БҰЙЫРАМЫН:
1. "Медиаторларды даярлау бағдарламасы бойынша оқытудан өткізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2023 жылғы 14 маусымдағы № 244-НҚ бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32854 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
"Медиация туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 9-бабының 4-тармағы 1) тармақшасына және "Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 4 қазандағы № 866 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі туралы ереженің 15-тармағы 87) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Медиаторларды даярлау бағдарламасы бойынша оқытудан өткізу қағидалары осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Азаматтық қоғам істері комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
|
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Мәдениет және ақпарат министрі |
А. Балаева |
Медиаторларды даярлау бағдарламасы бойынша оқытудан өткізу қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы медиаторларды даярлау бағдарламасы бойынша оқытудан өткізу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Медиация туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 9-бабы 4-тармағының 1) тармақшасына және "Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 4 қазандағы № 866 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 87) тармақшасына сәйкес әзірленді және медиаторларды даярлау бағдарламасы бойынша оқытудан өткізу тәртібін айқындайды.
2. Осы Қағидалар медиаторлар ұйымдарының кәсіби медиаторлар мен медиаторлар жаттықтырушыларын даярлау жөніндегі бағдарламаларды әзірлеуі және бекітуі үшін негіз болады.
3. Осы Қағидаларда келесі ұғымдар пайдаланылады:
1) андрогогика – бұл ересектерді оқыту және тәрбиелеу теориясы мен практикасын зерттейтін ғылым саласы;
2) жанжалдың медиацияға бейімділігі – бұл белгілі бір жанжалдың медиация арқылы шешуге қолайлы немесе қолайсыз болуын сипаттайтын қасиеті;
3) медиатор – осы Заңның талаптарына сәйкес кәсіби немесе қоғамдық негізде медиация жүргізу үшін тараптар тартатын тәуелсіз жеке тұлға;
4) медиация – тараптардың ерікті келісімі бойынша жүзеге асырылатын, олардың өзара қолайлы шешімге қол жеткізуі мақсатында медиатордың (медиаторлардың) жәрдемдесуімен тараптар арасындағы дауды (дау-шарды) реттеу рәсімі;
5) медиаторлар ұйымдары – медиаторлардың Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін медиацияны дамыту жөніндегі ортақ мақсаттарға қол жеткізуі үшін олардың ерікті негізде бірігуі үшін құрылатын коммерциялық емес ұйымдар;
6) медиаторларды даярлау бағдарламасы – медиатор болуға үміткер тұлғаларды арнайы оқытатын, олардың кәсіби құзіреттерін қалыптастыратын оқу курстарының мазмұны мен құрылымын сипаттайтын оқу жоспары;
7) уәкілетті орган жанындағы медиаторлар ұйымдарымен өзара іс – қимыл жөніндегі үйлестіру кеңесі (бұдан әрі – Үйлестіру кеңесі) – медиаторлар ұйымдары ұсынған медиаторларды даярлау бағдарламаларын қарастыратын консультативтік-кеңесші орган.
2 тарау. Медиаторларды даярлау бағдарламасын бекіту тәртібі
4. Медиаторларды даярлау бағдарламасы келесі бағдарламалардан тұрады:
1) "Медиацияның жалпы курсы" - Заңның 9-бабы 4-тармағының талаптарына сәйкес келген жағдайда кәсіби медиатор болуға ниет білдірген тұлғаларды даярлауға арналған;
2) "Медиацияның мамандандырылған курсы" - медиацияның нақты саласы бойынша даярлауға және кәсіби медиаторлардың біліктілігін арттыруға арналған;
3) "Медиаторлар жаттықтырушыларын даярлау курсы" - медиация бойынша оқыту жүргізуге ниет білдірген медиаторлар жаттықтырушысын даярлауға арналған.
5. Медиаторларды даярлау бағдарламалары медиаторлар ұйымдарымен осы Қағидалардың 1, 2 және 3-қосымшаларына сәйкес нысандар бойынша үлгілік оқу жоспарлары негізінде әзірленеді және Үйлестіру кеңесінің қарауына енгізіледі.
6. Үйлестіру кеңесі медиаторларды даярлау бағдарламалары қарауға түскен сәттен бастап 10 (он) жұмыс күнінен кеш емес мерзімде бекіту туралы шешім қабылдайды.
