Жаңасемей аудандық мәслихатының 2024 жылғы 10 қыркүйектегі № 10/59-VIII "Жаңасемей ауданының ауылдық елді мекендерінде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына бюджет қаражаты есебінен көрсетілетін коммуналдық қызметтерге ақы төлеу және отын сатып алу бойынша әлеуметтік қолдау көрсетудің тәртібі мен мөлшерін бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Абай облысы Жаңасемей аудандық мәслихатының 2025 жылғы 29 желтоқсандағы № 25/302-VIII шешімі. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2025 жылғы 31 желтоқсанда № 37783 болып тіркелді

      Жаңасемей аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Жаңасемей аудандық мәслихатының "Жаңасемей ауданының ауылдық елді мекендерінде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына бюджет қаражаты есебінен көрсетілетін коммуналдық қызметтерге ақы төлеу және отын сатып алу бойынша әлеуметтік қолдау көрсетудің тәртібі мен мөлшерін бекіту туралы" 2024 жылғы 10 қыркүйектегі №10/59-VIII шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 333-18 болып тіркелген) келесі өзгерістер енгізілсін:

      шешімнің тақырыбы жана редакцияда жазылсын:

      "Жаңасемей ауданының ауылдық елді мекендерінде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына бюджет қаражаты есебінен көрсетілетін коммуналдық қызметтерге ақы төлеу және отын сатып алу бойынша әлеуметтік қолдау көрсетудің Қағидалары мен мөлшерін бекіту туралы";

      1 - тармағы жаңа редакцияда жазылсын:

      "1. Жаңасемей ауданының ауылдық елді мекендерінде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына бюджет қаражаты есебінен көрсетілетін коммуналдық қызметтерге ақы төлеу және отын сатып алу бойынша әлеуметтік қолдау көрсетудің Қағидалары мен мөлшері осы шешімнің қосымшасына сәйкес бекітілсін.";

      шешімнің қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Жаңасемей аудандық мәслихатының төрағасы
      Е. Абильмажинов

  Шешіміне қосымша
Жаңасемей аудандық
мәслихатының 2024
жылғы 10 қыркүйектегі
№10/59-VIII шешіміне
қосымша

Жаңасемей ауданының ауылдық елді мекендерінде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына бюджет қаражаты есебінен көрсетілетін коммуналдық қызметтерге ақы төлеу және отын сатып алу бойынша әлеуметтік қолдау көрсетудің Қағидалары мен мөлшері

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Қағида Қазақстан Республикасының "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" Заңының 18 - бабы 5 - тармағына сәйкес әзірленді және Жаңасемей ауданының ауылдық елді мекендерінде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына (бұдан әрі - мамандар) бюджет қаражаты есебiнен көрсетілетін коммуналдық қызметтерге ақы төлеу және отын сатып алу бойынша әлеуметтік қолдау көрсету тәртібі мен мөлшерін айқындайды.

      2. Осы Қағидаларда келесі негізгі ұғымдар пайдаланады:

      1) ағымдағы шот – банктік шот шарты негізінде банк немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым ашатын банктік шот;

      2) коммуналдық көрсетілетін қызметтер – тұтынушыға ұсынылатын, қауіпсіз және жайлы тұру (болу) жағдайларын қамтамасыз ету үшін сумен жабдықтауды, су бұруды, газбен жабдықтауды, электрмен жабдықтауды, жылумен жабдықтауды, қоқыс әкетуді, лифтілерге қызмет көрсетуді қамтитын қызметтер.

      3. Әлеуметтік қолдауды тағайындауды уәкілетті орган – "Жаңасемей ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - ММ) жүзеге асырады.

