"Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына сәйкес, Хромтау аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Хромтау аудандық мәслихатының 2024 жылғы 14 ақпандағы № 134 "Хромтау ауданында бөлшек салықтың арнаулы салық режимін қолдану кезінде салық мөлшерлемесінің мөлшерін төмендету туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8512 болып тіркелген) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
2. Осы шешім 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға жатады.
|
Хромтау аудандық мәслихатының төрағасы |
Э. Болатов |