3-тарау. "Медиацияның жалпы курсы" бағдарламасы бойынша оқытудан өткізу тәртібі
7. "Медиацияның жалпы курсы" бағдарламасы бойынша оқытудың мақсаты кәсіби негіздегі медиатор ретінде қызметті жүргізу үшін қажетті дағдыларды игеру болып табылады.
8. "Медиацияның жалпы курсы" бағдарламасы бойынша оқытуды медиаторлар ұйымдары жүргізеді. Бағдарламаның көлемі кемінде 72 (жетпіс екі) академиялық сағатты құрайды және осы Қағидалардың 1-қосымшасына сәйкес теориялық бөлімді (дәрістерді), практикалық сабақтар өткізуді қамтиды.
9. "Медиацияның жалпы курсы" бағдарламасы бойынша оқыту қашықтан және/немесе күндізгі нысанда жүргізіледі.
10. Оқу тобы 10 (он) адамнан аспайтын құрамда қалыптастырылады.
11. "Медиацияның жалпы курсы" бағдарламасы бойынша оқытуға келесі тұлғалар жіберілмейді:
1) мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілетті және оған теңестірілген;
2) заңда белгіленген тәртіппен сот әрекетке қабілетсіз немесе әрекет қабілеті шектеулі деп таныған;
3) оған қатысты қылмыстық қудалау жүзеге асырылатын;
4) заңда белгіленген тәртіппен өтелмеген немесе алынбаған соттылығы бар.
12. Оқыту басталғанға дейін тұлға келесі құжаттарды ұсынады:
1) жоғары білім туралы диплом немесе цифрлық құжаттар сервисінен берілетін электрондық құжат (салыстыру үшін қажет);
2) жеке басты куәландыратын құжат, оның ішінде жеке және заңды тұлғаларға цифрлік құжаттар сервисі арқылы берілетін құжат;
3) осы Қағидалардың 4-қосымшасына сәйкес "Медиацияның жалпы курсы" бағдарламасы бойынша оқуға ниет білдірген тұлғалар өздерінің дербес деректерін жинауға және өңдеуге келісімді "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес ұсынады.
Оқытуға қабылдаудан бас тартылған жағдайда медиаторлар ұйымы бас тартудың нақты себептерін көрсете отырып, өтініш берушіге жазбаша дәлелді жауап ұсынады.
4-тарау. "Медиацияның мамандандырылған курсы" бағдарламасы бойынша оқытудан өткізу тәртібі
13. "Медиацияның мамандандырылған курсы" бағдарламасы бойынша оқытудың мақсаты құқықтың әртүрлі салаларындағы дауларды шешу ерекшеліктері мен жанжал түрлерін ескере отырып, нақты мамандану бойынша кәсіби медиаторларды даярлау болып табылады.
"Медиацияның мамандандырылған курсы" бағдарламасы бойынша оқытудан "Медиацияның жалпы курсы" бағдарламасы бойынша оқытуды аяқтағаны туралы сертификат алған тұлғалар өтеді.
14. "Медиацияның мамандандырылған курсы" бағдарламасы бойынша оқыту осы Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес теориялық бөлімді (дәрістерді), практикалық сабақтарды өткізуді қамтиды.
15. "Медиацияның мамандандырылған курсы" бағдарламасы бойынша оқыту қашықтан және/немесе күндізгі нысанда жүргізіледі.
16. Оқу тобының саны 15 (он бес) адамнан аспайтын етіп қалыптастырылады.
17. Оқытуды медиаторлар ұйымдары жүргізеді, курстың көлемі осы Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес "Медиацияның мамандандырылған курсы" бағдарламасы бойынша үлгілік оқу жоспарының әрбір бағыты бойынша кемінде 32 (отыз екі) академиялық сағатты құрайды.
18. "Медиацияның мамандандырылған курсы" бағдарламасы бойынша оқытуға келесі тұлғалар жіберілмейді:
1) мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілетті және оған теңестірілген;
2) заңда белгіленген тәртіппен сот әрекетке қабілетсіз немесе әрекет қабілеті шектеулі деп таныған;
3) оған қатысты қылмыстық қудалау жүзеге асырылатын;
4) заңда белгіленген тәртіппен өтелмеген немесе алынбаған соттылығы бар.
