Шымкент қаласының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Шымкент қаласы мәслихатының "Шымкент қаласының құрметті азаматы" атағын беру қағидаларын бекіту туралы" 2019 жылғы 29 наурыздағы № 47/378-6с шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 29 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген шешіммен бекітілген "Шымкент қаласының құрметті азаматы" атағын беру қағидаларында:
5-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
"5. "Шымкент қаласының құрметті азаматы" атағын беру жылына бір рет және Қала күніне орайластырылады. "Шымкент қаласының құрметті азаматы" атағы жыл сайын жиырма бес адамға дейін берілуі мүмкін. Егер көрсетілген атақ ағымдағы жылы берілмеген жағдайда, онда ол келесі жылға ауыстырылуы мүмкін.".
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Шымкент қаласы мәслихатының төрағасы | Б. Нарымбетов |