Есіл аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Есіл аудандық мәслихатының "Есіл ауданының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" 2023 жылғы 28 желтоқсандағы № 8С-13/4 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8680-03 болып тіркелген) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешімнің 1-қосымшасында:
5-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
"5. Әлеуметтік көмек бір рет және (немесе) мезгіл-мезгіл (ай сайын, жылына 1 рет, екі жылда 1 рет) көрсетіледі.";
10-тармақтың 7) тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын:
"7) 16 желтоқсан – Тәуелсіздік күніне:
"Жаппай саяси қуғын-сүргіндер құрбандарын ақтау туралы" Қазақстан Республикасының Заңымен белгіленген тәртіпте ақталған, Қазақстандағы 1986 жылғы 17-18 желтоқсан оқиғаларына қатысқаны үшін қуғын-сүргіндерге ұшыраған адамдарға, осы оқиғаларда қасақана кісі өлтіргені және милиция қызметкерінің, халық жасақшысының өміріне қастандық жасағаны үшін сотталған, өздеріне қатысты қылмыстық істерді қайта қараудың қолданылып жүрген тәртібі сақталатын адамдарды қоспағанда 60 (алпыс) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде.";
11-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
"11. Әлеуметтік көмек өтініш бойынша толық мемлекеттік қамтамасыз етудегі адамдарды қоспағанда, мұқтаж азаматтардың келесі санаттарына кірістері есепке алынбай көрсетіледі:
дүлей апат салдарынан зардап шеккен азаматтарға (отбасыларға) оқиға болған сәттен бастап үш айдан кешіктірмей бір рет 100 (жүз) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
өрттің салдарынан зардап шеккен азаматтарға (отбасыларға) оқиға болған сәттен бастап үш айдан кешіктірмей бір рет 100 (жүз) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
әлеуметтік маңызы бар аурулары бар адамдарға (адамның иммунитет тапшылығы вирусы (АИВ) тудыратын ауру, қатерлі ісіктер) бір рет 15 (он бес) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
диспансерлік есепте тұрған адамның иммунитет тапшылығы вирусы (АИВ) тудыратын ауруды жұқтырған, балалардың ата - аналарына немесе өзге де заңды өкілдеріне ай сайын 2 (екі) ең төменгі күнкөріс деңгейі мөлшерінде;
бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған, бірақ босатылған күннен бастап үш айдан кешіктірмей және пробация қызметінде есепте тұрған адамдарға бір рет 15 (он бес) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
мүгедектігі бар балаларға және мүгедектігі бар баланы ертіп жүретін адамға оңалту орталықтарына жол жүруге және кері қайтуға байланысты шығыстарды өтеу үшін оңалту фактісін және жол жүру құнын растайтын құжаттардың негізінде бір рет 50 (елу) пайыз мөлшерінде;
Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне, жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне теңестірілген ардагерлерге, басқа мемлекеттердің аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлеріне теңестірілген адамдарға Қазақстан Республикасы шегінде санаторийлік-курорттық емделуге жұмсалған шығындардың құнын өтеуге 40 (қырық) айлық есептік көрсеткіштен аспайтын мөлшерінде;
абилитациялаудың және оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес санаторийлік-курорттық емдеу қызметтері әзірленген мүгедектігі бар адамдарды қоспағанда, жасына байланысты зейнеткерлерге Қазақстан Республикасы шегінде санаторийлік-курорттық емделуге жолдаманың құнын өтеуге төлем туралы құжаттар негізінде екі жылда 1 рет 30 (отыз) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде.";
12-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
"12. Әлеуметтік көмек туберкулез ауруы бар адамдарға өтініш берусіз денсаулық сақтау ұйымының тізімі негізінде кірістері есепке алынбай, ай сайын 8 (сегіз) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде көрсетіледі.".
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Есіл аудандық мәслихатының төрайымы | А.Адильбаева |