"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 37-бабына және "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына сәйкес, Алматы облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Алматы облысы әкімдігінің келесі қаулыларының күші жойылды деп танылсын:
1) Алматы облысы әкімдігінің 2015 жылғы 27 қаңтардағы "Алматы облысының кәсіпкерлік және индустриялдық-инновациялық даму басқармасы" мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы" № 52 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3051 болып тіркелген);
2) Алматы облысы әкімдігінің 2016 жылғы 18 ақпандағы "Облыс әкімдігінің 2015 жылғы 27 қаңтардағы "Алматы облысының кәсіпкерлік және индустриялдық-инновациялық даму басқармасы" мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту туралы" № 54 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" № 80 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3754 болып тіркелген).
2. Осы қаулының орындалуын бақылау жетекшілік ететін облыс әкімінің орынбасарына жүктелсін.
3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Алматы облысының әкімі | М. Султангазиев |