2- тарау. Бюджет қаражаты есебiнен көрсетілетін коммуналдық қызметтерге ақы төлеу және отын сатып алу бойынша әлеуметтік қолдау көрсету тәртібі мен мөлшері

      4. Жаңасемей ауданының ауылдық елді мекендерінде тұратын және жұмыс істейтін мамандарға бюджет қаражаты есебінен көрсетілетін коммуналдық қызметтерге ақы төлеу және отын сатып алуға әлеуметтік қолдау, алушылардан өтініштер талап етілмей, мемлекеттік ұйымдардың бірінші басшылары бекіткен жиынтық тізімдер негізінде, екінші деңгейдегі банктер, банк операцияларының тиісті түрлеріне қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның лицензиясы бар ұйымдар "Қазпошта" акционерлік қоғамының аумақтық бөлімшелері арқылы алушылардың ағымдағы шоттарына аудару жолымен ақшалай нысанда көрсетіледі.

      5. Мамандарға әлеуметтік қолдау күнтізбелік жылда бір рет 13 (он үш) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде көрсетіледі.

      6. Әлеуметтік қолдау көрсетуге жұмсалатын шығыстарды қаржыландыру Жаңасемей ауданының бюджетінде көзделген, ағымдағы қаржы жылына арналған қаражат шегінде жүзеге асырылады.

      7. Мамандарға коммуналдық қызметтерді төлеу және отын сатып алу бойынша әлеуметтік қолдау көрсету туралы шешім қабылдау мерзімі тізімді алған күннен бастап 8 (сегіз) жұмыс күнін құрайды.

      8. ММ қызметкері денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария саласындағы мемлекеттік ұйымдардың тізімдерін 8 (сегіз) жұмыс күні ішінде қарайды.

      9. Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 73 және 74-баптарына сәйкес мемлекеттік ұйымдардың бірінші басшылары ұсынатын тізімдер сәйкес келмеген жағдайда ММ мемлекеттік ұйымдардың бірінші басшыларын алдын ала қабылданған шешім туралы, әлеуметтік қолдау көрсетуден бас тарту туралы, сондай-ақ маманға алдын ала шешім бойынша өз ұстанымын білдіру мүмкіндігін беру үшін тыңдау өткізу уақыты мен орны (тәсілі) туралы хабарлайды.

      Тізімдерді қарау нәтежелері бойынша ескертулер болмаған жағдайда ММ оң шешім қабылдап, мамандардың ағымдағы шоттарына коммуналдық қызметтерді төлеуге және отын сатып алуға әлеуметтік қолдау төлемдерін жүргізеді.

О внесении изменений в решение маслихата района Жаңасемей от 10 сентября 2024 года № 10/59-VIII "Об утверждении порядка и размера оказания социальной поддержки по оплате коммунальных услуг и приобретению топлива за счет бюджетных средств специалистам государственных организаций здравоохранения, социального обеспечения, образования, культуры, спорта и ветеринарии, проживающим и работающим в сельских населенных пунктах района Жаңасемей"

Решение маслихата района Жаңасемей области Абай от 29 декабря 2025 года № 25/302-VIII. Зарегистрировано в Министерстве юстиции Республики Казахстан 31 декабря 2025 года № 37783

      Маслихат района Жаңасемей РЕШИЛ:

      1. Внести в решение маслихата района Жаңасемей "Об утверждении порядка и размера оказания социальной поддержки по оплате коммунальных услуг и приобретению топлива за счет бюджетных средств специалистам государственных организаций здравоохранения, социального обеспечения, образования, культуры, спорта и ветеринарии, проживающим и работающим в сельских населенных пунктах района Жаңасемей" от 10 сентября 2024 года №10/59-VIII (зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 333-18) следующие изменения:

      заголовок решения изложить в новой редакции:

      "Об утверждении Правил и размера оказания социальной поддержки по оплате коммунальных услуг и приобретению топлива за счет бюджетных средств специалистам государственных организаций здравоохранения, социального обеспечения, образования, культуры, спорта и ветеринарии, проживающим и работающим в сельских населенных пунктах района Жаңасемей";

      пункт 1 изложить в новой редакции:

      "1. Утвердить Правила и размер оказания социальной поддержки по оплате коммунальных услуг и приобретению топлива за счет бюджетных средств специалистам государственных организаций здравоохранения, социального обеспечения, образования, культуры, спорта и ветеринарии, проживающим и работающим в сельских населенных пунктах района Жаңасемей, согласно приложению к настоящему решению.";

      приложение к решению изложить в новой редакции согласно приложению к настоящему решению.