19. Оқыту басталғанға дейін тұлға келесі құжаттарды ұсынады:
1) "Медиацияның жалпы курсы" бағдарламасы бойынша оқытуды аяқтағаны туралы сертификат (салыстыру үшін сертификаттың түпнұсқасы ұсынылмаған жағдайда нотариалды куәландырылған көшірмесі);
2) жеке басты куәландыратын құжат немесе жеке және заңды тұлғаларға цифрлік құжаттар сервисі арқылы берілетін құжат;
3) осы Қағидалардың 4-қосымшасына сәйкес "Медиацияның мамандандырылған курсы" бағдарламасы бойынша оқуға ниет білдірген тұлғалар өздерінің дербес деректерін жинауға және өңдеуге келісімді "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес ұсынады.
Оқытуға қабылдаудан бас тартылған жағдайда медиаторлар ұйымы бас тартудың нақты себептерін көрсете отырып, өтініш берушіге жазбаша дәлелді жауап ұсынады.
5-тарау. "Медиаторлар жаттықтырушыларын даярлау курсы" бағдарламасы бойынша оқытудан өткізу тәртібі
20. "Медиаторлар жаттықтырушыларын даярлау курсы" бағдарламасы бойынша оқытудың мақсаты медиацияны оқытуды жүзеге асыратын медиаторлар жаттықтырушыларын даярлау болып табылады.
"Медиаторлардың жаттықтырушыларын даярлау курсы" бағдарламасы бойынша оқытуды "Медиацияның жалпы курсы" және "Медиацияның мамандандырылған курсы" бағдарламалары бойынша оқытуды аяқтағаны туралы сертификат алған тұлғалар өтеді.
21. "Медиаторлар жаттықтырушыларын даярлау курсы" бағдарламасы бойынша оқыту андрогогика негіздерін, педагогикалық шеберлікті, медиацияны оқыту әдістемесін, арнайы әдістерді көздейді.
22. "Медиаторлар жаттықтырушыларын даярлау курсы" бағдарламасы бойынша оқыту күндізгі нысанда жүргізіледі.
23. Оқытуды медиаторлар ұйымдары жүргізеді, курстың көлемі осы Қағидалардың 3-қосымшасына сәйкес "Медиаторлар жаттықтырушыларын даярлау курсы" бағдарламасы бойынша үлгілік оқу жоспарының әрбір тақырыбы бойынша кемінде 32 (отыз екі) академиялық сағатты құрайды.
24. "Медиаторлар жаттықтырушыларын даярлау курсы" бағдарламасы бойынша оқытуға келесі тұлғалар жіберілмейді:
1) мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілетті және оған теңестірілген;
2) заңда белгіленген тәртіппен сотпен әрекетке қабілетсіз немесе әрекетке қабілеттілігі шектеулі деп танылған;
3) оларға қатысты қылмыстық қуғындау жүзеге асырылып жатса;
4) заңда белгіленген тәртіппен өтелмеген немесе алынбаған соттылығы бар.
25. Оқыту басталғанға дейін тұлға келесі құжаттарды ұсынады:
1) медиатор ретінде кемінде 5 (бес) жыл үздіксіз кәсіби қызметін растайтын құжаттар;
кәсіби қызметін растайтын құжат;
еңбек шартының көшірмелері;
жұмыс орнынан анықтама;
2) "Медиацияның жалпы курсы" және "Медиацияның мамандандырылған курсы" бағдарламалары бойынша оқытуды аяқтағаны туралы сертификаттар (салыстырып тексеру үшін сертификаттың түпнұсқасы ұсынылмаған жағдайда нотариалды куәландырған көшірмелері);
3) біліктілікті арттыру бойынша семинарларға және (немесе) курстарға қатысу туралы кемінде 5 (бес) сертификаттың болуы. Ұсынылған сертификаттардың бірі "Медиаторлар жаттықтырушыларын даярлау курсы" бағдарламасы бойынша оқытуға дейін 1 (бір) жылдан кешіктірілмей беріледі;
4) жеке басын куәландыратын құжат, оның ішінде жеке және заңды тұлғаларға цифрлық құжаттар сервисі арқылы берілетін құжат;
5) осы Қағидалардың 4-қосымшасына сәйкес "Медиаторлар жаттықтырушыларын даярлау курсы" бағдарламасы бойынша оқуға ниет білдірген тұлғалар өздерінің дербес деректерін жинауға және өңдеуге келісімді "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес ұсынады.
Оқытуға қабылдаудан бас тартылған жағдайда медиаторлар ұйымы бас тартудың нақты себептерін көрсете отырып, өтініш берушіге жазбаша дәлелді жауап ұсынады.
