Қазақстан Республикасының "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27- бабына сәйкес, Қаражал қалалық мәслихаты ШЕШIМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Қаражал қалалық мәслихатының "Тұрғын үй сертификаттарының мөлшері мен оларды алушылар санаттарының тізбесін айқындау туралы" 2025 жылғы 17 наурыздағы №248 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №182-20 болып тіркелген) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Қалалық мәслихаттың төрағасы | З. Оспанова |