"Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)" Қазақстан Республикасы кодексінің 529-бабының 6-тармағына, Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрінің 2018 жылғы 12 қарашадағы № 475 "Аймаққа бөлу коэффициентін есептеу әдістемесін бекіту туралы" бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17847 болып тіркелген) сәйкес, Меркі ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес, салық салу объектісінің елді мекенде орналасуын ескеретін аймаққа бөлу коэффициенті бекітілсін.
2. Меркі ауданы әкімдігінің 2019 жылғы 22 қарашадағы № 456 "Меркі ауданында салық салу объектісінің елді мекенде орналасуын ескеретін аймаққа бөлу коэффициентін бекіту туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемелекеттік тіркеу тізілімінде № 4418 болып тіркелген) қаулысының күші жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Меркі ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы 2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға жатады.
Аудан әкімі | Е. Жиенкулов |
Меркі ауданы әкімшілігі | |
2025 жылғы 20 мамырдағы № 158 | |
Меркі ауданы әкімдігігің | |
2025 жылғы "____" мамырдағы | |
№___ қаулысына қосымша |
Меркі ауданында салық салу объектісінің елді мекенде орналасуын ескеретін аймаққа бөлу коэффициенті
№ | Ауылдық округтерінің атауы | Елді мекендердің атауы | Коэффициент |
1 | Ақарал | Ақарал | 2,05 |
Сыпатай | 2,05 | ||
2 | Ақермен | Ақермен | 2,05 |
Аққөз қайнар | 1,95 | ||
Алтын арық | 1,95 | ||
Кентай | 2,05 | ||
3 | Ақтоған | Ақтоған | 2,15 |
Қазақ Дихан | 2,05 | ||
4 | Андас батыр | Андас батыр | 2,15 |
Аралкыстақ | 1,95 | ||
Гранитогорск | 1,95 | ||
Кызыл қыстақ | 1,95 | ||
Шалдовар | 2,05 | ||
5 | Аспара | Аспара | 2,05 |
Қайындысай | 1,95 | ||
Құмарық | 1,95 | ||
6 | Жамбыл | Талдыбұлақ | 1,95 |
Жамбыл | 2,15 | ||
Жеміс жидек | 2,15 | ||
Тұрлыбай батыр | 1,95 | ||
7 | Жаңатоған | Қостоған | 2,05 |
Қызылсай | 1,95 | ||
Мыңқазан | 1,95 | ||
8 | Кеңес | Кеңес | 2,05 |
Жауғаш батыр | 1,95 | ||
9 | Меркі | Меркі | 2,15 |
Меркі шипажайы | 2,55 | ||
10 | Ойтал | Меркі станция | 2,15 |
Мықанды | 1,95 | ||
Ойтал | 2,15 | ||
11 | Сарымолдаев | Екпінді | 2,05 |
Ойтал | 2,05 | ||
Сарымолдаев | 2,15 | ||
12 | Сұрат | Аққайнар | 1,95 |
Сұрат | 2,05 | ||
Тескентоған | 1,95 | ||
13 | Т.Рысқұлов | Интернациональный | 2,05 |
Т.Рысқұлов | 1,95 | ||
14 | Тәтті | Ақ Жол | 1,95 |
Беларық | 1,95 | ||
Қарасу | 1,95 | ||
Тасөткел разъезді | 1,95 | ||
Тәтті | 2,05 | ||
Тәтті станциясы | 2,05 | ||
Шемен разъезді | 1,95 |