрсетілетін қызметті алушыға кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға, оның ішінде кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге жеткізушілер ұсынған ай сайынғы жарналар туралы шоттарға және шығыстар сметасына сәйкес бюджет қаражаты есебінен көрсетіледі.".

      2. "Теміртау қалалық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы шешімнің "Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі" мемлекеттік мекемесінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы шешімді ресми жарияланғаннан кейін Теміртау қалалық мәслихатының интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы шешімның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қалалық мәслихат төрағасы А. Ломакин

О внесении изменений в решение Темиртауского городского маслихата от 25 июля 2024 года № 17/4 "Об определении размера и порядка оказания жилищной помощи в городе Темиртау и поселке Актау"

Решение Темиртауского городского маслихата Карагандинской области от 27 ноября 2025 года № 36/5. Зарегистрировано в Министерстве юстиции Республики Казахстан 1 декабря 2025 года № 37510

      Темиртауский городской маслихат РЕШИЛ:

      1. Внести в решение Темиртауского городского маслихата от 25 июля 2024 года № 17/4 "Об определении размера и порядка оказания жилищной помощи в городе Темиртау и поселке Актау" (зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 6627-09), следующие изменения:

      заголовок решения изложить в новой редакции:

      "Об определении размера и правил оказания жилищной помощи в городе Темиртау и поселке Актау";

      пункт 1 решения изложить в новой редакции:

      "1. Определить размер и правила оказания жилищной помощи в городе Темиртау и поселке Актау, согласно приложению 1 к настоящему решению.";

      в приложении 1 заголовок изложить в новой редакции:

      "Размер и правила оказания жилищной помощи в городе Темиртау и поселке Актау";

      в приложении 1 к указанному решению:

      пункт 2 изложить в новой редакции:

      "2. Жилищная помощь определяется как разница между суммой оплаты расходов на управление объектом кондоминиума и содержание общего имущества объекта кондоминиума, в том числе капитальный ремонт общего имущества объекта кондоминиума, потребление коммунальных услуг и услуг связи в части увеличения абонентской платы за телефон, подключенный к сети телекоммуникаций, пользование жилищем из государственного жилищного фонда и жилищем, арендованным местным исполнительным органом в частном жилищном фонде, и предельно допустимым уровнем расходов услугополучателя на эти цели, установленным в размере 5 (пяти) процентов.";

      пункт 5 изложить в новой редакции:

      "5. Размер жилищной помощи рассчитывается услугодателем, в пределах норм утвержденых приказом Министра промышленности и строительства Республики Казахстан от 8 декабря 2023 года № 117 "Об утверждении Правил предоставления жилищной помощи" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 33763) (далее – Правила предоставления жилищной помощи).

      Жилищная помощь, оказывается услугополучателю за счет бюджетных средств по предъявленным поставщиками счетам о ежемесячных взносах на управление объектом кондоминиума и содержание общего имущества объекта кондоминиума, в том числе капитальный ремонт общего имущества объекта кондоминиума согласно смете расходов и счетам на оплату коммунальных услуг.".

      2. Государственному учреждению "Аппарат маслихата города Темиртау" в установленном законодательством Республики Казахстан порядке обеспечить:

      1) государственную регистрацию настоящего решения в государственном учреждении "Министерство юстиции Республики Казахстан";

      2) размещение настоящего решения на интернет-ресурсе Темиртауского городского маслихата после его официального опубликования.

      3. Настоящее решение вводится в действие по истечению десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Председатель городского маслихата А. Ломакин