6-тарау. Медиаторлардың біліктілігін қорытынды бағалау және сертификаттау
26. "Медиацияның жалпы курсы", "Медиацияның мамандандырылған курсы" және "Медиаторлар жаттықтырушыларын даярлау курсы" әрбір бағдарламалары бойынша оқытуды аяқтағаннан кейін оқытуды жүргізген медиаторлар ұйымының мөрімен куәландырылған қорытынды бағалау жүргізіледі және осы Қағидалардың 5-қосымшасына сәйкес нысан бойынша сертификат беріледі.
27. Емтихан комиссиясының құрамын медиаторлар ұйымының басшысы бекітеді және мыналарды көздейді:
1) теориялық білімдерін тексеру (әңгімелесу және (немесе) тестілеу нысанындағы емтихан);
2) практикалық дағдыларды тексеру (нәтижелерді бағалау).
28. Қорытынды бағалау нәтижелері емтихан комиссиясының мүшелері қол қоятын хаттамамен ресімделеді және медиаторларды даярлау бағдарламасы бойынша оқытудан өткен тұлғалардың назарына жеткізіледі және білім алушыларды есепке алудың арнайы журналына енгізіледі.
Бағалау нәтижелерімен келіспеген жағдайда білім алушы тұлға нәтижелерді алған сәттен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде жазбаша нысанда апелляцияға тапсыруға құқылы.
Апелляция 7 (жеті) жұмыс күні ішінде қаралады, қорытындысы бойынша апелляциялық комиссияның дәлелді шешімі шығарылады.
29. "Медиацияның жалпы курсы" бағдарламасы бойынша оқытуды аяқтағаны туралы сертификат алған тұлғалар кәсіби негіздегі медиатор ретінде практикалық қызметті жүзеге асырады.
30. "Медиацияның мамандандырылған курсы" бағдарламасы бойынша оқытуды аяқтағаны туралы сертификат алған тұлғалар практикалық қызметті кәсіби негіздегі медиатор ретінде, оның ішінде белгілі бір мамандығы бар медиатор ретінде жүзеге асырады.
31. "Медиаторлар жаттықтырушыларын даярлау курсы" бағдарламасы бойынша оқытуды аяқтағаны туралы сертификат алған тұлғалар практикалық қызметті кәсіби негіздегі медиатор ретінде, оның ішінде белгілі бір мамандығы бар медиатор ретінде және медиацияны оқытуды жүзеге асырады.
| Медиаторларды даярлау бағдарламасы бойынша оқытудан өткізу қағидаларына 1-қосымша |
"Медиацияның жалпы курсы" бағдарламасы бойынша үлгілік оқу жоспары
Р/с № | Тақырыптардың атауы | Барлық сағаты | Оның ішінде | |
Дәріс | Практикалық сабақ | |||
1. | Конфликтология негіздері, жанжалды шешу жолдары, оларды басқару стильдері. Медиация негіздері | 8 | 8 | 0 |
2. | Медиация ұғымы және қағидаттары | 2 | 2 | 0 |
3. | Қазақстан Республикасының медиация бойынша заңнамасы | 1 | 1 | 0 |
4. | Шетелдік медиация тәжірибесі | 2 | 2 | 0 |
5. | Медиация құралдары | 6 | 2 | 4 |
6. | Медиациядағы қабылдау және коммуникация | 8 | 2 | 6 |
7. | Жанжалдың медиацияға бейімділігі | 4 | 1 | 3 |
8. | Медиатордың рөлі, құқықтары мен міндеттері | 2 | 1 | 1 |
9. | Тараптардың мүдделерімен және қарсылықтарымен жұмыс | 6 | 2 | 4 |
10. | Медиациядағы келіссөздер процесінің ерекшеліктері | 4 | 1 | 3 |
11. | Вербалды емес қарым-қатынас, ымдау және іс-қимыл тілі | 1 | 1 | 0 |
12. | Медиацияға үшінші тұлғалардың қатысуы | 1 | 1 | |
13. | Медиация рәсімінің нәтижесі | 4 | 1 | 3 |
14. | Медиативтік келісімнің орындалуы, медиатордың принциптері, рөлі | 2 | 1 | 1 |
15. | Медиацияны ілгерілету және медиациядағы этикалық нормалар | 2 | 1 | 1 |
16. | Медиаторға арналған практикалық құралдар | 6 | 0 | 6 |
17. | Медиатордың қызметіне салық салу | 1 | 1 | 0 |
18. | Медиация рәсімін жүргізу кезінде құжаттаманы ресімдеу | 2 | 1 | 1 |
19. | Білімді бекіту және практикалық дағдыларды игеру үшін практикалық сабақ | 8 | 0 | 8 |
20. | Қорытынды бақылау | 2 |
2 | |
Жиыны | 72 | 29 | 43 | |
