"Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабының 2-тармағына сәйкес Ақтөбе облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Мыналардың:
1) "Ақтөбе облысының спортшыларына ай сайын ақшалай үлес төлеу туралы" Ақтөбе облысы әкімдігінің 2017 жылғы 4 қыркүйектегі № 303 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5651 тіркелген);
2) "Ақтөбе облысы әкімдігінің 2017 жылғы 4 қыркүйектегі № 303 "Ақтөбе облысының спортшыларына ай сайын ақшалай үлес төлеу туралы" қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Ақтөбе облысы әкімдігінің 2018 жылғы 12 наурыздағы № 119 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5902 тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
2. "Ақтөбе облысының дене шынықтыру, спорт және туризм басқармасы" мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Ақтөбе облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Ақтөбе облысының әкімі | А. Шахаров |