      2. Настоящее решение вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Председатель маслихата района Жаңасемей
      Е. Абильмажинов

  Приложение к решению
приложение к решению
маслихата района
Жаңасемей от 10 сентября
2024 года № 10/59-VIII

Правила и размер оказания социальной поддержки по оплате коммунальных услуг и приобретению топлива за счет бюджетных средств специалистам государственных организаций здравоохранения, социального обеспечения, образования, культуры, спорта и ветеринарии, проживающим и работающим в сельских населенных пунктах района Жаңасемей

Глава 1. Общее положение

      1. Настоящие Правила разработаны в соответствии пунктом 5 статьи 18 Закона Республики Казахстан "О государственном регулировании развития агропромышленного комплекса и сельских территорий" и определяет порядок и размер оказания социальной поддержки по оплате коммунальных услуг и приобретению топлива за счет бюджетных средств специалистам государственных организаций здравоохранения, социального обеспечения, образования, культуры, спорта и ветеринарии, проживающим и работающим в сельских населенных пунктах района Жаңасемей области Абай (далее – специалисты).

      2. В настоящих Правилах используются следующие основные понятия:

      1) текущий счет – банковский счет, открываемый банком или организацией, осуществляющей отдельные виды банковских операций, на основании договора банковского счета;

      2) коммунальные услуги – услуги, предоставляемые потребителю, включающие водоснабжение, водоотведение, газоснабжение, электроснабжение, теплоснабжение, мусороудаление, обслуживание лифтов, для обеспечения безопасных и комфортных условий проживания (пребывания).

      3. Назначение социальной поддержки осуществляется уполномоченным органом – государственным учреждением "Отдел занятости и социальных программ района Жаңасемей" (далее - ГУ).

Глава 2. Порядок и размер оказания социальной поддержки по оплате коммунальных услуг и приобретению топлива за счет бюджетных средств специалистам

      4. Социальная поддержка по оплате коммунальных услуг и приобретению топлива оказывается за счет бюджетных средств специалистам государственных организаций, без истребования заявлений от специалистов, на основании сводных списков, утвержденных первыми руководителями государственных организаций (далее - список), в денежной форме путем перечисления на текущие счета специалистов через банки второго уровня, организации, имеющие лицензии уполномоченного органа по регулированию, контролю и надзору финансового рынка и финансовых операций на соответствующие виды банковских операций, территориальные подразделения акционерного общества "Казпочта".

      5. Социальная поддержка специалистам оказывается один раз в календарный год в размере 13 (тринадцати) месячных расчҰтных показателей.

      6. Финансирование расходов на предоставление социальной поддержки осуществляется в пределах средств, предусмотренных бюджетом района Жаңасемей текущий финансовый год.

      7. Срок принятия решения об оказании социальной поддержки специалистам по оплате коммунальных услуг и приобретению топлива составляет 8 (восемь) рабочих дней со дня поступления списка.

      8. Работник ГУ рассматривает списки государственных организаций здравоохранения, социального обеспечения, образования, культуры, спорта и ветеринарии в течении 8 (восьми) рабочих дней;

      9. В случае не соответствия списков предоставленных первыми руководителями государственных организаций в соответствии со статьями 73 и 74 Административного процедурно-процессуального кодекса Республики Казахстан, ГУ уведомляет первых руководителей государственных организаций о предварительном решении, об отказе в оказании социальной поддержки, а также времени и месте (способе) проведения заслушивания для возможности выразить позицию по предварительному решению.

      При отсутствии замечаний по результатам рассмотрения списков, ГУ принимает положительное решение и осуществляет выплату социальной поддержки по оплате коммунальных услуг и приобретению топлива на текущие счета специалистов.