"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 6-бабына, "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 18-бабының 5-тармағына сәйкес, Ерейментау аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Ерейментау ауданының ауылдық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына бюджет қаражаты есебiнен коммуналдық көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу және отын сатып алу бойынша әлеуметтік қолдау көрсету Қағидалары мен мөлшері осы шешімнің қосымшасына сәйкес бекітілсін.
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Ерейментау аудандық мәслихатының төрағасы | М.Абжиков |
| Ерейментау аудандық мәслихатының 2025 жылғы 1 қазандағы № 8C-45/4-25 шешіміне қосымша |
Ерейментау ауданының ауылдық елді мекендерінде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына бюджет қаражаты есебінен коммуналдық көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу және отын сатып алу бойынша әлеуметтік қолдау Қағидалары мен мөлшері
1 тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Қағидалар Қазақстан Республикасының "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" Заңының 18-бабының 5-тармағына сәйкес әзірленді және Ерейментау ауданының ауылдық елді мекендерінде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына (бұдан әрі-мамандар) бюджет қаражаты есебінен коммуналдық көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу және отын сатып алу бойынша әлеуметтік қолдау көрсету тәртібі мен мөлшерін айқындайды.
2. Осы Қағидада мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) ағымдағы шот - банк шот шарты негізінде банк немесе банктік операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым ашатын банктік шоты;
2) коммуналдық қызметтер - тұрудың (болудың) қауіпсіз және жайлы жағдайларын қамтамасыз ету үшін тұтынушыға сумен жабдықтауды, су бұруды, газбен жабдықтауды, электрмен жабдықтауды, жылумен жабдықтауды, қоқысты жоюды, лифттерге қызмет көрсетуді қамтитын көрсетілетін қызметтер;
3. Әлеуметтік қолдауды тағайындауды уәкілетті орган – "Ерейментау ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - ММ) жүзеге асырады.
2 тарау. Мамандарға бюджет қаражаты есебінен коммуналдық көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу және отын сатып алу бойынша әлеуметтік қолдау көрсету тәртібі мен мөлшері
4. Коммуналдық көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу және отын сатып алу бойынша әлеуметтік қолдау мемлекеттік ұйымдардың бірінші басшылары бекіткен жиынтық тізімдер негізінде мамандардан өтініштер талап етілмей, мемлекеттік ұйымдардың мамандарына бюджет қаражаты есебінен көрсетіледі (бұдан әрі - тізім), екінші деңгейдегі банктер, қаржы нарығын және қаржы операцияларын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның банк операцияларының тиісті түрлеріне лицензиясы бар ұйымдар, "Қазпошта" акционерлік қоғамының аумақтық бөлімшелері арқылы мамандардың ағымдағы шоттарына аудару арқылы ақшалай нысанда көрсетіледі.
5. Мамандарға әлеуметтік қолдау күнтізбелік жылда бір рет 15 (он бес) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде көрсетіледі.
6. Әлеуметтік қолдау көрсетуге арналған шығыстарды қаржыландыру Ерейментау ауданының бюджетінде ағымдағы қаржы жылына көзделген қаражат шегінде жүзеге асырылады.
7. Коммуналдық көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу және отын сатып алу бойынша мамандарға әлеуметтік қолдау көрсету туралы шешім қабылдау мерзімі тізім түскен күннен бастап 8 (сегіз) жұмыс күнін құрайды.
8. ММ қызметкері мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының тізімдерін 8 (сегіз) жұмыс күні ішінде қарайды;
9. Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 73 және 74-баптарына сәйкес мемлекеттік ұйымдардың бірінші басшылары ұсынған тізімдер сәйкес келмеген жағдайда, ММ алдын ала шешім туралы, әлеуметтік қолдау көрсетуден бас тарту туралы, сондай-ақ алдын ала шешім бойынша ұстанымын білдіру мүмкіндігі үшін тыңдауды өткізудің уақыты мен орны (тәсілі) туралы мемлекеттік ұйымдардың бірінші басшыларын хабардар етеді.
Тізімдерді қарау нәтижелері бойынша ескертулер болмаған кезде ММ оң шешім қабылдайды және коммуналдық көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу және отын сатып алу бойынша әлеуметтік қолдау мамандардың ағымдағы шоттарына төлем төлеуді көрсетеді.