| Медиаторларды даярлау бағдарламасы бойынша оқытудан өткізу қағидаларына 2-қосымша |
"Медиацияның мамандандырылған курсы" бағдарламасы бойынша үлгілік оқу жоспары
№ | Бағыт атауы | Барлығы сағат | Оның ішінде: | |
Дәрістер | Практикалық сабақтар | |||
1. | Азаматтық құқықтық қатынастардан туындайтын медиация рәсімін жүргізу ерекшеліктері | 32 | 12 | 20 |
2. | Еңбек құқықтық қатынастардан туындайтын медиация рәсімін жүргізу ерекшеліктері | 32 | 12 | 20 |
3. | Отбасылық құқықтық қатынастардан туындайтын медиация рәсімін жүргізу ерекшеліктері | 32 | 12 | 20 |
4. | Қылмыстық істер бойынша медиация рәсімін жүргізу ерекшеліктері | 32 | 12 | 20 |
5. | Топтық дауларды (жанжалдарды) шешуде медиация рәсімін жүргізу. Әлеуметтік медиация (білім беру саласында, этносаралық, корпоративтік және тағы басқа даулар) | 32 | 12 | 20 |
6 | Қаржы-кредиттік қатынастар бойынша медиация рәсімін жүргізу ерекшеліктері | 32 | 12 | 20 |
| Медиаторларды даярлау бағдарламасы бойынша оқытудан өткізу қағидаларына 3-қосымша |
"Медиаторлар жаттықтырушыларын даярлау курсы" бағдарламасы бойынша үлгілік оқу жоспары
№ | Тақырыптың атауы | Барлығы сағат | Оның ішінде: | |
Дәрістер | Практикалық сабақтар | |||
1. | Медиацияны оқыту негіздері | 7 | 3 | 4 |
2. | Медиацияны оқыту кезіндегі топпен жұмыс | 7 | 3 | 4 |
3. | Медиацияны оқыту кезендегі ойын түріндегі өзара іс-қимыл | 7 | 3 | 4 |
4. | Медиация жаттықтырушысының жеке жұмысы | 8 | 3 | 5 |
5. | Қорытынды бақылау | 3 |
3 | |
6. | ЖИЫНЫ | 32 | 12 | 20 |
Келісім
Мен, ____________________________________________________________
тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда)
_________________________________________________________________
(заңды мекен жайы)
_________________________________________________________________
(байланыс деректері) (пошта мекенжайы немесе электрондық пошта мекенжайы
не телефон немесе телефакс нөмірі)
__________________________________________________________________
(медиация саласындағы мамандандыру туралы мәліметтер)
__________________________________________________________________
(медиацияны жүзеге асыра алатын тіл туралы мәліметтер)
"Медиацияның жалпы курсы", "Медиацияның мамандандырылған курсы",
"Медиаторлар жаттықтырушыларын даярлау курсы" (қажетті нәрсені белгілеңіз)
бағдарламалары бойынша оқу тобының құрамына енгізілу үшін "Дербес деректер
және оларды қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес
қажетті дербес деректерімді жинауға және өңдеуге келісімімді беремін.
"___" _________20___жыл. Өтініш берушінің қолы _______________
| Медиаторларды даярлау бағдарламасы бойынша оқытудан өткізу қағидаларына 5-қосымша |
__________________________________________________________________
(медиаторлар ұйымының атауы)
СЕРТИФИКАТ
№ ______________________
(сертификат нөмірі)
Осы сертификат
__________________________________________________________________
тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда)
__________________________________________________________________
(бағдарламаның атауы)
медиаторларды даярлау бағдарламасы бойынша оқытуды сәтті аяқтағанын
куәландырады
__________________________________________________________________
(Медиатор-жаттықтырушының тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда)
(қолы)
__________________________________________________________________
(Медиаторлар ұйымы басшысының (қолы) тегі, аты, әкесінің аты (ол болған
жағдайда)
М.О. _______________________ (сертификат берілген күн) |
|

