Қазақстан Республикасының "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27-бабына сәйкес, Қордай аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Қордай аудандық мәслихатының 2014 жылғы 27 қаңтардағы №26-2 "Қордай аудандық мәсслихатының Регламентін бекіту туралы" шешімі (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №2119 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Қордай аудандық мәслихатының төрағасы | Н. Садыков |