"Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 27-бабының 1-тармағына сәйкес Кербұлақ аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес Кербұлақ аудандық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
2. "Кербұлақ аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы шешімнің Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы шешімнің ресми жарияланғанынан кейін оның Кербұлақ аудандық мәслихатының интернет-ресурсына орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылау Кербұлақ аудандық мәслихатының аппарат басшысына жүктелінсін.
4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Кербұлақ аудандық мәслихатының төрағасы | К. Бекиев |
| Кербұлақ аудандық мәслихаты | |
| 2025 жылғы 30 қазандағы № 29-225 | |
| шешіміне қосымша |
Кербұлақ аудандық мәслихатының күші жойылған кейбір шешімдерінің тізбесі
1. "Кербұлақ ауданының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" Кербұлақ аудандық мәслихатының 2023 жылғы 13 желтоқсандағы № 09-80 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 109-19 болып тіркелген);
2. "Кербұлақ аудандық мәслихатының 2023 жылғы 13 желтоқсандағы "Кербұлақ ауданының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" № 09-80 шешіміне өзгерістер енгізу туралы" Кербұлақ аудандық мәслихатының 2024 жылғы 7 маусымдағы № 16-138 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 222-19 болып тіркелген);
3. "Кербұлақ аудандық мәслихатының 2023 жылғы 13 желтоқсандағы "Кербұлақ ауданының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" № 09-80 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Кербұлақ аудандық мәслихатының 2024 жылғы 23 желтоқсандағы № 21-171 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 263-19 болып тіркелген).